Табиғи аумақтық кешендерді зерттеудегі локальді геожүйердегі ландшафтық әдістер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №10-11
ТАҚЫРЫБЫ: Табиғи аумақтық кешендерді зерттеудегі локальді геожүйердегі ландшафтық әдістер.

1. Локальді геожүйердегі ландшафтық әдістер қолдану түрлері.

XIX ғасырдың аяғында табиғи ортаны зерттеудегі жекелеген- жерді, табиғи байлықты, су және орман шаруашылығын зерттеу жұмысындағы мамандардың пайда болуы географиядан жекелеген маманардың бөлініп шығуына әсерін тигізді. Ерте заманнан келе жатқан бүтін география жойылды, сондықтан климатология, геоморфология, биогеография т.б. салалар бөлініп жатқанда онда география нені зерттейді деген сұрақтар туды. Осы уақыттағы географияның жағдайы туралы әр түрлі пікірлер , таластар пайда болды. Бірталай хорологиялық концепцияны бетке ұстаған ғалымдардың пікірі бойынша география жалпы жер бетіндегі заттардың орналасу заңдылықтарына мән бермей тек жазбаша сипаттаумен шектелуі тиіс деп есептеді. Бұл концепцияның көрнекті жақтасы неміс географы А.Г.Геттнер (1859-1941) еді. Кейбір ғалымдар, географтар географиялық ортаның материалдық мәдениеті, қоғам тарихына тіптен саясатқа қалай әсер ететінімен шұғылдану керек деп есептеді.
Осылай қиын уақытта Ресейде географиялық мектеп пайда болы. Оның негізін қалаушысы- В.В.Докучаев(1846-1903) Петербург университетінің профессоры, топырақ туралы ғылымның негізін қалаушы. Докучаевтың топыраққа көзқарасы географиялық: топырақ дегеніміз бүкіл географиялық компоненттердің, яғни аналық жыныстың, жылудың, ылғалдың, рельефтің және тірі организмдердің қарым-қатынасы негізінде пайда болған. Ол табиғи ландшафттың азығы және оның айнасы іспеттес. Сонымен, топырақ жамылғысы географиялық байланыстардың соңғы звеносы болып табылады.
1898 жылы Докучаев өлі мен тірі табиғи ортаның қарым-қатынасы, байланысы және олардың даму заңдылықтары туралы жаңа ғылыми идеяны дамытуға шешімге келді, бірақ бұд ойын іске асыра алмады. Дегенмен, Докучаевтың ізбасарлары оның идеяларында қазіргі жаңа география туралы түсінік бар екенін білді. Л.С.Берг Докучаевты ландшафттану ғылымының негізін қалаушы деп есептеді.
1898-1900 жылдары В.В.Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады, зоналық ілім дүние жүзілік заң ретінде, оның ықпалы тек қана табиғи процестер ғана емес , бүкіл жер бетіндегі процестерге , тіпті минералдық заттардың орналасуына да әсерін тигізеді деп қарады. Оның түсінігі бойынша зона- табиғи комплекстердің ең жоғарғы сатысы. Дегенмен Докучаев өзіне дейінгі ғалымдардың еңбектеріне сүйенсе болар еді, бірақ олардың ешқайсысы зоналықты дүние жүзілік заң ретінде қарамады. А.Гумбольдтің зонасы тек фитоклиматтық болды, яғни Гумбольдтің түсінуі бойынша климаттың әсері жердің беткі қабаты түгел топырақ жамылғысына да әсерін тигізбейді. 1884 жылы америкалық ғалым Х.Мерий АҚШ-тың зоналық бөлінуі туралы еңбегін шығарды, бірақ бұл биоклиматтық зоналар болды. Сонымен, Докучаев ең бірінші болып географиялық заңдылықты ашты.
Осы айтылғандармен Докучаевтың қазіргі географияға қосқан үлесі шектелмейді. Ол алғашқы болып практика жүзінде далалық ізденістерде комплекстік принципті қолдануды (1882-1886) Нижегород, (1888-1894) Полтава экспедициялары арқылы іске асырды. Осы экспедициялардың негізінде жаңа әдіс- стационарлық әдістің негізі қаланды. Докучаев ауыл шаруашылығына әсер ететін табиғи факторларды- су, ауа, топырақ пен өсімдік жамылғысы бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша біз оларды жеке-жеке ешқашан басқара алмаймыз, егер де оларды жүйе ретінде қарамасақ деген қағида айтты. Сонымен 20 ғасырдың басында географияға Докучаевтың табиғи зона концепциясы енді.
Бұл концепцияны, 1905 жылы Г.Н.Высоцкий зоналарды бір-бірінен бөлуге сандық критерийі- ауа ылғалдылығы көрсеткішін енгізіп, толықтырды(жауын-шашынның булануға қатынасы). Докучаевтың ілімін жалғастырушы ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде табиғи зоналардың шекаралары, картада орналасуы толық анықталып, соның нәтижесінде табиғи аудандастырудың синтезі жасалды. Осы уақыттан бастап ғылымға физгеографиялық аудандастыру деген термин енді. Аудандастырудың алғашқы қадамын 1897 жылы Г.И.Танфильев салалық схемадан комплекстік схемаға көшу арқылы көрсетті. Ол Ресейдің еуропалық бөлігін физнеографиялық облыстарға, зоналарға және округтерге жіктеді, бірақ бұл аудандастырудың толық емес схемасы еді.
1913 жылы Ресей бойынша алғашқы толық зоналық аудандастыру схемасын Л.С.Берг жасады, зоналар бірінші рет ландшафттық деп аталды. Осы уақытта еліміздің бірқатар территорияларында физгеографиялық аудандастыру жұмыстары жүргізіліп жатты. Докучаев бастаған аудандастырудың бір ерекшелігі- жекелеген территорияларда шаруашылыққа қажетті әр саладағы жұмыстарға мән беріле бастады. Мысалы, Г.Ф.Морозов пен Г.Н.Высоцкий жекелеген аудандардың зоналық системасын түпкілікті зерттеу нәтижесінде қандай жерлерде орман шаруашылығын қалыптастыруға жағдай қолайлы екенін зерттеді. Осындай түбегейлі аудандастыру мен географиялық ізденістер физгеографиялық дифференциация заңдылықтарының себебін шешуге бағытталды.
Кезінде В.В.Докучаев климаттың ендік бойынша өзгеруіне байланысты жер бетінің провинциальдық ерекшеліктері бар екенін айтқан еді. Бертін келе провинциальдық заңдылықтарға Г.Н.Высоцкий, Л.И.Прасолов назар аударды. Бірқатар ғалымдар физгеографиялық дифференциацияның факторы ретінде геологиялық негізге, рельефке, тіпті микрооельефке байланысты локалдық топырақ пен өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне көңіл бөлді, ал таулы аймақтарда биіктік белдеу өзгеруіне байланысты. Осындай әр жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
Ландшафт компоненттері арасындағы байланыс
Ландшафттарды зерттеудегі геожүйелік - бассейндік тәсілдің дамуының негізгі кезеңдері
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихы
Шарын өзені алабының климаттық ерекшеліктері
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негіздерін айқын анықтау
Пәндер