Азамат соғысы жəне шетел интервенциясы жылдарындағы кеңес мемлекетінің сыртқы саясаты (1918–1920 жж. )


Азамат соғысы жəне шетел интервенциясы жылдарындағы кеңес мемлекетінің сыртқы саясаты (1918-1920 жж. )
Қазан төңкерісінен кейін Ресейдегі саяси жағдай шиеленісе түсті. Өйткені Уақытша үкіметті құлату, Учредительдік Құрылтайды қуып тарату, большевиктердің экономикалық жəне саяси- əлеуметтік шаралары, Кеңес өкіметіне қарсы дворяндардың, буржуазияның, интеллигенцияның шіркеудің, офицерлердің ашық наразылығын туғызды. Большевиктердің «революциялық» саяси əдістерін демократиялық интеллигенция, казактар қауымы, кулактар мен орта шаруалар қолдаудан бас тартты. Осының өзі азамат соғысының басталу себептерінің бірі Кеңес өкіметінің ішкі саясаты деп айтуға болады.
Декрет бойынша жерді тартып алу, өнеркəсіп ошақтарын үкіметтің қарамағына беру, азық-түлік бөлуде мемлекеттік монополияны орнату т. б. жаңа үкіметтің шаралары помещиктер мен буржуазияның Кеңес өкіметіне қарсы күрес бастауына əкеп соқты. Сондықтан жеке меншіктерінен айырылған таптардың оны қайтару үшін күресі де азамат соғысының басталу себептерінің екінші жағы болды.
Большевиктердің «пролетариат диктатурасы» деп бір партия ғана басқарған саяси жүйесінен социалистік партиялар мен демократиялық ұйымдар бөлініп шықты. Осыған байланысты Кеңес өкіметі «Революцияға қарсы азамат соғысының көсемдерін тұтқындау», «Кызыл террор» туралы декреттер шығарып, демократияның саяси қайраткерлерін құғынға ұшырата бастады. Сондықтан меньшевиктер, эсерлер, анархистер, тағы басқа саяси күштер Кеңес өкіметін қолдаудан бастартып, оларға қарсы азамат соғысына қатысты.
СОКП-ның нұсқауымен жазылған кеңестік тарих еңбектерде азамат соғысының басталуын 1918 жылдың мамыр айынан көрсететін. Сөйтіп, ақ гвардияшыларды осы уақытқа дейін қалыптасқан «заңды» үкіметке қарсы шыққан контрреволюциялық күштер ретінде бағалайтын. Шын мəнінде, азамат соғысы Қазан төңкерісінің оқиғаларынан басталып кетті деуге болады. Өйткені большевиктер Петроградта билікке келсімен, оларға қарсы Уақытша үкіметті қолдайтын əскерлердің шабуылы басталды. Сонымен қатар көптеген қалаларда, аймақтарда қарулы көтерілістер ұйымдастырылды. Сондықтан осы оқиғаларды азамат соғысының анық белгісі деп түсінуге болады, сөйтіп, 1917 жылдың аяғында басталған Ресейдегі азамат соғысы 1918 жылы кең жəне ауқымды түрде өзінің жалғасын тапты. Осы жылдың қантар-ақпан айларында Петроград пен Мəскеуде кадеттер, меньшевиктер жəне эсерлерден тұратын бірнеше одақтар құрылды.
Бұрын патша үкіметінің тірегі болған казактар кеңес билігіне қарсы шығып, қарулы күрес бастады. Дон мен Кубанда оларды генерал П. Краснов басқарса, Орал аймағында казактар қозғалысының басшысы атаман А. Дутов болды. Ал Оңтүстік Ресейде жəне Солтүстік Кавказда генералдар М. Алексеев, Л. Корнилов ұйымдастырған «Ерікті армия» большевиктерге қарсы соғыс қимылдарын бастады. Бұл армияны Л. Корнилов қаза тапқаннан кейін генерал А. Деникин басқарды.
Азамат соғысының бастапқы оқиғаларының бірі 1918 жылдың мамыр айында басталған чехословактар көтерілісі болды. Бұдан бұрын патша үкіметі соғыста тұтқынға түскен славяндардан арнайы корпус құрып, оны Германияға қарсы қолданбақ болған. Бірақ жаңа Кеңес өкіметі оны Транссібір магистралі бойынша Қиыр Шығысқа аттандырып, сол жақтан Еуропаға жіберетін болған. Мұнымен келіспеген чехословактар көтеріліс бастап, Еділ бойы мен Омбыда кадеттер, эсерлер жəне меньшевиктер кірген үкіметтер құруға көмек көрсетті.
Сонымен қатар Украинадағы «Орталық Рада», Армениядағы дашнактар, Грузиядағы меньшевиктер, Əзербайжандағы мусаватистер, Қазақстандағы алашордашылар үкіметтерінің саясаты Кеңес өкіметін қауіптендірді, өйткені олардың жоспарлары большевиктердің біртұтас коммунистік держава құру мақсаттарымен сəйкес келмеді.
Сондықтан осы аталған жерлердегі ұлт-азаттық қозғалысқа, бір жағынан, большевиктер үкіметі, екінші жағынан, Кеңес өкіметіне қарсы соғыс бастаған ақ гвардияшылардың басқарушылары да өздерінің ашық қарсылығын көрсетті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін «Ресей халықтар түрмесі», сондықтан оның құрамындағы халықтар тəуелсіздік алуға болады деп келген большевиктер көсемдері Ленин, Сталин жəне тағы басқа халықтардың Ресей құрамынан шығуға бағытталған талпыныстарына қарсы шығып, оларға қарсы əскер жұмсауға дейін барды, оны Украинадағы жəне Кавказ жеріндегі оқиғалар көрсетті. Бұл оқиғалар большевиктердің интернационализм ұрандарын пайдаланып, бұрыңғы Ресей империясын енді коммунистік империяға айналдырғысы келгенін байқатты. Ал большевиктерге қарсы күрес бастаған ақтар қозғалысының басшылары, бұрыңғы ұлы Ресейдің біртұтастығын сақтап, ұлттық қозғалыстарды талқандау керек деген позициясы ұлттық аймақтарда қолдау таппады. Сөйтіп, осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыс басталып жатқан азамат соғысының бір маңызды оқиғаларына айналды.
Кең түрде дамып келе жатқан Ресейдегі азамат соғысы осы кезеңде шетел интервенциясымен ұласты. Əуел басынан 1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісін Германияның жоспарымен ұйымдастырылған оқиға ретінде түсінген Антанта басшылары большевиктерге үрке қарады жəне оларды биліктен кетіру үшін интервенция дайындай бастады. 1917 жылдың 23 желтоқсанында Англия мен Франция Ресей территориясында өз ықпалдарын күшейту туралы келісімге келді. Ол бойынша «орыс казактарының облыстары, Кавказ, Англияның, ал Украина, Бессарабия, Қырым Францияның ықпалдарына көшетін болды. Антанта мүшелерінің шешімін АҚШ үкіметі де қолдап шықты.
Шетел интервенциясы «Ресейге Германиядан қауіп төніп тұр, сондықтан біз орыстарға көмектесуіміз керек» деген сылтаудан басталды. Ең басында Германияның қысымына төтеп беру үшін большевиктер Антанта əскерлерінің Ресейдің кейбір аймақтарына кіруіне қарсы болған жоқ. 1918 жылдың 9 наурызында шетел интервенциясы басталып, ағылшын əскерлері Мурманск қаласына кіргізілді, бұл қадамдар немістерден Петроградты қорғау үшін ұйымдастырылды деп көрсетілді. Дəл осы кезеңді пайдаланып, боярлық Румыния Бессарабияны өз құрамына қосып алды. 1918 ж. 16 наурызында Лондондағы Əскери кеңес Клемансоның ұсынысымен Қиыр Шығысқа жапон əскерлерін жіберу туралы шешім қабылдады. Сəуір айында Қиыр Шығысқа 70 мың жапон, кейін 8 мың американдық əскерлер басып кірді. Осы оқиғаларда Жапония өзін большевиктерге қарсы күресетін күш емес, қайта Қиыр Шығыс пен Сібірге экспансия жасайтын мемлекет екенін анық көрсете бастады.
1918 жылдың орта кезіңде интервенттер большевиктермен күресіп жатқан күштерге ашық көмек көрсете бастады. Осы жылдың тамыз айында біріккен ағылшын жəне канадалық əскерлер Бакуге кіріп осындағы жергілікті ұлттық күштермен бірге Кеңес өкіметін құлатты, бірақ біраз уақыттан кейін олардың орнына түрік əскерлері келіп орналасты. Архангельск қаласын басып алған ағылшын- француз əскерлері осындағы большевиктер билігін жойды, ал Одессада орныққан француз əскерлері мен флоты Деникин армиясына əр түрлі көмек көрсетті.
Осындай жағдайдың өзінде Кеңес үкіметі бұрыңғы Ресейдің одақтастары Антанта мемлекеттерімен қарым-қатынасты үзбей қайта оны жалғастырғысы келді, бұл Лениннің капиталистермен бейбіт қатынас дамыту жəне олардың арасындағы қайшылықтарды ұтымды пайдалану концепциясының жалғасы еді. Кеңес үкіметі Антантамен дамитын байланыстарды « . . . келіссөз арқылы бір империалистік коалицияны екінші коалицияға қарсы айдап салатын маңызды козырь» ретінде санады. Англия жəне АҚШ сияқты ірі державалармен болатын байланыстарда Кеңес үкіметі сауда жəне экономикалық қатынастарға ерекше мəн берді. 1918 жылдың мамыр айында большевиктер АҚШ басшылығына екі мемлекет арасындағы экономикалық қатынастардың даму жоспарын ұсынды. Бірақ АҚШ үкіметі бұрыңғыша Кеңес үкіметін мойындамау жəне оған қарсы экономикалық бойкотты жалғастыру саясатын жүргізді.
Дəл осы кезеңде Кеңес үкіметі АҚШ-тан басқа да мемлекеттермен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға көп талпыныс жасады. Мысалы, ағылшын дипломатиялық миссиясының басшысы Линдлей арқылы Кеңестік Ресей мен Ұлыбритания арасында экономикалық қатынастарды орнату туралы келіссөздер жүргізіле бастады, ал Швециямен 20-дан астам сауда шарттарына қол қойылды. Сонымен қатар осы уақытта Дания, Жапония жəне Қытаймен сауда-экономикалық келіссөздер жүргізілді.
Əрине, Кеңес үкіметі Антанта, АҚШ жəне Жапонияның интервенциясына қарсы саяси- дипломатиялық қадамдар да жасауға мəжбүр болды, жəне бұл жұмыстың ерекшелігі, екі бағытта жүрді. Біріншіден, большевиктер үкіметі өзінің шетел мемлекеттеріне жіберген көптеген мəлімдемелерінде, хаттарында, ноталарында Антанта үкіметтерін интервенция үшін əшкерелесе, екіншіден, сол елдердің халықтарына əр түрлі үндеулер жіберіліп оларды өздерінің заңды үкіметтеріне айдап салу тактикасын қолданды, бұл шын мəнінде арандатушылық саясаттың бір түрі болды, үшіншіден, осындай қадамдар арқылы большевиктер Кеңестік Ресейді бейбітшілікті жақтайтын мемлекет ретінде көрсеткісі келді.
1918 жылдың 6 жəне 14 маусымында Сыртқы істер жөніндегі Халық комиссариаты өзінің арнайы ноталарында Антанта жəне АҚШ əскери флоттарын Ресей порттарынан шұғыл əкету туралы, ал 3 қарашадағы нотасында жалпы соғыс қимылдарын тоқтату туралы талап қойды.
Осыған қарамастан, 1918 жылдың тамыз айында Ресей территориясына интервенттердің қосымша əскерлері келе бастады. 3 тамызда американдықтар мен жапондықтар 8 жəне 19 тамызда француздар мен ағылшындар арнайы декларацияларында өздерінің саяси мақсаттарын жариялады. Онда олар өздерінің Ресейдің ішкі жағдайына араласпай тек қоршауда қалған чехословак корпусына көмек көрсету жəне жалпы орыс халқына саяси мəселелерді шешуде моралдық қолдау жасайтындығы туралы хабарлады. Шын мəнінде осы кездегі интервенттердің саяси-əскери көмегі ақ гвардияшыларды əлдеқайда күшейтіп, олар көптеген сəтті əскери операциялар жүргізуге мүмкіншілік алды. 1918 жылдың орта кезінде интервенттер мен ақ гвардияшылар Ресейдің бірқатар жерлерін бағындырып алды, осыған байланысты Кеңес өкіметі қоршауда қалды, өйткені Батыс аймақтар неміс оккупанттарының, Солтүстік - Антанта мен ақ гвардияшылардың, Шығыс жерлер - чехословактардың, жапондықтардың, ағылшындардың жəне ақгвардияшылардың, Оңтүстік аймақтар ағылшындар мен герман-түрік басқыншыларының қолында қалды.
1918 жылдың күзінде халықаралық жағдай да ерекше өзгеріле бастады. Тамыз айында басталған Антантаның жойқын шабуылы Германия мен Австро-Венгрияның жеңілуіне əкеп соқты. Антантаның ұсынған қатал талаптарына сəйкес 3 қарашада Австро-Венгрия, ал 11 қарашада Германия өздерінің жеңілгенін мойындап бейбіт шартқа қол қоюға мəжбүр болды. Бұлардың одақтастары Болгария мен Түркия да өздерінің жеңілгенін мойындады. Сөйтіп, 34 мемлекеттің бір миллиардтан астам халқы қатысқан Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Дəл осы күндері жеңіліс тапқан Германия мен Австро-Венгрияда революциялар басталып мұндағы монархиялар жойылды. Ал герман əскерлерінің оккупациясында болған Польша, Украина, Эстония, Латвия жəне Литвада үкімет билігіне жергілікті ұлттық күштер келіп, Антанта мүшелерімен кең түрдегі қатынастар орната бастады. Кайзерлік Германияның күйреуіне байланысты Кеңес үкіметі Брест бітім шартының күшін жойғаны туралы мəлімдеді, осыдан кейін Германия өз əскерлерін Ресей территориясынан біртіңдеп шығара бастады.
Төрттік одақты тізе бүктіргеннен кейін Антанта мемлекеттері Ресейдегі азамат соғысын қоздырып өздерінің де интервенциясын кеңейтуге мүмкіншілік алды. 1918 жылдың 15-16 қарашасында Қара теңізге 30 астам əскери кемелерден туратын ағылшын-француз эскадрасы кірді. Осыдан кейін Антанта державалары Новороссийск, Қырым, Теріскей Кавказ жəне Украинаны өздерінің бақылауына алды. Жалпы интервенттер əскерлерінің саны: Оңтүстік Ресейде - 130 мыңға, Қиыр Шығыста - 150 мыңға, Теріскей Кавказда - 30 мыңға, Мурманск пен Архангельскіде 25 мыңға жетті.
Азамат соғысы басталысымен оңшыл социалистердің ықпалымен құрылған бірқатар үкіметтер енді бірігіп, 1918 жылдың қыркүйек айында Уфа қаласында Уфа Директориясын құрды жəне оны Бүкілресейлік үкімет деп жариялады. Оны қолдағандарды тарихта «Демократиялық контрреволюция» деп көрсететін болды, бірақ олардың əскерлері Қызыл Армияның 1918 жылдың күзіндегі шабуылына төтеп бере алмады. Сондықтан 18 қарашада интервенттердің көмегімен Омбы қаласында орналасқан Уфа Директориясы таратылып осы үкіметтің əскери министрі адмирал А. Колчак Бүкіл Ресейдің Жоғарғы Билеушісі деп жарияланды, енді барлық контрреволюциялық күштер оның билігін орындауға тиісті болды. Интервенттердің көмегімен құрылған Колчактың армиясы, əр түрлі деректер бойынша, 300 мыңнан 400 мыңға дейін болған.
1919 жылы интервенттердің көмегімен ақ гвардияшылар үш рет ірі шабуылдар ұйымдастырды: біріншісі наурыз айында басталған Оралдан Еділге дейінгі Колчактың шабуылы, екіншісі генерал Деникиннің көктемгі жəне жазғы Мəскеу бағытындағы жорығы, үшіншісі Солтүстіктегі генерал Юденичтің Петроградқа бағытталған шабуылы. Бірақ Қызыл Армияның шабуылы негізінде осы үш бағытталған ақ гвардияшылардың армиялары 1919 аяғына қарай талқандалды.
Əскери интервенциямен қатар Антанта державалары Кеңес мемлекетін экономикалық блокада арқылы тізе бүктіргісі келді. Жеңімпаз одақтастар осы блокадаға көптеген басқа мемлекеттерді қатыстырғысы келді, жəне осындай ұсыныстарын нота арқылы 1919 жылдың күзінде Германияға, Швецияға, Данияға, Финляндияға, Мексикаға, Чилиге, Аргентинаға, тағы басқа елдерге ұсынды. Аталған мемлекеттерге Ресейдің порттарын, банктерін, поштасы мен телеграфын пайдаланбау туралы талаптар қойылды.
Осындай жағдайда кеңес дипломатиясы Антантаның блокадасына Германия, Прибалтика жəне Скандинав мемлекеттерін қостырмау үшін əр түрлі қадамдар жасады. 1919 жылдың қараша айында Кеңес үкіметі радио арқылы Германия, Скандинав мемлекеттеріне жəне Швейцарияға арнайы нота жіберіп олардың блокадаға қосылуы Кеңестік Ресей жағынан жауап ретінде əр түрлі шаралар қолдануға мəжбүр етеді деп көрсетті. Осы ескертуден кейін жоғарыда аталған мемлекеттер Антанта жүргізген блокадаға қосылмайтындығы туралы мəлімдемелер жасады. Осы оқиғаларды Кеңес үкіметінің сыртқы саясатындағы сəтті қадамдар деп толық айтуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz