Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы
Қазақстанның халқы -- көптеген ұлттардың бірлестігі. Халық сезі көп мағынаны білдіреді (көп халық келді, халық айтады, қазақ халқы, біз Қазақстан халкымыз...).Сондықтан, ғалымдар этнос, жеке халық (ұлт) түсінігін қолданады. Ал онымен байланыстының бәрін этникалық (ұлттық) деген терминмен атайды (мысалы, этникалық (ұлттық) аумақ). Әрбір ұлттың өз тарихы, тілі, мәдениеті, тарихи отаны болады. Ұлттың бір бөлігі өз елінен басқа жерде тұруы да мүмкін. Оны - диаспора (гр. - шашылған) деп атайды.Халықтардың шығу тегін, әркелкі орналасуын, мөдениеті мен тұрмыс жағдайын жеке ғылым - этнография немесе этнология зерттейді.
1. Халықтың ұлттық (этникалық) құрамы. Қазақстан әлемдегі
көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады. Олар:
1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;
2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы
(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);
3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, корейлер, гректер).
Қазақтар - елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос, ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен жәнө белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Осыған байланысты, республика халқының көп ұлтты (полиэтностық) құрамы - жаппай көші-қонның нәтижесі.Мемлекетіміздің негізін қалаушы этнос - қазақтар. Екінші орында орыстар. Халқы 100 мыңнан асатын 6 этнос бар. Осы 8 ұлт бірігіп Қазақстан халқының 96%-ын құрайды.Халықтардың арғы тегін анықтау үшін ғалымдар әр түрлі классификациялар жасайды. Қазақстанда халықтарды тілдік ұқсастықтарына байланысты классификациялау қабылданған. Этнологтар ондай ұқсастықтың олардың шығу тегінің ортақтығын көрсететінін айтады. Сондықтан тілдік классификация (лингвистикалық) этникалық та болып табылады.Бұл классификация 3 сатыдан тұрады. Алғашқы (теменгі) сатысы - жеке халықтар. Екінші (орташа) сатыны тіл бойынша жақын туыстас халықтар тобы құрайды. Үшінші (жоғарғы) саты - әулет -- тілдері бойынша туыстас халықтар тобын біріктіреді.Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің - алтай (халықтың 69%), үндіеуропа (30%), Солтүстік Кавказ (0,4%), синотибет (0,3%) жөне орал-юкагир (0,2%) әулеттер құрамына кіреді. Алтай тіл әулетіндегі ең ірісі - түркі тобы, ал қазақтар - елдегі түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі болып есептеледі. Үндіеуропа әулетіндегі саны бойынша біріншісі - славян тобы, ал ең ірі славян халқы -- орыстар.Дүние жүзіндегі қазақ этносының саны 13,5 млн адам, оның 9,2 млн-нан астам адамы Қазақстанда тұрады. Тағы да 4,3 млн адам қазақ этносы (диаспора), шет елдерде 44 мемлекетте тұрады.Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелдегі қандастарды тарихи отанына қайтару туралы бағдарлама жүргізілуде. Соңғы 20 жылда дәл осындай кең көлемді репатрияцияны 3 мемлекет жүргізеді. Репатрияция Қазақстаннан көшіп кеткен халықтардың орнын толтыруға және қазақтардың үлес салмағын кебейту үшін өте қажет үрдіс. Соңғы сайлау бойынша мемлекетіміздің 23 бөлігін солар құрайды. Еліміздегі қазақтардың 12 бөлігіне жуығы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұрады.Басқа ұлттардың арасында облыстар бойынша біркелкі таралғаны - татарлар. Барлық аймактарда орыстар, украиндар, немістер және белорустар тұрады. Дегенмен олардың тұратын негізгі аудандары - солтүстік, орталық және шығыс. Өзбектер мен ұйғырлар, керісінше, жинақы түрде қоныстанған. Ұйғырлардың 95%-ы Алматы облысы мен Алматыда орналасса, ал өзбектердің 910 бөлігі Түркістан облысында шоғырланған.Қазақстанда барлық халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық құндылығын қалпына келтіруге және дамытуға жағдай жасалған. Елдің конституциясы оларды тең құқыққа үндеп, ешқандай қысымшылық түрін жасауға тыйым салады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы - мемлекет саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда ел Президенті басқаратын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтар маңызды рөл атқарады.Біздің еліміздегі барлық халықтар өздерінің ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін сақтайды. Бірақ оларды мәдени-саяси және әлеуметтік-экономикалық біртұтастық байланыстырады.Қазіргі кезде Қазақстан халқында өзіндік қазақстандық рух, қазақстандық мінез, жалпы қазақстандық мәдениет қалыптасуда. Оның негізгі сипаттары - ұлттар арасындағы достық пен діндер арасындағы келісім болып табылады
2. Халықтың діни құрамы. Халықтың ұлттық құрамы мен
діни сенімі тығыз байланысты. Олар саяси және әлеуметтік өмірге, тұрмысқа, адамдардың мәдениеті мен әдет-ғұрпына, демографиялық және этнографиялық процестерге әсерін тигізеді.Әлемдік, яғни Жер бетінде таралған үш дін бар, олар - ислам, христиан және будда діндері.Ежелгі Қазақстан тұрғындарының арасында Кек тәңірге табынатындары болды.Біздің дәуіріміздің VIII ғасыр оңтүстік аудандарға болашақ әлемдік діндер кіре бастады. Бірақ Араб халифатының діні - ислам берік орнап қалды. 960 жылы ол мемлекеттік дін болып жарияланып, Қараханидтар мемлекеті Қазақстан жеріндегі алғашқы мұсылман мемлекеті болды.Көшпенді халықты ислам дініне енгізуде Қожа Ахмет Йасауидің рөлі аса зор. Түрік халықтары оны Мұхаммед пайғамбардан кейінгі қасиетті адам ретінде санайды. XIV ғасыр Өмір Темірдің бұйрығымен Йасауидің кабіріне сәулетті кесене тұрғызылған. Ол Қазақстанда бірінші болып Дүниежүзілік ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне алынды.Ресейге қосылғаннан кейін православиялық христиан діні пайда болды. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанға ондаған басқа халық өкілдері келіп коныстанды. Дәстүрлі түрде олар әр түрлі діндерді ұстанды.Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Конституция ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар.Қазіргі уақытта елімізде рухани өмір қайта жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде. Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда.Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік ислам (70%) сандары басым.Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады.Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Көрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен -- солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.Жалпы, елдегі дін географиясы ұлттардың әркелкі орналасуымен сәйкес келеді.Сонымен, Қазақстанда халықтың полиэтникалық және көп конфессиялық құрылымы қалыптасты. Осындай ерекше мәдени бірлестіктер бейбітшілікте, келісімде және өзара сыйластықта өмір сүруге жағдай жасайды.[[1]]Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. -- 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. -- 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 -- 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi.
1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 -- 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi.
Одақтық үкiметтiң 1943 ж. күзде қабылдаған шешiмi бойынша келесi жылдың көктемi мен күзiнде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшiрiлдi. 1944 ж. ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңт. аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелiндi. Л.Берияның "Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтердi тазарту туралы" 1944 ж. 13 сәуiрдегi бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректердi көшiру науқаны жүргiзiлдi.
Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қоныс тептi. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тiнiң қаулысымен Грузиядан көшiрiлетiн арнайы қоныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дінтану пәнін оқыту
Сахара маңайы аймағындағы елдерге экономикалық-географиялық тұрғысыдан толық сипаттама
Ұлттық сананы қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
1917 жылғы Ақпан революциясы
Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Халық санының өсу тенденциясы
Ұлттық мемлекет тарихының бастауы
Пәндер