Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Модуль 1 Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздері
Тақырып 1 Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігі.
Сұрақтар
1.Төтенше жағдай кезінднгі халыктын тіршілігін камтамасыз етуде орны мен міндеттері.
2. ҚР Азаматтық қорғау туралы заң және ҚР Төтенше жағдай туралы заң.

1.Төтенше жағдай кезінднгі халыктын тіршілігін камтамасыз етуде орны мен міндеттері.
ТЖ зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті - зардап шегушілерді жедел іздеу және оларға дер кезінде көмек көрсету. ТЖ ІҚЖ сәтті өткізудің ең маңызды элементі басқару - ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс - шаралардың жиынтығы болып табылады. ІҚЖ басқарудың басты мақсаты - барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен және залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау. ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері:
ақпарат жинап, оны талдау және өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;
жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу және нұсқаларын дамыту;
шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау;
ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау;
күштер мен құралдарды есептеу;
міндет қою және оны орындаушыларға жеткізу;
барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен әрекеттестікті қамтамасыз ету;
жұмыстың нәтижесін талдау, түзетулер енгізу, тапсырманың орындалуын бақылау.
ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны ҚР ТЖМ Дағдарыс орталығы болып табылады. ІҚЖ басқару жүйесінің ТЖ кезінде тиімді іс - қимыл жасауы үшін арнайы басқару пункттері құрылады, олар байланыс құралдарымен жабдықталған және техникамен және көлікпен қамтамасыз етілген. Олар тұрақты және жылжымалы да бола алады. ІҚЖ - ға қатысатын барлық күштер мен құралдарда басқаруды, олардың әрекеттестігін ұйымдастыруды, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуді ІҚЖ басшысы жүзеге асырады. ІҚЖ басшылығының негізгі қағидаты жеке дара басшылық ұстанымы болып табылады. Бұл жұмысқа қатысушылардың барлығы басшыға бағынатындығын және қабылданатын шешімдердің мүлтіксіз орындалатындығын білдіреді. Қойылған міндеттерді жедел шешу мақсатында қызметте кезекшіліктердің келесі түрлері ұйымдастырылады:
тұрақты, тәулік бойы;
іздеу - құтқару жұмыстарын жүргізу мерзімі;
ТЖ болуы ықтимал кезеңде;
жоғарыдағы басшылықтың бұйрығы бойынша;
Кезекшіліктің түрін ІҚҚ басшысы нақты жағдайға байланысты белгілейді сонымен бірге кезек ету графигін де бекітеді. Кезекшілердің негізгі міндеті ақпарат алу, оларды мекемелерге тапсыру, қызметкерлерге хабарлау, жедел іздестіру - құтқару жұмыстарын өткізуге және дайындыққа қатысу. Құтқарушылар мен қызметкерлерді хабарландыру радио және телефон байланыстары арқылы, шақыру құрылғылары және шабармандар жіберу арқылы жүргізіледі. Байланыс - бұл нақты ұйым мен іздестіру - құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел өткізудің маңызды элементі. Байланыстың ең негізгі бір түрі радиобайланыс болып табылады. ТЖ аймағына жылжу кезінде ол KB және УКВ радиостанциясы командалық - штабтық машинасымен немесе басқа көлік құралдарымен жөнделеді. Радиохабарды өткізу тәртібі алдын ала белгіленіп, экипаж, станция, байланыс операторлары мен басқа да тартылған мамандарға жеткізіледі. ІҚЖ өткізу кезінде тораптар мен байланыс станциялары, ереже бойынша, бір дегеннен, сонымен қоса барлық элементтер бір уақытта құрастырылады. Тораптар мен байланыс станцияларының орналасуы мен инженерлік жабдықталуы:
байланыс құралдары мен жеке құрамды ТЖ - ның зақымдаушы әсерінен қорғауды;
талап етілген байланысты уақытында орнатуды және басқару пунктінің лауазымды тұлғаларына жеткізуді;
байланыс құралдарының пайдалануға қолайлы болуын;
ТЖ зақым келтіру факторларының қауіпі төнген кезде жылдам көшіру мүмкіндігін;
байланысты жедел басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
ТЖ аймағында тораптар мен байланыс станцияларының жылдам әрі ширақ орналасуын қамтамасыз ету үшін, бұйрық жеке құрамға аймаққа көшер алдында 7 беріледі, олар келгенде болған жағдайға сәйкес анықтай алады. Байланыс тораптары мен олардың элементтерін орналастыратын орынды тандау кезінде ұйымдар мен радио - радиожелілік және сым байланыстарының шарттарын, байланыс құралдарын орналастыру мен оларды күзету мүмкіндіктерін ескеру керек. Радиобайланыс радиобағыт және радиожелісі арқылы тәулік бойы немесе сеанс бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланылатын қысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі - бір полюсті модуляция тәртібіндегі телефон (БПМТ). Ультрақысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі - модуляциялық жиілік тәртібіндегі телефон. (ЖМТ). Сым құралдарымен байланыс бағыт бойынша және ось бойынша өрістеп отырады. Алғашқы ұйымдастыру, ереже бойынша, бөліктерді, жеке бөлімшелерді қосу және далалық кабель желілерін жүргізуді басқару пункттері арасында болады. Екіншісі - бірнеше басқару пункттері арасында бір кабелді желілер бойынша ұйымдастырылады. Негізінен сымдық телефон байланысы қолданылады. ІҚЖ кезінде құтқарушылар мен басшылар арасындағы байланыстардың үзілмеуі үшін мобильді және тасымалданушы радиостанциалар қолданылады. Ауруханалармен және басқа ұйымдармен, сонымен қатар, едәуір қашықтықта орналасқан күштермен байланыс үшін, ұялы телефон байланысы, сондай - ақ СВ және УКВ диапозонды радиостанциялар пайдаланылады. Жұмыс түрлерінің көптігі, олардың орындалу шарттары, ТЖ - ның әртүрлі қысылтаяң - ерекше факторларының әсері, уақыт тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданатын қорғану құралдарына, құрал - саймандарға, көлік құралдарына жоғары талап қояды.

2. ҚР Азаматтық қорғау туралы заң және ҚР Төтенше жағдай туралы заң.
ҚР Азаматтық қорғау туралы заң
Осы заң Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздікті, еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік саласындағы автомобиль және темір жолдар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін, ішкі су көлігі қозғалысының қауіпсіздігін, энергия және энергия үнемдеу объектілерінің қауіпсіздігін, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.

1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі - әкімшілік бірлік аумағында орналастырылған барлық шұғыл жедел қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ететін күштердің, телекоммуникациялық жабдықтардың бағдарламалық және аппараттық құралдар мен көлік құралдарының ұйымдық-техникалық бірігуін қамтитын уәкілетті орган құрған қызмет;
2) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;
3) авариялық-құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағындағы адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайлар аймағында және әскери іс-қимылдарын жүргізу кезінде табиғи ортаны қорғау, оқшаулау және жою немесе оларға тән қауіпті факторлардың әсерін барынша төмен деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимыл;
4) авариялық-құтқару құралымы - авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін құрылым;
5) авариялық-құтқару қызметі - негізін авариялық-құтқару құралымдары құрайтын функциональдық тұрғыда бірыңғай жүйеге біріктірілген төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
6) адамдар жаппай жиналатын объекті - бір мезгілде жүз және одан да көп адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, діни ғимараттардың, ойын-сауық орындарының, барлық көлік түрлері вокзалдарының ғимараттары, құрылыстары мен үй-жайлары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан да көп адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;
7) азайтылмайтын қор - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары қорының тұрақты сақталатын көлемi;
8) азаматтық қорғаныс - әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден ел халқы мен аумағын қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі;
9) азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері - төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден ел халқы мен аумағын қорғауға арналған басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың дербес-ұйымдық бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекемелер;
10) азаматтық қорғаныстың қорғау құрылысы - халықты қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғау үшін арнайы арналған инженерлік құрылыс (жеке тұрған және қосып салынған баспаналарға, радиациядан қорғану панаханаларына бөлінеді);
11) азаматтық қорғау - азаматтық қорғаныс, оның ішінде террористік актілерден туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарларын жою іс-шараларын қамтитын төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, халықты, объектілер мен аумақты қорғауды қамтамасыз етуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға бағытталған бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпы мемлекеттік іс-шаралар кешені;
12) азаматтық қорғау күштері - азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, оның ішінде әскерилендірілген тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы және газдан құтқару, судан құтқару, жедел-құтқару, мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері, шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы, қадағалау, жағдайды бақылау және болжау қызметтері;
13) азаматтық қорғау құралдары - халықты қорғау және азаматтық қорғау күштерін жарақтандыру үшін қолданылатын материалдық-техникалық мүлік;
14) азаматтық қорғау қызметтері - азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауға арналған азаматтық қорғаудың республикалық, облыстық, аудандық, қалалық басқару органдары мен күштерінің жүйесі;
15) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау - жеке және заңды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары және өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған уәкілетті органның өз құзыреті шегіндегі қызметі;
16) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
17) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы - азаматтық қорғау міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын әуе-көліктік құралдар;
18) азаматтық қорғаудың арнайы іс-шаралары - төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден ел халқы мен аумағын қорғауға бағытталған инженерлік, радиациялық, химиялық, медициналық, өртке қарсы, көліктік, материалдық, техникалық, гидрометеорологиялық және басқа да қамтамасыз ету бойынша алдын ала және жедел іс-қимылдары;
19) азаматтық қорғаудың басқару органдары - төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан бейбіт уақытта және соғыс уақытында туындайтын қауіптерден ел халқын, объектілері мен аумағын қорғау жөніндегі іс-шаралар кешеніне басшылықты жүзеге асыратын және оның орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдары;
20) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі - төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан бейбіт уақытта және соғыс уақытында туындайтын қауіптерден ел халқын, объектілері мен аумағын қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
21) азаматтық қорғаудың хабардар ету жүйесі - адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер, қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы мемлекеттік басқару органдары мен халыққа хабарлауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы;
22) аккредиттеу - уәкілетті органның өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқықтылығын ресми тануы;
23) аккредиттеу аттестаты - өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқығын куәландыратын уәкілетті орган беретін құжат;
24) Баршаңыздың назарыңызға! хабардар ету дабылы - дыбыстық және сөйлеу пішіміндегі дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін халықты хабардар етудің бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосуға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-қимыл тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;
25) басқару пункттері - азаматтық қорғанысты басқаруды жүзеге асыратын органды орналастыруға және оның жұмысын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік органдардың техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған құрылыстары немесе көлік құралдары;
26) броньнан шығару - кейiннен қайта салмай не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында кейiннен сала отырып, босқындарға көмек, гуманитарлық көмек көрсету, нарыққа реттеушілік ықпал жасау және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi іс-шараларды қабылдау үшiн материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару;
27) ерікті өрт сөндіруші - ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген өрттің алдын алу және (немесе) оны сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын азамат;
28) жергілікті хабардар ету жүйесі - объектіде және елді мекендері бар немесе осы объекті авариясы салдарының ықпалына ұшыраған жекелеген мекендері бар іргелес аумақтарда хабардар етудің автоматтандырылған дабыл беруін қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдар, телекоммуникациялық жабдық пен көлік құралдары кешені;
29) жұмылдыру резервi - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, гуманитарлық көмек көрсету, бейбiт уақытта табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою жөніндегі бiрiншi кезектегі іс-шараларды қабылдау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар қоры, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
30) залал келтіруші - авариялар себептерін тергеу комиссиясы белгілеген әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған немесе заңсыз әрекетінен (әрекетсіздігінен) техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жауапты заңды немесе жеке тұлға;
31) зардап шегуші - табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындау нәтижесінде денсаулығына немесе мүлкіне залал келтірілген заңды немесе жеке тұлға;
32) инцидент - қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процестiң режимінен ауытқуы;
33) кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі - қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық қағидатымен әрекет ететін және оны басшылыққа алатын, қауіптілігі жоғары жағдайларда құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін рұқсат етілетін тәуекелі бар профилактикалық және авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын қызмет;
34) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;
35) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық құрылыстары - тау-кен, байыту, металлургиялық өндірістердің қалдықтары болып табылатын минералдық түзілімдердің, сұйықтықтардың, қоспалар мен ауыр металдардың жиналуына арналған жасанды технологиялық инженерлік құрылыстар;
36) қоныстану аумағы - тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіп объектілерін орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;
37) құтқару - көмек көрсету және төтенше жағдай аймағынан (орнынан) адамдарды эвакуациялау жөніндегі шаралар жиынтығы немесе төтенше жағдайлар салдарының әсерінен адамдарды қорғау;
38) құтқарушы - авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен жеке тұлға;
39) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объекті иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз қызметі нәтижесінде үшiншi тұлғаға келтiрген залалын өтеу мiндетi;
40) материалдық құндылықтар - номенклатурасын (тiзбесiн және көлемiн) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшін қажет тауарлар;
41) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке жеткізу - материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне тиеп жөнелту (жеткiзу);
42) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке салу - материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервте сақтау үшiн қабылдап алу;
43) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару - материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен алып қою;
44) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру - материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пункттен екінші пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау;
45) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет - өрттің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу және ұйымдарда, объектілер мен елді мекендерде өртпен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына аттестаттаудан өткен басқару органдары, заңды тұлғалардың күштері мен құралдары;
46) мемлекеттік инспектор - азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
47) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттiк резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарларын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдауға, босқындарға көмек көрсетуге, гуманитарлық көмек көрсетуге және нарыққа реттеушiлік ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар қоры;
48) мемлекеттік өртке қарсы қызмет - өрттің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басқару органдары, күштерi мен құралдарының жиынтығы;
49) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы - мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
50) мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру - саны бірдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттiк резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару;
51) мемлекеттiк резервтi жаңарту - саны бірдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздер
Ағаш өңдеудің технологиялық процестері
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Жалпы қауіпсіздік концепциясы
Ұйымның экономикалық қауіпсіздігі
Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау (әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектер)
Еңбекті қорғаудың негіздері
Пәндер