Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
2.Мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері.
3.Ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың әскери құқықтық жүйесіне, Батыс-Түрік қағанатының құқығына талдау жасау.
4.Қарахандардың ертефеодалдық мемлекетінің құқықтық жүйесі
Қорытыныды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттiк бiрлестiктер

Қазақстан территориясында мемлекеттiң пайда болуы қоғамның мыңдаған жылдарға созылған дамуының көрiнiсi болумен бiрге оның экономикалық базасының қалыптасып-өркендеуiмен тығыз байланысты болды. Мемлекеттiлiктiң алғашқы нышаны ретiнде өндiрiстiк шаруашылықтың пайда болуын атауға болады.
Қазақстан территориясын мекендеген көшпелi рулар бiздiң дәуiрiмiздiң алғашқы кезiнде-ақ, мемлекет құрылғанға дейiнгi аралықта өзiнiң таптық және қоғамдық мiндетiн атқаратын тарихи бiр кезеңнен өттi. Ол кезде рулық-тайпалық ақсүйектер -- көп iрi қара малдар ұстаушылар санатында болып, олар барлық топтар арасындағы қайшылықтар барысында елеулi рөл атқарып отырды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуiрi әскери-демократиялық кезең деп аталады.Сол әскери-демократия кезеңде тұрып-ақ сақтар заманында көшпелi халықтардың дәстүрлi қоғамдық жүйесi қалыптасты.
Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы. Әдетте мал шаруашылығы мен жер өңдеу iсi неолит-жаңа тас ғасырынан басталды деп есептеледi. Бiрақ тарихи процестiң ерекшелiгiне сәйкес тоқымашылық және құмыра құю iсiн ойлап тапқанмен адамдар әлi де болса аңшылық кәсiппен шұғылдана бердi. Сондықтан да әлеуметтiк ұйымның негiзгi көзi-рулық қауым болып қала бердi. Ол әлеуметтiк теңсiздiкке жол бермейтiн, ағайындық-ұжымдық жер меншiгiне иелiк ететiн қандас-туыстық негiзде дамыды. Әрине, қауымдастық бiрнеше топтарға бөлiндi, олар жауынгер еркектер мен әйелдер және балалар топтастығы едi. Балалық топтан ересектер тобына алмасу ерекше салттық негiзде жүргiзiлдi. Қауымның маңызды iстерi ересек еркектер жиналысында шешiлетiн. Қауымнан дәстүр мен салтты, рәсiмдi жақсы бiлетiн абыздар мен көршi қауымдастықтармен болатын қақтығыстарда басқаратын әскери көсемдер бөлiнiп шықты. Қауымның қарым-қатынастары мен тыныс-тiршiлiктерi өздерiне тән рәсiмдерi және тыйым салынған әдет-ғұрып жүйелерi арқылы реттелетiн.
Қазақстандағы қоғамның экономикалық базасы бiздiң заманымызға дейiнгi III-II мыңжылдықтарда, яғни энеолит қола дәуiрiнде өзгере бастады. Аталған уақытта Қазақстанның солтүстiгiнде Көкшетау облысының Ботай бекетi жанындағы қоныспен аттас Ботай мәдениетi қалыптасты. Оған Солтүстiк Қазақстанның далалық энеолитiн сипаттаумен бiрге оның қалыптасуына неолиттiк Атбасар және Маханжар мәдениетiн құраған тайпалар қатысты. Оның мерзiмi тарихи деректерге сүйенсек б.з.б. III-II мыңжылдықтармен белгiленедi. Демек, ол бiр мың жыл болған деген болжамға саяды. Ботай мәдениетiн алғашқы зерттеушiлердiң қатарында В.Ф.Зайберт болды. Ботай археологиялық мәдениетiн таратушылар жылқы шаруашылығымен айналысты. Ол жерден табылған көптеген остеологиялық (Анатомияның сүйектiң атқаратын қызметiне қарай қалыбы (формасы) мен құрылысын зерттейтiн бөлiмi -- автор)материалдардың басым көпшiлiгi жылқы сүйектерiмен қоса зубр, тур, бұлан, елiк, аю, түйе, құндыз, суыр, қоян, қабан, түлкi, қарсақ, құстардың сүйектерi едi. Нақтылай айтқанда мысалы, Ботай қонысынан 70000 жылқының сүйегi табылған. Мұндай мал шаруашылығына көшу өндiрiстiк күштердi дамытумен бiрге алғашқы рет өнiмдердiң артуына мүмкiндiк бердi. Өндiрiстiк айналымның күшеюi жергiлiктi тұрғындар арасында өндiрiстi ұйымдастыратын ерекше топтардың пайда болуына мүмкiндiк ашты.
Әдетте, адамдардың баюына әкеп соқтыратын әртүрлi соғыстар мен қақтығыстар қауымның арасынан ерекше байыған өнiмi көп кәсiпқой жауынгерлердi бөлiп шығарды. Осыдан келiп, өндiрiспен айналыспайтын белгiлi бiр топ пайда болады. Сөйтiп қауымдастық "страта" деп аталатын жiкке бөлiндi. Ондай қауымдастықтарды ғылымда "стратиланғандар" дейдi. Алғашқы кезеңде үш жiк ерекше бөлiнiп шыққан болатын. Олардың бiрiншiсi мал шаруашылығымен айналысушылар да, ал одан кейiнгiлерi жауынгерлер мен абыздар болып саналды. Сондықтан да жiкке бөлiнген қауымдастық арасында болып жататын жиi-жиi қақтығыстарды ендi әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы реттеуге мүмкiндiк болмай қалады да, оларды бiрте-бiрте реттейтiн құқықтық жүйе жағдайындағы iс-әрекеттер дами бастайды. Қандас-туыстық қауым ыдырап, орнына көршiлiк қауым келедi. Ендi қауым арасындағы байланыс туысқандық емес экономикалық негiзде қалыптаса бастайды. Жерге ұжымдық меншiк сақталғанмен малға жеке меншiк иелiгi пайда болады. Мiне, осы кезден бастап меншiк құқығы мен өндiрiс арасындағы құқықтық пайдалану негiздерi қалыптасты. Осыдан келiп бiр-бiрiмен көршi қауымдастықтардың әлеуметтiк-құқықтық байланысын нығайтатын және жауларынан қорғануға толық мүмкiндiк беретiн жаңа қауымдастық одағы -- тайпа пайда болды, оның өзiндiк әскери басшылары, абыздары мен басқару әкiмшiлiгi өмiрге келдi. Осы кезден бастап жария билiк, яғни билiк қызметiн атқаратын ерекше бiр адамдар жiгi қоғамдық өмiрге араласа бастайды. Сондықтан да ғылымда жария билiктен мемлекеттiк пайда болғанға дейiнгi аралықтағы қарым-қатынасты потестарлық қатынас деп атайды. Ендеше, тайпа потестарлық бiрлестiк болып саналады. Ол жария билiктiң қалыптасуына негiз болған едi.
Мұндай күштi билiктiң болғанына куә болатын дерек бiздiң заманымызға дейiнгi II мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның солтүстiк-батыс аймағындағы Ресейге жақын жерлерден табылған алғашқы қалалардың орны болып табылады. Олардың iшiнде ең белгiлiсi -- Арқайым,одан басқа қолөнер кәсiбi мен ауыл шаруашылығы орталығы болып саналатын 20-ға жуық елдi мекендер анықталды. Аталған дәуiрдегi Евразия кеңiстiгiн жайлаған дала жайындағы алуан түрлi ғылыми түсiнiктерге қала үлгiсiндегi Синташт және жаңағы айтып өткен Арқайым бекiнiстi қоныстарының ашылуы мен зерттеулерi принциптi түрде өзгертулер енгiздi. Алғашқы қалалар қорғанысқа мықты әрi жақсы жобамен салынған мәдени құрылыстардан тұратын едi.
Алғашқы қалалар Ботай тайпасындағы мал шаруашылығымен айналысатын адамдар арасында пайда болды. Бiздiң заманымызға дейiнгi II мыңжылдықта мыс пен қалайы ертiндiсiнен тұратын қоланы ойлап табу Қазақстанда әлеуметтiк және экономикалық дамудағы қарым-қатынасты мейлiнше нығайтты. Мiне, осыдан кейiн-ақ адам дала төсiн игерудегi ерекше еңбек құралдарына ие болып, соның нәтижесiнде мал шаруашылығы кешендi малшылық -- егiншiлiк шаруашылығымен ұласады. Сонымен бiрге қола қару жасауға қажеттi құрал ретiнде қолданылып, әскери iстi дамытуға жол ашты. Әскердiң негiзгi қарулары қоладан жасалған балта мен пышақтар, найзалар және дөңгелек арбалы құралдар болды. Сөйтiп бiрте-бiрте мемлекеттiң негiзiне алғы шарттар қалана бастаған тұста бiздiң заманымызға дейiнгi ХV ғасырдың ортасында дамыған өркениет қайта құлдырай бастайды.
Ел-жер табиғатының өзгере бастауына байланысты алғашқы қалалар құрылыстары күйредi. Бiздiң заманымызға дейiнгi ХV ғасырда Қазақстанның далалық және орманды аймақтарының құрғақшылыққа ұрынуы iрi-iрi тайпалар қоныстанған жерлер мен алғашқы қалалардың иесiз қалуына соқтырды. Сөйтiп қалың жұртшылық шағын елдi мекендерге тұрақтана бастады. Әлеуметтiк және потестарлық қатынастардың бiрқалыпты тыныс-тiршiлiгi мен олардың өзара байланыстарының бұзылуы мемлекеттiң пайда болуына ұзақ уақытқа дейiн керi әсерiн тигiздi. Осыдан барып, оның отырықшылық, малшылық-егiншiлiк шаруашылығымен айналысу барысындағы өркениетi Қазақстан даласының құрғақшылық жағдайына байланысты өзiнiң тарихи маңызын жоғалтты.
