Бауырдың жайылмалы аурулары


Бауырдың жайылмалы аурулары.
- Созылмалы гепатит дегеніміз не?
Созылмалы гепатит- бауырдың 6 айдан артық созылатын полиэтиологиялық диффузды қабыну ауруы.
- Созылмалы гепатиттің қандай түрлері бар?
Осы кездегі белгілі спецификалық гепатотропты А, В, С, Д, Е, Ғ, G вирустардың, ең кемінде төртеуі- В, С, Д, G вирустарымен дамыған жедел гепатиттің созылмалыға ауысатыны дәлелденген.
- Созылмалы гепатитті дамытатын вирустар қандай жолдармен жұғады?парентеральдік, әсіресе қанның немесе қан компаненттерінің трансфузиясы арқылы, 85-95% посттранфузиялық гепатиттің негізгі себебі-НСV; жыныс қатынасы; плацента арқылы (анадан ұрыққа) .
Соңғы кезде кең тараған наркомания, гомосексуализм, созылмалы гемодиализ және қан құюды қажет ететін аурулар (гемофилия) вирустарды жұқтыруды көбейтті.
- Гепатиттерге қысқаша сипаттама бер.
Жедел В гепатиттің 5-10/ созылмалыға ауысады, өлім саны 5/. Жедел фазасында бұл гепатит антивирустық емге берілмейді. ДДҰ мәліметтері бойынша, жер бетінде НВV тасмалдаушыларының саны -300 000 000-ға жуық.
Жедел С гепатиттің 80% созылмалыға ауысады, одан болатын өлімнің саны 15%, ал тасмалдаушылардың саны- 500 000 000 шамасында.
Д (дельта вирус) -НДV, НДV - мен жұптасатын суперинфекция, яғни коинфекция ретінде жүретін вирус. НВV - ға дельта вирус жұптасқанда жедел гепатиттің өлім саны 20% жоғарылайды, ал 80% созыдмалыға ауысады, сауыққандар саны 3-5% құрайды.
НЕV - Оңтүстікте, орта азияда кең тараған вирус, НАV тәрізді нәжіс немесе сілекей арқылы жұғады, бірақ А гепатитке қарағанда Е гепатиттің барысы ауыр, өлім саны 30% шамасында, созылмалыға ауыспайды.
НVG- көбіне коинфекция ретінде НСV -мен немесе НВV -мен жұптасып жүреді, бірақ жеке гепатиттің созылмалыға немесе циррозға, болмаса ракқа айналуы дәлелденген.
- Созылмалы гепатиттердің жіктемесін кесте түрінде көрсет.
- Созылмалы В гепатит
- Репликациялық фаза(НвеАg-позитивті созылмалы гепатит. Серологиялық маркерлері: НвеАg НВсАвІgМ рге-S антигендер;
ДНК ка полимераза НВV - ДНК
- Интеграциялық фаза(НвеАg-неготивті созылмалы гепатит) . Серологиялық маркерлері:НвsАg НВсАвG HbeAb
3. НвеАg-неготивті созылмалы гепатит(вирустық репликациялық қасиеті сақталған-мутантты НВVе (-) вариант) . Серологиялық маркерлері: ДНК ка полимераза ДНК- НВV, НВсАвІgМ рге-S антигендер.
Активтілігі минимальды созылмалы гепатит.
Активтілігі болмашы созылмалы гепатит .
Активтілігі орташа созылмалы гепатит
Ауыр созылмалы гепати
Фиброз жоқ
Болмашы фиброз.
Орташа фиброз
Айқын фиброз
Бауыр циррозы
- Созылмалы С гепатит
- Созылмалы G гепатит
- Аутоиммунды гепатит 1 тип
2-тип
3-тип
Ядролық антигендерге немесе тегіс салалы бұлшық етке антиденелер
Бауырмен бүйректің бірінші типті микросомаларына (р-450 11 Д6 цитохромаға) антиденелер
Бауырдың еритін антигендеріне антиденелер
- Дәрмектік
- Криптогендік
- Созылмалы гепатиттің патогенезі қандай?
Созылмалы гепатитті дамытатын вирустардың биологиялық циклы репликациялық және репликациялық емес (индукциялық) фазалардан тұрады.
Вирустық гепатиттердің ішінде толығырақ зерттелгені - В гепатит.
НВV - ДНК лы вирус, оның нуклеокапсидінің ішінде ДНКмен бірге жаңа вирустардың синтезін қамтамасыз ететін ДНК ка полимеразасы болады. Сарысуда бұған қарсы антиденелер ғана анықталады: репликация кезінде - НВсІgМ, ал индукция кезінде-НВсІgG.
Репликация кезінде, вирустар Рге-S белоктардың көмегімен гепатоциттердің бетіне жабысып, ішіне енеді. Еңген вирустардың нуклеокапсиді гепатоциттің ядросына өтіп оның ДНК сын матрица ретінде пайдалана отырып, өзінің ДНКка полимеразасының көмегімен вирустардың ядроларын синтездейді, яғни көптеген жаңа нуклеокапсидтерді түзеді. Жасалынған нуклеокапсидтер ядродан шығып гепатоциттердің цитоплазмасында сыртқы қабығын түзеді. Сонымен, вирустың толық жасалуы гепатоциттер ядросының сыртында аяқталады.
НВV репликациясының иммундық маркерлері:
- қандағы- НвеАg, НВс АвІgМ, НВV ДНК полимераза, рге-S антигендер;
- НВV ДНКның қандағы -200нг\л артық концентрациясы;
- биоптатта- гепатоциттерде НВсАg және НВV -ДНК анықталуы.
Аталған маркерлер бауырда толық вирустың болуының және оның репликациясының куәгері. С және Д вирустарымен салыстырғанда, Ввирус гепатоциттерге тікелей цитопатогендік әсер етпейді.
НВV инфекцияда бауырға зақым келтіретін- иммундық жүйе, лимфоциттердің вирустың антигендеріне қарсы цитотоксикалық әрекеті. Цитотоксикалық әрекеттен вирустық антигендер енген гепатоциттер қырылады. Осыдан бауырда некроз ошақтары және лимфоидтық-гистиоциттік инфильтрация пайда болады. Некроздың «саты», «көпір» тәрізді және мультилобулярлық түрін айырады.
Некрозбен қабыну портальді аймақтардан басталып, бауыр бөлшегінің ортасына қарай біртіндеп таралады. Бөлшектерге таралған осы процесс бауыр циррозына әкеліп соқтыруы ықтимал.
Вжәне С вирустардың репликациясы тек бауырда емес, бауырдан тыс жасушаларда, мәселен бүйрек, жүрек, өкпе тамырларының эндотелийінде, асқазанмен ішектің фибробластарында және моноциттерде, лимфоциттерде жүреді.
Вирус енген лимфоциттердің және моноциттердің иммундық қырағылық қасиеті төмендейді. Осыдан иммундық жүйенің «қолы жетпейтін зоналарда» вирустардың көбеюіне мүмкіндік пайда болады. Иммундық жүйенің осындай бұзылыстары және вирус геномының тез мутациялауы вирустардың организмде үнемі сақталуына және патологиялық процесстің созылмалыға ауысуына септігін тигізеді. Сонымен, созылмалы гепатит иммундық жүйенің вирустарымен әрекеттескен кезінде, иммундық реакцияның жетіспеушілігімен дамиды.
Интеграциялық фазада қанда тек НВS Аg және НВсАg қарсы антиденелер анықталады, қалған антигендер жойылады. Бауырдың инфильтрациясы азаяды, активтілік басылады, некроз тоқтайды, тек портальдік жолдардың склерозы қалады, ал сау қалған паренхиманың регенерациясы НвsAg синтезін жалғастырумен жүреді.
- Созылмалы гепатиттің клиникалық көріністері қандай?
Созылмалы гепатиттің барлық түрлерінің көрінісіне тән синдромдар:
- Астено-вегетативтік синдром- әлсіздік, шаршағыштық, терлегіштік, ұйқының бұзылысы. Оның даму себептері:
- Қабынудан, паренхиманың ыдырауынан бөлінетін заттардың қанға сіңуі (эндогендік ксенобиотиктермен улану) . Бұл заттар гемодезбен адсорбциялап шығаруға келмейді, шамалы мөлшерде бүректен секреция арқылы бөлінеді. Детоксикация мақсатымен альбуминді, плазманы және олардың тотықтануын күшейту үшін глюкозаны, аскарбин қышқылын еңгізеді;
- Бауыр жасушаларының шамасыздығынан ксенобиотиктердің гепатоциттермен ұсталынып бейтараптанбауы және альбуминнің азаюы. Альбуминнің аздығында ксенобиотиктердің улық әсері жоғарлайды;
- Тамақ қортылуының бұзылысы, осыған байланысты эндогендік және экзогендік ксенобиотиктердің көбеюі, мәселен микрофлораның контаминациясында.
- Оң қабырғалықтың ауырсынуы (бауыр капсуласының керілуінен) .
Ауырсыну тамақ ішуге тәуелсіз, көбіне дене қимылына байланысты- жүргенде, жүк көтергенде күшейеді. Пальпациялағанда бауыр шетінің ауырсынуы тән.
- Диспепсиялық бұзылыстар: тәбеттің төмендеуі және сарғайғанда өттің тапшылығынан, майлы тағамның жақпауы.
- Гепатомегалия. Оның себептері:
- Қабынуға байланысты бауырдың ісінуімен инфильтрациясы;
- Гепатоциттерде майдың жиналуынан бауырдың ұлғаюы.
Некроздық процесс басым болса, бауырдың көлемі кішірейеді. Бауыр неғұрлым кішкене болса, патологиялық процесс соғұрлым ауыр болғаны. Гепатитте бауырдың шеті мен беті тегіс, консистенциясы серпімді және қол тигізгенде шамалы ауырсынады. Емдегенде бауыр тез кішіреумейді, кішіреюі 6 айдан ерте байқалмайды, ал оның 1 айда тез кішіреюі нашар белгіге жатады, яғни цирроз дамуын көрсетеді.
- Талақтың ұлғаюы. Спленомегалия, негізінде, созылмалы гепатиттің тек аутоиммундық түрінде байқалады. Аутоиммундық гепатитте цирроз болмағанның өзінде спленомегалия болады. Гепатиттің басқа түрлеріндегі спленомегалия портальдік гипертензияның, яғни бауыр циррозы дамуының белгісі болып табылады.
- Геморрагиялық синдром. Оның себептері:
- Бауыр жасушаларының шамасыздығынан қан ұю фактроларының тапшылығы; содан гепатиттердің активті фазасында қан талау дақтары, кілегей қабықтардан қан кету, тротромбин деңгейінің төмендеуі байқалады;
- Спленомегалия болғанда гиперспленизмге байланысты тромбоцитопения (қан анализінде тромбоцитопения анықталады) ;
- Иммундық комплекстік васкулит дамуы (гепатиттің бауырдан тыс зақымдануының біріне жататын) . Васкулиттің көрінісі сәл төмпек петихиялық, эритемалық бөрітпелермен білінеді, протромбиннің деңгейімен тромбоциттердің саны қалыпты болады.
- Сарғаю синдромы. Гепатитте билирубиннің коньюгацияланған және коньюгацияланбаған фракцияларының екеуіде көбейеді. Гипербилирубинемияның себептер- билирубиннің гепатоциттермен ұсталуымен байланыстырылуының жасушадан бөлінуінің бұзылысы және билирубиннің синусоидтарға регургитациясы. Теінің сарғаюымен қатар нәжіс ақшылданады, зәрдің түсі қоңырланады. Билирубин деңгейі 50мм\моль жеткен кезде терімен кілегей жамылғылардың сарғандығы көзге көрінеді.
- Холестаз синдромы. Даму себептері- гепатоциттердің «өт түзетін аппараттарының» тегіс эндоплазмалық ретикуломының бұзылыстары және өт капиллярлар (каналикулалар қабырғаларының) өткізгіштігі артуы. Каналикулалар өткізгіштігінің артуынан өт қойылады, жасушалардан белок өтке түседі (альбуминохолия) осыдан өт тромбтары түзіледі. Өт түзілісінің бұзылысымен бірге оның ағып шығуыда бөгеледі. Холестаздың белгілері: дененің қышынуы, терінің пигментациясы, қанда өт компаненттерінің көбеюі- холестириннің фосфолипидтердің, в-липопротеидтердің, билирубиннің, өт қышқылдарының және холестаздың басты маркерлері болып табылатын ферменттер деңгейінің биіктеуі- сілтілі фосфатазаның, гамма , 5- нуклетидазаның, .
- Цитолиз синдромы- бауыр жасушалары цитоплазмасының сорганоидтарының зақымдануынан немесе гепатоциттердің некрозынан жасушаішілік ферменттердің қанға өтуінен болады. Цитолиз синдромы патологиялық процестің активтілік дәрежесін көрсететін басты синдром. Оның болуын анықтау үшін цитолиздің ьиндикаторлық ферменттерін зерттейді:АсАТ, АлАТ, ГДТ, ЛДГ.
- Мезенхималық қабыну синдромы- бұл синдром бауырдан тыс ағзалармен тіндердің иммундық комплекстік механизммен қабынуынан болады.
- Созылмалы вирустық гепатиттің емі қандай?
Гепатиттің барлық түрлерінде жасалатын базистік ем- бауырға зиян келтіретін ықпалдарға жол бермеу.
Базистік ем шаралары қандай?
- Бауырға уытты әсер ететін дәрмектерді тоқтату;
- Улы заттармен (пеститицидтермен фосфор туындыларымен т. б. ) жанасуды дер кезінде тоқтату;
- Алкогольдік ішімдікті доғару, әсіресе С гепатитте;
- Инсоляциядан, ваксинациядан, қыздырынудан сақтану (саунада жуынудан бас тарту;
- Ауыр дене қызметімен шұғылданбау (бұлшық еттен бөлінетін пирожүзім, сүт қышқылдары гепатоциттерде залалсызданады,
- Диетотерапия. Бауыр ауруларында берілетін №5 диета. Витаминдер жеткілікті болуы тиіс. Бұл кезде бауыр ауруларында майдың мөлшерін оншалықты шектемейді- тәулігіне берілетін майдың мөлшері 100г (50г өсімдік, 50г мал майы) . Майды аса шектесе, бауырдың регенерациясы тежеледі және майға еритін витаминдердің тапшылығы пайда болады. Майдың мөлшері тек сарғайғанда шектеледі. Белоктың мөлшері тәулігіне 120 г (ет, тауық, жұмыртқа, сүзбе түрінде), Көмірсулар 50г шамасында болуы керек. Тиым салынатын тағамдар: шұжықтар, сосиски, капуста (құрамында күкірттің эфирлік майлардың молдығынан және шіру-ашу процесін қоздыруынан ) ысталған немесе консервант қосылған тағамдар.
- Ішектік детоксикация. Оны ішек бойында ас қорытылу процесі бұзылғанда қолданады. Бұл емнің басты мақсаты- ішекте шіру, ашу процестерін тежеу арқылы бауырға ксенобиотиктердің түсуін азайту. Ол үшін ащы ішекте микробтық контаминацияны (шамадан тыс өнуін) және тоқ ішекте дизбактериозды жою мақсатымен 5-7 күн антибактериялық дәрмектердің біреуін ішкізеді, содан кейін 3-4 апта пробиотиктер беріледі (бификол, лактобактерин, бифудумбактерин, линекс) антибактериялық дәрмектердің ішектен сіңбейтін және бауырға улық әсер етпейтін түрлерін таңдайды:Аминоглюкозидтік антибиотиктер (стрептомицин, мономицин, кономицин) 0, 5г суға ерітіп, күніне 4 рет тамақ алдында ішкізеді; Фталазол, сульгин 0, 5 г 4 рет; Эрцефурил 1 капсуладан 3 рет; Интетрикс 1 капсуладан 4 рет.
Пробиотиктерді берген кезде, асқортылуын жақсарту үшін, ферменттік дәрмектерді ішкізеді. Өт қышқылдары гепатоциттерді зақымдау мүмкіндігінен, құрамында өт қышқылы жоқ ферменттік дәрмектерді қолданады.
- Тотықтырғыш заттар (глюкоза 5% ертіндісі 500мл + аскорбин қышқылы) ; аскорбин қышқылының өзге дәрмектерді бұзатындығынан онымен бірге басқа дәрмектерді қосып салмайды;
- Сұйық сорбент- гемодез 200-400мл аптасына 2-3 рет, арасына 2 күн салып; гемодез қанда 2 сағат жүріп бүйректен бөлінеді (қандағы сілтілі фосфатазаны, трансаминазаларды алып шықпайды) ;
- Лактулоза (нормазе) 30-40 мл күніне 1-2 рет ішуге беріледі;
- Реамберин 200-400мл вена ішіне тамшылатып 2-10 күн (мембрананың төзілділігін арттырады, антигипоксиялық, антиоксиданттық әсер етеді, гепатоциттердің регенерациясын күшейтеді. )
- Вирусқа қарсы ем және оның мақсаттары қандай?
- Вирустың элеминациясын күшейту және репликациясын тоқтату;
- қабыну активтілігін жою, ең болмағанда төмендету;
- созылмалы гепатиттің өрістеуіне, оның циррозға немесе гепатокарциномаға айналуына жол бермеу. НВV созылмалы гепатиттің вирусқа қарсы емі қандай?
Интерферонның альтернативасы- вирусқа қарсы нуклеозидтік дәрмектер (ламивудин, зеффикс, эпивир, рибаверин) . Бұлар вирустардың ДНК -сына немесе РНК- сына еніп, репликациясын тоқтатады, вирустың сау гепатоциттерге енуіне жол бермейді.
- НВV созылмалы гепатиттің емінде интерферонды қолдану жобасына кесте құр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz