Сын тұрғысынан ойлау педагогикасы мен психологиясының даму және қалыптасу кезеңдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Сын тұрғысынан ойлау педагогикасы мен психологиясының даму және қалыптасу кезеңдері.
Елбасы Н.Назарбаевтың Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты-қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды құрушы,іскер,өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деп тұжырым жасағаны бекерден-бекер емес.
Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі..
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
Мазмұнға байланысты міндеттер:
1.Әңгімені оқып танысады.
2.Мазмұнын ашады.
3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:
1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Ізгілікті бағыт
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
Жас ерекшеліктері туралы педагогикалық ой-пікірлер
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден
Пәндер