Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi туралы


«Адвокатура және нотариат» пәнінен студенттердің өздік жұыстарына тапсырмалар
СӨЖ №2
Тапсырма №1
Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi
Қазақстан Республикасындағы нотариат - бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
1) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) ;
2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;
3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
4) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi өзге де адамдар.
Жекеше және мемлекеттiк нотариустардың нотариаттық қызметтi жүзеге асырған кездегi құқықтары, мiндеттері тең болады. Олар ресiмдеген құжаттардың бiрдей заң күшi болады.
Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызмет атқаратын әкімшілік мемлекеттік қызметші мемлекеттік нотариус болып табылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуды қоспағанда, мемлекеттік нотариусқа осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар қолданылады.
Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгiленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабiлетсіз не iс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды.
Өзiне қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған, лицензиясынан айырылғандықтан не нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бергенi үшiн мемлекеттiк нотариус қызметiнен босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам да осындай оқиға болғаннан кейiн бес жыл бойы нотариус бола алмайды.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.
Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiлетiн басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
Прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда:
1) жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексiн бiрнеше рет бұзғанда;
2) нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда;
3) лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда;
4) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда;
5) лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;
6) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органдарында тиісті есептік тіркелусіз жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады.
«Адвокатура және нотариат» пәнінен студенттердің өздік жұыстарына тапсырмалар
СӨЖ №2
Тапсырма №2
Нотариустың қызмет ету аумағы
Нотариат қызметі · мәмілелерді куәландыру; · мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік; · азаматтың тірі екендігін куәландыру; · құжаттардың түсіру уақытын куәландыру; · жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету; · атқарушы жазбалар жасау. Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады. Нотариус қызметін бақылау "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы нотариат - бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт Нотариустың құқықтарына тоқталатын болсақ: өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес ҚР «Нотариат туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға; мәмiлелердiң, өтiнiштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға; құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге; нотариаттық iс-әрекеттер жасау мәселелерi бойынша консультациялар беруге; Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге құқылы. Нотариустарға ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға шектеу қойылмайды. Нотариустың қызметі белгілі бір шектеулерге де ие. Мысалы нотариустарға кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге рұқсат етілмейді. Өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус өз мiндеттерiн тоқтата тұрады. Жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға жол берілмейді. Нотариустың мөрін оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге құқығы жоқ. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ. Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидаға сәйкес жүзеге асырылады. Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс. Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс. Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкілері болады. Нотариустардың мөрінің бедерлері мен қолының үлгілері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, аумақтық әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды аумақтық әділет органы жүргізеді. Жекеше нотариустың мөрін дайындау оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Нотариустың тікелей мiндеттерiне мыналар кіреді: ҚР «Нотариат туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға; азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz