Білімге академиялық еркіндік қажет


ОСӨЖ-2
Білімге академиялық еркіндік қажет
29. 09. 2019
Елімізде қазіргі заман талабына сай білім беретін оқу орындарының қатары күн санап артып келеді. Соның бірі - КИМЭП университеті Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультеті. Осы ретте факультет директоры, PhD докторы, профессор Жұлдыз Смағұловамен тілдесіп, оқу орнының стандарттары, білімгерлерге жасалған мүмкіндіктер туралы сұраған едік, - деп жазады республикалық “АНА ТІЛІ” газетінің сайты
- Әңгімемізді Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің тарихынан бастасақ. Қай жылы, қандай мақсатта ашылған? Осыған дейін қанша түлек тамамдады?
- Біздің факультет 2018 жылы ашылған. Оған дейін Тілдер Орталығы болды. Ол КИМЭП университеті ашылған күннен бері жұмыс істеп келеді. Осы орталық факультет болып қайта құрылды, қызмет аясын кеңітті десек те болады. Ашылу мақсаты - Қазақстанның білім кеңістігін жаңа кадрлармен толықтыру. Білім саласындағы бәсекеге қабілетті, жаңа технологияны жетік меңгерген, шетелге шықпай-ақ өз елімізде оқып, батыстық біліммен қаруланған жас мамандарды даярлау.
- Бүгінде нарықта білім беретін мекемелер көп. Сіз басқарып отырған факультет несімен өзгеше? Жаңалығы, артықшылығы неде?
- Біздің факультеттің ағылшынша атауы - College of Humanities and Education. Соған қарап, адамдар оны колледж деп ойлап қалады. Бұл жерде бір мәселені түсіндіріп кеткенді жөн көріп отырмын. Колледждің мәртебесі кәсіптік білім беретін колледждерден жоғары. Батыстық білім беру жүйесінде колледждер - факультет немесе институт дегенді білдіреді. Демек, бұл колледж КИМЭП университетінің бір факультеті. Түлектеріміз университеттің бакалавр дипломын алып шығады. Артықшылығы мен өзіндік ерекшелігіне келетін болсақ, оқу тілі - ағылшынша. Біз білімгерлерге жаңаша мазмұндағы заманауи, элиталық білім беруге тырысамыз. Оқыту барысында батыстық озық оқулықтар мен соңғы оқу құралдарын, жаңаша технологияны, әдістерді қолданамыз. Мысалы, грамматика тақырыбын өткенде «сөйлемде бастауыш, баяндауыш және толықтауыш бар» деп сөйлем мүшелерімен шектелмей, тілдің ерекшеліктеріне, мимен, ойлану процесімен байланысына, неге сөйлем дәл солай құрылатынына да назар аударамыз. Оқытушыларымыз тек дәріс оқумен шектеліп қалмай, теорияны тәжірибе жүзінде сынап, бекітеді. Білімгерлеріміз түрлі жобалар жасап, командамен жұмыс істеуге колледж қабырғасынан бейімделеді. Мысалы, Тіл білімінің негіздері курсының соңында студенттер «Тақтар ойыны» фильміндегі Дотрак тілі сынды жасанды тіл жасап шығуы керек. Әдебиет пәндерінде тек шетелдік шоқтығы биік әдебиет және мәдениет туындыларының шежіресімен ғана танысып қоймай, оның жазылуының саяси, әлеуметтік, мәдени мәнін де қарастырады. Одан бөлек, риторика, креативті жазу, сценарий жазу шеберлігі сынды элективті курстар бар. Көпшілік гуманитарлық сала мамандарын нақты ғылыммен айналыспайтын, қиялға берілген адамдар деп ойлайды. Ал шынында, дәл осы сала мамандары тіл, ойлау, коммуникация, білім үдерісі, адами қарым-қатынас, мәдениет тарихы сынды күрделі тақырыптарды сараптап-талдай алады. Себебі лингвистика - жүйелі және аналитикалық ойлауды қажет ететін нақты ғылым. Қорыта айтқанда, бізді бітірген түлек лингвист, әдебиеттанушы, тарихшы, редактор, аудармашы, әдіскер болып шығады. Аудармадан басқа көптеген салада жұмыс істей алады. Бұл - жалпыға бірдей білім беру талаптарына сай.
- Білім алушыларға қандай жағдай жасалған?
- Жалпы КИМЭП университетінде студенттерге қажетті барлық жағдай бар. Университет солтүстік америкалық кредиттік жүйемен оқытады. Студенттер сабақ кестесін өз ыңғайларына қарай жасап алады. Элективті пәндерді өздері таңдайды. Тіпті оқытушыны таңдау да - өз құқығы. Әр семестр басында бір апта бойы таңдаған пәніне, қалаған оқытушының сабағына қатысып көреді. Егер оның әдіс-тәсілдері, беріп жатқан дәрісі ұнамаса, басқа пәнді, басқа ұстазды таңдай алады. Әрине, оқытушы жайлы пікірді өз араларында, түрлі форумдарда ашық талқылау, пікір білдіру де көмекші рөл атқарады. Сосын грант пен жеңілдіктер жүйесі өте икемді. Оқу барысында үздік нәтиже көрсетіп, білімділігін дәлелдей алған студенттің университеттің қаржылық қолдау комитетінің грантын иеленіп, тегін оқуға немесе жеңілдік алуына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар бір үйден екі бала оқитын болса, оларға да жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ студент басқа факультеттен қосымша мамандық (minor) ала алады немесе біздің факультетте оқып жүріп, екі мамандық алып шығуына да (double major) болады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шетелдік оқу орындарында білім алу да қарастырылған. Қазір шетелдік студенттер көп. КИМЭП университетінің тағы бір ерекшелігі - басқа жоғары оқу орындарында оқу процесі екі семестрден тұрса, бізде төрт семестрге құрылған. Сонда төрт жылдық бакалавриатты 3-3, 5 жылда бітіріп кете алады. Жалпы біз шәкірттерді білім алушы тұлға деп тар шеңберде қарастырмаймыз. Олар студенттер үкіметіне мүше болу арқылы оқу ақысы, көлік тұрағы, асхана мәселесі сынды барлық әкімшілік шараларға пікір білдіріп, өзгертуге, сөйтіп, оқу орнын барынша қолайлы әрі сапалы етуге атсалысатын белсенді тұлға. Бұл ретте КИМЭП демократия 100% сақталатын жоғары оқу орны деп сеніммен айта аламыз. Білімгер барлық арыз-шағымын президентке, вице-президентке, деканға еш кедергісіз, ашық білдіре алады.
- Оқытушылары кімдер? Олардың студентпен қарым-қатынасындағы бірінші құндылық қандай?
- Ұстаздардың жетпіс бес пайызы шетелдік оқытушы профессорлар, қалғаны шетелде білім алып келген, ағылшын тілінде еркін сөйлейтін мамандар. Олар Гарвард, Нью-Йорк, Гонконг, Блумингтон, Манчестер, Солтүстік Каролина университеттері, Лондондағы патша колледжі сынды әлемдегі ең озық оқу орындарында тәлім алған. «Болашақ» бағдарламасының түлектері де көп. Бір сөзбен айтқанда, өз ісінің нағыз кәсіби мамандары. Мысалы, оқытушымыздың бірі - ақын әрі сценарист. Тағы бір профессорымыз деректі фильм түсірумен айналысады. Қарап отырсақ, біздің факультет ұстаздары он екі тілде сөйлейді екен. Сол себепті студент екінші тіл
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz