Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт түсінігі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
ЭССЕ
Тақырыбы: Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт түсінігі
Орындаған:Бахрами Н
Тексерген:Нигметова А
Алматы, 2021ж
Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт түсінігі
Әл-Фараби атамыздың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы - бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында. Әл-Фараби атамыз бақытқа жету ұғымынның мәселелерін, негізінен филосфиялық мәнмен ұштастырып қарастырған және философиялық еңбектер жазған.
Бақыт түсінігін әркім әрқалай түсінеді. Біреулер үшін ақша, байлық бақыт болса, енді біреулер үшін ақыл-парасат, отбасы деген сияқты түсініктерді бақыт деп есептейді. Әркім өз таным көкжиегі бойынша ойлайтынын ескерсек бақыт түсінігін әркімнің әрқилы қабылдауы таңқаларлық жағдай емес.
Бақытқа жету - философияның алдыңғы шарттарының бірі болып келеді. Адам баласы, дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады. Әл-Фараби атамыздың осы бір еңбегінде, бақытты болудын 3 түрін жазған. Онда: бірінші түрі - адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасаса, онда ол адам өзінің мақсатына айқын жетеді. Екінші түрі - жандүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қуанышы, жабырқауы міне осының бәрі адамның жандүниесіне жатады. Үшіншісі түріне келетін болсак ол адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса, яғни көп оқып ізденімпаз болса ол әрбір жетістікке жетеді. Енді осының бір бірін жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысынна қол жеткізеді деген ойдамын.
Ұлы бабамыздың «Бақытқа жолын сілтеу» атты трактатында « . . . адам абсолюттік бақыт туралы оның өз түсінігі ең дұрыс және ең ұлы немесе ең жетілген (игілік) деп сенеді» - дей келе, «адам бақытының шыңына жету өзі үшін соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуды талап етеді » және « артынан не мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол адам бақытқа жетеді» - деп түйіндейді. Ол кісінің пайымдауынша, «әрі мадақтауға, әрі жазғыруға соқтыратын мұндай жағдайлар үшеу» екен : біріншісі - адамның іс-әрекеті, мысалы, орнынан тұруы, отыруы, көруі, естуі; екіншісі - жандүние сезімдері, мысалы, құштарлығы, рахаты, қуанышы, ашуы, қорқынышы, жабырқауы, күйінуі, қызғанышы ; үшіншісі - ақыл-парасаты.
Өзіміз байқағанымыздай ұлы, ойшыл ғалымның пайымдауынша бақытқа жету үшін сені не бақытты қылады, сенің қалауың қандай, сен бақытты болуға ұмтыласың ба, сенде мақсат бар ма осы факторлардың бәрі бақытқа жеткісі келетін тұлғаның өзіне қоятын басты сұрақтардың бірі болып табылады. Адам баласы туғаннан бастап бақыт жолын іздейді. Адам өзіне не керегін білсе ол бақытқа апаратын жолды да біледі деуге болады.
Философиялық анықтамасы бойынша бақытты- адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Ал, Әл-Фараби бақытқа жетуді, адамның алға қойған мақсаттарын отындағанда ғана адам бақытты болады деген қортынды жасаған. Әл-Фараби осы еңбектерінде бақытыт ұғымын төрт түрге бөліп қарастырған. 1. Жақсылыққа жету, даналық, 2. Қуаныш, рахат, 3. Өмірден өз орнын табу, 4. Бақ- дәулет. Міне, осы төрт шарт орындалса адам өзін бақытты санайды.
Қорытындылай келе, бақытты сырттан іздеме. Бақыт ол сенің ішіңде. Ол сенің ақыл-парасатың, өмірге деген көзқарасың, дәл қазіргі жай-күйің. Өмірдің әр сәтінен бақытты сезін. Ертең немесе кеше бақытты болма. Дәл қазір сезін. Өзіңе берілген ұшан-теңіз мүмкіндіктер ішінен дәл саған керегін ажырата біл. Бақытты сезін және басқа факторлар тек сені одан да бақыттырақ ете алуға ғана шамасы жететінін түсін. Бақыт ол-сен!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz