Технологиялық машиналарды жөндеу процесстері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Модуль 1 Технологиялық машиналарды жөндеу процесстері
Бақылау жасау және техникалық күтім көрсету, жабдықтың күйін диагностикалау
1.Жабдықтың жағдайын диагностикалау
2.Пайдалану құжаттары
3.Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару. ЖСЖ жүйесінің тағайындалуы мен мазмұны, жалпы қағидалары

Жабдықтың күйін диагностикалау
Кез келген жабдықтың жұмыс сипаттамаларын белгілі бір көрсеткіштер арқылы шамамен бағалауға болатын процестің жүрумен сипаттауға болады. Сонымен білікті ұсатқыштың білігі айналуы жылдамдылығымен; араластырғыштың жұмыс істеуі кезінде пайда болатын шу, материалды құю дәрежесімен; элеватордың тіреуіштерінің қызуы температурамен сыпатталады. Әрбір мұндай параметрлер мәні келесі үш негізгі параметрлерге тәуелді болады: берілген жұмыс тәртібі, қоршаған ортаның күйі; машинаның өзіндік техникалық жағдайы.
Машинаның техникалық жағдайын анықтау барысында жұмыс тәртібі мен қоршаған ортаның күйі берілген және тұрақты деп қабылдау шарт. Мұндай ұйғарулар барысында жұмыс процесінің параметрлері тек қана машинаның техникалық жағдайына байланысты.
Кез келген түйіннің параметрі оның толық алғандағы жұмысын және де жеке элементтерімен байланысты анықтайды. Сонымен білік-тіреуіш қосылы үшін мұндай параметрлер, білік пен тіреуіштің жанасу беттері арасындағы саңылау мен сығылым шамасы, жанасу бет элементтерінің овалдығы мен олардың бірөстігі және т.б.
Кез келген жабдықтың жұмыс істеу процесінде, оның техникалық жағдайын сипаттаушы параметрі бастапқы бір мәннен мүмкін шектік мәнге дейін өзгеріп отырады. Техникалық жағдайының параметрлерінің өзгеру жылдамдығы бөлшектің тозуымен және де жұмысқа пайдалану факторларымен шартталады.
Машинаның техникалық күйінің шекті параметрлері, оның жұмыс кезіндегі істен шығаруының басталуы мен немесе жұмыс көрсеткіштерінің - өнімділігі , энергияны тұтыну дәрежесі, жұмыс қауіпсіздігі мүмкін болатындай шектен төмендеп кетпеуімен шартталады.
Осы себепті жабдықты диагностикалау үшін, ең алдымен машинаның істен шығуын анықтаушы параметрлерді қолдану қажет. Құрылғыларда структуралық параметрлерін тікелей өлшеу мүмкіндігі шектелген, сондықтан техникалық күйіне баға беру үшін жұмыс істеп тұрған машинада туындайтын жанама көрсеткіштерге көңіл бөлінеді.
Мұндай көрсеткіштерді диагностикалық белгілер деп атайды. Жабдықтарды диагностикалау үшін көрсеткіштердің диагностикалық белгісі ретінде тиімді жұмыс көрсеткіштерін, діріл мен шудың деңгейін, герметикалығын, түйіндері мен бөлшектерінің температурасын, өндірілуші өнім сапасын қолданады. Механизмнің диагностикалық белгілері мен структуралық параметрлері арасындағы орнатылған байланысқа сай оның техникалық күйін жеткілікті дәл анықтауға болады.
Диагностикалық нәтижесі бойынша қорытынды жасалынады және де бұл қорытынды мыналарды қарастырады:
· жарамсыздықты анықтау;
· техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жүргізудің қажеттілігі;
· жабдықтың қалдық ресурсы.
Жабдықтың жағдайын диагностикалаудың негізгі тәсілдері бұл - механика-технологиялық көрсеткіштер комплексі бойынша жұмыс тиімділігін бағалай; бос жүріс және жұмыс тәртібіндегі жұмысында энергияның нақты шығындарын анықтап табу; қозғалмалы қосылыстардағы саңылаудың мәнін анықтау; тіреуіштер температурасын және редуктордағы майлау майының қызу дәрежесін тексеру; жабдықтың акустикалық және дірілдік күйін анықтау.

Пайдалану құжаттары

Өндірістік цехтарда жүргізілетін жөндеу-техникалық құжаттар құрамына келесі құжаттар кіреді: жабдықты тапсыру-қабылаудың ауысымдық журналы; жабдықты жөндеуге және одан қабылдап алу-тапсыру журналы; орындалған жөндеулерді тіркеуші жөндеу журналы; ақаулар ведомосты; жылдам тозатын бөлшектер альбомы; машинаның жеке карточкасы. Бұл құжаттардың толық және дер кезінде толтырылуы, машиналар мен агрегаттардың жөнделу сапасы мен жеделдігін анықтайды.
Жабдықты тапсыру-қабылдау ауысымдық журналы - жабдық жұмысындағы жарамсыздықтар мен ақаулары тіркеуге арналған. Журналда тіркелу ай сайын жүргізіледі. Және де тіркелген жарамсыздықтарды кезекті Т.Қ.К немесе жөндеу барысында оларды қалпына келтіру бойынша нұсқаулар келтіреді. Журнал мәліметтерін техникалық қызмет көрсету және жөндеулер кезінде, ақау ведомостін түзу үшін қолданады.
Жабдықты жөндеуге тапсыру-қабылдау журналы - журналда жабдықтың атын, оның технологиялық сұлба бойынша позициялық номерін, жүргізілген жөндеудің қысқаша сипаттамасын, жөндеу алдын орындалған дайындау операцияларының мазмұнын көрсете отырып жабдықты жөндеуге тапсыру және одан қабылдап алу уақыты көрсетіледі. Жазбаларда технологиялық және жөндеу персоналдарының жауапты тұлғаларының қолы қойылады.
Орындалған жөндеулерді тіркеуші жөндеу журналы әрбір жабдық үшін арналады. Журналда келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технологиялық машиналарды жөндеу процестері
Мұнаралы жүк көтеру крандары
Химия өнеркәсібі географиясы
Арнайы бетондар
Газды тасымалдау
Өндірісті ұйымдастыру процесстері
Майқайын кен орны жағдайында жер асты кенішінің электрлі механикалық бөлімінің жобасын жасау
Мұнай өндіру кәсіпорынның негізгі қорлары
Машина жасау мамандығы
Майы алынбаған сүт
Пәндер