Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Модуль 1- Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздер
Жоғары оқу орындарында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты, экономиканы республика аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемелкеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтық қорғаныстың ролі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жай-күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери қатынасының жай-күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайды.
Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезектегі міндет жүктеледі. Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс туралы Заңында анықталған. Азаматтық қорғаныстың Халықаралық ұйымдарының Бас ассамблеясының шешімімен, жыл сайын 1 наурыз-Дүние жүзілік Азаматтық қорғаныс күні деп жарияланған. Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.
ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы-ректор. Ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жай-күйіне, оның күштері мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайдағы іс-әрекетке икемділігі үшін жеке жауап береді.
ЖОО Азаматтық қорғаныс бастығының бұйрығымен(ректор) АҚ штабы және қажетті қызметтер құрылады. АҚ және ТЖ қызметтері басшылықты ЖОО ректоры басшы құрам қатарынан тағайындаған бастықтар жүргізеді. Олар өз міндеттерін негізгі міндеттерімен қоса атқарады. Көшіру комиссиясының төрағасы болып проректорлардың бірі тағайындалады. АҚ және ТЖ міндеттерін оқу орнының мүддесіне орай шешу үшін нысандық АҚ құрамалары құрылады. ЖОО-да тұрақты құрам мен студенттерден құтқару тобы, санитарлық жасақтар мен тіректер, радиациялық-химиялық бақылау нүктелері, қоғамдық тәртіп сақтау командасы, панаханалар мен жасырынатын орындарды күтіп ұстайтын топ құрылуы мүмкін.

Азаматтық қорғаныс-шаруашылық объектілерінде

Азаматтық қорғаныс(АҚ) - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргізуші объектілері мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының(қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
АҚ құрамалары соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезіндегі авариялық құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған.
АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, обылыстарда аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылады және аумақтық және объектілік болып бөлінеді.
Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, обылыстарда құрылады және тиісті АҚ бастығына бағынады. Аумақтық құрамаларды құру базасы шаруашылық объектілері, ұйымдар болып табылады.
Объектілік құрамалар тұрғылықты жері бойынша меншіктің нысанына қарамастан ұйымдарда құрылады құрылады және әдеттегідей олардың мүддесіне пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша обьектілік құрамалар тиісті аумақтың мүддесіне орай міндетті орындау үшін тартылуы мүмкін.
АҚ құрамаларын құру принципі, ұйымдық-штаттық құрылымы, оларды жеке құрамамен жасақтау және материалдық техникалық мүлікпен жабдықтау Азаматтық қорғаныс бөлімшелері туралы ережелерде мазмұндалған.
Азаматтық қорғаныс құрамаларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаш өңдеудің технологиялық процестері
Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздері
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Еңбекті қорғаудың негіздері
Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік
Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау (әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектер)
Ұйымның экономикалық қауіпсіздігі
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Экономикадағы құрылыс материалдары нарығының теоретикалық негіздері
Пәндер