Орталық жүйке жүйесін рефлекстік үйлестіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Орталық жүйке жүйесін рефлекстік үйлестіру

Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау. Мысалы, оң аяқты бүгетін еттердің орталығы қозып тонусы көтерілсе, дәл сол сәтте бүгілген аяқты жазатын еттердің орталығы тежеледі және жұлынның екінші жартысындағы аталған орталықтарда қарама-қарсы үрдістер туады, яғни бүгу орталығы тежеледі, ал жазу орталығы қоза-ды. Сондықтан оң аяқ бүгілгеңде сол аяқ жазылады. Осының арқасында адам жүре алады. Адам бір сәтте тамақты шайнап және жұта алмайды, өйткені шайнау мен жұту орталықтары бір мезгілде қозбайды. Біреуі қозғанда, екіншісі тежеледі. Сондай-ақ дем алу орталығы қозса, дем шығару орталығы тежеледі. Осының арқасында тыныстың екі кезеңі өмір бойы бірін-бірі алмастырып отырады. Орталық жүйке жүйесі де қозу мен тежелу үрдістерінің тууы мен сөнуін, орталықтардың қарым-қатынасын үздіксіз жөнге келтіріп үйлестіріп отырады. Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндегі су­бординация құбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақы қозу, конвергенция мен окклюзияның маңызы өте зор. Бұлармен қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін бірнеше құбылыстар (принциптер) рефлекстерді үйлестіру негізін құрады: қозу мен тежелудің жайылысы (иррадиациясы), бір жерге шоғырлануы (концентрациясы), үрдістердің индукциясы мен реципроктық тежелу, доминаттық қозу, кері байланыс, соңғы жалпы жол.

Орталықтағы қозу сол жерде қалмай, қызметі байланысты басқа орталықтарға жайыла бастайды. Қозудың жайылуын қозу жайылысы дейді. Қозу мен қатар оның айналасындағы орталықтарда тежелу туып, қозу үрдісін жан-жағынан қоршап, оны кері қарай алғашқыда пайда болған жеріне шоғырланады (концентрация) . Қозу сияқты тежелу де орталықта жайылады, одан соң жиналады. Жүйке үрдістерінің бұл қасиеті ми сыңарлары қыртысында да кездесетінін И. П. Павлов әдейі қойылған тәжірибеде дәлелдеген. Қозу мен тежелудің жайылысы мен шоғырланысы тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Торлы құрылым жүйке үрдістерінің жайылысы мен шоғырлануын реттейтін орталық болып саналады.

Жүйке орталығында пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістің тууына себепкер болады. Бұл индукция құбылысы. Жүйке жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мәселен, жұлынның бір сегментінің жартысына бүгу орталығы қозады. Мұнымен бірге екінші жартысындағы жазу орталығы қозып, бүгу орталығы тежеледі. Келесіде осы орталықтағы үрдістер бірін-бірі алмастырады. Осыған орай индукция бір мезгілді және бір дәйекті кезекті болып екі түрге бөлінеді.

Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон репрокциялық (жегілген немесе қосарланыс) тежелу деп атаған. Репрокциялық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды. Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді. Осыған орай дем алған сәтте дем шығарылмайды, ауыздағы ас шайналып тұрғанда жұтылмайды, бүгілген аяқ дәл сол арада жазылмайды т. т.

Көпке дейін репрокциялық (жегілген) тежелудің пайда болу меха­низмі белгісіз еді. Д. Ж. Экклс жұлын орталықтарында кездесетін бір мезгілді индукцияның Реншоу жасушалары тәрізді аралық тежелу жасушалардың қатысымен туатынын анықтады. Мысалы, бүгу орталығына арналған серпініс сол орталықты қоздырумен қатар қызметі қарама-қарсы орталықты, аралық тежеуші нейрондарды да сол сәтте қоздыру арқылы тежейтінін көрсетті.

Доминаттық қозу (лат. - dominantus- үстемдік, үстем) . Белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық Үстемдік ететін билеуші орталық бола алады (А. А. Ухтомский) . Үстем қозу орталығы басқа орталықтардың қызметін тоқтата алады. Бұл орталықты ерекше қасиеттері бар:

1. Өте қозғыш келеді. Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді.

2. Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді өзіне тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді де, басқа орталықтардың қызметін тежейді.

3. Қозу созыңқы (инертті) болады.

4. Қозудың күші, жиілігі тітіркендіргіштің күші мен жиілігінен көп артық. Сәл тітіркендіргішке күшті жауап береді.

5. Қозу тез жинақталады. Бұл орталық керексіз рефлекстерді тоқтатып тастайды. Организмге өте қажеттілерін тудырады. Сөйтіп оның организмді дегеніне, алдына қойылған мақсатына жеткізуде маңызы зор. Әдетте үстем қозу ұзаққа созылмайды, тіршілікке қажет қызметі орындалған соң оның үстемдігі жоғалады, билігі тоқтайды. Өте тұрақты үстем қозу сау адамда кездеспейтін ой пікірлердің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесі жайлы
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы
Ми туралы
Жалпы физиология студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы
Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері
Аралық ми. Орталық жүйке жүйесі
Рефлекс және оның түрлері, олардың түзілу механизмдері
Ми мен жұлын функциясының негізгі заңдылықтары. Вегетативті нерв жүйесінің физиологиясы
Орталық жүйке жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz