АБАЙ МЕН ТОҒЖАН



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ МЕН ТОҒЖАН
Абай жолы романын жазған жазушы М. Әуезов ең бір әдемі, ең бір әсем көріністердің бірі ретінде Абайдың алғашқы махаббаты - Тоғжанды ерекше сөзбен әспеттеп, оның сұлулығын көркем сөзбен көмкеріп жазған. Сіздерге бүгінгі сүйікті кейіпкерім ретінде - Тоғжанды баяндағалы отырмын.
Тоғжан жайлы қысқаша дерек келтірсем, ол Абай ауылына көршілес жатқан Бөжей ауылының қызы. Әкесінің аты - Сүйіндік. Ағаларының аттары - Асылбек, Әлібек. Абай оны алғаш рет көктем мезгілінде сол Сүйіндіктердің үйіне қонаққа барғанда көреді.
Бөжей мен Майбасардың дауы кезінде Құнанбайдың тапсырмасымен Сүйіндік ауылына келген Абайдың ғашықтық сезімін оятқан Тоғжан бейнесін жазушы Мұхтар Әуезов былай суреттейді: Қақтаған ақ күмістей жазық маңдайы, сәл жасаураған бота көздері, қарлығаштың қанатын еске түсіретін қиғаш қастары, ұшы үлбіреп тұрған екі бүйрек беті, шебер қолынан шыққандай жұмыр иегі, аққу мойыны мен қаз омырауы...Бұған дейін Семейде талай орыс, татар қыздарымен таныс-біліс болып жүрсе де Абайдың сезімін арбаған мына сұлулық оны өзіне ессіз ғашық етеді.
Абай үш әйел алған адам. Әйткенмен алғашқы қосағы Ділдаға үйленбес бұрын-ақ Абай Тоғжанға ес-түссіз ғашық болып қалған.Алайда екі жас бірін-бірі ұнатқанымен, екеуінің үйленуіне болмайтын еді. Өйткені сүйген жүрек өздерінікі болғанымен, шешім етер ерік өзгенікі еді. Абайдың өзі көрмесе де, әке-шешесі қалап айттырған қалыңдығы бар. Тоғжанның сыртынан атастырған күйеуі бар. Сондықтан да екеуі де әке-шешенің әмірінен асып кете алмайды.
Құнанбайдың Абайға айттырған қалыңдығы Ділдә айтулы жердің, атағы дүркіреген Алшынбай бидің қызы. Алшынбай Қаздауысты Қазыбек бидің шөбересі. Абайдың анасы Ұлжан да бұл тұқымнан алыс емес, Алшынбайға ағайын қарындас боп келеді.
Ділдәнің Абайдан екі жас үлкендігі болғанымен, әйгілі әулеттің қызы тым тәккаппар, өр көңілді болатын. Ал Тоғжанға деген сезімі жүрегінде мәңгі жанған Абай Ділдәмен дәм-тұзы жарасқанымен, ол оның сүйіп алған жары емес еді. 15 жасында отау иесі атанған Абай тұңғыш ұлы Ақылбай дүниеге келгенде де өзін әке ретінде сезіне алмады.
Абайға аңсары қаншалық ауғанмен ата салтты аттап кете алмаған Тоғжан да тағдырдың тұсауына көнбеске шарасыз. Күйеуі ақырғы рет келіп алып кетерінің алдында ол Абайға жетсін деп хабар бергізіп, соңғы рет жүздесіп, тілдесіп қалуға тілек білдірген.
Жайшылықта ұяң, нәзік, қорғаншақ Тоғжан ұзатылар шағында ішкі дертін ірікпей, жан сырын жария етуден жасқанбай, ел ағаларынан рұқсат сұрай отырып Абаймен қоштасу зарын шығарыпты.
Кертаудың ат байладым аршасына, Сәлем де Тобықтының баршасына... деп басталатын бұл сыңсу ән шығарған екен. Ал:
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде сенен артық маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да
деп өз жанының жарасын жырмен ақтарған Абай да өмір бойы қолы жетпеген ғашығын аңсаумен өтті.
...Құнанбайды қажылық сапарға Семейден аттандырып салған соң көп ұзамай елге қайтқан Абай мен Ербол Орда тауының бөктерін жайлаған Бекей мен Шекей деген ағайынды адамдардың ауылына тап болады. Жолсоқты болып келген Абай Бекейдің отауында азырақ мызғып алмақ боп жатқанында түсінде Тоғжанды көреді. Түсінде Тоғжан өзі үйреткен Топайкөк әнін айтып отырады. Абай оған жақындай берген кезінде оянып кетеді. Абайдың құлағына тым жақыннан әлгі үн үзіліп жетеді. Сол Топайкөк... Сол Тоғжанның дауысы... Абай есеңгірегендей есікке ұмтылады. Бірақ бұл әнді салып жатқан Тоғжан емес еді. Ол көрші Шекей үйінде жастармен бірге отырған Бекейдің қызы Шүкіман болатын. Дауысы ғана емес түр-тұлғасы да, бет-әлпеті де Тоғжаннан аумай қалған бойжеткенді көргенде Абай аңырып тұрып қалады. Жүрегі аттай тулаған ол, айнымаған Тоғжан деп күбірлей береді. Бекей үйінде жалғасқан жастар жиыны Шүкіманды ашық ажарымен ғана емес, жарқын мінезімен, жүректің қылын шертер әншілік өнерімен, назды, сазды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай махаббат туралы
АБАЙДЫҢ МАХАББАТ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Абай жолы эпопеясындағы монологтың көркемдік қызметі
Абайдың махаббат консепциясы
Абай - лирик ақын
Қазақ тарихы романдарындағы әйел бейнесі
Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі
М. әуезовтың «абай жолы» романы жайлы
Жүрегімнің түбіне терең бойла..
Алаштың бас шығармасы
Пәндер