Дәрілік терапияның әдістері мен тәсілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Дәрілік терапияның әдістері мен тәсілдері

ТҮСІНІКТЕМЕ

Энтералдық енгізу жолы- дәрілерді асқорыту жолы арқылы енгізу.
Ректалды енгізу жолы - дәрілерді тік ішек арқылы енгізу.
Пероралды енгізу жолы - дәрілерді ауыз арқылы енгізу.
Сублингвалды енгізу жолы - дәрілерді тіл астына салу.
Ингаляциялық енгізу жолы – дәріні тыныс алу жолдары арқылы енгізу.
Парентералды енгізу жолы - дәрілерді ас қорыту трактысына соңпай енгізу
жолы

Тақырыптың этикалық деонтологиясы

Көп жағдайда науқастар өздеріне белгіленген дәрілерді қабылдаудан бас
тартады, дәрі ешбір жақсы өзгеріс әкелмейді деп, дәрілерді лақтырады. Осы
кезде медбике сабырлық сақтап, емделу барысында дәрі-дәрмектерді белгілеген
уақытта арнайы тәртіппен қабылдау қажеттігін, қатаң сақтау керектігін
байыппен түсіндіру керек.
Медбике дәрілерді тарату кезінде науқастардың дәріні қабылдауын мұқият
қадағалау керек. Науқастар тарапынан оларға белгіленген дәрі препараттары
жөнінен көптеген сұрақтар ту-ындайды, бұл жағдайда медбике өз деңгейінде
толық жауап беруге тиіс (дәрінің көмегі, ерекшелігі, көмегі).
Кей жағдайда науқасқа дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізгенде ұят
деп ойлайды, сондыдтан олар келіспейді. Медбике науқасқа бұл емнің
дәрігердің тағайындауымен жүргізі-летіндігін түсіндіре отырып, емді жеке
бөлмеде, ешқандай ыңғайсыздық туғызбайтын жағдайда өткізу керек.
Теориялық материалды оқу кезінде дәрілік препараттардың сауықтыру
мекемесінің бөлімшелерінде дұрыс саңталынуына назар аударыңыздар, дұрыс
сақталынбаған жағдайда дәрілік заттар өз қасиетін жоғалтады, кейбіреуі
тіпті әр түрлі қабынуларға әкеп соқтырады.

Дәрі-дәрмектерді қабылдау жолдары мен тәсілдері

Дәрі-дәрмекпен емдеу - емдеу процесінің басты бөлігінің бірі болып
табылады.
Дәрі-дәрмек ағзаға жергілікті, сонымен қатар жалпылай әсер етеді.
Дәрі-дәрмек адам ағзасына әр түрлі жолдармен енгізіледі. Ағзаға дәрі-
дәрмекті енгізу әр түрлі жағдайға байланысты:
1) әсердің басталу жылдамдығы
2) әсердің көлемі
3) әсердің ұзақтығы
Дәрі-дәрмекті ағзаға енгізу жолдары
энтералды сыртқы аэрозольды парентералды
1)ауыз арқылы 1)теріге 1)тыныс жолдары 1) тері ішіне
2) тіл асты 2)шырышты: арқылы 2) тері астына
3)тік ішек -көзге 3)бұлшық ет ішіне
арқылы -құлақ 4) тамырға
-мүрын 5) күретамырға
-қынапқа 6) қуыстарға
7) сүйек ішіне
8)субарахнойдалдық
кеңістікке

Энтералды енгізу жолдары
Энтералды жол – дәрі-дәрмекті асқазан ішек трактісі ақылы енгізу.

Пероралды (ауыз арқылы) енгізу жолдары
Дәріні ауыз арқылы қабылдау кең таралған. Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда,
ол ащы ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі де жалпы қан
айналымына қосылады.
Ауыз арқылы енгізудің жағымды жайлары:
Бұл жолмен әр түрлі көлемдегі дәрілерді қабылдауға болады (ұнтақ, түйме
дәрі, пилюла, таблетка, қайнатынды, микстура, кайнатпа, экстрактар
түрінде).
Жай және ыңғайлы.
Залалсыздандыруды талап етпейді.
Арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді.

Пероралды қабылдаудың кемшіліктері
Дәрілік заттардың бауырға әсер етуі.
Дәрінің ағза иесінің жасына, жағдайына жеке сезімталдығына әсері.
Ас қорыту жолында дәрінің баяу әрі толық сіңірілмеуі (бұған ас қорыту
ферменттері әсер етіп, дәрі 10-15 минуттан кейін ыдырай бастайды).
Науқастың ессіз жағдайында не жүрегі айну кезінде дәріні қабылдай алмауы.
Бұл тәсіл шұғыл жағдайда дәрінің әсері жылдам керек кезінде тиімсіз.
Асқазан мен шектің шырышты қабығына кері әсер беруі мүмкін.

Сублингвалдық (тіл асты) арқылы енгізу
Сублингвалдық енгізу деп - дәрілік затты тіл асты қабылдауды айтады. Дәріні
бұлай қабылдағанда тіл асты шырышты қабаты арқылы тез ыдырап қанға
араласып, бауырдан өтіп асқазанға әсер етпейді.
Бірақ, бұл жолды сирек қолданады, өйткені тіл асты маңының сіңімділік
көлемі аз, сондықтан бұл жолды өте белсенді дәрілерді аз мөлшерде (мысалы:
0,0005 г. көлемде нитроглицерин, 0,06 валидол) қабылдауға болады.

Ректалды (тік ішек арқылы) енгізу жолдары
Ректалды енгізу жолдары деп дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді
айтады. Ректалды жолмен сұйық (мысалы: қайнатпа, ерітінді, шырыштар),
сонымен қатар қатты (ректалды суп-позиторий) дәрілерді енгізеді. Ректалды
жолмен дәріні науқас ауыз арқылы қабылдай алмаса (жүрек айнуы, жұтына
алмауы жағдайында, ес-түссіз жағдайында, асқазанның шырышты қабығының
зақымдануы кезінде және т.б.) немесе жергілікті әсер ететін дәріні енгізу
кезінде қолданады.

Емдеу бөліміне арналған дәрілерді жаздырып алдыру
1. Дәрігер бөлімшеде, науқастарды тексеру барысында, ауру тарихына немесе
нұсқау қағазына осы емделушіге қажетті дәрілерді, олардың мөлшерін, енгізу
санын және жолдарын жазады.
Палаталық медбике күнделікті нұқауларды іріктеп, тағайындалған дәрілерді
дәптеріне көшіреді. Егу туралы деректерді, оларды орындайтын процедура
мейірбикесіне береді.
Поста немесе ем жасайтын бөлмеде тағайындалған дәрілердің тізімі орыс
тілінде бөлімшенің аға медбикесіне беріледі.
Белгілі формада, латын тілінде, 2 данада жазылған, бөлім меңгерушісінің
қолы қойылған дәріханадан дәрілерді алуға арналған талап ету құжатын аға
медбике (қажет болған жағдайда)толтырады.
Улы (мысалы: строфантин, атропин, прозерин, т.б.) және есірткілік дәрілер
(мысалы: промедол, омнопон, морфин), сонымен қатар, этил спиртіне талап ету
құжатьн бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы талап ету
құжаттарына ЕАМнің бас дәрігері немесе оның емдеу жөніндегі орынбасарының
мөрі басылып, қолы қойылады.
Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарында,
емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді.
Аға медбике дәріханада дәрі-дәрмектерді аларда олардың тапсырысқа
сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада жасалған дәрілік формаларда бір
түсті этикеткалар болуы
керек: сыртқы қолдануға арналған дәрілер сары түсті, ішкі қолдануға
арналған дәрілер - ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрілер - көк
түсті (залалсыздандыру ерітінділері бар флакондарында). Этикеткаларда
дәрілердің анық атаулары, концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және
осы дәрілік формаларда фармацевтің қолы болуы керек.

"А"тізіміне кіретін (улы дәрілер) кейбір дәрілік заттар:
1)атропин 7) прозерин
2)кокаин 8) стрихнин ;
3) дикаин 9) строфантин
4)морфин 10) резерпин
5) омнопон 11)совкаин
6)промедол 12) платифилин
"Б" тізіміне (әсері күшті дәрілер) кіретін кейбір дәрілік заттар:
1)никотинқышқылы
2)адонизит 18)новокаин
3) амилнитрит 19) фтивазид
4)анальгия 20) папаверин
адреналин 21) питуитрин
барбамил 22)сульфадемизин
7)барбитал 23) инсулин
8) аминазин 24) левомицетин
9)хлораргидрат 25) мезатон
10) кофеин 26)фталазол
11)кордиамин 27)преднизолон
12) цититон 28)бициллин
13)эфедрин 29)эуфилин
14)лобелин 30)стрептомицин
15)люминал 31) пенициллин
16) ерітінді ретінде ' 32)дибазол
17)норсульфазол 33)викасол
34) нитроглицерин

Бөлімшеде дәрілерді сақтауға қойылатын жалпы талаптар

Мейірбике бөлмесінде дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған кілтпен жабылатын
шкафтар болуы керек.
Дәрілік заттар шкафы ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады
(зиянсыз, ішке, сыртқа). Әр сөреде тиісті нұсқаулар ("сыртқы қолдануға
арналған", "ішкі қолдануға арналған" және т.б.) болуы керек.
Парентералды және энтералды енгізулерге арналған дәрілік заттарды сөрелерге
тағайындау бойынша орналастырған жөн (антибиотиктер, витаминдер,
гипотензивті дәрілер).
Артына - үлкенірек, ал алдына - кішірек ыдыс пен қорапшадағы дәрілерді
қойған жөн. Бұл кез келген этикетканы оқып және қажетті дәріні тез алуға
мүмкіншілік береді.
Емделуші күтіміне арналған және дезинфекциялаушы заттарды дәрі-дәрмектермен
бірге сақтауға қатаң тыйым салынады.
"А" тізіміне кіретін дәрілік заттар сейфте сақталады.
Бүлінетін дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде сақтайды (оларды
әдейі қоңыр флаконда шығарады).
Иісі аңқыған дәрілерді (иодофарм, мизол және басқалар) басқа дәрілерге иісі
тарамау үшін бөлек сақтайды.
Тез бұзылатын препараттар (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар) мен майлар,
вакциналар, сары су, ректалдық балауыздарды және т.б. тоңазытқышта
сақтайды.
Спиртті сығындылар, тұнбалар, тығыз тығындалған флакондарда сақталады,
өйткені спирттің булануына байланысты уақыт өткен сайын олар қоюланып
дозасының ұлғаюын туғызуы мүмкін.
Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы залалсыз
ерітінділердің сақтау мерзімі - 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар - 3
тәулік бойы сақталады. Тұнбалар, қайнатпалар мен микстуралардың сақтау
мерзімі - 3 тәуліктен аспауы керек. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да,
жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.
Жарамсыздық белгілеріне жатады:
залалсыз ерітінділерде - түсінің, мөлдірлігінің өзгеруі, үлпектердің болуы;
тұнбалар, қайнатпаларда майлану, түсінің өзгеруі, жағымсыз иістің пайда
болуы;
ұнтақтар, түймедақтар түсінің өзгеруі.

13. Мейірбике құқығынсыз:
дәрілердің формасы мен қорапшаларын өзгертуге;
түрлі қорапшалардағы бірдей дәрілерді бір қорапшаға біріктіруге;
дәрілердің этикеткасын ауыстыру және жөндеуге;
дәрілерді этикеткасыз сақтауға.

Есірткілік дәрілерді сақтау және есептеу ережелері

Есірткілік препараттар - бас дәрігердің қолы мен мөрі басылған, латын
тілінде жазылған, бөлек талап ету құжаты бар дәріханадан алынады.
Есірткілік дәрілер есігінің ішкі бетінде қолданылатын препараттардың
тәуліктік дозалары көрсетілген тізімі бар сейфте сақталады.
Сейф кілті кезекші медбике немесе дәрігерде сақталады және кезекпен беріліп
отырады.
Есірткілік заттарды бұйымдық-сандық есептен өткізеді.
Емделушіге есірткілік дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша және оның
қатысуымен ғана енгізеді.
Есірткілерді енгізу туралы сейфте сақталатын есірткілік заттарды есептеу
журналында және науқастың ауру тарихына жазу қажет.
Есірткілерді есептеу журналының барлық беттерін нөмірлеп, бау өткізіп,
баудың бос ұштарын журналдың соңғы бетіне қағазбен жабыстырады. Бұл қағазда
журнал беттерінің саны көрсетіліп, ЕПМ басшысының немесе оның орынбасарының
қолы мен мөрі қойылады. Әрбір дәрілерді есептеу үшін бөлек беттер бөлінеді.
Есірткілерді есептеу журналы

Күні Қайдан алынған құжат № Саны Аты-жөні 25.02.93 Дәріханадан 10-
шы талап ету құжаты 10 ампула
1% промедол Иванова Берілген күні Науқастың аты-жөні. Ауру
тарихының нөмірі Жұмсалған ампулалардың саны қалдығы қолы 25.02.93
Петров А.М. 1 амп. 9 амп. Иванова 26.02.93 10.0 Сидоров В.А. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқым қуалайтын аурулардың емдеу принциптері. Генотерапия
Балалардағы АИТВ- инфекциясы және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеу
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Гетерогенді биокомпозиттер негізінде эффективті таңғыш моделін жасау
Дәрілік заттардан жедел улану (бөлім: журек-тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардан улану). Оқу әдістемелік құрал
Сүт безінің анатомиялық ерекшеліктері
Медициналық биотехнология. Кітап
Ядролық медицина және оның мүмкіндіктері
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
Бұлшықетке егулер алгоритмі
Пәндер