Тәуке ханның Жеті Жарғысынан әлеуметтік-саяси мазмұны мен маңызы


ТАПСЫРМА 4
Тапсырмалар:
- Тәуке ханның «Жеті Жарғысынан» әлеуметтік-саяси мазмұны мен маңызы бар үзінділерін келтіріп, оларға қысқаша түсіндірме беру (1 беттің көлемінен көп емес)
Кез келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын қастерлеп, оны ұрпақтарының санасына енгізуге жағдай жасайды, өйткені тарих - халықтың мың жылдап жинаған тәжірибесі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тарихи құқықтық мұраларымызды жаңғырту мәселесі алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі бола бастады. 2015 жыл - Қазақ хандығына 550 жыл толған мерейлі жыл.
Қазіргі таңда ұлттық құқықтық жүйедегі әдет-ғұрып құқығы демократиялық, құқықтық мемлекеттің дамуының маңызды факторларының бірі болып танылады. Сондықтан елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және құқықтық реформаларды жүргізу барысында халықтың дәстүрлі билік танымы мен құқықтық танымын ескерудің маңызы зор.
Қазақ халқының мемлекеттік тарихында, құқықтық танымы мен санасында халықтың әдет-ғұрыптық заңдарының мәдени-әлеуметтік, саяси-құқықтық маңызы өте зор. Ел өмірінің барлық саласын тұтас қамтыған әдет заңының жүйесі халық, мемлекет, жеке адам тіршілігінің барлық бағыты бойынша белгілі өлшемдерді, қағидалар мен ережелерді қалыптастырды.
Егеменді елімізде байырғы дәстүрлі құқықты зерттеген және әлі күнге дейін зерттеп келе жатқан заңгер - ғалымдарымыз аз емес. Атап айтсақ, академиктер С. З. Зиманов, С. С. Сартаев, профессорлар А. С. Ибраева, З. Ж. Кенжалиев және т. б. көптеген белгілі ғалымдар баршылық.
Қазіргі заманда қазақ және шетел ғалымдарының мемлекет және құқық теориясы мен тарихы саласындағы зерттеулері құқық ғылымының алдында көптеген құқықтық құбылыстардың мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін айқындап берді. Соның бірі ертедегі қазақ қоғамының «Дала Конституциясы» аталып кеткен ежелгі заңдар жинағы - «Жеті жарғы».
Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдары қазақтың үш жүзінің өкілдері түгел қатысқан жиналыста талқыланып, қабылданған заң актісі болып табылады. Тәуке ханның билік құрған заманы және «Жеті жарғының» қабылдануы - қазақ құқығы тарихында маңызды кезеңдердің бірі.
Тәуке хан билікке келген кезең қазақ қоғамы үшін қат-қабат қиыншылықтар мен шырғалаң шиеліністерге толы уақыт аралығы еді. Осы кезеңде қазақ даласында орын алған оқиғалар легі оның болашақ даму бағытын анықтауға біршама ықпал жасады. Ол оқиғалар қазақ елінің тарихи өміршеңдік қабілетіне үлкен сын болды. Қазақ қоғамының ішкі бірлігін, тұтастығын, беріктігін тарихи тағдыр тезіне салды. Оның рухани өмірі бастауларының мөлдірлігі, адастырмас ақиқаттығы, қоғам мүшелеріне дем берер қуаттылығы сұрапыл тексерістерден өтті, ал саяси, әскери және қоғамдық өмірді реттеу институттары мен салалары заман қойған аяусыз сынақ сауалдарына тап болды.
- Хандық дәүіріндегі қазақ даласында билер институтының саяси мазмұны менменін дәлелдеу. (1 беттің көлемінен көп емес)
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды.
Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер - қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар - шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.
Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын хандық және сұлтандық институттардан кейінгі үшінші орынға қояды.
Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз.
- ХV-Х1Х ғ қазақ жыраулардың шығармаларындағы бостандық, отансүйгіштік, халық бірлігі мен мемлекеттілікті сақтау ойларының үзінділерін кесте арқылы сипаттау (Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбе, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей.
Жыраулар
Жыраулардың өлеңдерінен саяси мазмұны бар үзінділер
Ойларын талдау
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің?!
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
. . . Оны неге білмейсің?!
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан,
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан!
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау
Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көз түзедім, өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Қалаға қабылан жаулар кіргей ме?
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме?
Қатарланып, қарланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме?
Көп туғаным жоқтаман.
Аяғымнан менің басыма
Етектеп плтын құйса, тоқтаман!
Есім сені есірткен,
Есілде менің кеңесім.
Ел білгеннен Есім хан,
Қолыңда болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға,
Есіктегі ебесін;
Сонда ханым не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Балпаң, балпаң кім баспас,
Басарға балтыр шыдамас,
Батырмын деп кім айтпас,
Барарға жүрек шыдамас.
Жалтара шапсаң жау қашпас,
Жауды аяған бет таппас,
Уа, жігіттер, жандарың
Жаудан аяй көрмеңіз,
Ғазырейіл тура келмей жан алмас!
«Ассалаумағалейкүм, жайсаңдар мен қасқалар,
Адам көңілін жоқтық шіркін басқалар,
Түзде жүрсем батырмын,
Үйге келсем пақырмын.
Таңертеңгі ішкен шалап Қарында емес, қуықта,
Ажал шіркін алыста емес, жуықта . . . »
Жас күніңде, Абылай,
Үргеніштен мұнда кеп,
Сарыарқаны жерім деп,
Қалың қазақ елім деп,
Келмеп пе едің жаяулай?
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда,
Жалғызбын деп шошымай,
Еш малшыға қосылмай,
Қара жерге отырмай,
Күпіңді салып астыңа,
Жең жастанып басыңа,
Қол-аяғың төрт жақта,
Жатушы едің сол шақта,
Ұмыттың ба соны, Абылай?!
- Абылай хан мен Бұхар жыраудың саяси принциптерін салыстырып жазбаша талдау. (1 беттің көлемінен көп емес)
Жыраулардың баршасына дерлік ортақ əлеуметтік мəселе, ортақ тақырып - ел бастаған хандар мен қол бастаған батырлар болғаны ақиқат. Ал осы мəселенің төркінін ауқымдырақ, тереңірек қараған болсақ, қазақ жырауларының түпкілікті идеясы тұлға бостандығы, жеке адамды қайталанбас рухани құндылық ретінде қастерлеуді бағамдаймыз. Соның нəтижесінде қазақ əдебиетінде өздері өмір сүріп отырған қоғамдық-əлеуметтік заңдылықтармен ымыраға келе алмайтын, рухани еркіндікті аңсаған Қабанбай, Бөгембай, Қаз дауысты Қазыбек сынды жаңа тұрпаттағы кейіпкерлер келді.
«Романтизм бағытында жазылған шығармалардың кейіпкерлері əдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, теңдік, бақыт, азаттық үшін талмай күресетін рухы күшті жандар болып келеді. Адамның бас бостандығын, адами-қоғами мəні бар, құлшынысқа толы жағымды іс-əрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау - романтизм туындыларына ортақ қасиет» дегенге келіссек, аталмыш образдар осы талаптың үдесінен шығады.
Бұқар жоғарғы əлеуметтік қабаттың өкілдерін аса ірі тұлға - Абылай айналасына жинақтай отырып, өзінің субъективті көзқарасын танытуды бірінші кезекке қояды. Қоғами қатынастарға деген абсолютті наразылық, сол шындыққа қарсы субъективті идеал туғызды. Жырау толғауларында максималистік мақсат, автор қиялын жүзеге асыру жолында ерлікке ұмтылу жеке тұлғаға, автордың субъективті көзқарасын арқалаған кейіпкерге жүктеледі. Қаламгердің назары да үнемі осы кейіпкерде болады десек, қателеспейміз. Өйткені оқиғалық желілер, тартыс, түрлі көркемдік детальдар сияқты компоненттердің бəрі кейіпкерлер галереясында автор өзінің мақсат-мұратын «арқалатып жіберген» қаһарманының ерекше қасиеттерін ашу үшін керек. Бұқардың Бөгембай қазасын естірту жырындағы батыр бейнесі де Абылай образымен тығыз байланысты.
- XIX ғ. қазақ әдебиетіндегі тәуелсіздік, бостандық идеялары және отарлық саясатты сынау ойларын бейнелеп көрсету және жазбаша сипаттау. (1 беттің көлемінен көп емес)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz