Рухани жаңғыру ҚР-дағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

Тақырыбы: «"Рухани жаңғыру" ҚР-дағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы. »

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Рухани жаңғыру - адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні - білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударатын кез келді.

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі - олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.

Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.

Елбасы қоғамды да, сондай-ақ әрбір азаматты да жаңғыртудың бірқатар негізгі бағыттарын ерекше бөліп көрсетіп отыр.

Біріншіден, бұл - бәсекеге қабілеттілік­, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторларға негізделген тың жаңалықтарды әлемге ұсыну қабілеті.

Екіншіден, бұл - прагматизм. Ол бірқатар әдеттер мен таптаурындықтардан бас тартуды да, сонымен бірге ұлттың прагматикалық мінез-құлқы мен ұтымды ойлауын, ата-бабалар дағдыларының тарихи тәжірибесін де қамтиды.

Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті сақтау, ұлттық сана өзгерген кезде ұлттық «Мен»-нің ішкі мәйегін сақтау. Бүгінде, барлық жағымсыз нәрселерге дәстүр мен салт-сананы қарсы қоюға болады. Сонымен бірге, біз ұлттың дамуына кедергі келтіретін өткеннің сарқыншақтарынан арылуымыз керек.

Төртіншіден, білім салтанаты - ұлттың жетістігі. Алдағы технологиялық революция қазіргі жекелеген кәсіптердің жойылуына алып келген кезде, білім - қол жеткізер табыстың ең іргелі факторы болмақ.

Бесіншіден, тек қана эволюциялық даму біздің өркендеуімізге жол ашады, бұл жаңғыру идеологиясының қағидаты және Қазақстанның әрбір азаматының ішкі сенімі.

Алтыншыдан, сананың ашықтығы, аума-төкпе заманда қоғамның және әрбір адамның өзгеріске дайын болуы. Бұл көзқарастар қоғамдық сананың жаңғыруы үшін іргелі негіз болады.

Уақыт бір орында тұрмайды, заман алға жылжиды. Уақыт өрісіндегі заман болмысының ерекшеліктері мен белгілері ұрпаққа жүктелетін міндетіне тәуелді. Өз дәуірінің ел болашағымен біріктіретін міндетін дұрыс орындай білген ұрпаққана мемлекетінің мүддесін сақтап, өзінен кейінгі буынға табыстап кетеді. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттық құндылықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттық қасиеттер. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық рухы жоқ адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай ізденуіне, рухан кемелденуіне, бірігуіне ықпал ететін ұлттық код.

Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтан да, елде туып, елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашрылығынан бастау алмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
Ойлау мәдениетінің пайда болуы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Бірінші басымдық аясындағы міндеттер шеңберінде
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz