ҮШТІЛДІЛІК - БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ
ҮШТІЛДІЛІК - БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ.
ҮШТІЛДІЛІК -КӘСІБИ ТАБЫС КІЛТІ!
Қазақстан бүкіл дүниежүзі бойынша халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді елдердің қатарында болуы тиіс. Олар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ену тілі.
Н.Назарбаев, Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті
Бірнеше тілді білу біздің өміріміздің шекарасын байытады және кеңейтеді деп санаймын. Бұл біздің бүкіл өміріміз қаланған іргетасының маңызды кірпіштерінің бірі. Әрине, тіл үйрену оңай шаруа емес. Алайда, біздің дамыған әлемде бәрі мүмкін, бастысы өз күшіңе деген сенімің болуы керек. Ағылшын мақалында айтылғандай:" When there is a will, there is a way "(талпыныс бар жерде мүмкіндіктер де бар"). Тілдерді білу бізге сенімді болашақ құруға мүмкіндік береді.
Елімізде жас ұрпақтарға үш тілде білім алу міндеттелген. Былтырғы жылдан бастап бірінші сынып оқушылары үш тілде білім алуды бастады. Егер жоба сәтті болса, келесі жылдан бастап екінші сыныптан тоғызыншы сынып оқушыларына дейін жаңа бағдарламаға көшу жоспарланған. Яғни, әрбір пән бір мезгілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.Менің ойымша, балалар бір уақытта үш тілді оқи алады, бірақ олар үшін қиындықтар туғызуы мүмкін. Қандай да бір тілде сөйлеуді үйрену үшін мұғалімдермен қарым-қатынас жасау қажет, егер орыс және қазақ тілдерінде сөйлеуде мәселелер болмаса, онда ағылшын тілін балалар тез үйреніп кетеді. Сонымен қатар, жас буын өкілдеріне ата-аналардың көмегі көбірек қажет болады. Бұл санатта ата-аналар балаларын мұғалімдерге сеніп тапсырады. Үш тілді меңгерген мұғалім кез - келген ортада коммуникативті бейімделгіш болып келеді. Өйткені бірнеше тілді білу ақпарат пен инновацияның үлкен ағымымен кедергісіз танысуға мүмкіндік береді. Оның үстіне республикада тілдерді дамыту үшін барлық жағдай жасалған: үш тілде кітаптар, әдістемелік нұсқаулықтар, ақпараттық анықтамалар шығарылады. Бүгінгі таңда оқу құралдарында үш тілде терминдер қолданылады. Біз үшін мұғалімдер үшін лексикалық қорымызды кеңейтуге мүмкіндік беретін тілдік курстар үлкен демеу болып отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев болашақтағы білім беру жүйесіне жоғары талаптар қойды. Білім алушының деңгейі қазақстандық мектептердің түлектері шетелдік жоғары оқу орындарында оқуын оңай жалғастыра алатындай бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуы тиістігін нақты атап айтты. Оқу-тәрбие үдерісіне үштілділік, еуразиялық көпмәдениеттілік, коммуникативтілік және технократиялық болып табылатын Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру бағытында алға қарай жасалған елеулі қадам екені сөзсіз. Тұжырымдаманың негізгі ережелері арасында қазіргі заманғы мектеп түлегінің шет тілін сапалы меңгеру қажеттілігі туралы айтылған, бұл өмірлік қажеттілік, өйткені әлемдегі ғылым мен техниканың қарқынды өсуі мен даму деңгейі қажетті теориялық және практикалық білімді, дағдыларды сапалы және толық алу үшін шет тілдерін еркін меңгеруді талап етеді.
Осыған байланысты тілдік білім беру мәселесінде жаңа тыныстар пайда болды. Сонымен қатар, кез-келген тілді үйрену сол елдің мәдениетін зерттеумен бірге жүруі керек деген тын идеялар пайда бола бастады. Нәтижесінде қоғам азаматтарының көптілді игере білуі көптеген елдердің мәдениетімен танысып білісті. Осы көптілділіктің құрамдас бөлігі Ана тілі болып табылады, ол өзінің этностық тіл екенімен қоса, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеруін ұмытпағанымыз жөн деп санаймн. Сонымен қатар, қазақ тілі табысты азаматтық интеграциялауға ықпал етсе, орыс тілі ғылыми-техникалық ақпарат көзі ретінде қолданылса, ал шет тілін әлемдік қоғамдастықта адамның қабілетін дамытатын күш ретінде қолдануымыз тиіс. [2] Қазіргі таңда көптеген тілдерді білу адамның жаңа әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-мәдени шындыққа бейімделуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде үйрену өзекті ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық міндетке айналуда. Бұдан басқа, Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан тіл саясаты мен тілдік ахуалдың дәстүрлі тұжырымдамаларын жаңаша ұғыну қажеттілігі объективті түрде туындап отыр.
Отанымыз бірнеше тілді білу деңгейін арттыру үшін "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын"жариялады. Бағдарламаның мақсаты-Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты болып табылады. Бұл бағдарламаның іске асырылуы он жылға есептелініп, елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген. Жобада тіл мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескерілген. Осы бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға байланысты мәселелердің құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенген. Олардың ішінде Франция, Армения, Израиль, Канада, Сингапур, Ресей және т. б. елдері бар.
Үштілділік бағдарламасының басты мақсаты ҚР Президентінің "Мәңгілік Ел" идеясын жүзеге асырудың негізі мен бастауы болатын ел құру. "Мәңгілік Ел" - бұл қазіргі заман талап ететіндей әлемдік өркениетті қалыптастыру, ғылым мен техника жаңалықтарын еркін меңгеретін және пайдалана алатын қоғамды құру. Қазақстанда қазіргі заманғы тілдік ахуал мәдениеттер мен тілдердің алуан түрлілігі туралы айтуға мүмкіндік беріп қана қоймай , адамдардың тең құқылы болуын қамтамасыз етеді. Бұл адамдардың ұлт бойынша бөлініп кетуден сақтайтын бірден-бір ұтымды іс-әрекет болып есептелінеді.
Үштілді оқыту - заман талабы. Үштілділік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Үштұғырлы тіл туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты халыққа Жолдауында "Тілдердің үштұғырлылығы" атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Елбасымыздың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Халқына Жолдауында: "Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын.
Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz