МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Қабдығалиев Шыңғыс Тұрғалиұлы, №78 жббом, дене шынықтыру пәні мұғалімі

Қанатов Айдос, №78 жббом, дене шынықтыру пәні мұғалімі

МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Алғы сөз

Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т. б. ) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі - адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары: 1. дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек. 2. дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек. З. дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті. 4. Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.

Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау.

Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі.

Қызметі дене дамуын оңтайландыру, білімдік, ақыл-ой және қызметтің өзге де түрлерімен өзара бірге әрекет ету, таңдап алған мамандықты меңгеруге себепкер болу, тәрбиелік, жалпы мәдени, эстетикалық, адамгершілікті, әлеуметтік-экономикалық салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене дайындығы.

Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.

Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.

Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі.

Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске ұшырау қалпы.

Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі.

Қызметі білім беруді, ғылым мен әдебиетті, техникалық құрал тәсілдерін, әдістерін пайдаланып дене дайындығына жан-жақты жағдай жасау.

Спорт дегеніміз - түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық.

Яғни спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның тандаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жеткізу саласы. Яғни жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір түрі.

Қызмет - спорттық әрекет. жарыстырушылык. интернационалдық. жүйкені реттсйтін. комуникативтік. ақпараттық, жалпы мәдениеттік. денені жетілдіру, эвристикалық бейбітшілік кызметі. ойын-сауықтық іс-әрекет. .

Бұқаралық спорт- тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып. жетілдіруге және бір қалыпта ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттаңдыратын спорт түрі болып табылады.

Жоғарғы жетістіктер спорты-жеке тұлғаның спорттағы мақсаты жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізуді рекорттар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы. Жоғарғы жетістікке жету жолы спартакияда, универсиада, чепионат және олимпиадалық ойындар.

Әуесқойлық спорт- азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қилы спорт қозғалысы.

Кәсіпқойлық спорт-спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі.

ПӘННІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОНЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ПӘН РЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫМЫ

Дене тәрбиесінің барлық сабақтар бағытына қарай мынадай міндеттерді жүзеге асыруы тиіс. Олар: тәрбие, білім, сауықтыру.

а) Білім беру міндетінің мақсаты - оқушылардың білімін шыңдай түсу. Жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату. Оларды өмірде қолдана алуға үйрету.

б) Сауықтыру міндеттерінің мақсаты - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде ағзаға сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.

в) Тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты - сабақ жүргізу жүйесінде оқушының адамгершілік қасиеттерін арттыру.

Дене тәрбиесі сабағында төмендегідей міндеттер жүзеге асырылуы керек.

Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Әдістемелік ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын қозғалыс жолдарын анықтайды Снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді. Қимыл-қозғалыс дайындығын мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуды қайталап өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет. Теориялық жәнс сөйлеу дайындығы мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар-шешен сөйлей алуы да керек. (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау команда беру, таңдау жасау т. б. ) Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. (керек құрал жабдықтарды дайындау және спорттық снарядтарды табу т. б. ) .

Дене тәрбиесі мен еңбек байланысының мақсаты.

Жеткіншектерді енбекке тәбиелеу дене тәрбиесі мақсаттарының бірі болып табылады. Дене тәрбиесі еңбекке ерікті түрде тәрбиелеудің негізін қалайды. Денені шынықтыру тұрақты дағды тәртібін, ерік-жігерді, қалыптасқан мінез-құлықты талап етеді. Еріншектікке жол бермейді. Өйткені, күнде таңертеңгі гимнастикалық, спорттық жаттығулармен айналысатын оқушының еңбекке деген ынтасы оянады. Еңбекке деген адамгершілік көзқарастарын қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің мүмкіндіктері ете көп. Мысалы, «Өзің үшін, өз мақсатың үшін еңбек еткенің жаксы. Ал өзгелер үшін еңбск етуге калай қарайсың?» деген сұрақты қоя отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізудің тәрбиелік маңызына назар аудару

Дене тәрбиесіндегі эстетикалық білімнің мақсаты.

Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Адамның жан дүниесі қандай сұлу, таза болса, дене мүшесі де сондай сымбатты болуы керек. Бұл ретте окушыларға берілген тапсырманы мәнерлеп түсіндіру, әдеп сақтауға үйрету, музыкалық сүйемелдеу кезінде әуенге сай үйлесімді қимылдауға дағдыландыру игі нәтижеге жеткізеді. Мысалы, әдетте жаттығу барысында «жаксы», «дұрыс емес» деген сөздер жиі айтылады. Ал «Жарайсың, міне қандай әдемі!» деген жылы лебізді сирек естисің. Окушылардың қозғалыс қимылдарын орындау техникасына назар сала отырып, оның ынта-ықыласын сол жаттығулардың таза әрі үйлесімді, сұлу орындалуына аудара білген жөн. Жан сұлулығы мен тән сұлулығын кимыл-жаттығу кезіндегі іс-қимылдың әсемдігіне ұштастыруды басты мақсат етіп алу қажет. Ұстамдылық, қандай жағдайда да өз еркін билей алу, өзгелердің жүйкесіне кері әсер етпеу, кашанда көмекке дайын тұру, бәсекелесіне құрметпен карау, төзімділік сияқты ізгі касиеттер эстетикалық тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатын адамгершілік сипаттар болып табылады.

ІС-ТӘЖІРИБЕ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Спорт ілімі мен дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі қатар жургізіліп. сабақ құрылымы әртүрлі болғанымен қолданылатын жаттығу, ойын, жарыс түрлері бірдей болып келеді. Дене тәрбиесі пәнінде сабақ құрылымы 45 минуттан тұрса, спорт сабақтарында 90 минуттан тұрады. Құрылымы жағынан ұксас пәндер мектепке дейінгі дене тәрбиесі, мектеп дене тәрбиесі, орта жонс жоғарғы оқу орын дене тәрбиесі пәндерімен тығыз байланысты. Білім мен тәрбие беру мақсатында спорт медицина, спорт физиологиясы, спорт психологиясы, спорт педагогикасымен тығыз байланысты.

Дене дайындығы түрлері. Қоғамдағы адамзаттың тұлғасын шынықтыруда дене дайындығы 3-ке бөлінеді. Олар: 1. Жалпы дене дайындығы-негізгі бағыты денсаулықты күшейтіп мүмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамьпу. Қызметі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері, гигиеналық факторларды пайдалана отырып, мектептегі және бұқаралық дене тәрбиесінің жұмысын үлкен табыстарға жеткізу.

2. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы-бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарының жиынтығы. Қызметі кәсіби-дене, әсксеи-қолданбалы, кәсіби еңбектің өнімділігін арттыру, экономикалық, білімдік-колданбалы дене жаттығуларымен айналысу жұмысын ұйымдастыру.

З. Спорттық дайындық - адамның өзі таңдап алған спорттың бір түрінен жоғарғы көрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Денедегі іш-құрылыс жұмысының қабілетін жоғарлату адамдардың спорттық дайыңдығын арттыру. Қьзметі мамандандырылған еңбекті арттыру жаттығу түрлерін игеру өте жоғарғы дәрежелі нәтижеге жету, спорттық дайындығын арттарып дағдыландыру.

ЖҮРЕК СОҒЫСЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Сабақ құрылымында жүрек соғысын есептеу.

Жаттығулардың орындалуын бағалау және сабақтың жалпы тығыздығы туралы ой-пікір.

Жаттығуларды орындау кезінде қан қысымыиың өзгеруіне қарай оқушылардың бұлшық етеріне түскен күш анықталып, бағаланады.

Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны және жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі оқушының қан қысымын өлшеу керек.

Қан қысымы сабақтың алдында, /10 сек. Соғуы"Х" Імин. Нәтижесі / дайныдық бөлімінен, жалпы дамыту жаттығуларынан, негізігі қозғалыстардан, қозғалмалы ойындардан кейін және сабақтың соңында көрсеткіштері жазылынып алынады.

Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр соғуының графикалық кескіні-физиологиялық қисық деп аталады.

Даладағы 2-3 мин, жүгірістен кеин жүректің соғу қысымы 140-150 ретке дейін көтеріледі, бұл көрсеткіш бастапқы 90-100 рет соғудың 40-60 ретке тең.

Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 140-180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135-150 рет шамасында болады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130-120 ретке дейін түседі.

Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35-45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50-60% дейін көтеріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20-30 % дейін төмендейді.

Сөйтіп сабақта жүректің соғуы орта есеппен 140-160 рет шамасында болуы керек.

Жүрек соғуы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 5 мин, уақытта бастапқы қалыпқа келеді.

Дене тәрбиесі мұғаліміне қажетті құжаттар:

-бұйрықтар журналы;

І-ХІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағының бағдарламасы;

-арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың бағдарламасы;

-мектеп оқушылары дене тәрбиесінің ережесі;

-әдістемелік оқу құралдары;

-дене тәрбиесі пәніне қажетті күнделікті шығатын баспа материалдары;

-оқыту жоспары мен жылдық сабақ кестесі;

-спорт үйірме жұмыстарының журналы;

-уақытша дене тәрбиесі сабағынан босатылған және денсаулығына байланысты арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың тізімі;

-БЖСМ -де спортпен шұғылданатын оқушылардың тізімі;

-қауіпсіздікті сақтау туралы;

-оқушыларды қауіпсіздікті сақтау ережесін өткендігі туралы қол қойған журналы;

-мектеп спартакиадасының ережесі;

-спорт шараларын ұйымдастыратын белсенді оқушылардың тізімі;

-3 жылға статистикалық есеп баяндамасы;

-денсаулық күнін өткізудің жоспары .

Сабақ құрылымында оқушының жүктеме алуын есепке алу методикасы жүрек соғысын есептеу. Оқушылардың жалпы және арнайы дайындықтарының байланысы. Жаттығу үрдісінің үзілмей жалғасып отыруы. Жаттығу жүктемесінің біртіндеп өсуі мен оның ең жоғары шеңберін анықтаудың байланысы. Жүктеме динамикасының бір келкі емес толық болуы. Жаттығу үрдісіндегі циклдық және толқын тәріздік қағидалары. Спорттық қалыпқа тұрудағы негізгі әдістемелердің негіздері. Хаттама түзу, есепке алу, қорытынды шығару әдістерін оқыту.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ДАЙЫНДЫҚТАРЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ.

Оқушылардың дайындық деңгейін аныңтау.

Тест ағылшын тілінде "Анықтау, бақылау, зерттеу"- деген мағана береді.

Оқушылардың даму деңгейін анықтау үшін және дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру мақсатында олардың "даму деңгейін анықтау"/тест/ жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың шынығуы деңгейін анықтау үшін жылына 2 рет 30-30 м жүгіру, орында тұрып ұзындыққа және биіктікке секіру, кермеде тартылу /ұлдар/, доп лақтыру, арқанға өрмелеу, шалқадан жатып денені көтеру /қыздар/, т. б. бақылау мөлшерінің нәтижесін қабылдау жұмысы жүргізіліп, арнайы дәптерге жазылады. Бұл нәтижелер жыл сайын ісінің қаншалықты өскені немесе кемігені анықталып, ата-аналар жиналысында және мұғалімдер кеңесінде талқыланады.

Мектепте әскерге дейінгі жасөспірімдерге дене шынығу дайындығына, көп көңіл аударылады. Бұл жұмыстың ойдағыдай жүргізілуіне барлық мектеп қызметкерлері, ата-аналар және әскери комиссиариаттар бірлесіп қадағалайды.

Оқушылардың дене шынығу дайындығын жақсарту мақсатында ІХ-ХІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі бағдарламасынан сынақ қабылдау жұмысы енгізіледі.

Үйрету мен машықтандыруға мұғалім дене тәрбиесінде қолданылатьш мынадай жалпы дидактикалық қағидаларды басшылыққа алады: үйретудегі саналылық, белсенділік, көрнекілік, реттілік жөне жүйелілік, тиянақты меңгеру және үйретуге жеке тұрғыдан келу (жеке жұмыс жүргізу) . Дене жаттығуларына үйретуде саналылық окушының үйрету мен машықтану процесін түсінуінен, үйрету мен машықтанудың барлық кезеңдерінің маңызы мен мәнін тани білуінен көрінеді. Біз байқағанымыздай, әрбір жаттығу бас ми қабатының қатысуымен өтеді. Оқушылар санасына осы не басқа әдістің техникасының маңызды екенін оқушылардың санасына жеткізу қажет.

Үйрету мен машықтану процесіне оқушының саналы түрде қызығушылығын ояту арқылы қол жеткізуге болады, Белсенділік оқушы тарапынан білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеруге ұмтылысынан байқалады. Үйретудің көрнекілігі мұғалімнің жаттығуды үлгі түрінде көрсетуі, жаттығу техникасын немесе тактикалық әдісті бақылай және қорытындылай білуі негізінде жүзеге асырылады. Үйретудегі реттілік пен жүйелілік таныс жаттығулардан таныс емеске, қарапайым жаттығулардан күрделі жаттығуларға біртіндеп ауысудан тұрады. Осы ауысулар барлық уақытта оқушылар орындауға болатындай жаттығу-ларға көбірек күш салуды талап етеді. Жүйелілік бағдарламалардан, сабақтар мақсатының мазмұнынан, күрделірек, : бірақ оқушылардан талап етуге болатындай спорттық жұмыстардың жүйесін көрсететін сабақтарды, машықтану мен жарыстарды дәл ұйымдастырудан көрінеді. Меңгерудің тиянақтылығына (орнықтылығына) жаттығуды меңгерудегі оқушының саналы түрдегі жұмысымен, жаттығуды қайталау санымен, белсенділігімен, тексеруді пайдалана білуімен, жетістіктерді бағалай білуімен және жарыс әдістерімен қол жеткізуге болады.

Үйрету мен машықтануға жеке тұрғыдан келу әрбір оқушының жеке ерекшелігін, жас және жыныс ерекшелігін, денсаулық жағдайын, дене даярлығын, оқушы мінез-құлқының ерекшелігін есепке алудан тұрады. Осы тұрғыдан келу үйрету тиімділігін арттырады. Оқыту мен машықтануды жоспарлау.

Мектеп ұжымындағы секциялардың оқу-спорт жұмыстарының бағдарламалары жыл бойы жұмыс жүргізуді қарастырады. Онда машықтанудың дайындық, негізгі және өтпелі кезеңдері де қарастырылған.

Дайындық кезеңінің міндеттері: оқушының жан-жақты дене дайындығы бойынша жұмыс, таңдап алған спорт түрі бойынша техниканы үйрену. Президент сынамаларының нормативтерін тапсыру, біртіндеп өсетін карқындылық пен жүктеме арқылы оқушыны сабаққа тарту, өмір мен спортқа қажетті ерікті, табандылықты, тәртіпті, ұжымшылдық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Негізгі кезеңнің міндеттері: машықтанушылардың жан-жақты дене дайындығы мен моральдық ерік қасиеттерін қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, сол спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгеруді жетілдіру. Машықтану сабақтарының қарқындылығын арттыру жарыстарға даярлану және оған қатысу, Президент сынамаларын тапсыру. Негізгі кезеңнен кейін 1-2 ай демалу мәселесі қарастырылады.

Өтпелі кезеңнің міндеттері: денеге түскен ауырлықты (жүктемені) біртіндеп азайту, жан-жақты дене дайындығы бойынша жұмыс, спорттың техникасын жетілдіру, Президент сынамаларын тапсыру.

Кей жағдайда нақты өтпелі кезең болмайды да: секция бүкіл жыл бойы жұмыс жүргізбейді, маусымның аякқалуына байланысты жаттығу жұмыстары кейбір секцияларда тоқтатылады (шаңғы, коньки, хоккей жазда ойналмайды, жеңіл атлетика, жүзу қыста өткізілмейді) . Кейбір мектептерде, мысалы, шаңғы спорты көктемде жеңіл атлетикалық секцияға ауысады, ал конькимен сырғанау велосипед спорты секциясына, хоккей футболға және т. б. ауысады. Сөйтіп, өтпелі кезең жоқ болады да, жыл ішінде екі дайындық, екі негізгі кезең қалады. Оқушыларға артық күш түсетін қауіпті болдырмау үшін бұл ретте спорттың бір түрін жетекші, ал екінші түрін қосалқы деп есептеу ұсынылады. Спорттың осы қосалқы түрінде оқушылар алдына спорттың негізгі түріндей күш-қуат жұмсауды талап ететін міндеттер қойылмайды.

Машықтану әдістері. Спорттық әдебиеттерде мектеп дене тәрбиесі секцияларында спорттың жекелеген түрлері бойынша қолдануға тиісті әдістер әзірленген.

Мысалы, жеңіл атлетикада жүгіруге үйрету мен машықтану кездерінде қайталанып отыратын ауыспалы және аралық әдістер қолданылады.

Қайталанып отыратын әдіс барлық қашықтықты спринтерлік (шапшаң) жүгіруден немесе орта жөне алыс қашықтыққа жүгіруде оның жеке бөліктерін белгілеген шапшаңдықпен жүгіруден көрінеді. Жүгірулер арасында демалыс беріледі.

Шаңғы спортына машықтануда үш әдіс: ауыспалы, қайталау және бақылау әдістері қолданылады.

Ауыспалы әдіспен машықтану кезінде жалпы төзімділікті қалыптастыруда және қозғалыс техникасы бойынша жұмыс жүргізу жағдайында шаңғымен машықтануға бел-гіленген уақыт (1-1, 5 сағат) ішінде оқушыларға қысқа мерзімді (5-10-15 минут) үдемелі жүріс белгіленеді. Үдемелі жүрістін ұзақтығы мен саны біртіндеп арта береді.

Қайталау әдісімен машықтану кезінде қашықтықтың жекелеген бөліктерін (1-2 км) барлық бөліктерді жүгіріп өту кезіндегі шаңғышы төзіп бере алатындай ең жоғары шапшандықпен жүріп өтеді. Осы бөліктердің аралығында шаңғышы қозғалыс шапшаңдығын азайта отырып демалады. Жоғары шапшаңдықпен жүріп етілетін бөліктер біртіндеп көбейтіледі, біртіндеп біріктіріледі, ал демалудың салыстырмалы ұзақтығы азайтылады. Ал бақылау әдісімен машықтану белгіленген барлық қашықтықты уақытпен жү-ріп өту кезіндегі байқауда немесе алдын ала өткізілетін (ішкі) жарыстарда қолданылады.

Спорттық ойындар бойынша машықтану процесінде машықтану сабақтарын машықтанудың негізгі кезеңіндегі жолдастық және күнтізбелік ойындармен байланыстыру-дың ерекше маңызы бар. Машықтану сабақтарындағы техниканы қайталау мен жетілдіру жарыстарда байқалған техникадағы кемшіліктерді түзетумен жөне техниканы үйретудегі күшейтілген жұмыспен байланыстырылады.

Машықтану кезінде мұғалімнің алдында сол спорт түрінің техникасын үйренумен бірге таңдап алынған спорт түрінде жетістіктерге жету үшін қажетті күш, шапшандық, икемділік және төзімділік қабілеттерін қалыптастыру міндеттері тұрады. Осы қабілеттерді қалыптастыру әдетте кешенді түрде, бірге жүргізіледі. Бірақ мүғалім өткізетін сабағында сол қабілеттердің осы не басқа бір түрін қалыптастыруға баса назар аударуы мүмкін. Мысалы, 1000 м-ге жүгіруде оқушыда шапшаңдық жетіспейтінін байқағаннан кейін жылдамдықты немесе беріліп отырған шапшаңдыққа төзуді қалыптастыру мақсатында кейбір сабақтарды қайта құруы қажет. Бұл үшін ол кейбір дайындық жаттығуларын (сөреден шығу, шапшаңдықты үдете жүгіріп өту), жаттығудың аралық әдісін, жеңіске (ылдиға) қарай жүгіруге жағдай туғызатын бұлшық еттер жүйесі мен органдардың қызмет дайындығын, дағдыларды, түсініктерді қалыптастыру үшін басқа да әдіс-тәсілдерді пайдаланады.

Машықтанудың барлық әдістерінде мұғалім оқушылардың жас мөлшерін есепке алуы керек. Жеткіншектер мен жасөспірімдерді машықтандыруға белгіленген әдістерді орындау кезінде жаттығуларды орындау үдемелілігі мен денеге түсетін жүктеменің қайталануы кезінде аса мұқият болуы қажет. Сабақтарда оқушыларды жиі-жиі демалдыру керек. Күшті арттыратын жаттығуларды жылдамдық пен икемділікті арттыратын жаттығулармен, төзімділікті қалыптастыратын жаттығуларды демалу кезеңдерімен, қалыпты ойындармен, теориялық білімдерді хабарлаумен ыңғайын тауып алмастырып отыру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану
Мектеп оқушыларының спортқа деген тұрақты қызығушылығы жәнеқабілеттерін дамыту
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін үйретудің әдістемесі
Қазіргі мектептегі дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
Дене шынықтырудың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz