Көне грек әдебиетінің дәуірленуі. Классикалық кезеңдегі антикалық әдебиет. Өкілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Көне грек әдебиетінің дәуірленуі. Классикалық кезеңдегі антикалық әдебиет. Өкілдері

І - кезең - "Классикаға дейінгі" немесе көне (архаикалық) кезең. ІІ - кезең - Ежелгі Грекияның құлиеленушілік құрылысының гүлденіп, дамыған уақытына сәйкес келеді. Ол біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ - ІҮ ғасырлар аралығын қамтиды. (Сократ, Платон, Демокрит, Эпикур және т.б. ІІІ - кезең. "Эллинизм дәуірі" немесе "эллиндік кезең". "эллиндік-римдік дәуір".

Архаикалық кезең
Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті -- Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. ('''Архайос''' грек сөзі, көне ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру -- ұлы отаршылдық кезеңі, бұл -- құл иеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті.
Бұл кезеңде әдебиет саласында да тамаша туындылар өмірге келді. Көне грек әдебиетінің хронологиялық шекараларын зерттеуші ғалымдар төмендегідей ретпен белгілейді:
1. Алғашқы рулық - тайпалық дәуір әдебиеті (Көне дәуірден - б.з.д. VIII ғ.) Оған архаикалық туындылар мен қаһармандық эпостар жатады. Бұл кезеңнің еншісінде Гомердің әйгілі эпостары бар.
2. Полистердің қалыптасу тұсындағы әдебиет (б.з.д. VIІ-VI ғ.). Лирика дамыған кезең. Архаикалық кезең. Архилохтың, Сапфоның, Пиндардың, Анакреоның өлеңдері.
3. Полистердің өркендеуі және дағдарысы тұсындағы әдебиет. (б.з.д. V ғасыр және IV ғасырдың ортасы) Бұл кезеңде драма жанры дамыды. Эсхилдің, Софоклдың тргадиялары, Еврипидтің драмалары, Аристофанның комедиялары жазылды.
4. Эллиндік кезең. Бұл кезеңде поэзия дамыды. Ол Феокрит шығармашылығында көрінді (Идиллия). Жаңааатикалық комедия (Менандр).
Көне грек әдебиетінің басты шығармалары - Гомердің Илиада мен Одиссея поэмалары болып табылады. Бұл шығармалар ежелгі грек елінің салт-санасынан, ғұмырынан мәлімет беретін құнды еңбек. Екі поэманың сюжеті Троя соғысы туралы аңыздар циклынан алынған.
Гомердің өзі мөлшермен б.з.д. VII ғасырда өмір кешкен ақын. Ол өз заманының классикалық ақыны және бүкіл антикалық дәуірдің ұстазы және үлгісі болып саналады. Гомер кейіпкерлерінің мінез-құлқы, психологиясы жинақталған, басты құндылығы жауынгерлік айбынмен (арете), оған қол жеткізу ержүректік кодекспен өлшенеді. Жауынгерлік даңқты иеленгеннен кейін оның қоғамдағы алатын орны мен байлығын ұлықтау басталады. Ержүрек жауынгердің кері шегінуіне халықтың кіналауының әсерінен ұят мәдениеті пайда болған. Ол жауынгерді қоғамдық бақылаудың негізгі түрі болып есептелген. Грек ойшылы Платонның айтуы бойынша, соқыр жыршы Гомер бүкіл грек елінің үлгі алатын тұлғасы болды. Өйткені, ежелгі Эллада елінің барлық туындылары өз тарихында оның дастандарынан нәр алып, дамып отырған.
Илиада мен Одиссеяның керемет құдіреттілігі де Гомердей ұлы тұлғаның сол дәуірдің тынысын өз жүрегінен өткізіп, терең сезіне білгенінде болса керек. Гомердің эпостық дастандары халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалатын оқиғалар желісіне құрылған.
Грек лирикасының ямб түрінің өкілі - Архилох (б.з.б. 7 ғ. ортасы), көне Иония әдебиетінің ірі өкілі. Оның шығармаларының тек үзінділері ғана сақталған. Архилох туындыларынан оның жалынды жыршы болғаны байқалады. Архилох поэзиясы адамгершілік, ерлікке арналған. Өз заманында Архилох ұлы лирик деп бағаланған.
Анакреонт (б.з.б.570-478 жж.) - ежелгі грек ақыны, Кіші Азиядан шыққан. Шығармаларының тақырыбы - махаббат, шарап, сауық-сайран. Бұл тақырыптағы өлеңдер кейін Анакреонт поэзиясы атанды. Анакреонт поэзиясы - махаббатты, шарапты, шаттықты жырлайтын көңілді, жеңіл лирика жанры. Анакреонт поэзиясы Еуропа әдебиетінде Қайта өркендеу және Ағарту дәуірлерінде кеңінен тараған.
Грек классикасы мәдениеті (біздің заманымызға дейінгі V -- IV ғасырлар)
Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500 -- 449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды.
Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Солардың арасында ең шоқтығы биік ақын ретінде Гесиодты айтуға болады. Оның Теогония (құдайлардың шығу тегі жөнінде) туындысы және өзінің өмір жолын суреттеген Еңбектер мен күндер атты дастаны грек халқының зор бағасына ие болды. Бұл дәуірде әдебиет саласы бойынша лирикалық поэзия басты орынға шықты. Лириканы жазатын ақындар адамның ішкі сезімін, жан-дүниесіндегі арпалысты жырлауды басты назарда ұстады. Бұл жаңа жанрдың жарқырай көрінген көрнекті өкілдері Архилох (б.з.д. VII ғ.), Солон (б.з.д. 635-559 ж.), Алкси (б.з.д. VII ғ. аяғы мен V ғ. 1 жартысы), Анакреон (б.з.д. 570-478 ж.) және тағы басқа ақындар болды.
Сократ
Бұл ойшыл ғалым туралы философ Фридрих Вильгельм Ницше былай деп жазған: Бұл мысқылшыл адам өзім білемін деген өзімшіл жастарды жылатса да, данышпан мылжың болатын, бірақ қанша сөзқұмар болса да, үнсіздікте де соншалықты данагөй еді. Өлім жазасына үкім шығарған сот алдында ұлы Сократ: Мен тірі жүргенімде, философиямен шұғылдануды тоқтатпаймын деген екен.
Көне грек ойшылы Сократ б.з.д 469 жылы Афинада мүсінші Софроникс пен Фенаретаның жанұясында дүниеге келген. Сократ туралы барлық деректер оның шәкірттері Платон мен Ксеновонттың еңбектері арқылы жеткен. Себебі, Сократтың өзі жазу білмеген екен.
Сократтың жас кезіндегі деректер өте аз кездеседі. Дегенмен Сократ 17 жасында-ақ ұлы философ Архелайдың сүйікті шәкірті болған деседі. Елінің болашағы туралы, халқын ілім-білімге шақыру туралы Архелаймен көп тілдескен. Көше бойында, зәйтүн ағашының көлеңкесінде отырып, әділдік пен адамгершілік туралы ақыл сұраған екен.
Күнделікті тұрмысына салғырт қараған Сократтың күйі қашқан кездері болған. Тіпті кей кездерде Афинаны жалаңаяқ, жыртық киіммен аралаған. Замандастары оның күйін көріп, Егер құлға осындай өмір сүресің деп қинаса, ол бір күнге шыдамай қашып кетер еді деген екен. Сократтың бір тәулік бойы орыннан қозғалмай тік тұрып, өз-өзін қинаған кездері болған. Бірақ, ел басына күн туғанда, нақтырақ айтқанда Пелопоннес соғысы кезінде Сократ Афина үшін аянбай шайқасқан.
Көне грек мифологиясында Дельф сәуегейі өз заманын болжап біліп отырған екен. Бірде Сократтың шәкірті Херефонт әлемдегі ұлы ойшылдың кім екенін білуге Дельф сәуегейіне барыпты. Ешқандай күмәнің болмасын, ең ұлы ойшыл - Сократ деген екен. Бұны естіп таңғалған Сократ бұны жоққа шығару үшін өзінен ақылды санаған, ойшыл деген барлық ұстаздармен, сопылармен сөйлескен екен. Бұл адамдармен сөйлескен кезде Сократ өзін қарапайым адам ретінде танытып, адамгершілік, батылдық, әділдік деген ұғымдардың мәнін ашып беруді сұраған. Олардың жауаптарын тыңдай келе Сократ бірнеше айлалы сұрақтар қояды. Еш мүдірмей жауап беріп отырған ойшылдар әңгіме соңында бастапқы айтқан сөздеріне өздерінің қалай қарсы шыққанын байқамай қалған екен. Ойшылдардың көзін ашқан Сократ бұл тәсілді майевтика деп атаған. Майевтика дүниеге келетін сәбиді қабылдау деген мағынаны білдіреді екен. Демек, Сократ шындықты осылай сұрақ қою арқылы айтқызып, осындай шешендік өнерді қалыптастырған. Осыдан кейін Сократ сәуегейдің айтқанын түсінген екен. Бірақ ол асқақтықты білмеген еді. Себебі, өзі туралы Мен ештеңені білмейтінімді ғана білемін деп айтқан.
Сократ 40 жасында 19 жастағы мінезі ауырлау Ксантиппа есімді қызға үйленген. Бірақ, Сократ мінезді әйелінің қылықтарын философиялық сабырлықпен жеңе білген. Сократ үй-жайына, бала-шағасына көп мән бермеген екен.
Сократ халықты сауатты болуға үндеген. Әлемде тек бір ғана жақсылық өмір сүреді, ол - білім, және бір жамандық өмір сүреді, ол - надандық деп, елді білімнің көкжиегіне шақырған. Ол Афинадағы жастарды оқытудың жүйесін құрған. Ол жастарды ата-анасы емес, ақындар мен философтар оқытуы керек деген. Дегенмен, афиналықтар оның бұл пікіріне наразылық білдірген. Балаларын бағындыра алмағандығына налып, олардың санасын улап жатыр деп Сократқа кінә артқан.
Ұзаққа созылған Афина-Пелопоннес соғысында афиналықтар жеңілген еді. Сол тұста қала ішінде қатал тәртіп орнаған болатын. Бұл тәртіптің басында Сократпен дәмдес болған афиналық Критий тұрды. Б.з.д. 399 жылы осы тәртіптің күшімен афиналықтар Сократқа Жастарды теріс тәрбиелеп жатыр деп жала жабады.
Сот алдында жетпіске келген Сократ логикалық тұжырымдармен оны жазалап емес, бағалау керектігін айтқан екен. Ашуға булыққан сот оның бұл сөзінен кейін өлім жазасына үкім шығарған. Содан соң, Сократ өз жазасын түрмеде күткен. Жанында болған жолдастарына бақытсыздық туралы, мәңгілік рух туралы көп өсиет әңгіме айтқан екен.
Бір күні Сократтың шәкірті Критон түрме басшысымен сөйлесіп, оны қашып шығуға тырысқан. Бірақ, Сократ заңның әділдігімен жүру керектігін айтып, түрмеде қалатынын айтқан.
Оған артылған өлім жазасы - циката (улы өсімдік) қосылған сусынды ішу болатын. Сократ ойланбастан уды ішкенде, жанындағы жолдастары жылаған екен. Сократ оларға қарап: Критон, біз Асклепийге тауықты құрбан етуіміз керек! деп, соңғы сөзін айтқан екен. Бұл сөздің астарында зор мағына жатыр еді. Көне грек мифологиясында дауа құдайы Асклепий ауырып жатқан науқасты емдеу үшін тауықты сойып, құрбандық еткен екен. Сонда Сократ бұл мифті өз сөзіне Адамның өлімі оның жанын емдеу үшін керек деп астарлаған екен.
Қазіргі таңда кей антикалық дәуірді зерттеушілер Сократты Платонның қиялындағы кейіпкері деп таниды. Құдды Сократты өзін таныту үшін ойдан жазған әдеби болмысы деп есептейді. Алайда, Сократтың талай ойшылдың ұстазы болғандығы туралы шындық тарихта жаңғырып қалатыны сөзсіз. Себебі ол философияның алтын діңгегін қалап кеткен еді.
Платон
Платон диалогтарының ішінде ең маңызды және атақтыларының бірі Мемлекет болып табылады. Мемлекет шығармасын атақты жасаған оны баяндау шеберлігі, кітаптың мазмұны және шындыққа жақындығы.
Мемлекеттің қалған шығармалардан артықшылығы - философиялық ойдың көп жақты қолданылуы. Бұл шығарманың тақырыбы әділеттік және оның бір ұғымы этика болып табылады. Бірақ осы сұрақтарды қарастырғанда Платон философияның негізгі сұрақтарының бәрін қарастырып өтеді. Бұл шығарманы құрастырғанда Платон табиғат туралы, адамдардың қарым қатынасы туралы, мемлекттің құрылуы және оның адамдарының сословиелер туралы және осы мемлектті қалай басқару керектігі, азаматтардың тәрбиеленуі және оларға білім беру қарастырады. Бұл шығарманың атауы өзіне сай келмейтін сияқты, бірақ ол түсінікті, ол кезде қазіргі кездегі жүйе деген мағынадағы термин болған жоқ.
Мемлекет өзінің көлемі мен мазмұны, қолданылған материал мен ой тереңдігі мен көпжақтығы, зерттеліп жатқан тақырыбы жағынан Платон шығармаларындағы ерекше роль алады. Сократ жанындағы адамдарға айтқысы келген мұрат (идеал) туралы ойлары, адам өмірінің барлық жағын қарастырады; адамның өзін, жануясын, тұратын еліннің барлық этникалық, эстетикалық жақтарынна қарастырады. Ол кітаптың бірінші бөлігі болып табылады, одан кейін Тимей космостағы идеалды құру, Критий идеальқоғам құру мен оны іске асыру туралы жазды.
Тимей мен Критий Платонның өмірінің соңында жазса, Мемлекет IV ғасырдың 70-60 жылдары жазылған.Бұл диалогтың мағынасын Кефальдың үйінде Сократ сөздерінен көреміз және оны ертесі достарына айтып береді. Бұл диалог бірнеше сағатқа созылған, Пиреяда Афинаға жақын жерде күндізгі құдайға арналған марш пен кешкі факелмен жүгіру аралығында болды. Бұл диалогта жоғарғы орынды Сократ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Антикалық әдебиет:түрлі жанрлық салаларының қалыптасуы
Алғашқыда Микены мәдениеті
Латын тілі
А. Пушкин классикалық көне әлем жұмыстарының түсінігі
Ежелгі римнің философиясы
Көне Грек әдебиетінің архаикалық дәуірі
Антикалық әдебиет және театр
Көне Грек әдебиеті
Пәндер