Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива. Қоғамдағы этникалық топтар:әлеуметтанулық зерттеулер


В-СТҚ-02-19 Мырзабек Біржан
№4 сабақ
Тақырыбы: Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива. Қоғамдағы этникалық топтар:әлеуметтанулық зерттеулер
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау. Дін және әлеуметтік теңсіздік.
2. Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара-қатынасы. Мәдениет әлеуметтануы. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет.
3. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этнос, халық, ұлт. Этникалық бірегейлік.
4. Ұлттық бірегейлік. Ұлт-мемлекет. Этникалық топтар мен олардың өзара тіршілік етуі.
5. Этникалық мүдделер мен этникааралық қарым-қатынас. Этникааралық және конфессияаралық келісім. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қоғамды этноәлеуметтанулық зерттеу.
1. Мешіттер, шіркеулер, деноминациялар және культтар өз өмірінің мәнін діннен көретін адамдарды өздеріне жұмылдырады. Неге және қалай болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін өте өзекті. Бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Функционалистер, діннің қандай әлеуметтік мақсаттарға қызмет ететінін анықтауға тырысса, ал қайшылық теориясын жақтаушылар, қандай жағдайда дін таптық жүйені нығайтады немесе оны түбірімен жояды, болмаса алғашқысы мен соңғысының қалыптасуына мүмкіндік береді деген сұрақтың шешімін көрсеткісі келді.
Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж. ) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз . . . Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» - деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. «Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеленуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал». Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем - қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру) . Әрбір тотем туысқандық топтың немесе кланның символын көрсеткен. Кландар қоғамның негізгі бірлестіктері болса, ал тотем - клан бірлігінің символы, елтаңбасы болған. Кланның өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті .
Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге асады. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік немесе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап - өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді.
Э. Дюркгеймнің дін теориясында, біріншіден қоғам адамдық тәжірибені нығай- тады. Екіншіден, адамдар сыртқы күштердің әсерін түсіндіруге жауап іздейді. Бұл қоғам- ның құрылымына сәйкес келетін діннің қалыптасуына әкеледі. Дюркгейм бойынша, діннің негізгі белгісі - қасиетті объектілерге бағытталған, қоғамдық келісім күшін жинайтын, ұжымдық сананы қолдайтын және оларға өмірге қажетті сенімді ұялататын ол - ритуалдарды орындау деген. Қоғам бір мезетте әрі Құдай, әрі сенуші болып табылады. Діндегі басты нәрсе - догматикалық бөлік емес, керісінше ритуалдарды ұжымдық орындау түріндегі діни іс-әрекет.
2. Кез келген мәдениеттің алғашқы негізі қандай да бір халықтың әлемтануына тән ұғымдық-логикалық аппарат, яғни белгілі бір ұғымдар мен нұсқауларда баяндалған және тілде тіркелген байыпты тәжірибе болып табылады. Тіл - адам тәжірибесін жинақтау, сақтау және берудің шынайы нысаны. Тілді белгілі бір мағыналарға ие таңбалар мен символдар ретінде анықтауға болады. Индивидтер таңбалар мен символдардың мағыналарын әлеуметтену барысында, яғни тәрбиелену және білім алу барысында меңгереді.
Мәдениеттің маңызды элементтері нанымдар, діншілдік, білімдер болып табылады. Нанымдар мен діншілдікте адамдардың шындығында да нені ұстанатыны, өзінің қызметінде және қатынастарында нені басшылыққа алатыны, олардың жүріс-тұрысы үлгілері нені қамтитыны көрінеді. Нанымдар мен діншілдік негізінде білім жатыр. Діншілдік ақпараттың жетіспеушілігі болғанда, қандай да бір ақпараттың ақиқаттылығын тәжірибе жүзінде растау мүмкіндігі болмағанда қалыптасады. Діншілдікке қарағанда нанымдардың мәні болмыс туралы логикалық негізделген және тәжірибе жүзінде расталған білім болады. Алайда нанымдар мен діншілдіктің біліммен байланысты болатыны сөзсіз. Білім нанымдарға және діншілдікке қандай да бір мағынаны беріп, оларды идеямен толықтырады.
Мәдениет анықталған құндылықтар негізінде болмысты рухани меңгеру тәсілі. Құндылықтар - жетуге талпынуға тырысатын адамның көпшілігімен әлеуметтік мақұлданатын және қабылданатын мақсаттар туралы түсініктері. Құндылықтар ретінде кез келген материалдық объект, қоғамдық қатынас немесе рухани құбылыс болуы мүмкін. Құндылықтар әлеуметтік субъектімен өзінің қажеттіліктерін оларды қоршаған орта заттарымен салыстыру, яғни адам үшін не пайдалы, не жақсы, не жаман және т. с. с екенін көрсететін құнды қатынас нәтижесінде қалыптастырылады.
Құндылықты бағалау критерийлері қоғаммен өзінің әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қалыптастырған сол қоғамның құндылықтар жүйесіне кіретін негізгі құндылықтар болып табылады. Бұл өмірдің келмейтін құндылығын жариялайтын, жақсылық және жамандық, бақыт, өмірдің мақсаты және мәні, денсаулық, жеке қауіпсіздік және т. с. с. туралы түсініктері; тұлға аралық қатынастың құндылығын растайтын: жалпы адамзаттың өзара әрекеттесудің адалдылығы, адал ниеттілігі, ақкөңілділігі; демократиялық бостандықтар, тұлғаны құрметтеу және т. с. с. Құндылық қатынас құндылық бағдарлаудың, құндылық нұсқамада көрінетін қызмет пен қатынастарды ақпараттандырудың қажетті компоненті ретінде болады. Құндылық нұсқамалары қоғаммен қоғамдық-тарихи қызмет барысында қалыптасады және индивидтермен және келесі ұрпақпен әлеуметтену барысында беріледі: оқыту, тәрбиелеу және т. с. с.
Әлеуметтік нормалары - тарихқа байланысты қоғамдық болмыстың индивид қызметіне және қатынастарына, әлеуметтік топтарға, таптарға және шынайы жағдайларға сәйкес қызметті және қатынастарды ұйымдастырудың қоғамдық қажеттілігін білдіретін қоғамдық институттарына қоятын талаптары. Олар қоғамдағы жүріс-тұрыстың жалпы қағидалары болып табылады. Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, бүкіл халықаралық қауымдастыққа тән мүдделерді, құндылықтарды білдіретін әлеуметтік нормалар жалпы адами нормалар деп аталады. Бұл нормалар әділеттік және гуманизм, адам құқықтарына құрмет және т. с. с. белгілейді.
3. “Этнос” гректiң - еtпоs - тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi - “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, “халық” сөзiнiң “бiр топ адам” (мәселен, “халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан “этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.
Адам баласының әлеуметтiк дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал халық тарихы жөнiндегi (бiз ендiгi жерде оны шатастырмас үшiн “этнос” деп алып қараймыз) зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық көп. Шын мәнiсiнде, этностан тысқары бiрде-бiр адам өмiр сүрмейдi. Кiмге де болса, “сен кiмсiң?” деген сұрақ қойса, ойланбастан “орыспын”, “французбын”, “ағылшынмын”, “немiспiн”, “парсылықпын” немесе “түрiкпiн” деп жауап бередi. Олай болса, адамның санасындағы этнос жайындағы түсiнiк көпке ортақ. Ал жоғарыдағы сұраққа жауап берушi әрбiр этнос мүшесiне: “Сен неге ол халықты немесе ұлтты өз ұлтым деп санайсың?” деп сұрақ қойса, оған анықтама беруге қиналады. Әсiресе, “сенiң ұлтыңның басқа ұлттан қандай айырмашылығы бар?” деген сұраққа бұрынғы Кеңес Одағында, бүгiнгi ТМД елдерiнде тiршiлiк ететiн ұлт өкiлдерi тиянақты жауап бере алмайды. Этностардың тегi жеке адамдардың табиғи ортадағы тiршiлiктi қабылдауымен анықталады, ал қоршаған орта ол фактiнi бекiтедi. Олай болса, адамның белгiлi бiр этносқа қатысын анықтау сезiмге негiзделген. Ал адам сезiмi оның өзiндiк ойлауы және мiнез-құлық ерекшелiгiн бiлдiредi. Адамның бiр этносқа тән қасиетi оның бойына сәби кезiнен бастап ата-анасының қарым-қатынасы, мiнез-құлқы, iс әрекетi арқылы дарып, қалыптасады. Олай болса, “этнос” дегенiмiз белгiлi бiр жүйеге негiзделген мiнез-құлық, iс-әрекетi бiрыңғай топ-ұжым екен. Ал әлеуметтiк жүйенiң көпшiлiкке ортақ түрi - отбасынан басталады. Отбасы - бiр үйде тұратын адамдар жиынтығы. Жүйенiң элементiне отбасы мүшелерiнiң күнделiктi тұрмысында қолданатын заттары да енедi. Яғни олардың үй-мүлкi, баспанасы, ыдыс-аяғы, киiм кешегi, көрпе-жастығы, құрал-сайманы т. б. тұрмыстық тұтыну заттары және олардың жасалу үлгiлерi түгел кiредi. Отбасы мүшелерiнiң қарым-қатынасы, бiр-бiрiне көзқарасы, жүрiс-тұрысы, мiнез-құлқы да жүйенiң элементi болып есептеледi. Ал отбасылық жүйе этностық жүйенiң қайталанатын атрибуты болып саналады. Этностық тайпалар (топтар) күнделiктi тұрмысындағы, мiнез-құлқындағы, көзқарасындағы айырмашылық-тары арқылы ерекшеленедi.
Қай халықтың болса да мәдениетiнiң шарықтауы мен құлдырауы - табиғи заңды процесс. Бiр кезде (бiздiң жыл санауымызға дейiнгi II ғасырда) егiншiлiкпен, сауда-саттықпен айналысқан қытайлықтар малшаруашылығымен айналысқан ғұндарға қарағанда мәдениетi жоғары, өркендеген ел болған. Соған қарамастан, қытайлардың Еуропаны жаулап алуына жол бермеген себептерге келсек, бiрiншiден, жауынгер ғұн халқының ерлiк iс-әрекетi бөгет болса, екiншiден, қалың қытайлықтардың, құрғақшылық, табиғаты қатаң даладан гөрi, суы мол, ауасы жұмсақ, қыс болмайтын Оңтүстiк Азияның теңiз жағалауын мекендеудi қолайлы деп санауы, үшiншiден қытайлықтарға қарағанда, Вавилонды, Кiшi Азия мен Сирияны, Египеттi жаулап алған, тұран ойпатын жайлаған, мәдениетi мен экономикасы күштi парсылықтар Еуропаға қарай қытайлықтардың аяғын аттатпады.
4. Қашан да қоғамға қажет нәрсе ұлттық бірегейлік, себебі, мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың және зиялылардың азаматтық бірегейлігіне тәуелді. Ұлттық бірегейлік ұрпақтың (халықтың) рухани деңгейінен шығады, рухани деңгей арқылы көрініп, жүзеге асып отырады. Ұрпақтың рухани деңгейі ұлттық тәрбие, діни сауаттылық, тарих білімі, интеллектуалдық қызметі, мәдениеті, қабілеті, өнері, білімі, еңбекқорлығы негізінде көрініп отырған. Рухани деңгейі бар қоғамда ұлттың және оны демеп отыратын зиялылардың азаматтық, тұлғалық бірегейлігі сақталмақ. Керісінше жемқорлыққа, парақорлыққа халықтың көзі үйренген ортада ұлттық бірегейлік түгіл азаматтық бірегейлік болмайды, болса да қоғамда елдің табиғатына, ұлттың мінезіне жат нәрселердің орын алуы себепті тарихтан келе жатқан дәстүрден (ұлттық бірегейлік пен тұлғалық бірегейліктің жолынан) өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі әлемі алшақтай түспек.
Әлемдік өркениет өрісінде мемлекет өзінің дербестігін сақтап қалу, нығайту үшін қоғамдық ортада, мемлекеттің ішкі өмірінде ұлттық бірегейлік сақталуы қажет. Заман ағымындағы адамзат мәдениетінің өзгеруіне орай, адам да өзгереді, тіпті қоғамда әр түрлі адамдар, топтар, секталар пайда болуы мүмкін. Мемлекетті әлсіретудің амалы қоғамдағы ұлттық бірегейлікті ыдыратумен тең. Бірегейлікті (ұлттық, жалпы ұлттық, азаматтық болсын) ыдырататын нәрсе ата дінін, алған білімін дәстүрге, қоғамға, тарихқа, мемлекетке қарсы қоюдан шығады, ол жастардың ұлттық болмысына, діліне қарсы тәрбиеленуі, білім алуы, өзге біреудің ықпалымен ізденуі. Қазақ руханиятында зерделенген, алаш тұлғаларының ұстанымына, өмір мәндік түсінігіне айналған елдік, ар-намыс, қайырымдылық, жауапкершілік, кішіпейілді болу, төзім, қанағат, мейірімділік сынды ізгі қасиеттер, ұрпаққа үйретіліп отырған адал еңбек түсінігі ұлттық бірегейліктің негізгі тұтқасы. Осы құндылықтар арқылы қазақтың отбасында, қоғам өмірінде бірлік, түсінік, төзімділік, қайырымдылық сақталған. Тарихтағы қазақ қоғамынан түйеріміз, өскен ортасына сенетін адам қоғамға да сенеді, мемлекетін өз үйіндей сезінеді. Қазақта бай, кедей деп бөліну болмаған. Себебі, қазақ қоғамында байдың да, тұрмысы орташа адамның да діни сауаттылығы жоғары. Тарихтағы қазақтың байлары еліне, жеріне, ұлтының мүддесіне жауапты адам, соған ие болатын, қорғайтын адам. Тарихтағы қазақ қоғамында жеке адам елдің мүддесін қорғау, өз руына (ауылына) басшылық ету үшін бойында ұлттық бірегейлік қасиеттер болуы қажет. Бай да дүниеден өтеді, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа қалатын дүние ел мен жер, адамды елмен, ата мекенімен біріктіретін руханият. Сондықтан да қазақ ұғымында бай өзін халықтан кіші санайтын, өзін ұлттың қызметшісімін деп есептейтін адам. Қазақ түсінігінде байлық несібе, ырыс ол ел үшін адам өміріне дариды. Өзінің ақылы, білімі, еңбегі, қабілеті арқылы жиған дүниесін елдің де ырысы, несібесі деп түсінген адам өзін әрдайым халықтан кіші, ұлтының қызметшісі деп есептейтіні ақиқат.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz