ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Рақымбек Т. Қ.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ

ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ

Оқу-әдістемелік құрал

Семей, 2021

УДК 15 с (Қаз)

ББК 107. 3 Қаз

Қ 53

Құрастырушы: Рақымбек Торғын Қуатқызы

Қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқытудың әдіснамасы. Қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құрал. Семей, 2021 ж. -87 бет

Пікір беруші:

Секей Жанбота - Семей қ. Шәкәрім атындағы университеті, КеАҚ журналистика кафедрасының доцент м. а., филология ғылымдарының кандидаты

Жалпыға міндетті білім беру стандарты орта білім берудің базалық мазмұнына сәйкес жасалған «Қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқытудың әдіснамасы» атты оқу-әдістемелік құралы қазақ тілін оқытуда халықтық тәрбие берудің мәніне әдістеменің теориялық негіздері арқылы талдау жасап, оқушыларға білім берудің әдістері мен тәсілдері, олардың оқу икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі сабағын ұйымдастырудың тәсілдері және оқу процестерінде жаңа технологияларды қолдану сияқты мәселелер теориялық және әдістемелік тұрғыдан баяндалады.

АЛҒЫ СӨЗ

Білім мазмұнын жетілдіруде оның құрылымын анықтауда бүгінгі заман талабына сай жаңа технологияны пайдалануда оқытушылар педагогикалық технологиялар көмегіне сүйенуі тиіс. Педагогикалық технологиялар: саралап оқыту технологиясы; бағдарламалап оқыту технологиясы; оқытудың компьютерлік технологиясы; Монахов технологиясы; дамыта оқыту технологиясы; ойын арқылы оқыту технологиясы; білім беруді ізгілендіру технологиясы т. б. жайлы нақты мәліметтерді жаңа ақпараттық технология негізінде қажетіне қарай сабақта пайдалана білуі керек. Ол үшін бастауыш мектеп ұжымы жаңа технологиялардың қайсысын қолданғанда тиімді болатынын алдын ала болжап, бағдарлап, жоспарлауы тиіс.

Оқытудың жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, қолданудың тиімділігін көрсетеді.

Құралда ұсынылған амал-тәсілдерді барлық сыныптарда қазақ тілін меңгертуде қолдануға болады. Берілген жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар, тілді меңгертуге байланысты қолданылған мәтіндер қазақ тілі сабағының сапасын арттыруға, оқушылардың білім деңгейін көтеруге, жаңа сабақты тез меңгеруге мүмкіндік береді.

Қазақ тілін өркендету, оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін асқақтату, қолданылу аясын кеңейту, ұлттық әдебиет тізімді дәріптеу бүгінгі күннің басты талабы болып отырғаны ақиқат. Әсіресе, жалпыға бірдей білім беретін мектептің білім беру жүйесінде қазақ тілін оқытудың әдістемелік мақсаты оқушының ауызша, жазбаша тілін дамыту болып табылады.

Сыныптағы қазақ тілі оқулығының мазмұны алуан түрлі, тақырып аясы кең. Соның бәрі оқушыларға тәуелсіз еліміздің ұлттық рухын таныту, асқақтату, туған жер мен ана тілді қастерлеу, тіл дамытуды жетілдіру сынды игі мақсаттарға бағындырылған. Сонымен қатар қазақ тілі сабағын оқытуда ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстарын ерекше қажетсінетін тапсырмалар берілген. Мұғалім оқушылардың алған білімін тереңдетіп әрі бекітіп тіл дамытуға машықтандыру және оны жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің өзекті мәселесі болып табылмақ.

Бұл әдістемелік құралға тақырып етіп алынған қазақ тілін оқыту әдістемесі жаңа технологияларды ұтымды қолдану арқылы бүгінгі таңда әдіскер зерттеушілер тарапынан әлі де болса тыс қалып отырған әдістемелік тұстарын зерделеп, оқушының шығармашылық қабілетін арттыру сынды ерекшеліктерін ашуымен өзекті.

І Тарау. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ

Тіл - қатынас құралы. Тіл - көркем ой мен алып идея айнасы. Ұлт мұраты, рухани құндылықтары мен мемлекет мүддесінің кепілі - тіл. Методология - грек сөзі. Ана тілімізге тәржімалағанда зерттеу, әдіс, ілім деген мағынаны білдіреді. Методика білім беру құралдарының жиынтығы деп қарастырылса, ал методология осы білім беру құралдарын басшылыққа алатын негіздер болып табылатыны белгілі құбылыс. Жер бетіндегі ғылымдар өзінің зерттеу объектісіне қарай жаратылыстану ғылымдары, қоғамдық ғылымдар деп екіге жіктеледі. Ал тіл білімі ғылымдары қоғамдық ғылымдар аясында қарастырылады, зерттеледі. [1:26]

Қазақ тілін оқыту методикасы педагогика ғылымдарының күрделі бір саласы және қоғамдық ғылымдар қатарына жатқызылады. Тілдік фактілер қазақ тілін оқыту методикасының негізгі әрі басты объекісі болып табылады. Ал оқыту методикасы диалектикалық материализммен, біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан ұштасса, екіншіден, зерттелетін ортақ мәселелер жағынан жақындасады. Диалектикалық материализм материя алғашқы да, сана екінші деп есептейді. Бұл қағида - ғылымдардың барлығыа, соың ішінде, қазақ тілін оыту методикасына да қатысты әрі ортақ қағида. Бізді қоршаған дүние және оның заңдары адам санасына тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді, адам оны еңбек процесінде таниды және өз қажетіне пайдаланады. Адамның ойлауы тіл арқылы объективті шындықты көрсетеді. Объективті шындықта болған нәрсенің, құбылыстың, танылғанның бәрі де тілде белгіленеді. Қазақ тілін оқыту методикасын зерттеуде диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары ескеріледі. Маркстік диалектиканың бірінші заңы дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар бір - біріне тығыз байланысты деп қарастырады. Осы заңдылықты методикаға алып келгенде оны төмендегіше түсіндіруге болады. Методика пәні және оның зерттеу объектілері бір - бірімен тығыз байланысты. Білім беру әдістері және олардың түрлері бір - біріне байланысып, бірін - бірі дамытып отырады. Қазақ тілін оқыту методикасындағы сабақтар да бір - біріне үндесіп отырады, бірі бірінсіз жасалмайды, өмір алмайды.

Диалектиканың екінші заңы заттар мен құбылыстар саннан сапаға көшіп отырады деп дәлелдейді. Қазақ тілін оқыту методикасындағы білім беру әдістері және олардың құрылымдық элементері жаңарып, үнемі үздіксіз жетіліп отырады. Диалектикадағы сан - ескі әдістер, ескі методикалық терминдер, ескі сабақ құрылымдары, ал сапа - сол білім беру әдісінің жаңаруы, құрылымдық элементтердің жетілуі, сабақ түрлері, құбылыстар бір - бірімен қайшылық негізінде дамиды деп көрсетеді. Әрине, методикалық мәселелердің барлығының өзіндік даму бағыты мен арнасы бар және олар алуан. [2:25]

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тиянақты да берік білім беруде мұғалімдердің ескеретін көп - ақ. Қазақ тіліне байланысты таңдалған материлдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім білім беру әдістерінің ең құнды, ең тиімді түрлерін пайдаланады. Сондықтан қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалолардың топтастырылуы. Бұлардың бәрі жаңадан қаралады, жаңаша зерттеледі, бұлар сапа ретінде танылады. Оқушыларға қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенілетін жалпы дидактикалық принциптер мыналар: ғылыми принцип, жүйелі принцип, көрнекілік принципі, саналық пен белсенділік принципі, теорияны практикамен байланыстыру принципі және жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі. Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір - біріне ұштастырып отырады. Сонымен бірге, қазақ тіліне қарай жүргізілетін сабақ құрлымдарын өткізу кезінде, білім беру әдістерінің құрлымдық жүйесін іске асыру тұсында және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар үстінде тілдік материалдарды байланыстырып отыруды көздейді. Осы дидактикалық принциптерді іске асыру тұсында, негізінен, екі түрлі принциптің орындалатындығы байқалады.

Біріншісі - оқушыладың қазақ тілі материалдарын жете меңгеру процесі. Мұны оқушылардың оқу материалдарын саналы түсінуі, оған оқушының белсенді қатысуы арқылы анықтауға болады. Екіншісі - оқу материалдарын үйрету процесі. Мұңдай жағдайда оқушылардың сабаққа қатысы оншалық көп байқалмайды, көбінесе, мұғалімнің белсенділігі аңғарылады. Сабақты көрнекі, жүйелі түсінуге оңай етіп құру ең қасиетті міндет болып табылады. Сондықтан да қазақ тілі материалдарының теория мен практикаға сай болуы мұғалімге тікелей байланысты.

