Қан тамырларының қызметтік жіктелуі. Гемодинамиканың негізгі заңдары. Орталық және шеткі қан айналым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ШЖҚ Кеңес одағының Батыры Мәншүк Мәметова
атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі МКК

СӨЖ

Тақырыбы: Қан тамырларының қызметтік жіктелуі. Гемодинамиканың негізгі заңдары. Орталық және шеткі қан айналым
Орындаған: Тулегенова Арайлым
Тексерген: Жайлыбаев Мұхтар

Қан тамырлары Қан тамырлары диаметрі əр-түрлі тұйықталган түтікшелер. Олар тасмалдау қызметін атқарады, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін, қан мен тіндер арасындағы зат алмасуды реттейді. Дамуы. Алғашқы қан тамырлары эмбрионалдық дамудың 2-3 аптасында сары уыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан жəне хорион қабырғасында қан аралшықтарының құрамында пайда болады. Аралшықтың шетінде орналасқан мезенхималық жасушалар орталық бөлікте орналасқан жасушалармен байланысын жойып, сопақшаланып алғашқы қан тамырларының эндотелиоциттеріне айналады. Аралшықтың орталық бөлігіндегі жасушалардың пішіні дөңгелектеніп, дифференцияланып, қан жасушаларына айналады. Қан тамырларының сыртында орналасқан мезенхималық жасушалардан кейінірек жазық бұлшық ет жасушалары, перициттер, адвентициальды жасушалар, фибробласттар дифференцияланады. Құрсақішілік дамудың 3-ші аптасының соңында ұрық денесінің тамырлары ұрықтан тыс мүшелердің тамырларымен байланысады. Қан тамырларының қабырғасының кейінгі өсуі қан айналымы басталғанда гемодинамиқалық жағдайларға (қан қысымына, қан ағымының жылдамдығына) байланысты дамиды. Қан тамырларының жалпы сипаттамасы мен жіктелуі Қан тамырлары артерияларға, артериолаларға, гемокапиллярларға, венулаларға, веналарға, артериоловенулярлық анастомоздарға бөлінеді. Артерия мен веналардың арасында микроайналым арнасы болады. Артериялар бойынша қан жүректен мүшелерге қарай ағады. Бұл қан оттегіне қанық болады, өкпе артериясы венозды қан тасмалдайды. Веналар бойынша қан жүрекке келеді. Гемокапиллярлар артериальды жəне венозды тамырлар жүйесін байланыстырады, тек ғажайып торды құрайтын гемокапиллярлар аттас тамырлардың арасында орналасады (мысалы, бүйректе артериялар арасындағы тамырлы шумақ) Барлық тамырлардың қабырғасы 3 қабықшадан тұрады: 1. ішкі (tunika intima немесе interna) 2. ортанғы (tunika media) 3. сыртқы (tunika adventitia немесе externa) Олардың қалыңдығы, тіндік құрамы мен қызметтік ерекшеліктері əр-түрлі болады. Артериялар Жіктелуі. Құрылысының ерекшеліктеріне байланысты артериялардың 3 түрін ажыратады: 1. Эластикалық артериялар 2. Бұлшық етті артериялар 3. Аралас (бұлшық етті-эластикалық) артериялар

Гемодинамика - грек сөзі - қан - биофизиканың бір тарауы. Мұнда жүрек - тамыр жүйесінде қан қозғалысының себептерін, механизмдерін тексеруге гидродинамика заңдары қолданылады.
Адам мен жануарлар организмінде қанның атқаратын қызметі өте зор. Өкпеге барған қан оттегімен өзінің құрамын толтырып алып, оны басқа органдар мен бұлшық еттерге таратады. Клеткалардан қанға кейбір алмасу заттары келіп түседі. Қан оларды бүйрек, өкпе және т.б. мүшелерге жеткізеді. Сонымен қатар, қан таза физикалық қызмет атқарады, ол денедегі жылуды бір жерден 2ші жерге тасымалдайды.
Қан негізінен плазма деп аталатын сұйықтан және эритроцит, лейкоцит, тромбоцит деп аталатын клеткалардан тұрады. Түсі қызыл, өте тұтқыр сұйық. Қанда плазма 55-60%, ал қалғандары (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) - 40-45 % болады.
Организмді оттегімен қамтамасыз етуде эритроцит үлкен қызмет атқарады. Адам қанынадағы эритроциттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрекше аралық перденің мүкістігі
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Жүйке жүйесінің анатомиясы
Қан айналым жүйесінің биофизикасы
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Гемодинамика түсініктемесі. Гемодинамиканың параметрлері және оларды зерттеу тәсілдері. Балалардағы ерекшеліктері
Жасөспірімдердің ой еңбегімен физикалық жүктемеге бейімделу ерекшеліктері
Балалар аурулары туралы
Жүрек жұмысының әлсіреуінен болатын жүректегі қан айналысының жетімсіздігі
Организмнің дене жүктемесіне бейімделуі
Пәндер