Соған қарамай бiр кезде пайда болған мемлекеттiк құқықтық жүйе баяу болса да бiртiндеп дамып, өзiндiк тарихи сатысымен iлгерiлей бердi. Сол кездегi абыздар мен билер, әскери басшылар тұрақты жемiс-жидектердi, қолға түскен байлықтарды бөлуде билiктi өз қолдарына алып, оларды бөлiсуде мүлiктiк теңсiздiктi қалыптастырды. Бiздiң заманымызға дейiнгi ХI-IХ ғасырларда Орталық және Оңтүстiк Қазақстан аймағында қола дәуiрiнде пайда болған алып кесенелер соны айғақтайды. Оларда тайпалардың көсемдерi жерленген болатын. Кейiн келе-келе жазу пайда бола бастайды.
Егер жазба құндылықтарға назар аударсақ, қола дәуiрiнде Қазақстанды қоныстанғандардың жалпы өзiндiк "арья" атты жалпы атауы болған. Археологтар Қазақстандағы қола дәуiрi мәдениетiн қола дәуiрiндегi бiрiншi ескерткiштiң табылған жерi Оңтүстiк Сiбiрдегi Ачинск маңындағы Андронов селосының атына қарай шартты түрде "Андронов мәдениетi" деп атайды. Андронов мәдениетiнiң алғашқы ескерткiштерiн 1914 жылы А.Я.Тугаринов ашқан. Мiне, сол уақыттан берi ол жерден көптеген археологиялық материалдар жинақталды. Сонымен бiрге онда тур, дах, сайрим секiлдi т.б. тайпалар мен тайпа бiрлестiктерi тұрғандығы анықталған.
Бiздiң заманымызға дейiнгi ХII-Х ғасырларда Қазақстандағы этникалық жағдай едәуiр өзгердi. Орталық Қазақстанды шығыстан Қарасу мәдениетiн алып келушi тайпалар қоныстанып, жергiлiктi тұрғындар негiзiнде Дәндiбай-Беғазы мәдениетi қалыптасып, ол Сырдарияның төменгi ағысына дейiн тарайды. Мiне, осындай көшi-қон жағдайында андронов-арийлықтар оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс бағытта Орта Азия арқылы Иран мен Солтүстiк Индияға алмасады. Сөйтiп Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы бiрте-бiрте өзгерiске ұшырап, онда мал шаруашылығы кең етек алды. Содан кейiн-ақ мүйiздi iрi қара малдарды ұстаудың үлесi азайып, жылқылар мен түйелер және қойларды өсiрудiң саны артып, олар толық отырықшылықтағы мал шаруашылығынан жартылай отырықшылыққа көшедi. Бұл жаз жайлау, қыс қыстау, күз күздеуге көшу деген сөз едi. Бұл процесс қоғамдық құрылымға ықпал етпей қойған жоқ. Содан кейiн, қайтадан қауымдастықтардың әлеуметтiк жiктелуi орын алды. Тайпа көсемдерi көптеген байлықтарды иеленiп, ол оларды жерлеу рәсiмiнен-ақ байқалатын дәрежеге жеттi. Оның айғағы күнi бүгiнге дейiнгi кең байтақ Қазақстанның әр тараптарынан табылып жатқан алып кесенелер мен қабiрлер. Мұның бәрi айрықша билiктiң белгiсiн көрсетедi. Жалпы, Қазақстан қоғамының қола дәуiрiнде мемлекеттiң пайда болуы кезеңiнде тұрғанын, оның басты-басты элементтерi әр түрлi тайпалар бiрлестiктерiнiң тыныс-тiршiлiгiнен көрiне бастағанынан аңғаруға болады.
Мемлекеттiлiктiң алғашқы белгiсi-ол қоғамнан тiкелей бөлiнген әкiмшiлiк билiк пен басқару жүйесiнiң болуы. Екiншiден, белгiлi бiр территория мен оның тұрғындарының болатыны, ал олар болса әртүрлi әкiмшiлiктерге бөлiнедi. Үшiншiден, халықаралық аренада, сондай-ақ өздерiнiң iшкi iстерiнде егемендiк пен тәуелсiздiкке иелiк етуi. Төртiншiден, мемлекеттiк әкiмшiлiктi қамтамасыз ететiн әртүрлi салық жүйелерiнiң барлығы. Бiрақ б.з.д. I мыңжылдықта Қазақстанда құрылған ежелгi мемлекеттiң қалыптасуы өте әлсiз де баяу түрде жүрдi. Сондықтан да оны тарихшылар алғашқы мемлекеттiлiк (протогосударство) деп атайды. ("Прото" -- гректiң бiрiншi деген сөзiнен шыққан.)
Қазақстан территориясын бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта Андронов және Дәндiбай-Беғазы тайпаларының ұрпақтары қоныстанды. Олар грек жазбалары бойынша "скиф" аталса, парсы жазбалары бойынша "сақ" атанды. Скиф-сақ тайпалары бiрнеше бiрлестiктерге бөлiнiп, алғашқы мемлекеттi құрады. Олар тиграхауда-сақтар (шошқа бөрiк киетiн сақтар), хаомаварга-сақтар (хаома сусынын дайындайтын сақтар), парадарайа-сақтар (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), массагеттер, исседондар және басқалар. Алғашқы екi топты Геродот амнюргия-сақтар және ортакарибантия сақтар деп атайды.
Ал ендi, сол кездегi басқару және билiк әкiмшiлiгiне келетiн болсақ, бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта Қазақстан территориясында алғашқы рет патша билiгi институты пайда болды. Оның дәлелi бүгiндегi кең байтақ территориямыздан табылып жатқан археологиялық ескерткiштер және жазбалардан анық байқалады. Патша билiгi сол кезде мұрагерлiк арқылы берiлетiн, көп жағдайда ол орынды әйелдер иеленетiн. Мысалы, олардың бiзге белгiлiлерi хаомаварга патшасы -- Аморга, тиграхауда патшасы -- Скунха, массагеттер патшасы -- Томирис (Тұмар), Савроматтар (кейiнгi кезде сарматтар) патшасы -- Зарина.
Сақ патшалығының саяси жүйесiнiң ерекшелiгi патшалық билiктi жоғары қою арқылы қасиеттi де, киелi ұғымға айналуы (сакрализациялануы). Сақтар өздерiнiң патшаларын Күн құдайы ретiнде санап, оларға имандылық-тәңiрлiк нышанда құрметпен қарайтын. Патша билiгiнiң белгiсi немесе нышан -- айғағы оның алтын киiмi, қамшысы және алтын ұшты садағы (жебесi) арқылы айқындалатын. Сонымен бiрге оларды жерлеген кезде көптеген жан-жақты жерлеу рәсiмдерi жасалатын. Оның бiр көрiнiсi Зарина патшаны жерлеу барысында бүгiнгi күнге жеткен үш қырлы пирамидалар. Сонымен бiрге Жетiсу қорғандарынан табылған шеңберi 100 метр және биiктiгi 20 метрлiк қорғандар. Өкiнiшке орай, сақ бiрлестiктерiнiң басқару органдарының негiзгi жүйелерi бiзге толық жеткен жоқ. Бiрақ соған қарамай патша тағайындаған кейбiр әкiмшiлiктiң басқару қызметтерiн аңғаруға болады. Қоғамда патшаға жақын адамдар мен халық жиналысы маңызды болып саналды. Қазақстандағы көшпендiлердiң халық жиналысы бiздiң ғалымдарымыздың "әскери демократия" туралы әңгiме етуiне мүмкiндiк ашады. Бiрақ ол қауымды бiрiктiретiн үлкендi-кiшiлi ер-азаматтардың басын қосуға мүмкiндiк бермейтiн. Сондықтан да оған қауым басшылары ғана араласа алатын. Сөйтiп, Қазақстан территориясында бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта өкiлдiк билiктiң элементтерi пайда бола бастады.
Сақтардың әскери күштерiнiң негiзiн еркiн қауымдастық мүшелерiнiң атты жауынгерлерi құрады. Белгiлi билiк өкiлдерiнен құрылған ауыр атты әскер патша билiгiнде болатын. Ал кедей-кепшiк және жер шаруашылығымен айналысушылардан жаяу әскерлер құрылды. Алыс жорықтарға шығарда сақ пен скифтер қозғалмалы атты отрядтар -- гиммирлердi шығарды, сондай-ақ гимнеттер -- жеңiл қарулы жаяу әскерлердi жасақтады.
Қазақстан жерiндегi алғашқы мемлекеттердiң территориялық және әкiмшiлiк құрылымына келсек әрбiр сақ-скиф бiрлестiктерi өзiндiк патша және халық жиналысының билiгi жүретiн территорияларды иелендi. Б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстiгiн қамтитын кең байтақ аумақта сақ-скиф деп аталатын тайпалар мекендедi. Оларды "тарих атасы" Геродот (б.з.б. V ғ.) және басқа ежелгi грек тарихшылары "Азия скифтерi" деп атайтын. Жалпы сақ тайпалары Солтүстiк Қара теңiз өңiрi мен шығысында Днепр бойын мекендеген және төменгi Едiл бойымен Оңтүстiк Орал өңiрiндегi савроматтардың Кир мен I Дарий парсыларының және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң замандастары болған деген деректердi де сол грек және парсы жазбалары көрсетедi. Олар ежелгi парсылармен тығыз қарым-қатынас жасаған, тiптi б. з. б. VI-V ғасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кiрген. Ахеменидтiк сына жазба деректемелерiнде сақтар туралы аз болса да, анық деректер келтiрiлген. Мәселен, оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтар (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Ферғана аймағы мен Сырдарияның оңтүстiк жерiн, тиграхауда-сақтар (шошақ бөрiк киетiн сақтар), Сырдарияның орталық тұсынан батысында Алтай тауларына дейiн жайлағанын, сосын парадария-сақтар (теңiздiң арғы бетiндегi сақтар) туралы хабарланады.
Әрбiр алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк (протогосударство) өзiнше белгiлi бiр автономия алатын тайпа немесе ұлыстық әкiмшiлiк бiрлiкке бөлiндi. Сондықтан оларды "тайпалық одақтар" деп атауға болады. Тайпа немесе ұлыс белгiлi бiр территорияны көшiп жүретiн қауым бiрлiгiн айқындайды. Сондықтан да олардың әкiмшiлiк басқару жүйесi потестарлық бiрлiк бөлшегiн көрсетедi. Кейбiр жазбаларда көрсеткендей аталғандай бiрлiктегi тайпалар не ұлыстардың өзiндiк басқару -- билiк органдары -- халық жиналысы атақтылар кеңесi, әскери және азаматтық басқарушы -- "көсемi" болған көрiнедi. Ал олардың сайланғанын немесе тағайындалғанын, тiптi болмаған жағдайда мұрагерлiк арқылы алмастырылып отырғандығын ешкiм де дәл көрсетiп айта алмайды.
Ал ендi -- сақ-скиф бiрлестiктерiнiң тәуелсiздiгi мен егемендiгiне келсек, олар ешбiр мемлекеттерге бағынбай өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын қалыптастырған. Оның айғағы ретiнде олардың, яғни Солтүстiк Қара теңiз скифтерiнiң бiздiң заманымызға дейiнгi VII ғасырда Урарту мемлекетiмен әскери-саяси одақтастықта болып Финикияға қарсы соғысуын айтуға болады. Сосын бiздiң заманымызға дейiнгi VII ғасырдың ортасында скифтер мен ассириялықтардың Мидияға қарсылығы, бiздiң заманымызға дейiнгi VI ғасырдағы сақтар мен парсылықтардың Лидияға қарсылығын айтуға болады. Соған қарамай парсылар мен тағы басқа мемлекеттер алғашқы Сақ мемлекетiнiң егемендiгiн шектеуге тырысты. Мысалы, бiздiң заманымызға дейiнгi VI ғасырда Парсы мемлекетiнiң билеушiсi Кир массагеттердi жаулап алып, өзiне бағындырғысы келген болатын. Оның бұл ойы орындалған жоқ. Кир жорығы сәтсiз аяқталып, оның әскерлерi тас-талқан болып күйреп, өзi қаза болды.
Б.э.д. 519-518 жылдары массагеттерге қарсы I Дарий соғыс ашады. Бұл жорық та сәтсiздiкпен аяқталып, массагеттер өздерiнiң тәуелсiздiгiн толық сақтап қалған едi. Сондай-ақ бiздiң заманымызға дейiнгi IV ғасырдың 30 жылдарында сақтарды Александр Македонский де жаулап алуға бар күшiн салды. Оның Орта Азияны жаулап алғанына қарамай массагеттер Сырдарияның солтүстiгiне қарай өз егемендiгiн сақтап қалды.
Мұның барлығын келтiрiп отырғанымыз бiздiң эрамызға дейiнгi I мыңжылдықта алғашқы Сақ мемлекетi өз егемендiгi мен тәуелсiздiгiн тұтас ұстап тұрғандығын көрсету едi. Ол ежелгi халықаралық саясатта өзiндiк орнын толық сақтай бердi.
Өкiнiшке орай, бiзде сақ-скиф бiрлестiктерiнiң қандай салық жүйесiн жүргiзiп, мiндеттi борыштар атқарғандықтарынан мәлiметтер аз. Олар өздерi жаулап алған немесе өздерiне тәуелдi мемлекеттерден белгiлi бiр дәрежеде салықтар жинап, оларды белгiлi бiр мiндетке борыштаса, ол нақты жағдайларға байланысты өзгерiп отырған болуы керек. Мемлекеттiк қазынаны толтырып отыру мал-мүлiк арқылы жүргiзiлiп, тағы да басқа қазыналық құндылықтар арқылы толықтырылып отырған болуы тиiс. Кейбiр қабiрлерден табылған патша бұйымдарына қарағанда онда ирригациялық жүйе қалыптасқан сияқты.
Жалпы бiздiң эрамызға дейiнгi I мыңжылдықта сақ бiрлестiктерiнiң алғашқы мемлекет кұрудағы адымдары өте сәтсiз де баяу жүргендiгi байқалады. Бiрақ соған қарамай ол тұрақты да бiрқалыпты даму үстiнде болғаны анық. Оның куәсi-бiздiң заманымызға дейiнгi Ү-IҮ ғасырларда Жетiсу өңiрiн қоныстанған тайпалардың өзiндiк жазбаларының болуы. Мұның бәрi бiздiң заманымызға дейiнгi I мыңжылдықта Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттердiң өмiр сүргенiн және олардың тәуелсiз дамығанын айғақтайтын нышандардың болғанын көрсетедi. Бiрақ олардың даму-жетiлу процестерi әлi бiзге нақты да көрнектi деректермен жеткiзiле қоймаған.

Негізгі бөлім
1.Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
Әлеуметтік жіктелу әлеуметтік қайшылықтарды туғызды. Тайпа ақ сүйектерінің байлықтары мен артықшылықтары кедейлер мен құлдар тарапынан қорғап күзетуді қажет етті. Алғашқы тұрмыстық халық өкіметінің рухына толы дәстүрлі рулық-тайпалық органдар бұл үшін жарамсыз болды. Олар өкімет билігін ұйымдастырудың жаңа формаларына орын беруге тиіс еді.
Мұндай ұйымдардың алғашқы бастамалары құпия одақтар болды. Көптеген тайпаларда құпия одақтар өзінің дамуында, негізінен алғанда бай адамдардың одақтарына айналды, өйткені бұларға ену ірі заттай немесе ақшадай жарналарды, той-думан жасауды және т. б. талап етті. Ақшаға одақтағы қоғамдық рангілер де, кейде тіпті оның басшы қызметі де сатылып алынды. Мұның есесіне құпия одақтар рулық қауымның өкімет билігінен өз мүшелерін тартып алды, олардың меншігі мен ықпалды жағдайын қорғады, барлық наразыларға іріткі салды. Бірқатар жағдайларда, құпия одақтар рулық-тайпалық органдардың тұтқаларын түгелдей дерлік билеп-төстеді және қоғамдық тәртіпті сақтау, сот істерін жүргізу, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу функцияларын иемденіп, қуатты ру аралық және тайпа аралық ұйымдарға айналды.
Шапқыншылық жасау және қорғаныс үшін тайпалардың топтасуын қажет еткен тонаушылық соғыстардың дамуы өкіметтің тайпалық органдарының маңызын тағы да күшейте түсті, бірақ енді бұл бойында таптық диктатураның рухын сақтаған бізге белгілі әскери демократияның арнаулы формасы еді. Әскери көсем өкімет билігінің сипатында бірінші қатарға дәстүрлермен даурықтырылған жеке басының беделі емес, нақтылы күш-қуат, байлық, құлдар мен тәуелді кедейлерге үстемдік, әскери жасақтың күші қойылды. Туған-туыстармен және тайпаластарымен қатар оның жеке өз басына берілген бөгделер, тіпті таңдаулы құлдар кіре алатын, оның жасағы рулық-тайпалық байланыстармен емес, тек өз қолбасшысына берілгендігінен ғана тұтасқан жеке бірлестік еді. Оған сүйене отырып, көсем тайпаның салттарын аттап өтіп, оған өз еркін беруге мүмкіндігі болды. Рулық-тайпалың жоғарғы топқа көсемнің ең жақын туған-туыстары мен аға жасақшыларға бірте-бірте орын беруге тура келді, бірақ өзінің меншігін мықтап қорғауға ынталы бола отырып, ол жаңа тенденцияларға оншама батыл қарсылық көрсетпеді. Сонымен, әскери демократияның органдары рулық-тайпалық ұйымдардан барған сайын қол үзе берді, өз халқына қарсы бағытталған үстемдік ету мен езгінің дербес органдарына айналды.
Әскери демократияның ашық таптық демократияға айналуы мен мемлекеттік немесе саяси құрылыстың қалыптасуымен аяқталды. Мұның аса маңызды сипаты тікелей халықпен үйлеспейтін, одан бөлінген ерекше, күштеу аппараты бар қоғамдық, немесе жүртшылықтық өкіметтің пайда болуы еді. Әдетте, бұл әскери демократияның түбірінен трансформацияланған органдары болатын. Тайпалардың ірі одақтарының әскери көсемі әміршіге -- князьге, корольға, ханға және т. б. айналды. Оның төңірегіндегілер ақылшылар, қостаушылар болып алды. Жасақ әскерге айналды, мұның көмегімен мемлекег өзінің негізгі функцияларын: қаналушы бұқараның қарсылығын басып, соғыс жүргізуді жүзеге асырды. Мемлекеттік өкімет билігінің ерекше органы өзінің сөзсіз тармағы -- түрмелермен -- сот орны болды; сот ісін билеп-төстеушінің өзі де, сондай-ақ оның көмекшілері мен орнын басушылар да жүргізе алды. Бұқараға идеологиялық ықпал етуге арналған мемлекеттік өкіметтің тағы да бір тұтқасы діни табынудың таптық трансформациясына ұшыраған органдар болды.
Мемлекеттік құрылыстың екінші бір аса маңызды сипаты халықтың рулық-тайпалық емес территориялық принцип бойынша бөлінуі еді. Әлі де болса, кейде олардың аттарын сақтағанымен бұрынғы рулық-тайпалық өлшемдермен сай келмейтін округтар, болыстар және т. б. туды. Бұл ақырғы нәтиже жеке қандастық байланыстан көршілік байланысқа көшудің көптен келе жатқан процесінің тұжырымдалуы болып табылды. Сонымен бірге территориялық бөлінуді енгізу рулық-тайпалық ынтымақтардың қалдықтарын және рулық-тайпалық ақ сүйектердің ықпалын әлсіретті.
Мемлекеттің пайда болуы таптық қайшылықтардың ымыраласпайтындығының нәтижесі және таптық қоғам қалыптасуының қорытынды актісі болып табылды.
Мемлекетпен бірге құқық, яғни үстем таптың еркін білдіретін және мемлекеттің зорлаушы күшімен қамтамасыз етілген мінез-құлықтың міндетті ережелерінің жиынтығы келіп туды. Бұған дейін қоғамдық ықпал етудің күштеу негізіне сүйенген және ұзақ қолдану салдарынан салтқа еніп кеткен мораль ғана болды. Қоғамның таптарға бөліну процесінде үстемдік ететін жоғарғы топ өздері үшін ең қолайлы салттарды іріктеп алды және оларды өз қажеттеріне орай түрін өзгертіп, мемлекеттік күштеу күшімен оларды сақтап отыруды қамтамасыз етті. Бұл ең алдымен, аң сүйектердің меншігі мен артықшылықтарын қорғаған нормалар болды. Мәселен, егер, бұрын ұрлау жағдайларында, анықтап ажырату үстінде қылмыс жасаған туыстарға немесе бөгделерге үлкен маңыз беріліп, тек ұрланып алынғандарын қайтаруға зорлап көндірген болса, енді қандай да болсын меншікке қол сұғушылыққа жаза қолданылатын болды, ал ақ сүйектердің меншігіне қол сұғу ерекше қатты жазаланды. Ол үшін бірнеше еселеп орнын толтыртты, мүгедек етті, өлтірді, құл-құтанға айналдырды. Өткендегі ең ауыр қылмыс -- экзогамдық тыйым салулардың бұзылуы, -- қылмыс болудан қалды, оның есесіне таптық касталық неке тыйымдарын бұзу енді, кейде ауыр жазаланатын болды. Ұрып-соққанда, мертіктіргенде, өлтіргенде рулық емес, екі жақтың әлеуметтік шыққан тегі туралы мәселе енді бірінші дәрежелі маңызға ие болатын болды.

2.Мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері.
Мемлекет элементтері ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Монғолдардың тұсындағы мемлекеттік құрылымға дербес ұлыстық жүйе енгізілді. Мысалы, зерттеуші Г.Федоров-Давыдов Шыңғыс хан империясының әскери қуатын жабайы көшпелілерден тұрғандығынан емес, ұйымдаскан мемлекеттің болғандығымен түсіндіреді. Қазақ мемлекеттілігінің пайда болу тарихын оқып-үйренгенде, көшпелілер өркениеті қағидалары тұрғысынан қарастырылады. Себебі Ұлы далада көшпелі өндіріс тәсілі үстем болды. Соңғы жылдардағы ғалымдардың зерттеулерінде қазақ халқының мемлекеттігі болғандығы толығымен мақұлданды. Мәселен, тарихшы ғалым М.Қозыбаев мемлекеттілік болу үшін кандай белгі-нышандар керек екендігін айта келіп: Ұлы далада мемлекеттік құрылымдар, тайпа одақтары мен қағанаттар Еуропадан ерте пайда болды, -- деп атап көрсетті. -- Қазақ хандығында мемлекетке тән негізгі белгілер болған, -- деп тұжырымдады. XX ғасырдың 30 -- 50-жылдарында көшпелілердің феодалдық мемлекеті туралы пікір орнықты. Бұл көзқарас бойынша, көшпелілер адамзат дамуының жалпы арнасында жүре отырып, таптық қатынастарға жетті деген тұжырым жасалды. Кезінде ағылшын экономисі А. Смит мал көшпелілерде ертеден жеке меншікке айналғандықтан, оларда мүліктік және әлеуметтік жіктелу де, қоғамдық саяси институттардың кұрылуы да тез жүретіндігін атап көрсеткен болатын. Шынында, алғашқы еңбек бөлінісі бақташы тайпалардың бөлініп шығуынан бастау алып, маманданған көшпелі мал өсіруге ауысқан кезден-ақ (б.з.д. 2-мыңжылдықтың соңы -- 1-мыңжылдықтың басы) малға жеке меншік, мүлік теңсіздігі өмірге келді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағындағы сақ, үйсін, ғұн, қаңлыларда біздің заманымыздың шегінде мемлекеттік белгілер пайда болды. Дегенмен Батыс Еуропа елдеріндегі мемлекеттің қалыптасуы және дамуымен салыстырғанда өзгешеліктер болды. Оған шаруашылықтың даму ерекшелігі тікелей әсер етті. Шығыс елдеріндегі көшпелі коғамда ру-тайпа байланыстарының берік болғандығы белгілі.
Көшпелі өркениет кезінде басқару рулық-тайпалық негізде жүрді. Ал көшпелілердің мемлекеттік құрылымына тән ерекшеліктердің көпшілігі бұл мемлекет құрамындағы халықтардың көшпелі өмір-тұрмысына байланысты. Атап айтар болсақ, көшпелі мемлекеттерде ешқашан жоғарыдан шексіз билік орнату мүмкін емес еді. Себебі орталықтан қысымшылық күшейген жағдайда халықтың басқа тайпа немесе мемлекеттік бірлестіктің қол астына, қамқорлығына көшіп кетуі әбден мүмкін болды. Сондай-ақ басқа тайпа бірлестігінің билікті басып алу мүмкіндігі үнемі төніп тұрды. Келесі бір ерекшелігі -- көшпелі мемлекетте жоғары саяси билікті жүзеге асыруда әулеттік үстемдік орын алғанымен, бұл үстемдік ру-тайпа өкілдерінің билеушіні сайлап қою мүмкіндігімен шектеліп отырды. Бұл да дала демократиясының бір көрінісі еді. Сонымен бірге бұл мемлекетте тұрақты әскер болған емес. Қажет болғанда кез келген көшпелі әскер қатарына қосылатын. Бүгінгі таңда тарихи үдерістерге бұрынғы коғамдық-экономикалық формация өлшемімен қарау жөне өркениеттік тұрғыдан бағалау қалыптасып келеді.
Өркениетке тән белгілердің бірі -- мемлекеттің болуы. Демек, басқару ұйымының болуы өркениеттің ішкі кұрылымының бір бөлігі ғана. Егер көшпелілер өркениеті бар болса, оларда мемлекеттің болуы да заңды құбылыс екендігі мақұлданды. Мемлекет -- өте күрделі құбылыс, біртұтас табиғи этномәдени және әлеуметтік организм. Демек, оны бір-бірімен байланысты экономикалық, әлеуметтік, саяси, этностық, мәдени үдерістердің жиынтығы (кешені) ретінде кең көлемде түсіну қажет. Ең бастысы -- қоғамдағы этностық сана-сезімнің нығаюы ғана оның мемлекет шыңына бірігуіне алғышарт бола алады. Көшпелілер де отырықшы халықтармен салыстырғанда өзіне тән ерекшелігі бар мемлекеттік формаларды өмірге әкелді. Олар көшпеліліктен туындайтын рулық (патриархалдық) тәртіптерді дамыта отырып, мемлекеттік дәрежесіне жеткізді. Қазақ хандығы көшпелі мемлекет болды. Отырықшылық оның мемлекеттік құрылымының бір ғана элементі еді. Сол сияқты Қазақ хандығы қазақ жерінде бұрыннан өмір сүрген этносаяси бірлестіктердің заңды жалғасы болып табылады.
3.Ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың әскери құқықтық жүйесіне, Батыс-Түрік қағанатының құқығына талдау жасау.
Ежелгi ғұн империясы. Қазақстан жерiнде қалыптасқан алғашқы мемлекеттiк құрылымның бiрi -- ғұндар мемлекетi. Бұл көшпелi тайпалар мемлекетiнiң алғашқы көрiнiсi.
Бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасырда қазiргi Моңғолияның оңтүстiгiндегi Ордостан Каспий өңiрiне дейiнгi Орталық Азияның кең байтақ кеңiстiгiн мекендеген көшпелi ғұн империясы құрылды. Олар бiздiң заманымызға дейiнгi IХ ғасырдың өзiнде-ақ алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк ретiнде танылып үлгерген едi. Оларда сайланбалы түрде билiкке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы
Мемлекет және құқық жайлы
Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
МЕМЛЕКЕТ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттің пайда болуының заңдылықтары
Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы ақпарат
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы
Пәндер