Оттекті органикалық қосылыстар. Біратомды, көпатомды спирттер. Спирттің суда ерігіштігі, біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізу. Фенолдар


Оттекті органикалық қосылыстар. Біратомды, көпатомды спирттер. Спирттің суда ерігіштігі, біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізу. Фенолдар.
Оттекті органикалық қосылыстар.
Органикалық қосылыстар - құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары) . Адам ертеден табиғи бояу, қамыс қантын, әртүрлі майларды, т. б. пайдалана білген. Көміртек атомының өзара және көптеген өзге элементтердің атомдарымен химиялық байланысқа түсуіне орай органикалық қосылыстардың саны 5 млн-нан асты. Оларға органикалық химия зерттейтін изомерия құбылысы және әртүрлі күрделі өзгерулер тән.
Бұлардың ішіндегі ең қарапайымы спирттер.
Оттекті органикалық қосылыстар - құрамында оттекті органикалық функционалдық топтары бар көмірсутек туындылары.
Функционалдық топтар - белгілі бір органикалық қосылыстарға тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобы.
Алынуы:
- Көмірсутектердің галоген туындылары (судағы сілті ерітіндісі қатысында) алу;
- Қанықпаған көмірсутектерді гидратациялау арқылы алу;
- Метанолды өнеркәсіпте алу;
- Этанолды көмірсуларды ашыту арқылы да алады;
Спирт.
Спирттер - молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобына алмасқан көмірсутектердің туындылары. Молекулаларында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксил тобы бар заттар спирттер деп аталады. Жүзім шырыны ашығанда түзілетін шарап спиртін адамдар өте ертеден пайдаланды. “Спирт” сөзі латынның “шараптың рухы” деген сөзінен шыққан көрінеді.
Формуласы: CnH2n+2 R-OH
Спирттердің қасиеттері:
Физикалық қасиеттері және құрылысы. Қалыпты температурада С10-ға дейінгі спирттер сұйық заттар, Сп-ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады, молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Сұйық спирттердің өздеріне тән иісі болады. Спирттердің қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының артуына байланысты өседі және сәйкес көмірсутектердің қайнау температурасынан жоғары болады. Себебі спирттерде молекулааралық сутектік байланыс түзіледі. Спирт молекуласында электртерістігі жоғары оттек атомы сутектің электрондарын өзіне тартып, оларда ішінара теріс және оң зарядтар пайда болады: 5- 8+ R-0-H Осы зарядтардың әсерінен оттек атомы мен спирттің екінші молекуласындағы гидроксилдің сутек атомының арасында сутектік байланыс түзіледі: R - О . . . Н - О . . . Н - О . . . I I I Н R R Сутектік байланысты үзуге 5 ккал/моль энергия жүмсалады. Энергиясы аз болғанымен, оны үзу үшін температураны көтеру керек, сондықтан спирттердің қайнау температуралары жоғарылайды.
Химиялық қасиеттері. Спирттердің химиялық қасиеттерін анықтайтын гидроксил тобы және ол байланысқан радикалдардың құрылысы. Гидроксил тобы қатысында өтетін реакциялар О-Н немесе С-ОН байланыстарын үзу арқылы жүреді. Спирттер (алканолдар) полюсті косылыстар, көміртек пен оттек және оттек пен сутек атомдарының арасында екі полюсті байланысы бар: С -» О жәнө 0 <- Н . О <- Н байланысының полюстігі С -> О байланысының полюстігіне қарағанда жоғары. Оттектің жұп электрондары спирттерге электрондонорлық қасиет береді.
Изомері жоқ спирт метил спирті.
Абсолютті спирт құрамында суы жоқ спирт.
Қолданылуы:
- Органикалық заттардың ерігіштігі;
- Экологиялық таза отын;
- Этанол дәрі - дәрмек жасауда, зарарсыздандыруыш зат ретінде медицинада пайдаланады;
- Сірке қышқылын синтездік каучук, диэтил эфирін алуда қолданады;
- Этил спирті алкогольді ішімдіктердің құрамына кіреді.
Біратомды және көпатомды спирттер.
Қаныққан біратомды спирттерді бір сутек атомы гидроксил тобына алмасқан алкандардың туындылары ретінде қарастыруға болады. Олардың жалпы формуласы: CnH2n+1OH.
Бір атомды қаныққан спирттердің жалпы формуласы: CnH2n+1OH
Біратомды спирт: CH3 OH
Бір атомды спирттер: метанол; этанол; пропанол
Бір атомды спирттерге тән: натриймен реакциясы; этерификация реакциясы; молекулалар арасында сутектік байланыс
Бір атомды, екі атомды, үш атомды спирттер: C3H5(OH) 3, C2H4(OH) 2, CH3OH.
Біратомды спирттер орналасқан қатар: CH3OH, C4H9OH
Біратомды спирттер орналасқан қатар(лар) : C2H5OH, C3H7OH, CH3OH, C4H9OH
Бір атомды спирт әрекеттеспейтін, бірақ фенол әрекеттесетін зат: натрий гидроксидімен
Көпатомды спирттер.
Көп атомды спирттер көмірсутектердің құрамында бірнеше гидроксил тобы бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль С2Н44(ОН) 2, глицерин С3Н5(ОН) 3, ксилит С5Н7(ОН) 5, сорбит С6Н8(ОН) 6, т. б. жатады. Екі гидроксил тобы бар спирттерді гликолъдер немесе алкандиолдар деп атайды. Жалпы формуласы: СnН2n(ОН) 2.
Көп атомды спирттер деп аталу себебі: құрамында екіден жоғары функционалдық гидроксил (- ОН) тобы бар заттар
Көп атомды спирттер: C2H4(OH) 2; C3H5(OH) 3; C6H8(OH) 6
Көп атомды спирттер: этиленгликоль; глицерин; сорбит; этандиол; пропантриол
Спирттің суда ерігіштігі
молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі қиындайды, сынауықта 2 қабат түзеді.
Фенолдар.
Фенолдар - бензол сақинасындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын гидроскотоп басқан ароматты көмірсутектердің туындылары. Ең қарапайым өкілі - фенол С6Н5ОН немесе гидроксибензол.
Физикалық қасиеттері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz