Көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы
Талшық орта мектебі КММ
Айтыбаева Назгуль Манарбековна

ЭССЕ

"Көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру"

Заман ағымы ақпарат айдынымен біте қайнасып, өмірдің сан саласында ауқымды өзгерістер орын алып жатқанда көптеген қиындықтардың педагогикада ерекше шешу тәсілдерін қажет ететіні белгілі. Менің ойымша, бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы қызметкерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны - ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды? деген екі үлкен түйткілді мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал - білім.
2019 жылы күшіне енген ҚР Білім беруді және Ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің қатарында білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету туралы бөлім бар. Бұл дәл осы тақырып аясындағы негізгі қозғаушы күшке айнала отырып, мақсатты іске асыруға жігерлендіретін тың жоба. Себебі мектеп қабырғасынан бастап-ақ білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамытуға үлес қосуға болады.
Ал білім беру жүйесіндегі реформалар мен стандарттар туралы сөз қозғасақ, тақырып қылып қозғап отырған мәселеміздің мектеп жасындағы өскелең ұрпақ үшін маңызы арта түсетіні анық. Көркем әдеби тілдің кемел үлгісін көрсету алдымен, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, ұлтжанды, патриот жастардың көбеюіне және өз ұлттық түп қазығымызды ұмытпай, біртуар азаматтардың еңбектерін есте ұстап өтуімізге септігін тигізеді.
Айтылғандардың негізгі идеологемасы мен нақты бағыттары Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында мазмұнды баяндалып, толық ашылған болатын.
Сонымен қатар, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы халыққа Жолдауында да білім беру саласына баса назар аударылды. Жолдаудың "әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі" деп аталатын бөлімінде бірінше кезекте білім беру сапасын жақсарту мәселесі тұр. Онда: "Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет" деп көрсетілген. Яғни, елдің жарқын болашағының кепілі мектеп қабырғасынан берілетін білім, ал ел тұтқасын берік ұстауға ат салысатын келешек ұрпақтың сол біліммен сусындайтын оқушылар екендігін Президент айқын ұғындырды.
Қоғамның қазіргі мектепке қоятын негізгі талабы - ғылыми, өндірістік, әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шығармашылықпен шеше алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, ақпаратты қолдана алатын, өз көзқарасын, сенімін дамыта және қорғай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру; өздігінен білім алу арқылы білімдерін жүйелі және үздіксіз толықтырып, жаңартып отыру, дағдыларын жетілдіру, оларды өмірде шығармашылықпен қолдану. Яғни, қазіргі білім беру оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған, ондағы теориялық категориядан алынған білім күнделікті өмірде қолданылуы керек.
Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол - ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады, сондықтан теория мен тәжірибені байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай тәжірибелік маңызы ескерілуі тиіс, сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады.

Қазақстан Республикасы Білім беру туралы заңында Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікпен, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу делінген. Осы айтылған маңызды құжаттардағы мақсаттарды орындауда білім беру жүйесіндегі оқытылатын пәндер қатарынан әдебиеттің ерекше рөлі бар екені баршаға аян. Себебі, Елбасы жолдауындағы, Білім туралы заңдағы айтылған азаматтық пен елжандылықты қалыптастыруда әдебиет пәнінің алатын орны ерекше. Аталған мәселе туралы педагогика ғылымдарының докторы, әдіскер-ғалым Б.Ө. Сманов: Бұл жауапты жұмысты жүзеге асыруда орта мектепте өтілетін пәндер қатарында қазақ әдебиетінің алатын орны ерекше. Өйткені оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі, - дейді. Мен де бұл айтылған пікірлермен толықтай келісе отырып, әдебиет сабақтарын оқыту арқылы оқушыларымды өмірдің кез-келген қиындығынан мүдірмей өтумен қатар, оларды келешек өмірге дайындау менің міндетім екендігін жете түсінемін. Және де бұл мақсатқа көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың бойындағы функционалдық сауаттылықтарын арттыру арқылы жетемін деп ойлаймын. Сондықтан да өзіме Көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай арттыра аламын? деген сұрақ қойдым. Көптеген тәжірибелі ұстаздардың, әріптестерімнің озық әдістерін жинақтай келе, бұл мәселенің де шешімін таптым.
Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, олардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы - функцоналдық сауаттылық.
Осығай сайкес идеал мектеп оқушысының портретін қалыптастыру үшін оқушыда келесі қарым - қатынас сферасы қалыптасуы керек деп атап өтуге болады:
‒ оқушы тұлғасының мотивациялық-бағалау сферасы;
‒ рухани-көркем-бейнелік сферасы;
‒ қарым-қатынас сферасы арқылы;
‒ білімді игеру әрекеті сферасы.
Осындағы рухани - көркем бейнелік сферасы қалыптасқанда оқушы өзге адамдар мен өз табиғаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Пәнаралық байланыс пен бағыттылық
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Балаларға әңгіме айтып беру
Пәндер