Ғылыми принцип. Қазақ тілінен білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын принциптің бірі - ғылыми принцип. Оқушыларға берілетін білімнің барлығы лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегінен өткізіліп, оқушылар ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Тілдік фактілердің тіл білімінде әбден қорытылған, шешілген мәселелері ғана мектеп оқушыларына жеткізіледі. Сондықтан да оқушыларға берілетін білім мазмұны, көлемі және оны оқытудың жүйесі сараланып, мектепте өтілетін қазақ тілі жйелі курсы бойынша ғылыми мәліметтер беріледі. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тілдік мәлімет беруде, жалаң теориялық материалдарды ғана ескермей, практикалық жағдайларды да ескерген мақұл. [3: 34]

Мектеп оқушыларының көру, жазу, сезу, түсіну, қабылдау қабілеті айтылу мен естілу қабілетіне қарағанда күштірек дамыған. Оқушылар көргенін, жазғанын және қолмен ұстағанын тез қабылдайды. Әрі жадында ұзақ уақыт сақтайды. Ал есту бойынша қабылдауда берік психикалық мүмкіндік бола алмайды. Соңдықтан қазақ тілі тақырыптарын меңгертуде дидактикалық принциптер мен психикалық қағидалар қатар ескеріледі.

Жүйелі принцип - жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде, бірккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылатын ұстаным. Қазақ тілі сабақтарында оқу материалдарын меңгерту көрнекі түрді, біріккен сабақ құрлымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталау да, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Содан кейін өтілетін тақырып дауыстап оқылып, материалдың өзіндік белгілері салыстырылып, анализ - синтез жасалынады. Түйінді пікірлер анықтама ретінде ұсынылып, жалпы ой қортындысы шығарылады. Оқушылардың алған теориялық білімін қалыптастыру мақсатында тақырыптың психологиясына сай пркактикалық дағдылар жүйесі ескеріледі. Сөйтіп теориялық материалдар емлелік объектілермен ұштастырылады. Қазақ тіліне байланысты оқушылардың сөздік қоры бірте - бірте шоғырландырып, іс жүзінде дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білуге дағдыландырылады.

Көрнекілік принципі. Оқушыларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принциптің бірі - көрнекілік принципі. Бұл принцип оқушылардың дыбыс жүйесіндегі білім мен дағдылардын әрі қарай нығайту үшін және оны жете меңгерту үшін қолданылады. [5: 65] Әр сабақ сайын көрнекі құралдар пайдаланылады. Қазақ тілі сабағында мынадай көрнекіліктің түрлері іске асырылады: кесте, схема, плакат, сурет, картина, анықтағыш дәптер, карточкалы дәптер, көрнекілік тақта, түсті бор, сөздіктер және техникалық құралдар. Осы сияқты көрнекі құралдарды әрбір сабақта қолданып отыру оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен нақты ойларын дәл, анық етіп пікірлеп байымдауға септігін тигізеді. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қамтамасыз ете отырып, дәл сөйлеуге, нақты баяндауға баулиды. Зерттеуші Кәтембаева Б. Т. топтасытыруына сүйенер болсақ: “Сөйтіп көрнекілік: а) дауысты және дауыссыз дыбыстардан берілетін білімінің дәл, анық болуын қамтамасыз етеді; ә) орфографиялық объектілердің жете меңгерілуіне, буын, екпін және үндестік заңын оқушылар ойында тұрақты қалдыру үшін пайдасын тигізеді; б) орфографиялық тақырыптарды терең меңгерту үшін жағдай жасайды; в) жергілікті тіл ерекшеліктерін жүзеге асырады; г) морфологиялық тақырыпты танытуда септігін тигізеді; ғ) оқушылардың тілге деген құмалығын тигізеді; д) олардың бақылағыштық және сенімділік қабілетін арттырады. ” [6: 56]

Саналылық пен белсенділік принципі. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беру барысында олардың саналы түсіну қабіеті дамытылып отырады. Тілдік фактірлерге байланысты мәліметтерді оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгере білуі тиіс. Қазақ тілі объектілерін саналы түрде меңгерту үшін мына сияқты жұмыс түрлерін іске асырған жөн: Бірінші - тілден берілетін мағлұматтарды жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отырған мақұл. Оқушылардың мұндай түсіндірілуі кезінде объектілердің өзіндік белгілері толық қамтылуы қажет; Екінші - түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылар тапсырманы еркін орындауы керек; Үшінші - күнделікті, тоқсандық, жылдық қайталаулар тұсында өткен материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы міндеттілік болып табылады; төртінші - сөздердің дұрыс жазылу емлесін қадағалайтын орфография мен сөздердің дұрыс айтылуын реттейтін орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білгені дұрыс әрі бұлтармас заңдылық; бесінші - күнделікті өмір мен тұрмыс - тіршілік қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгеріп, оны теориялық білм мазмұнымен ұштастыра бірлікте қарастыра білгені жөн. [6: 54]

Қазақ тілі пәні бойынша берілетін теориялық білім мазмұны төмендегідей практикалық мақсаттарды нәтижелеуге қол жеткізеді: тілден берілген теориялық білім мазмұнын ауызша әрі жазбаша мақсатта қолдана білу; әр алуан сипатағы талдаулар жасау; орфография мен орфоэпиядан алған білімдерін ауызша және жазбаша түрде сауатты іске асыру.

Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігін арттырады. Мектеп оқушыларына тілдік фактілерге байланысты білім мен дағдыларды жетік әрі берік меңгертуде түсінуге жеңіл қолайлылық принципін қолданған жөн. Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім дәрежесі мен қабылдау дағдыларын, сынып түрлерін ескере отырып, мұғалімнің түсіндіруі, оқулық мазмұны мен тілі және баяндалу желісі сынды ерекшеліктері басшылыққа алынады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білім анықтамалары мен ережелері, терминдері мен өзіндік белгілері, жасалу жолдары мен мектеп оқушыларының қабылдау, ойлау сынды психикалық қасиетеріне лайықты түсіндіріледі. [9: 42]

Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі. Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар қалыптастыруда олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындық дәрежесі ескертіледі. Күнделікті сабақ үстінде оқушылырдың осындай ерекшеліктеріне орай жұмыс істеу тәртібі белгіленеді. Оқушыларға өткен материал мен жаңа материалдың байланысын таптырып, тақырыптың өзіндік белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін мұғалім қатаң бақылаудан өткізіп отыруы керек. Нашар және орта қалыпта меңгерген оқушылармен сабақ үстінде әр бағыттағы түрлі жұмыстар жүргізіледі. Қазақ тілін оқыту методикасының басқа пәндермен байланысы. Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға, психология мен логикаға байланысты. Методиканың негізгі тірегі - қазақ тілінің фактілері. Онсыз методиканың түрлі мәселелерін бөліп қарауға болмайды. Сондықтан методика қазақ тілі фактілерімен тығыз байланыста болады. “Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңды қағидалары лексиканың, фонетиканың, грамматиканың, орфография мен пунктуацияның заңдылықтарымен толықтай үндеседі. ” [10: 122]

Педагогика - негізінен тәлім - тәрбие берудің заңдарын, оларды іске асырудың жұмыс жүйесін белгілейді. Тәлім - оқушыларға берілетін теориялық білім мен практикалық дағды. Ал тәрбие - қазақ тілінен білім беруде мәтіндер, сөйлемдер, мысалдар арқылы және түрлі жаттығулар бо йынша жүргізілетін жұмыс. Қазақ тілінен білім беруде тәрбие жұмыстарын мысалдарды таңдау арқылы жүргіземіз. Тәрбиелік мәні күшті сөйлемдер мен мәтіндерді ұсынамыз. Қазақ тілін оқыту методикасы психология ғылымына да тікелей байланысты. Тілдік материадардың толық қалыптасуында түсінік, ой, түйсік, сезім және сигнал жүйелері үлкен рөл атқарады. Бұл психикалық қағидалары және категориялар мен пункциялар білім мен дағыны меңгертуде айырықша қызымет атқарады. Оқушыларға тілдік білім мазмұны мен материаларды толық игертуде сабақ процестерінін мәні зор. Сабақ процестерін төмендегідей түрлерге жіктейміз.

“Біріншіден, жаңа материалды таныту процесінде жаңа материал оқушыларға хабарланады. Оның өзіңдік белгілері айтылады. Оны оқушылар естиді. Материалды толық меңгертудің негізгі кепілі дағдылар арқылы іске асырылады. Жаңа материалдардың мазмұндық сипаты мен тақырыптың ғылыми өзектілігі ториялық әрі практикалық бірлік аясына игертілуі әдістемелік тұрғыдан құндылық болып табылады.

Екіншіден, материалды дағдыландыру процесінде тақырыптық өзектілік, материалдың ғылыми құндылығы өзіндік ерекшеліктеріне қарай түрлі психикалық жұмыс түрлері ескеріледі. Бұл жұмыс әр тақырыптың психикасы болып табылады. Қазақ тілін оқыту ерекшеліктерінің заңдылықтарын іске асыруға материалды дағдыландыру процесінің ғылыми әрі әдістемелік бірлігі зор мүмкіндік береді. ” деген Балақаев тұжырымын негізгі маңдай түзер темірқазық етіп аламыз. [11:89]

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми - практикалық негізін құрайтын материалды қайталау процесінде өтілген тақырыптар курсы үстемелене қайталанып, түрлі ағымдық бағытқа тиесілі жаттығу жұмыстарымен пысықталады.

Оқушылардың қазақ тілі бойынша игерген теориялық білімі мен практикалық дағдысы пысықталып, тереңдей түседі.

Атқарылған жұмыстардың барлығы психикалық ұғымдармен және оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты құрылады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі логикалық қисынғада тікелей қатысы бар. Қисын лұғаты тікелей дәл ойлау, дұрыс пікір шығару заңдылықтарын үйрететін ғылым саласы екендігі белгілі. Сөйлемнің стильді кәрі мазмұндық тұрғыдан дұрыс құрылуын зерделеу және түрлі тілдік фактілерді нақтылығын қарастыратын бұл ғылым саласы оқушының сауаттылық және ой қорыту, шешім шығару сынды ой қабілеттерін белсенді күйге түсіреді.

Мектеп оқулығындағы әр тақырыптың өзіндік белгілерімен анықтамалар ережелерінің нақтылығымен дәлдігі логикаға тікелей негізделеді. Бұл ретте қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдік фактілерді және тілдік заңдылықтарды түсіндіру мен жеткізуде логика ғылымындағы жаңалықтарға арқа сүйейді. Бұл ретте айта кетер жайт, логика мен қазақ тілін оқыту әдістемесі ажыратып бөліп алуға еш реттілік жоқ.

Қазақ тілін оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар деңгейі білім мазмұнының дидактикалық сарынымен ғылыми өзектілігін, практикалық дағдысын дұрыс жолға қою мәселесі мен ұштасып жатады. Атап айтсақ, жалпыға бірдей білім беретін орта мектепте оқылатын қазақ тілінің мазмұнын анықтау, оқушыларға берілетін білім көлемін қарастыру, қазақ тілі оқыту жүйесін зерттеу сынды бүгінгі күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселелер болып табылады. Сонымен қатар, білім беру әдістерін топтастырып, құрылымдық ерекшеліктерін белгілеу, сабақ түрлері құрылымдық ерекшеліктерін айқындаудың да зор септігі есерілуде. [12:65]

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері бүгінгі таңда бұл тараптағы ғалымдардың зерттеуіне негіз болып отырғаны ақиқат. Бұ әдіс теориялық әдістеменің жасалуында жиі қолданылып отырады. Зерттеу әдісі мен білім беру әдісінің объектілері әр сипатта. Білім беру әдістері мектепте қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруда іске асырылса, зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы ғылыми әдістемелік еңбектер және практикалық методиканы жасау үшін қолданылып келеді.

Зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық жағынан кеңейтуде ұтымды қолданылады. Бұл ретте төмендегідей әдіс - тәсілдердің жүзеленуі міндетті деңгей болып табылады. Мәселен, бақылау әдісі қазақ тілінен білім беру және оны практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады. Қазақ тілінен теориялық білімді мектеп оқушыларына меңгертуде әр алуан ғылыми мәндегі, психикалық дағдыдағы, логикалық жайдағы жұмыстар атқарылады. Олардың негізгі түрлері сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар болып табылады. Қазақ тілі күрделі ғылыми негізге құрылған ғылым саласы болып табылары анық. Осы орайда, сабақта күрделі ғылым негізін меңгерту мүмкіндігіне жол ашамыз. Үй тапсырмасның мақсаты, шартты болмысы, жұмыс көлемі, оларды орындаудың әдістемелік жүйесі, қазақ тілін оқыту әдістемесінің алғы кезектегі атқарылар жұмыстардың қатарынан орын алады. Мұны тәжірибе жасаушы мұғалім сабақта және сабақтан тыс орындарда бақылау жасайды.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінен зерттеу жұмысын жүргізуде мұғалімдер тәжірибесі зор маңызға, басым күшке ие. Осы орайда, мұғалімдер тәжірибесін жинақтау, олардың практикалық тәжірибесін теорияға айналдыру зерттеу жұмысының басты бағыты болуға тиіс. Мұғалімдердің озық тәжірибелерін тарату арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерінің қыр - сырын меңгеру мүмкіндігі туындайды.

Қазақ тілінің оқыту әдістемесі лингвистика саласының әр алуан заңдылықтары мен ғылыми негізін, грамматикалық аксиомалар мен теориялық - практикалық білім мазмұнын игерту негізінде құрылуы тиіс.

1. 1 Тілді теориялық-практикалық тұрғыдан оқытудың әдіс тәсілдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Бастауыш білім беруде қолданылатын оқыту технологияларына сипаттама
ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі
Тәрбие технологияларының жіктемесі
Зоонимдердің тіл білімінде зерттелу жайы
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz