Технологиялық машиналарды жөндеу процестері


Модуль 1 Технологиялық машиналарды жөндеу процесстері
Жөндеу нормативтерінің негіздері.
1. Жөндеу түрлері (ағымдағы жөндеу, орташа жөндеу, күрделі жөндеу)
2. Жөндеуді жоспарлау және басқару, негізгі түсініктер
3. Жөндеуді жоспарлау және басқару, нормативтері
1. Жөндеу түрлері (ағымдағы жөндеу, орташа жөндеу, күрделі жөндеу)
Ағымдағы жөндеу барысында, келесі кезекті жөндеуге дейін жабдықты жұмыс қабілеттілік жағдайында ұстауға бағытталған жұмыс көлемі орындалады. Жөндеу жұмысының мазмұны, жеке бөлшектер мен түйіндерді (тез тозатын) қалпына келтіру немесе ауыстырудан, сондай-ақ оларды реттеп келтіруден тұрады. Жөндеудің бұл түрі жабдықтың орнатылған орнында өндірістік цехтардың жөндеу персоналдарының күшімен орындалады.
Ағымдағы жөндеу цех механигінің жетекшілігімен орындалады, ал цех механигі өз-кезінде жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуын және оынң сапасына жауап береді.
Орташа жөндеу. Орташа жөндеу процесінде тозған бөлшектері мен түйіндерін жөндеу немесе ауыстырудың көмегімен машинаның (агрегаттың) жұмысқа пайдалану сипаттамалары қалпына келтіріледі.
Мұнда міндетті түрде барлық бөлшектері мен түйіндерінің техникалық жағдайы тексеріліп, анықталған ақауларды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар орындалады. Орындалатын жұмыс мазмұны машинаның конструциясына байланысты және де нақты жабдық үшін техникалық құжаттарға келтіріледі.
Орташа жөндеуді орындау барысында көбінесе орындалатын жалпы жұмыстар мыналар болып табылады:
- шекті тозу шамасы жеткен жеке бөлшектерін ауыстыра отырып, түйіндерді жөндеу;
- жарым-жарты бөлшектей отырып, машинаның барлық механизмдерін тексеру;
- тростарды, шынжырларды, тасымалдау лентасын, фрикциялық жапсырмаларды тексеру және тозған жағдайда оларды ауыстыру;
- тіреуіштерді жуу және тексеру, қызмет ету мерзімі анықталған жағдайда оны ауыстыру;
- редукторларды жуу, ревизия жасау және оын ретке келтіру;
- төсемдерді, тығыздағыштарды, бекіту бөлшектерін тексеру және тозған жағдайда оларды ауыстыру;
- қажет жағдайда жеке бөлшектер мен түйіндерді бояу;
- машинаны құрастыру, жеке түйіндері мен бөлшектерінің бекітілуін тексеру, ретке келтіру және де бос жүрісте, сондай-ақ күш түсіру арқылы тексеру.
Күрделі жөндеу. Жөндеудің бұл түрі кезінде машина толық бөлшектелініп, ақаулары анықталады, және де барлық тозған бөлшектерді ауыстыру жүреді (базалық бөлшегімен қоса) . Мұнда барлық жанасатын бөлшектердің өлшем шегі мен отырғызылу шамасы, машинаға берілген техникалық шартпен анықталған мәнге келтіріледі. Сонымен қатар машина жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, оын жаңаландыру (модернизациялау) орындалады.
Күрделі жөндеу келесі жұмыстарды қарастырады:
- құраушы бөлшектерінің барлық өлшемдерін, сондай-ақ өлшем шегі мен отырғызылу шамасы техникалық құжаттармен анықталған мәнге келтіре отырып барлық түйіндер мен бөлшектерін ауыстыру;
- машинаның рамасы мен станинасын өлшеп тексеру, және де іргетасты (фундаментті) жөндеу;
- құбырларды және бөгетті-реттегіш арматураларды ревизия жасау және жөндеу;
- автоматты бақылау және басқару құралдарын игеру және реттеу, ал қажет жағдайда оларды ауыстыру;
- жеке бөліктерін немесе бүкіл машинаны бояу;
- бос жүрісте және күш түсіру тәртібінде байқау, комплексі тексеру және де реттеу.
Күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстарға кәсіпорынның бас механигі басшылық етеді.
Жабдықты жаңаландыру бойынша іс-шаралар ЖСЖ жүйесімен қарастырылған жұмыстар құрамына кірмейді, бірақ оын әдетте күрделі жөндеу жүргізу кезінде қатар орындайды. Жабдықты жаңаландыруды орындау жайында шешім, оын орындаудың экономикалық тиімділігі мен техникалық мақсатқа сәйкестігі талдау негізінде қабылданады. Жабдықты жаңаландыруды кәсіпорынның конструкторлық бюросымен немесе арнайы жобалау-конструкторлық ұйымымен дайындалған техникалық құжаттар негізінде жүргізеді. Жаңаландыруды жүргізуге берілген техникалық құжаттар жабдықты дайындаушы-зауытпен келісіледі, содан соң ол кәсіпорынның бас механигімен бекітіледі. Жабдықты жаңаландыруға кәсіпорынның бас механигі жауапты.
2, 3. Жөндеуді жоспарлау және басқару, негізгі түсініктер мен нормативтері
Жөндеулерді жоспарлау, жөндеудің көлемін, құнын және де жөндеудің барлық түрін орындау мерзімі мен техникалық қызмет көрсетулердің мерзімділігін анықтау мақсатында орындалады. Сонымен қатар, мұнда жөндеу персоналдар тізімін, оның профессионалдық және квалификациялық құрамын және де материалды-техникалық ресурстар мұқтаждығын анықтау қарастырылады.
Жөндеулерді жоспарлау барысында жөндеулердің сапасы мен орындалу мерзімдерінің, кәсіпорынның өндірістік техника-экономикалық көрсеткіштеріне әсерін талдау мүмкіндігі пайда болады.
Жөндеулерді жоспарлау келесі құжаттарды қолдана отырып жүзеге асырылады:
· анықталағн жөндеу нормативтерін;
· ыдыстар мен аппараттарды куәландыру мен сынаудың мерзімділік нормативтері;
· кәсіпорынның негізгі қорын жөндеудің титулді тізімі;
· сметалық - техникалық құжаттар;
· жабдықтарды жоспарлы-мерзімділік жөндеудің жылдық кестесі;
· жабдықты жөндеудің ай сайынғы жоспар-кест есебі;
· жөндеулердің күнтізбектік мерзімін анықтауға (өзгертуге) жасалынған акт;
Жабдықты жөндеудің жылдық және ай сайынғы жөндеулер кестесінің түрі, оларды ЭЕМ-де есептеу мүмкіндігін қарастыруы қажет:
· жөндеуге кететін уақыт шығындарын;
· жөндеуге кететін жұмыс күшінің шығындарын;
· қосалқы бөлшектер мен жөндеу аспаптарының қажетті мөлшерін;
· жөндеуге тұрған уақытта жабдықты жаңаландырудың орындалуын.
Қазіргі таңда өнеркәсіптің әрбір саласы үшін, «Жоспарлы-сақтық жөндеулер жүйесі жайында ережелер» дайындалған. Мұнда жөндеу бойынша құжаттар мазмұны мен оларды түзу түрлері келтірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz