Суфизм исламның мистикалық ілімі ретінде

Суфизм немесе сопылық - бұл этикалық және діндар адамның өміріндегі моральдық нормалар, оның жан дүниесінің түрліше күйлерінің көрінісі болып табылатын исламдағы мистикалық - аскеттік бағыт. Ағым ретінде, - деп жазады Рукайя Мақсұд, - суфизм исламда тамыр жайған пайдасыз доктринаға жауап түрінде пайда болды. Алайда ол қашанда Пайғамбарға ұқсап, өздерін өмірлік құлшылық етуге жәнеТәңірге жақын болуға арнаған мұсылмандардың діни өмірінде негізгі рөл атқарды. Көптеген сопы емес мұсылмандар бұл қозғалысқа күдікпен қарағанмен, оны исламнан бөлектеуге болмайды, өйткені оның негізінде шынайы мойынсұнушылық пен тағзым ету арқасында жүректің оянуы жатыр. Кейбір мұсылмандар суфизмді исламның аса маңызды аспектісі санайды, ал ол кезде діни өмірдің эмоционалдық және ішкі түйсік жақтарына (әртүрлі өзін - өзі азаптау, өзін - өзі кінәлау әрекеттеріне толы) сенбейтіндер оны (суфизмді) қосымша, жанама құбылысқа жатқызады. Барлығы да қай мұсылманның қандай тұлғалық түрге жататынына байланысты. Сопылықтың құндылығын ұққан және түйсінгендер оны исламның жүрегі немесе жаны десе, ал өздерінің сенімін мойынсұнушылық пен исламның барлық салттарын жүйелі орындауғы негіздеген және қандай да бір жаңашылдықтан (бида) үркетін мұсылман оған күдікпен қарайды. Суфи (сопы) сөзінің шығу тегі ғылыми дереккөздерде әртүрлі түсіндіріледі: біреулер ол жүн дегенді білдіреді дейді, өйткені дәруіш сопылар жүн матадан тігілген немесе жүннен тоқылған киімдер киіп жүретін болған, ал оның өзі сопылықтың айрықша белгісі саналатын. Екіншелері, гректің sophia - даналық мағынасындағы сөзімен ұқсастырса, үшіншілері суфи сөзі арабтың тазалық деген мағына беретін сафа сөзінен немесе сафва - таңдаулы болу деген етістігінен шыққан деп есептейді. Сопылықтың саф, яғни таза, мінсіз деген сөзден шығуы да мүмкін. Қалай дегенде, сопы немесе тауасуф сөзі термин ретінде Құран мен хадисте кездеспейді. Дегенмен, хазіреті Пайғамбардың өмірі тəуекелмен, тақуалықпен, түні бойы көз жасын төгіп, Жаратқанға жалбарынумен, қанағатпен жəне сабырмен өткені белгілі. Міне, осындай Пайғамбар өмірін өздеріне өнеге етіп алған алғашқы тақуа сахабалар да пəнидің өткінші қызығынан бас тартып, өз өмірлерін мəңгілік мұрат жолында сарп қылды. Сондықтан, сопылық жолы өзге ислам ілімдері сияқты мұсылмандықтың қайнар көздері Құран мен хадистен бастау алды деуге толық негіз бар. Өйткені, бүкіл сопылық тариқаттардың силсала-шежіресі хазіреті Əбубəкір (р.а.) мен хазіреті Əли (р.а.) арқылы хазіреті пайғамбарымызға (с. ғ. у.) барып тіреледі. Оның үстіне сопылық зуһд, тəуба, тəуекел, уара, тақуа, тəсілім, тəсбих, шүкір, мухаббатуллаһ, ихлас жəне зікір сияқты Құранда айтылатын ұғымдармен тығыз байланысты. Ислам дініндегі бұл бағыттың атауының шығу тегі ғана жұмбақ болып отырған жоқ, суфизмнің мәнінің өзі мыңдаған жылдар бойы адам баласынынң барлығы үшін де құпиялардың құпиясы болып келеді. Кейбіреулер айтып жүргендей, сопылық ілімі исламға жат құбылыс емес. Сопылық, яғни тауасуф ілімі ежелгі үнді, грек немесе парсылық сенімдердің əсерінен туған немесе сырттан келген дүние емес, ол исламның қайнар бұлағынан туындаған рухани құндылық. Сондықтан, сопылық сөзі гректің софос сөзінен емес, арабтың суф деген сөзінен шыққандығы белгілі. Уақыт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz