Шошқа балантидиозы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

РЕФЕРАТ

Кафедра: Биологиялық қауіпсіздік
Тақырыбы: Шошқа балантидиозы

Орындаған:Аманжан Г
Тексерген:Бельгибаева А

Жопар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Шошқа балнтидиозы,қоздырушысы
2.2. Шошқа балантидиозының клиникалық белгілері,емі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Шошқа балантидиозы - жіті немесе созылмалы түрде өтетін Balantіdіum colі деп аталатын кірпікті қарапайымдылар қоздыратын, колит немесе гастроэнтерит түрінде байқалатын жас торайлардың ауруы. Қоздырғышы. Ауру қоздырғышы тоқ ішектің кілегей қабығында мекендейді. Балантидиялар сопақ не жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 47-120 мкм, ені 27-85 мкм. Денесінің сыртында кірпікшелері бар. Олардың көмегімен балантидиялар қозғалып, тіпті ішектің қырына да еніп кетеді. Паразиттің цитоплазмасында үлкен (макронуклеус) және кіші ядросы (микронуклеус) болады. Балантидиоз шошқадан адамға және атжалмандарға жұғуы мүмкін. Ал атжалмандар ауру қоздырғышын ұзақ уақыт сақтап қалады. Шошқа ішегіндегі балантидиялар дәл ортасынан көлденеңінен екіге бөлініп көбейеді. Сонан соң жыныссыз көбею коньюгациямен яғни көбеюдің жынысты түрімен ауысады. Шошқа нәжісімен сыртқа шыққан балантидиялар сыртына қабықша (циста) түзіп, денесі дөңгеленеді. Дене тұрқы мұндайда 58-88 мкм-ге дейін кішірейеді. Циста ішіндегі паразиттер қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді. Олар бір жылға дейін тіршілігін сақтай алады. Балантидиялар ішектегі микроорганизмдер және крахмалмен қоректенеді.
Эпизоотологиялық деректер. Балантидиоз еліміздің көп аймақтарында шошқа өсіретін шаруашылықтарда кездеседі. Аурудың көзі - 152 паразит тасымалдушы ересек шошқалар және атжалмандар. Паразит ас қорыту жолдары арқылы балантидия цисталарымен ластанған жем-су арқылы жұғады. Балантидиозбен көбінесе енесінен ажыратылған торайлар ауырады.
Ауру белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 3-14 күн. Оның жіті түрінде торайлардың дене ыстығы 1-1,50С көтеріледі. Ауру торайлар күйзеліп, тәбеті қашып жатып алады, іші өтеді. Нәжісі сұйық, сұр балшық немесе жасылқоңыр түсті, шірік иісті. Кейінірек оған шырыш және қан қосылады. Торайлар арықтайды, жерге аунап төсеніш астына енуге тырысады. Аурудың жіті түрі 2-3 аптаға созылады. Балантидиозының созылмалы түрінде дене ыстығы қалыптағыдай не сәл көтеріңкі болады. Тәбеті құбылмалы, бір қалыпты емес. Іш өтуі көмескілеу, нәжісінде қанның ізі ғана бар. Ауру торайлардың қаны азайып әлсірейді, әбден арықтап титықтайды.
Диагнозы. Балантидиозды кешенді зерттеулер негізінде анықтайды. Ауру торайдан алынған сіріңке басындай ғана нәжісті 2-3 тамшы физиологиялық ерітіндіге араластырып жұғынды препарат жасап, микроскоп арқылы тексеру керек. Мұндайда балантидиялардың қозғалымпаз түрлерін не цисталарын табады. Өлекседегі өзгерістер. Балантидиоздан өлген торайдың өлексесі өте арық. Жіті балантидиозда соқыр ішек пен тоқ ішек және қарынның кілегей қабығы ісінеді, катаральді қабынады. Соқыр, тоқ және тік ішектердің әр жерінде уытты жаралар кездеседі. Олардың үлкендігі бұршақтан ағаш жаңғағына дейін. Шажырқай сөл бездері үлкейген, әр жері қанталаған.
Емі. Балантидиозға қарсы 0,03-0,05 гкг мөлшерінде, күніне 2 рет үш күн ұдайы осорсол беріледі. Күніне 2 реттен 0,05 гкг мөлшерінде екі-үш күн ұдайы ішкізілген ятрен де жақсы нәтиже береді. Сондай-ақ, осы екі дәріні кезекпе-кезек қолдануға болады. Мұндайда алғашқы үш күнде осарсол, кейінгі үш күнде ятрен беріледі. Тилан 0,0012 гкг мөлшерінде күніне 2 рет, 3 күн ұдайы жемге не суға қосылып беріледі. Фуразолидон да жақсы нәтиже береді. Оны аздап жемге қосып, енесінен ажыратылған торайларға 2 мг, ересек шошқаларға 5 мг-нан күніні 2 рет бес күн ұдайы береді. Йодинал 4 айға дейінгі торайға 3-15 мл, 4 айдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа балантидиозы
Патологиялық материалды орау және жөнелту
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Республикада азық - түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын орны
Шошқаларды азықтандыру және бордақылау
Шошқа шаруашылығы бойынша бизнесжоспар
Қарағанды қаласы «Шығыс» базарына сатуға түскен шошқа шел майының сапасын анықтау
Шошқаның гигиенасы
Шошқа тілмесіне қарсы вакцина стардарты
Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Пәндер