Мұнай өнімдерінің сыну көрсеткішін анықтау


Зертханалық жұмыс
Мұнай өнімдерінің сыну көрсеткішін анықтау
Оптикалық активтілік.
Мұнай және оның фракциялары оптикалық активті заттар болып табылады. Оптикалық активтілік дегеніміз заттардың олар арқылы жарықты өткізген кезде поляризация жазықтығының бұрылуын тудыруы болып табылады.
Сыну көрсеткіші
ортаның оптикалық тығыздығын сипаттайды және мұнай және мұнай өнімдерінің топтық көмірсутектік құрамы туралы білуге, сонымен қатар тығыздық және молекулалық массамен бірге алғанда - мұнай фракцияларының құрылымдық-топтық құрамын есептеуге мүмкіндік береді. Сыну көрсеткіші немесе рефракция коэффициенті, және тығыздық дербес заттардың маңызды физикалық константасы болып табылады. Олардың көмегімен мұнайдан синтезделген немесе бөлінген заттар тазалығы анықталады.
Сыну көрсеткішінің шамасы жарық екі ортасының шекарасына берілетін толқын ұзындығына және ортаның температурасына байланысты болады. Сондықтан сыну көрсеткішінің символында аталған екі көрсеткіш те көрсетілуі тиіс. Көпшілік жағдайда n 20 D : бұл 20 0 С температурада натрийдің сары сызығы үшін арналған сыну көрсеткіші (толқын ұзындығы λ 0 =589 ммк) . Анықтау күн жарығында немесе шаммен жарығымен натрий буын арнайы приборларда қыздыру арқылы жүргізіледі, приборлар ретінде дәлдігі 0, 0001 рефрактометрлер қолданылады.
Мұнай өнімдерінің маңызды электрлік қасиеттері болып электр-өткізгіштігі және диэлектрлік өткізгіштігі есептеледі.
Таза (сусыз) мұнай және мұнай өнімдері диэлектрліктер (яғни, оқшаулағыштар) - электр тогын өткізбейтін заттар болып табылады. Оларды кабельдер үшін электр-оқшаулағыш материалдар, трансформаторлар үшін қорғағыш құймалар және т. б. ретінде қолданады. Сұйық диэлектриктердің өткізгіштігі ылғал мөлшері және температураға байланысты болады. Мұнай өнімдерінің диэлектрлік өткізгіштігінің салыстырмалы мәні (ε) 2 шамасында, яғни шыны (ε=7), фарфор (ε=5-7), мрамор (ε=8-9) оқшаулағыштардан 3-4 есе аз болып келеді. Сусыз, таза мұнай өнімдерінде электрөткізгіштік елеусіз: 2х10 -10 нан 0, 3х10 -18 1/(Ом*см) (парафин) . Электрөткізгіштігі төмен болуы салдарынан парафин радиотехникада таптырмайтын оқшаулағыш болып табылады.
Мұнай өнімдері құбырлар қабырғаларына үйкелген кезде туындайтын электрлік зарядттарды аккумуляциялауға (жинақтау) қабілетіне ие. Кейбір шарттарда электрлік зарядтар ұшқындар тудырып және мұнай өнімдерінің балқуына алып келуі мүмкін, және ол өз кезегінде өрттерге және жарылыстарға алып келеді. Статикалық электр зарядының жинақталуымен күресудің сенімді тәсілі болып аппаратуралардың, сораптардың, құбырлар-дың және т. б. барлық жерлерін жермен байланыстыру есептеледі. Сыну көрсеткішін (реакция коэффиценті) мұнай өнімі үшін анықтайды. Ол мұнайдың бетіне түскен жарықтың сыну көрсеткішін сипаттайды. Әр мұнай өнімінің құлау бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасын сыну көрсеткіші деп атайды. Сыну көрсеткішін анықтау ішкі шағылыс болатын бұрышқа негізделген. Сыну көрсеткіші рефрактометр деген құрал арқылы анықталады.
Сыну көрсеткіші температура және жарық толқынының ұзындығына тәуелді.
Неғұрлым жарық толқынының ұзындығы көп болса соғұрлым сыну көрсеткіші аз болады.
Сыну көрсеткішін әдетте натрийдің сары жолы арқылы анықтайды 20 0 С та және сәйкесінше n D 20 білдіреді.
Сыну көрсеткіштің температураға тәуелділігі мын формала бойынша анықталады.
n D 20 =n D ” -a(20-t)
n ’ D - тәжірибе температурасындағы сыну көрсеткіші.
α-түзеткіш коэффицент, 1 0 С та 0, 0004 ке тең.
t-тәжірибе температрасы.
Мұнай фракциясының фракциялық құрамы оның сыну көрсеткішімен бірге көтеріледі.
n-p-M әдісі бойынша 200-540 0 С-та фракция құрамының құрылыстық - тобын анықтауда ең керекті мән сыну көрсеткіші болып табылады.
Керосингазойлды және майлы фракциялардың құрамының көмірсутектік топтарының адсорбциялық бақылауы сыну көрсеткіші бойынша жүреді.
Бұл жағдайда парафионафтенді көмірсутектерге n D 20 1. 4900 көп емес тән.
Сыну көрсеткішінің өзгерісі бойынша қатты көмірсутектердің фазалық ауысуын бақылауға болады.
Бұл жағдайда изатропты сұйыұқ фаза сыну көрсеткішінің бір мәнімен сипатталады, ал анизатропты қатты фаза сыну көрсеткішінің екі мәнімен сипатталады.
Қатты фазаның пайда болу аймағы кейбір интервалдарда екі сыну көрсеткішімен сипатталады; сұйық және қатты фаза.
Сыну көрсеткіші есептеу кезіде әртүрлі формулаларда қолданылады (мысалы тығыздықты анықтауда) .
Сыну корсеткішін анықтау үшін рефрактометрдің екі түрін пайдаланады. Аббе және Пульфриха.
Бірінші түрге отандық РЛУ, ИРФ-22, ИРФ-454 рефрактометрлері жатады.
ИРФ -23 Пульфриха түріндегі рефрактометр болып табылады. Зертханада жиі Аббе рефрактометрі қолданылады.
Сыну көрсеткішін және дисперісін дәл анықтау үшін Пульфрих рефрактометрін қолданған жөн.
Кесте 10 - Рефрактометрде қолданылатын жарық көздері.
... жалғасы
Мұнай өнімінің сыну көрсеткіші температура жоғарлаған сайын төмендейді.
Түзеткіш коефицентін температура 15 тен 35 ке дейін болғанда қолданған жөн.
Сыну көрсеткіші бойынша мұнайдағы көмірсутек құрамындағы жеке көмірсутектің тазалығын анықтауға болады.
Сыну көрсеткіші аз көмірсутектер н- алкандар болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz