Қазақстанда Павлодар облысы мысалында атқарушы органдарының халықпен кері байланыс соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау жұмысының дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда Павлодар облысы мысалында атқарушы органдарының халықпен кері байланыс соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау жұмысының дамуы
Аннотация: осы мақалада жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен онлайн кері байланыс жүргізу туралы, осы үрдістің қазіргі заманда кері байланыс жасаудың маңызды, басымды құралы екені сипатталады. Ақпараттық технологиялар әлемде дамып, өмірдің барлық салаларына енді. Электрондық үкімет пен лауазымды тұлғалардың әлеуметтік желілердегі байланыс ақпараттық парақшалары мен сайттары, аккаунтары өтініш елдегі тұрғындардан негізгі проблемалар бойынша ақпарат алудың көз болып табылады. Сондықтан интернет байланысын пайдаланатын тұлғалар үлесі өте көп болғандықтан интернет желілері арқылы байланыс жасау, ақпараттандыру және өзара кері байланыс жүйесін құру, билік пен қоғам арасында арақашықты қысқарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Қоғам мен мемлекет арасында арақашықтық және оны жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілердің оны шешу міндет-қажеттілігі мәселесі туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Үкімет отырысы жиналыстары мен 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында атаған [1]. Мемлекет басшысының 2019 жылы Ел алдында қойған міндеттері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдардың халықпен тиімді кері байланыс тетіктерін енгізу" арнайы жобасын іске асыру талқыланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен азаматтық қоғам мен биліктің өзара іс-қимылының қазіргі заманғы құралдарының бірі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған Қоғамдық келісім кеңестері болып табылатыны кездейсоқ емес. Азаматтық, қоғамдық келісім және қоғамдағы жалпыұлттық бірлік қағидатындағы қазақстандық бірегейлікті нығайту мен дамыту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, өзге де бірлестіктерді топтастыру Қоғамдық келісім кеңестерінің негізгі міндеті болып табылады.
2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Халық үніне құлақ асатын мемлекет - бұл, шын мәнісінде, Әділетті мемлекет құру тұжырымдамасы. Азамат - тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы - дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Біз Халық үніне құлақ асатын мемлекет құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл - мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог. [3]. Арақашықтықты қысқарту дегеніміз халықпен тығыз байланыс орнатып жаңа жүйедегі кері байланыc жүйесіне көшуді білдіреді. Билік өкілдері, атқарушы органдар жергілікті халықпен дұрыс жолға қойылған құрылымдық диалог жасалған жағдайда қоғам мен билік арасында арақашықтықты азайтуға болады. Билік бұқараға жақын болып, халық мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Қазіргі уақытта елімізде қоғам мен билік арасында нәтижелі екіжақты диалог құруға бағытталған жұмыс үрдісі жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік органдардың қызметіндегі басты басымдықтар ашықтық, қоғамдық пікірталас диалогы, пайда болған мәселелер мен сауалдар бойынша жедел әрекет ету және көмек көрсету болып табылады. Бұның айғағы ретінде Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асырылуының басталуы, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің, Президент Әкімшілігінде азаматтар өтініштерін қарауды бақылаудың құрылымдық бөлімшесінің құрылуы, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік әділет кодексінің қолданысқа енгізілуі жоспарлануы, еліміздің облыстарында, орталық мемлекеттік органдарда халықпен кері байланыс жүйесі жұмысын жандандырылуда. Өйткені өңір тұрғындары проблемаларының шешілмеуідің бір бөлігін билік пен қоғам арасында кері байланыстың болмауынан туындайды. Азаматтар өтініштері қоғам мен билік арасында нәтижелі байланыста маңызды рөл атқарады, бұл ел проблемасы индикаторы іспеттес. Тұрғындардан берілетін өтініштер мен сауалдар мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің бағытын таңдауға ақпарат-негіз ретінде танылуы тиіс. Мемлекеттік органдар мен бірінші басшылар қоғамға қызмет етсе, сол қоғамның мәселесін шешу - заңды ұғым. Менің ойымша өтініштер бұл барлық жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары мен тұрғындар арасында шешілуі тиіс мәселелерді жеткізу қарым-қатынас құралы, әрі азаматтар құқықтарын қорғаудың әдісі. Бірақ өтініш жауап берумен шектелмей оны шешу үшін кедергілерді болдырмау, себептерді жою бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс. Осыны ескере келе қоғам мен жергілікті атқарушы органдар мен өзін-өзі басқару органдары арасында кері байланыстың маңызды проблемасы тақырыбы өзекті болып танылғандықтан, қоғам мен өңірлік деңгейде билік арасында арақашықты азайтып, проблемаларды шешу тиімділігін арттырып, бүгінгі күні қоғамның билікке деген сенімін арттыру мәселесі өзекті болып есептеледі.
Соңғы жылдары қоғамның да, билік өкілдерінің де күш - жігерінің арқасында қайтымсыз сипатқа ие болатын тенденция байқалады: институттар мен билік пен басқару өкілдері мен азаматтық қоғам арасындағы диалог, субъект-субъектілік қатынастарды құру тенденциясы. Қоғаммен байланыс қызметі, ең алдымен, бұқаралық саяси коммуникацияларды, ақпараттық процестерді және ақпараттық ағындарды басқару болып табылады. Саясат пен басқару саяси аудиториямен, басқару объектісімен кәсіби және сындарлы ақпараттық өзара әрекеттесусіз, сондай-ақ мұндай өзара әрекеттесуді тиімді басқару мүмкін емес.
Жергілікті өзін-өзі басқарудағы қоғаммен байланыс қызметінің маңызды ерекшелігі - халықпен мүмкіндігінше жақын, көбінесе тікелей, өзара әрекеттесу - бұл екі жақты байланыс сияқты бір жақты ақпараттандыру ғана емес.
Бұл бағыта Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен келесі жұмыстар жасалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Дамудың стратегиялық жоспары туралы Жарлығына сәйкес Ақпараттық Қазақстан - 2020 бағдарламасы бекітілді. Ақпараттық Қазақстан - 2020 бағдарламасының негізгі мақсаты ақпараттық қоғамға Қазақстанға ауысуын қамтамасыз ететін шарттарды тудыру.
Негізгі міндеттер - мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің статистика комитетінің ресми мәлімет бойынша 2019 жылға қарай интернет желісін пайдаланушылар саны 80 пайызға жетті. Әсіресе 2020 жылдың басынан бері эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн оқу қажеттілігі 6 мен 16 жас аралығындағы үйдегі интернет байланысы үлесін шамамен 20 пайызға едәуір арттырды. Барлық оқушылар мен ата-аналар интернеттің қай түрі болмасын пайдалануға мәжбүр болды, өйткені электрондық пошта мен әлеуметтік желілер арқылы жұмыс телефон, компьютер арқылы жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардың 80 пайызы мемлекеттік органдар мен басшыларға өз мәселелерін жеткізе алады және кері жедел жауап алады деген сөз. Бұл бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен тұрғындардың кері байланысы жүйесі ауқымын едәуір кеңейтті әрі жылдамдатты. Мысалы тұрғындар әлеуметтік желілер және арнайы коллорталықтар арқылы көшедегі коммуналдық мәселелер бойынша бұзушылықтар туралы хабарласа, мәселе 1-2 сағат ішінде шешілуі мүмкін, бұл дегініміз жеделдікті арттырды
Жоғары дамыған ақпараттық коммуникациялық технологиялар бүкіл елдерде қолданысқа ие болып, әлеуметтің, билік пен қоғам арасында, барлық ақпарат алмасу субьектілері арасында ақпарат алмасудың түрін, жеделдігін күрт өзгертті. Қағазбен берілетін өтініштер электронды түрде, соның ішінде сауалдар, мәселелерді атау ретіндегі әлеуметтік желілер арқылы таратылатын үндеулер тез тарап, көпшіліктің назарына ілігеді, қоғамның талқылауына ұсынылады. Сол кезде атқарушы билік әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізе отыра, осы ақпаратты пайдаланып мәселелерді шешу бойынша шаралар қолданады.
Павлодар облысы әкімі Ә.Б.Скаковтың инстаграм парақшасына 29 мың адам жазылған, бұл облыс тұрғындарының 5 пайызы, бірақ бір отбасыда кем дегенде орташа 4 адам барын және одан басқа ресми сайт пен ақпараттық порталдар, басқармаларың әлеуметтік желелердегі парақшалаларына жазылған оқырмандарды және де тұрғындардың 85 пайызы смартфон ұялы телефондарын пайдаланатынын ескерсек бұл облыс тұрғындары санының кем дегенде 50 пайызынан астамы күн сайын облыс деңгейінде әлеуметтік-саяси оқиғалар туралы жедел хабар алып, өз пікірлері мен сауалдарымен бөлісе алатынын, екі жақты кері байланыс жасай алатынын атап өтуге болады. Осы үрдіс екі жақты диалогты кеңейтіп, бүгінгі күні халық пен билік арасында арақашықты қысқартуға жақсы қадам жасауға жағдай жасалды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж.Тоқаев 2020 жылғы 9 желтоқсанда өткізген Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңес жиналысында Мемлекеттік басқару жүйесі клиентке бағытталған болуы тиіс екенін атап өтті. Басты клиент - Қазақстан азаматы болып табылады. Алдымызда мемлекеттік қызметтен бастап жергілікті өзін-өзі басқаруға дейін жүйені қайта жүктеу жоспарлануда.
Қазақстанның ресми zakon.kz ақпараттық порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес Facebook әлеуметтік желіде 2019 жылы ең жоғары белсенділікті жүргізетін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. 127,574 баллдан бастап министрлік беті рейтингте бірінші орын алады. Пайдаланушылар парақтың өзін ұнататындардың ең көп санын атап өтті, ал жарияланған хабарламалардың белсенділігі басқа министрліктердің беттерінен де ерекшеленеді. Министр-Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіні белсенді пайдаланады және 10 мыңнан астам жазылушысы бар. Екінші орынды Денсаулық сақтау министрлігінің парақшасы иеленді -79, 309 ұпай. Бетте күн сайын жаңа жарияланымдар шығады, көбінесе әлеуметтік желілерде өте белсенді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың өзі. Оның жеке парақшасына 16 мыңға жуық адам жазылды. Үшінші орын - ҚР Сыртқы істер министрлігі, жалпы балл саны 55, 086. Аталған ведомствоның министрі Мұхтар Тілеуберді Facebook парақшасында жоқ. Әрі қарай, беттердің жалпы ұпайлары әлдеқайда төмен болады, бұл басқа министрліктердің әлеуметтік желілерде әлдеқайда әлсіз екенін көрсетеді. [5] Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына (Инстаграмм) 1340 адам жазылған екен, бұл тұрғыдардың 10 пайызына жуық.
Статистика мәліметіне сәйкес тұрғындардың 80 пайызы смартфондарды пайдаланады және Қазақстанда 34 млн ұялы телефон тіркелген.[11]
Белсенді түрде пайдаланатын телефондар саны 14 миллион 2020 жылы 1 миллионға жуық смартфон сатылды. Қазақстан Республикасында Android негізіндегі ұялы смартфондар үлесі 76 пайыз құрайды. Зерттеу агенттігі GFK (зерттеу агенттігі GfK Group, штаб-пәтер Нюрнберг қаласында, қазақстанда еншілес компаниясы бар)
Қазақстанда Интернетті пайдаланушылар саны 18 миллион адамның 84,2% - ын құрайды: бұл 3G4G желілерін пайдалануға мүмкіндігі бар барлық 118 қаланың және 4 235 ауылдық елді мекеннің тұрғындары, деп хабарлады 2020 жылғы 28 сәуірде Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.
Бейінді министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың соңына қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі
Жергілікті басқару органдарының теориялық аспектілері
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Жергілікт өзін-өзі басқару жүйесіндегі қаржылық экономикалық механизмдерді зерттеу
Мемлекеттік жергілікті басқару мен олардың қызмет етуіндегі өкілеттілігі және оның нақты бір мысалында талдау жасау
Мемлекеттің аймақтардың дамуын реттеуі басқарудың екі
ҮКІМЕТТЕГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Жергілікті бюджеттің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы
Пәндер