Махамбет Өтемісұлы. өмірбаян


Махамбет Өтемісұлы. өмірбаян
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. - 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) - қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады. Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20. 10. 1846, қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы Қараой жерінде - ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 -38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.
- 1824 - 28 ж. Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды
- 1829 ж. Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталын, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды.
- 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.
- 1834 ж. Исатай батырмен бірігеді. Сол жылы 9 маусымда Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды
- 1838 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен әрекет шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өмірінде ауыр да сүргінді жылдар жалғасып,
- 1841 ж. 4 наурызда белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде Махамбет қолға түсті.
- 1841 ж. 7 шілдеде сот «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.
МАХАМБЕТ -ақындығы
Махамбет мұрасы біздің ұлттық намысымызды қамшылайтын, жігерімізді жанитын қасиетімен де қымбат, қастерлі. Махамбет мұраларының қай-қайсысын танып-білсеңіз де көкала бұлт торлаған аспанның төсін қақ айырып жарқылдаған найзағайдай бір ғажайып, ғаламат қуат-күшті сезінесіз, сонымен қоса дауылды даланың күзгі өртіндей ащы өкініш өзекті өртейді. Осы жарқылдаған жырларды естігенде асау да адуын мінезді, арқалы да аруақты ақынның өр тұлғасы асқақтап көз алдыңа келгендей болады. Өйткені бұл өлеңдерде ұлтымыздың өлмес, өшпес биік рухы, мұқалмас жігері мен намысы, азаттыққа ұмтылысы, аһ ұрған арманы мен ыстық сезімі жатыр.
Екіншіден, Махамбет-ақын. Бұл тақырып та аз зерттелген жоқ. Кеңес дәуіріндегі Махамбет хандар мен қарны жуан билерге қарсы қасқая сөз сөйлеген ақын, ары кеткенде көтеріліс жыршысы ретінде қарастырылып келді. Бұл әбден таптаурын болған таптық принцип.
Үшіншіден, Махамбет шығармашылығы бүгінгі отаншыл ұрпақты елін-жерін сүюге тәрбиелейтін таусылмас тағылым көзі. Баба мұрасын бүгінгі оқу-тәрбие ісінде пайдалану, оның дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастырудағы, ақын шығармашылығының жас ұрпақты патриоттық, адалдық, адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеудегі рөлі бүгінгі және болашақтағы зерттеулерге азық бола беретіні анық
М. Әуезов Махамбеттің өлең үлгісіндегі өзгешелікті анық көрсетіп айту арқылы Махамбет поэзиясының теориялық негізделу мәселелеріне қарай бұрылыс жасайды. Кейінде әдебиеттану ғылымында, өлең сөздің теориясында құрылым жөнінен үнемі назарда болған Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің өзгешелігін көрсеткен М. Әуезов пікірі ХХ ғасыр басында айтылған. Қазақтың өлең өзгешелігін танудағы тың түйін. Өлең құрылымындағы дәстүрлі желілерді қарастыра отырып, М. Әуезов нақтылы теориялық негіздеме жасайды. Өміршең қисындарын ұсынады.
«Ереуіл атқа ер салмай» Махамбеттің барлық өлеңдері сияқты ауызша айтылған, тындаушыға қолма-қол суырылып беріліп отырған өлең. Сол ретіне қарай, сапылдатып бір-ақ желдіртіп өткен бір шумақ өлең. Мағына жағынан ұзақ бір сөйлем есепті. Қатар жарысқан неше алуан ойдың байлауы «Ерлердің ісі бітер ме?» деген аяққы жол. Ауызша айтылған желдірме болғандықтан ұйқасы кейде келіп, кейде келмейді.
Исатай мен маханбет
Жаңа басқарушы өз қызметін ханның алдында Исатайды беріш руының басқарушы қызметінен тайдыру туралы және оның өзі мен оған ниеттес ауылдарды құнарсыз жайылымдық учаскілерге көшіру туралы мәселе қоюдан басталды. Сонымен бірге Жәңгір хан Орынбор губернаторлығынан Исатай мен Махамбетті және олардан басқа да кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен патша өкіметінің даладағы саясатына қарсы бүлікшілдікке бастаушылар етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шараларды қолдануды сұрады. 1836 жылғы 17 наурызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазды: Исатай мен Махамбет “халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Біріншіден, халық Каспий өңірі аймағындағы хан билеріне, ру басқарушыларына күрт наразылық білдіріп, олпрдың орындарынан алынуын талап етті. Екіншіден, сонымен бірге жер-жерде ханның және бай-сұлтан топтарының саясатына қасрсы бағытталған қозғалысқа барған сайын жаңадан ауыл қауымдарын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Үшіншіден, әсіресе 1836 жылдың басынан, сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл жасау, олардың малы мен жерін басып алып, қоныстарын талқандау жиеледі. Исатай мен Махамбет осындай бірнеше жорыққа тікелей басшылық етті. Төртіншіден, хандықтың Каспий өңірі
аймағындағы көптеген ру ішіндегі және рулық қауымдар хан шенеуніктерінің билігін көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Бесіншіден, азаттық жолындағы және заңға қарсы пиғылдар орданың басқа да бөліктеріне тарап кетті. Азаттық қозғалысы бүкіл хандықты қамтыды. Сөйтіп бірте-бірте екі лагерь: хан лагері мен азаттық қозғалысының лагері құрылды. Көтерілісті дайындау мен өткізудің барлық кезеңдерінде азаттық қозғалысының негізгі әлеуметтік базасы еңбекші көшпелі шаруалар болды. Қозғалыстың көптеген белсенді қатысушылары халықтың кедей және ең кедей топтарынан шыққандар еді .
Исатай мен Қарауыл қожа Бабажановтың алғашқы қақтығысы.
Исатай батырдың Жәңгір ханға және жалпы Бөкей ордасындағы қалыптасқан тәртіпке қарсы күресінің басы - Каспий бойы қазақтарының басқарушысы Қарауыл қожа Бабажановпен жеке дара қақтығысынан басталды. Қожа бұл қызметке 1833 жылы тағайындалған болатын/10/ . Арғы тегі қазақ емес, қазақ халқын ешқашан басқарып көрмеген, демек тегі бойынша бұған құқысыда жоқ. Қарауыл қожаның тағайындалуы ата-бабаларында, соның ішінде Исатайдың өзін ашу - ызаға булықтырды.
Нағыз ер жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?
Қазіргі бозбала - ертеңгі отағасы, жанұясының тірегі. Сол себепті өз-өзіңді тәрбиелеуді кейінге қалдыру дұрыс емес. Әдетте, адамдар өзінің кемшіліктерін түзеуді мейлінше созып, «ересек шағына» қалдырады.
Жастайынан өзіне жауапкершілік алып, мінезін тәрбиелеген жігіт ертең кез келген нәзік жандының арманындағы батырға айнала алады. Қоғамда «әйел адамның рөлі зор» деген пікір қалыптасқан. Ал,
1. Нағыз ерлер сөзіне, ісіне жауапты болады.
Өз-өзіне ие бола алмайтын, сөзіне толық жауап бере алмайтын ерлерді жиі кездестіреміз. Әдетте, ондай жігіттер өзінің жүрегін емес, эгосын тыңдауға бейім. Жұдырық ала жүгіретін қызуқанды жігіттер өзін баса білуді үйренгені дұрыс. Әркім өз сөзіне ие болса, төбелес, жанжалдың да қажеті болмайды.
Бұл әдетті жойып, одан арылмасаңыз, пайдасынан гөрі зиянын көбірек көресіз. Бұл қасиеттен арылу үшін өз-өзіңді тәрбиелеумен қатар сабырлы, байсалды болу керек.
Әр жауабыңызды жақсылап ойланып, таразылап бергеніңіз жөн. «Реакция» деген сылтауды қойып, «нағыз ер адам» сияқты әр сөзіңізге, ісіңізге жауапты болуды үйреніңіз.
2. Нағыз ер адамдар өзін мінсіз деп ойламайды.
Нағыз еркек өзінің кемшіліктерін, қателіктерін мойындауға дайын. Өз сезімдерін ашық түрде айта алады. Өзге біреудің кейпіне еніп, басын қатырмайды. Нағыз еркек ұрыс-керіске араласпауға тырысады. Ал жанжалға тап болса, оны тез арада шешудің амалын қарастырады.
3. Нағыз еркектің мақсаты бар.
Мақсат, ұмтылыс, арман. Нағыз ер адамның өмір жолында осы нәрселер басты рөл ойнайды. Өмірде өз орнын табу, махаббатын кезіктіру, мақсатқа жету - нағыз ер адамның ойында болуы керек дүниелер.
4. Нағыз еркек батыл болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz