БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы

Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Тәжиева Меруерт Абдимажитовна

Интербелсенді оқыту - білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білімалушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту - білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсат мен мазмұнын сақтайды.

Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді:

- коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі;

- ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

- жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т. б. ), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.

Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді, басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т. б. мүмкіндік береді. Интербелсенді оқыту технологиялары мыналар:

  1. Жұппен жұмыс.
  2. Ауыспалы үштіктер.
  3. Әткеншек.
  4. Шағын топтардағы жұмыс.
  5. Аквариум.
  6. Аяқталмаған сөйлем.
  7. Миға шабуыл.
  8. Шешімдер ағашы.
  9. Рольдік (іскерлік) ойындар.
  10. Пікірталас.
  11. Дебаттар

Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады:

- топтық оқыту;

- фронтальдық оқыту;

- ойын барысында оқыту;

- пікірталас барысында оқыту.

Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады. Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: «Микрофон», «Аяқталмаған сөйлем», «Миға шабуыл», «Оқи отырып, үйренемін». Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады. Пікірталасқа оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені пікірталас - даулы мәселені көпшілік алдында кенінен талқылау. Бұндай әдістерге «Ток-шоу», «Пресс» әдісі, «Бағытыңды таңда» әдістері жатады. Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс: - бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың интербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану;

-оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу;

-әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу;

-бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.

Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ сегіз кезеңнен тұрады:

  1. Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет.
  2. Мақсат қою. Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларға сабақтың мамақсатын қоюды үйретеді.
  3. Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді. Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Бұл сөз Сізге қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен ұғымдар байланысты?». Интербелсенді жаттығулар.

Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс.

  1. Жаңа өнім. Оқушылар игерген ақпараттың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындыларын жасауына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалады.
  2. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған әрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді. Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген блімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Рефлекция кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады:

-Не қатты ұнады?

-Нені үйрендіңдер?

-Келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады? - Бүгінгі сабақ бойынша қандай қандай қорытынды жасауға болады? Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта болған нәрсенің ең бастысын, жаңасын бөліп көрсетуге, бұл білімдердің қайда, қалай және қандай жағдайда қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі.

  1. Бағалау. Бұл интербелсенді режимде жұмысістейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп шығарады. Оқушыларжұысын өзіндік бағалауды да қолдануға болады.
  2. Үй тапсырмасы. Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіружәне т. б. Интербелсенді сабақта мұғалім оқушылар әрекетін сабақ мақсаттарына жетуге бағыттап отырады. Диалогқа қатысу тыңдай білуді ғана емес, ести білуді де, сөйлей білуді ғана емес, түсінікті бола білуді де талап етеді. Интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады. Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен мінез құндылықтарына төзімділікті тәрбиелеу мазыды. Интербелсенді оқытуды жұптық жұмыстан бастаған жөн. Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін тапсырма форма. Жұпта оқушылар бірін - бірі тексере алады, жаңа материалды бекіте, өтілген материалды қайталай алады.

Қазақ тілі сабақтарында төмендегі тапсырмалардың түрлерін пайдалануға болады:

Ауызша жұмыс. 1. «Интервью - таныстық» ойынын 3-сыныптағы алғашқы сабақтардың бірінде өткізген дұрыс. Әр оқушы өзінің парта бойынша көршісімен әңгімелеседі, содан соң ол жайлы бүкіл сыныпқа айтып береді (немен айналысқанды жақсы көреді, нені оқығанды жақсы көреді) . Ойын сыныптың портретін жасауға, оқушылардың коммуникативтік біліктерінің қалыптасқандық деңгейінің бастапқы диагностикасын өткізуге көмектеседі.

2. Ережені өзара тексеруді жүзеге асыру (ауызша сұрау) . Оқушы парта бойынша көршісіне ережені айтып береді, мысал келтіреді, оларды түсіндіреді. Содан соң оқушылар рөлдерін алмастырады, бірін-бірі бағалайды. Мұғалім кез келген жұптан сұрай алады.

Жазбаша жұмыс 1. «көршіге арналған сөздік диктант». Үйде балалар өткен ережеге сәйкес сөздік диктант құрастырады (жекелеген карточкаға) . Жоғарғы жағына «Құрастырған . . . » деп жазады. Содан соң оқушылар сабақта карточка алмасады, тапсырманы орындайды, төменге «Орындаған . . . » деп жазады. Күні бұрын мұғалім қанша сөз болуы керек екенін айтады.

2. Балаларға үйде орындау үшін шығармашылық сипаттағы тапсырма беріледі (эссе, шығарма, ертегі жазу) .

3. Сабақтың басында немесе аяғында сөздік диктанттарды, үйге берілген жаттығуларды өзара тексеруді ұйымдастыруға болады. Сабақтың алғашқы бес минутында дәптерде жіберілген қателердің ізімен өзара диктант өткізген дұрыс. Балаларға жұппен жұмыс істеген қатты ұнайтынын атап өткен жөн. Сонымен, интербелсенді оқытуды пайдалану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рольдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесе шешуді көздейді.

Әдебиеттер:

  1. Бесова, М. А. Познавательные игры для младших школьников от А до - Иркутск, 2004. - 272 с.
  2. Загурская, Е. Л. Использование активных форм и методов обучения в роботе с младшими школьниками - Мозырь, 2006. - 58 с.
  3. Кашлев, С. С. Интерактивные методы обучения педагогике. - Минск, 2004. Основные термины (генерируются автоматически) : мена.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ІЗДЕНУШІЛІК, ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы

Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Абдраманова Кундызай Жандарбековна

Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірінші - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі - көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», - деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. "Өткенге қарап басымызды иеміз, ертенге қарап білек сыбанамыз"демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты-баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жағарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп, қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілк деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші - оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге жүретін процес. Зерттеу, іздеу белсенділігі - баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. 1999 жылдан бастап, оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Жоба - латын тілінен аударғанда "алдын ала"деген ұғымды береді. Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Зерттеушілік оқыту - баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл - адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Осылайша, жобалау мен зерттеу басынан- ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше. А. И. Савенков "Жобалау мен зерттеу бағыттылығы мен мағынасы және іс - әрекетінің мазмұны бойынша әртүрлі", атап көрсетті. Дегенмен жобалар әдісі мен зерттеу әдістерінің негізіне мыналар жатады:

  • оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту;
  • ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі;
  • өз білімін өздігінен құрастыра алуы;
  • ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі;
  • сын тұрғысынан ойлай алуы;

Екі әдіс те оқушылардың өзіндік әрекетіне бағдарланған (дербес, топтық, жұптық), оны арнайы бөлінген уақыт аралығында (сабақтың бірнеше минуттарынан бастап бірнеше апталар мен тіпті айлар аралығында) орындайды. Жобалау технологиясы және зерттеушілік әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:

  • кіріктірілген білім мен оны шешудің зерттеушілік ізденісін талап ететін проблеманың болуы;
  • алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңыздылығы;
  • оқушының өзіндік әрекетін;
  • жобаның мазмұндық бөлігін оның кезеңдік нәтижелерін көрсете отырып құрылымдау;
  • зерттеу әдістерін қолдану, яғни проблеманы және одан туындайтын зерттеу әдістерін анықтау; зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат жинау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу; алынған өнімнің тұсауын кесу, талқылаулар мен қорытындылар.

Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі. Зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.

Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.

Зерттеу түрлері:

1) теориялық 2) фантастикалық 3) эксперимент

Теориялық - зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай- ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1- ші теориялық мазмұнын құрайды.

Фантастикалық - өмірде болмайтын фантастикалық құбылыстар мен заттар жөнінде.

Эксперименттік - өзіндік байқаулар мен эксперименттерді жүргізуді талап етеді. Балалар үшін ең қызықты эксперимент- нақты заттарға және олардың қасиеттеріне жасалған тәжірибелер. Оқушыларға әр түрлі тақырыпты беруге болады. Экспериментальді (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т. б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

1. Тақырыпты таңдау

Ғылыми зерттеу табыстылығының маңызды шарты- тақырыпты дұрыс таңдау. Тақырыпқы таңдау - біржолғы процесс емес және қиын өзіндік ізденістің нәтижесі болып табылады. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.

Зерттеу жұмысының басты шарты - оның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің мақсаты мен міндеттерін ұғыну қажет.

Мақсат - бұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі. Зерттеу мақсаты нақты және қол жетерлік болсын.

Міндеттер - қадамдарды, мақсатқа жету кезеңдерін көрсету болып саналады.

Жұмыстың өзектілігі - яғни бұл жұмыстың қазіргі кезеңіндегі проблемасы.

Болжам - логикалық дәлелденбеген, тәжірибемен нақтыланбаған алдын ала ойластырылмаған білім.

Қорытынды да болжамды дәлелдейтін жобаның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады, ұсыныстар беріледі.

Зерттеудің қол жетімді әдістері:

  1. дербес ойлау
  2. кітаптан оқып білу
  3. кино, теле фильмдерден білу
  4. интернет желісінен іздеп табу
  5. басқа адамдардан сұрап білеу
  6. байқау
  7. эксперимент жүргізу.

Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін», «Мен- жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынтынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен -зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай- ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті, оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырыпөзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы

Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Эртаева Мубарак Махулбаевна

ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде үлекн серпіліс жасалынды. Жаңа мыңжылдық білім беру процесін мүмкіндігінше кеңірек қарауды талап етеді. Әр адамды жаңа тез өзгермелі әлемде іс-істеуге, білім ала білуге, өмір сүре білуге, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған «білім берудің төрт тағаны».

Жас ұрпаққа бәсекеге қабілеттіәлемдік білім кеңістігінде білім беруді жүзеге асыру үшін қоғамға білімді, іскер, жаңашыл ұстаз-жаңа тұрпатты мұғалім қажет.

Жаңа тұрпатты мұғалім - бұл заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін, инновациялық технологияның қыры мен сырын меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан шығармашыл, интеллектуалды тұлға, білікті маман.

"Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқыту, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады" деген К. Д. Ушинский.

Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай 3 деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтадым. Бағдарлама жеті модуль бойынша жүргізіледі. Жеті модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Жеті модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Олар:

  • Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
  • Ақпараттық коммуникациялық технология
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану мүмкіндіктері
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары
Оқыту əдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сəйкестігі
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Бастауыш мектепте жаңартылған мазмұнында білім беруді жоспарлау әдістемесі
Бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының құрылымы
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz