Сиыр желінсауының эпидемиологиялың мәні
Сүтті ірі қара шаруашылықтарына едәуір зиян келтіретін аурулардың бірі . сиырдың желінсау (мастит) ауруы. Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруынық әсерінен кейбір шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы . сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады. Ол аурудын, белгілері сипатына қарай білінбей (суб.клиникалық) немесе ұйыма түрде (серозды), катаральды, фибринозды, іріңді, геморралогиялық қабыну түрінде етіп, малды өлім.жітімге ұшыратуы да мүмкін.
Әсіресе клиникалық белгісінің байқалмауынан және оны ажыратудың қиынға соғуына байланысты субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады. Өйткені, субклиникалық желінсаумен ауырған сиырдың сүтін пайдалану адамның немесе жас бұзаулардың денсаулығына да зиянды болады. Мұндай жағдайда, желінсаудың бұл түрінде сүттің түсі әдеттегі сүттен айырмасы болмайды, бірақ оның құрамында патогенді (патогенный) немесе токсигенді микрофлора болады. Ол адам мен жануарлар үшін де зиянды.
Сүттің құрамына желінсаумен ауырған сиырдың сүті сәл араласқанның өзінде (10%) одан жоғары сапалы сүт тағамдарын әзірлеуге мүмкіндік болмайды.
Міне, осыған байланысты желінсау ауруының пайда болуы, оның таралуы, қандай ауру екенін ажыратып оны емдеуде ғылым мен тәжірибеде қолданылып жүрген тәсілдерден хабардар болу әрбір шаруашылық басшысының, зоотехникалық.мал дәрігерлік мамандық иелерінің, сондай.ақ сүт комплекстерінде істейтін жұмыскерлердің тікелей міндеті деуге болады. Олар желінсау ауруына қарсы күрес шараларын күшейте отырып сүт өндіруді арттырумен бірге, оның тағамдық және санитарлық сапасын да арттыруға қол жеткізеді.
Көпшілікке ұсынылып отырған бұл еңбектен сиырдың желінсау

Сүтті ірі қара шаруашылықтарына едәуір зиян келтіретін аурулардың бірі -
сиырдың желінсау (мастит) ауруы. Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі
кесел. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті
суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруынық әсерінен кейбір
шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы -
сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады. Ол аурудын, белгілері
сипатына қарай білінбей (суб-клиникалық) немесе ұйыма түрде (серозды),
катаральды, фибринозды, іріңді, геморралогиялық қабыну түрінде етіп, малды
өлім-жітімге ұшыратуы да мүмкін.
Әсіресе клиникалық белгісінің байқалмауынан және оны ажыратудың қиынға
соғуына байланысты субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады.
Өйткені, субклиникалық желінсаумен ауырған сиырдың сүтін пайдалану адамның
немесе жас бұзаулардың денсаулығына да зиянды болады. Мұндай жағдайда,
желінсаудың бұл түрінде сүттің түсі әдеттегі сүттен айырмасы болмайды,
бірақ оның құрамында патогенді (патогенный) немесе токсигенді микрофлора
болады. Ол адам мен жануарлар үшін де зиянды.
Сүттің құрамына желінсаумен ауырған сиырдың сүті сәл араласқанның
өзінде (10%) одан жоғары сапалы сүт тағамдарын әзірлеуге мүмкіндік
болмайды.
Міне, осыған байланысты желінсау ауруының пайда болуы, оның таралуы,
қандай ауру екенін ажыратып оны емдеуде ғылым мен тәжірибеде қолданылып
жүрген тәсілдерден хабардар болу әрбір шаруашылық басшысының, зоотехникалық-
мал дәрігерлік мамандық иелерінің, сондай-ақ сүт комплекстерінде істейтін
жұмыскерлердің тікелей міндеті деуге болады. Олар желінсау ауруына қарсы
күрес шараларын күшейте отырып сүт өндіруді арттырумен бірге, оның тағамдық
және санитарлық сапасын да арттыруға қол жеткізеді.
Көпшілікке ұсынылып отырған бұл еңбектен сиырдың желінсау ауруының
негізгі проблемалары: оның таралуы, экономикалық зияны, эпидемиологиялық
маңызы, түрі, клиникалық пайда болуы, аурудың бұл түрін ажырата білудің
тәсілдері, емдеу және алдын ала сақтану шаралары жөнінде жан-жақты мағлұмат
алуға болады.
Сүт комплекстеріндегі сиырдың желінсау ауруы және оған қарсы
жүргізілетін сақтандыру шаралары
Ғылым мен техниканың қарышты дамуына байланысты соңғы жылдарда ауыл
шаруашылығында, әсіресе мал шаруашылығы комплекстерінде жұмыс процестерін
автоматтандыру мен комплексті механикаландыру кеңінен жүзеге асырылуда,
малдың шоғырлануы өсе түсуде. Бірнеше мыңдаған малды бір жерге топтастырып
бағу оларда жұқпалы аурулардың тарауына бірден бір себепкер болады.
Сондықтан да онда зоотехникалық-мал дәрігерлік шараларды мұқият жүргізудің
маңызы зор.
Соңғы жылдарда барлық елдерде сүт өндірісінің шұғыл өркендеуіне,
сиырларды белгілі бір алаңдарда бағып-күтудің ерекшеліктеріне байланысты
желінсау ауруы да жиі байқала бастады. Мәселен, Парижде өткен бүкіл
дүниежүзілік халықаралық эпизоотикалық бюроның Бас сессиясында атап
көрсетілгендей, дамыған елдерде сиырлардың желінсау ауруына ұшырауы орта
есеппен 17-20% болады екен. Кейбір жекелеген елдерде ол 10,5-тен 81,6
процентке дейін ауытқып отырады.
Біздің елімізде мал фермалары мен комплекстерінде жұқпалы ауруларға
қарсы зоотехникалық-мал дәрігерлік шаралар табанды түрде жүргізілуде. Соған
қарамастан, алдын алу, емдеу шаралары талапқа сай жүргізілмеген жерлерде
жұқпалы аурулар кездесіп қалуы мүмкін.
Агроөнеркәсіптік комитетінің мал дәрігерлігі жөніндегі Бас
басқармасының мәліметі бойынша желінсаудың клиникалық белгілері жыл сайын
жалпы ауру малдың 8,5 процентінде кездеседі. Ол сүт сауудың жалпы
көрсеткіштеріне де біраз әсер етеді (әр сиырға есептегенде 150 литр сүт кем
алынады).
Желінсаудың салдарынан көп жағдайда сиырлардың мезгілінен бұрын бракқа
шығып, өнім беру мерзімі екі жарым жылға қысқарады. Сол себептен де осы
уақыт ішінде орта есеппен әр сиырдан сауылатын 5-6 мың кг сүт алынбай
қалады. Егер бұған желінсаумен ауырған сиыр сүтінің тағамдық сапасының
төмендейтінін, сиырдың бұзауын жарытпай, кейде тіптен соның салдарынан жас
төлдердің шығын болатынын қоссақ, бұл аурудан келетін экономикалық зиянның
едәуір болатынын есептеп шығару қиын емес.
А. И. Ивашура өзінің зерттеу жұмыстарының қорытындысына сүйене отырып
мынандай шешімге келеді: субклиникалық желінсаумен сиыр желінінің төрттен
бір бөлігі зақымданғанның өзінде әрбір ауру сиырдан орта есеппен сүт 10-15
% кем алынады екен.
Біз тәжірибе жүргізген республика шаруашылықтарының бірқатарында,
мәселен Алматы және Шымкент облыстарының сауын сиыр комплекстерінде осы
аурудың белгілері бар екендігі анықталды.
Демек, сүтті ірі қара шаруашылығындағы ең көп тараған аурулардың бірі -
сиыр желінсауы. Желінсау - сүт бездерін қабындырады. Ол білінбей
(субклиникалық) немесе серозды, катаральды, фибринозды, іріңді,
геморрагиялық қабыну түрінде өтетін ауру. Желінсау кей жағдайда асқына келе
сиырды өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін.
Әсіресе субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады. Мұндайда
аурудың сыртқы белгісі байқала қоймайды, сондықтан да оған диагноз қою да
қиынға түседі. Желінсаудың мұндай формасында сауылған сүттің түсі мен
дәмінде ешқандай айырмашылық байқалмағанымен, онда адам мен мал организміне
зиянды патогенді немесе улы микрофлоралар кездесуі мүмкін.
Желінсаумен ауырған сиыр сүтінің шамалы бөлігінің (10 процент) өзі-ақ
сүтттен әзірленетін тағамның сапасын төмендетеді. Сондықтан да желінсаудың
пайда болуы, таралуы, диагноз қою және сақтық шаралары жөніндегі ғылым мен
практика жетістіктерін насихаттау шаруашылық басшыларының, мал мамандары
мен сүт комплекстерінде жұмыс істейтіндердің бұл зиянды індетпен күрес
шараларын жақсартуына, сүт өндіруді барынша арттырып, оның тағамдық және
санитарлық сапасын жақсартуына айырықша мән беру керек.
Ежелден-ақ төрт түлік мал өсіріп келе жатқан қазақ халқы сиырдың
желінсау ауруының жай-жапсарын жақсы білген. Оны емдеудің қарапайым
әдістерін күнделікті тұрмыста қолданған. Оны болдырмаудың шараларын алдын
ала жүргізген. Ал сауын сиырлардың бір жерге шоғырлануы бұл ауруға қарсы
күрес шараларын басқаша жүргізуді талап етеді.
Сиырдың тым тығыз орналасуы, күтіп-бағу жағдайының қолайсыздығы, әр
түрлі желін жарақаттары, сүтті сиырларды сауымыыан тым кеш сауу -
желінсаудың өршуіне себепші болады.
Сиыр желінсауының эпидемиологиялың мәні
Желінсау, әсіресе оның жасырын формасы өте зиянды. Өйткені
субклиникалық желінсауға шалдыққан сиырлардың 50 проценттейі сүтпен бірге
патогенді кокк микроорганизмдерін бөледі (Қ. Соколова, Н. Сашкова, 1976).
Мұндай сиырдың сүті мен сүт өнімдерін пайдаланған жағдайда адамдарға әр
түрлі аурулар - стафилококктар, стрептококктар, ішек таяқшасы тобындағы
бактериялар, дизентерия қоздырғыштары, бірқатар ішек инфекциялары жұғуы
мүмкін.
Желінсаумен ауырған сиырдың сүтін ішкенде улану жағдайы да
(стафилококктан улану) байқалған. Сүт пен сүт тағамдарынан стафилококкты
уланудың себебі сүттің өзі стафилококктын, әсіресе оның улы түрінің өсіп-
өніп таралуына өте қолайлы орта. Патогенді стафилококктар адамды
пневмонияға, абцесске, энтеротокикалық гастроэнтеритке, нефритке,
энтероколитке, терінің іріңді жарасына шалдықтырады.
Бір ескерте кететін жайт, көпшілік жағдайда сүтте патогенді стафилококк
белгілі бір мөлшерде кездеседі, сондықтан санитарлық шаралар сақталмаса
стафилококкпен улануы мүмкін.
Патогенді микробтар табиғатта өте кең таралған, сондықтан оның мал мен
адамға патологиялық зардабы бар.
Әдебиет деректерінде стрептококктардың тағамды уландыратындығы
айтылады. Әсіресе стрептококктын. А және Д тобы өте улы. Олар адамда тыныс
жолдарының ауруларьш (ангина, скарлатина, фарингит т. б.), септицемия,
эндокардит, жарақатты және іріңді инфекцияны қоздырады. В тобындағы
стрептококктар жаңа туған баланы менингит, ересек адамды бауыр ауруына
шалдықтырады.
В.М. Карташованын, мәліметтеріне қарағанда (1973), малда жалпылама,
септикалық және локальды ауруларды тудыратын стрептококктардың барлық тобы
адамға да зиянды. Көп жағдайда инфекциялық желінсауға шалдығуға сальмонелла
мен клостридин бактериялары да себепші болады. Ауру сиырдың сүті мен оның
сүтінен жасалған тағамдарды пайдаланған адамдарды осындай бактериялар
уландыруы мүмкін. Сондықтан да әрдайым сиырдың желінін бақылап отыру керек.
Желінсаудың пайда болу себептері
Көптеген авторлар желінсауды жұқпалы аурулардың қатарына жатқызады.
Өйткені сүт безінің қабынуы көбінесе патогенді микроорганизмдерден болады.
Алайда желінсаудың барлық түрін оған жатқызуға болмайды. Олай дейтін
себебіміз, желінсаудың өзі көптеген ішкі себептер мен сыртқы әсерлерге
байланысты өршиді. Сондықтан біраз авторлар мұны жұқпайтын ауруға
жатқызады.
Алайда патогенді микрофлоралардың сиырды желінсауға шалдықтыруы
көбінесе мал организмінің, әсіресе желін тканьдерінің төзімділігі
әлсірегенде, сүттің бактерицидтік факторлары төмендегенде байқалады.
Желінсау ауруында желіннен көбінесе стафилококк, стрептококк, кейде
ішек таяқшасы және басқа да микробтар бөлінеді.
Сиырдың желінсауға шалдығуының ең басты себептері мыналар: сиырға
балғын, углеводты азықтарды бірыңғай беруден, салқын, сызды және лас қорада
көбірек жатып қалудан, сиырды сыртқа шығарып серуендетпеуден, машинамен
саууға дұрыс іріктемеуден, сауу аппараттары мен қондырғыларының кейбір
жүйелерін дұрыс ретке келтірмегендіктен, оларды пайдалану режимінің
бұзылуынан, ауру және дені сау сиырларды бірге күтуден, желінді, сүт
ыдыстары мен сауу аппараттарын дұрыс күтпеуден, фермада жұмыс
істейтіндердің жеке басының және өндірістік гигиенаны сақтамауынан т. б.
Көп жағдайда аурудың өршуі желіннің морфологиялық және функционалдық
қасиетіне байланысты. Әсіресе ешкі желіндес және сопақша формалы желіндер
ауруға тез шалдығады. Өйткеш желіннің жетілмеген бөліктерін құрғақтай
сауғанда жарақаттауы, емшектің кілегей қабатын қабындыруы мүмкін. Әдеттегі
желіннен гөрі тасемшек желін ауруға 1,5-2 есе жиі шалдығады. Желінсауға
шалдығуға емшектің және емшек үрпінің жөнді жетілмеуі, малды қораға өте
тығыз қамаудың себебінен жарақаттанудың да әсер етуі мүмкін.
Желінсаудың түрлері
Желінсау ауруы клиникалық белгілеріне, сүт безінің қабыну процесіне
қарай бірнеше түрге бөлінеді. А. П. Студенцовтың жіктеуі бойынша желінсау
мынадай формаларға бөлінеді: 1) серозды; 2) катаральды; бұған емшек үрпі
мен өзегінің, альвеолалардың қатары да жатады; 3) фибринозды; 4) іріңді; а)
іріңді-катаральды, б) желін абсцесі, в) желін флагмонасы; 5) геморрагиялық;
6) ерекше желінсау, ол бірнеше түрге белінеді; а) желін аусылы, б) желін
актиномикозы, в) желін туберкулезі, г) желін күлі; 7) асқынған желінсау, ол
да: а) желін беріші, б) желін гангренасы болып белінеді.
Қазіргі кезде желінсауды осылайша жіктеп бөледі. Алайда мұның өзі де
толық емес. Себебі, онда желінсаудың аралас формалары (серозды-катаральды,
серозды-фибринозды т. б.) жіктелмеген, желінсаудың субклиникалық формалары
енгізілмеген (мұның өзі клиникалық белгісі айқын білінетін формасына
қарағанда көбірек кездеседі).
Көптеген зерттеушілер желінсауды клиникалық, субклиникалық және
латентті формаларға бөледі. Соңғы екі формасын жасырын (ауру белгісі
байқалмайтын) желінсау деп атайды. Клиникалық желінсауға қарағанда жасырын
желінсаудың белгісі анық байқалмайды. Дегенмен, субклиникалық формада да
желін паренхимасында қабыну процесі өршиді. Субклиникалық желінсауда
желіннің белгілі бір бөлігі катаральды, серозды немесе іріңді асқынуға
айналады. Зақымданған жерінің көлемі көбінесе грек жаңғағындай болады.
Субклиникалық желінсау қысқа уақыт бойы клиникалық белгісі көмескі болуы
(желінді саусақпен сипалағанда мал ауырсынады, сәл ісінеді, желіннің
зақымданған бөлігі үлкейеді не кішірейеді, паренхимасы нығыздалады, онда
түйнектер пайда болады) немесе ешқандай клиникалық белгісі байқалмауы,
бірақ желіннің зақымдалған бөлігінде сүттің сапасы өзгеруі мүмкін. Кәдімгі
сүтке қарағанда мұндай сүттің сыртқы түрі өзгереді не мүлде өзгермейді.
Н.М. Хилькевич (1970) желінсаудың жасырын түрінде желіннің
гистологиялық кесінді бөлігінен альволярлық құрылысы жойылған тканьдерді
байқаған.
В.И. Мутовинның (1974) зерттеулерінде сиырдың субклиникалық
желінсауының бастапқы сатысында сүт сілтілі реакция (серозды желінсау), ал
дені сау сиыр сүтінде шамалы қышқыл реакция (РН 6,2-6,9) болатындығы
айтылады. Кейіннен сүт сұйылып, оның майлылығы кемиді де, ақтұнба пайда
болады (серозды-катаральды желінсау). Бірте-бірте тұнба мөлшері көбейіп,
сүт те, тұнба да ақсары, ақыр аяғында сарғыш түске енеді (катаральды
мастит). Желіннің ауруға шалдыққан бөлігінің сүт шығымы азайып
(гипогалактия), кейіннен мүлде тоқтайды (агалактия). Мұның өзі желіннің
зақымданған бөлігіндегі паренхиманың семуіне байланысты. Осындай
өзгерістердің ешқандай клиникалық белгісі байқалмайды.
Желінсаудың субклиникалық формасы сүтті ірі қара шаруашылығы дамыған
елдерде көбірек кездеседі.
Клиникасы
Желінсаудың әр түріне (субклиникалықтан басқасы) өзіндік клиникалық
белгілері тән.
Серозды желінсау жіті және жітілеу түрінде өтеді. Сиыр бұзаулағаннан
екі апта өткеннен кейІн, шартты патогенді микрофлоралардың іркілген ісігі
асқынғаннан соң пайда болады.
Мұндайда мал шамалы мазасызданып, жемшөпке зауқы болмайды, сүті кемиді,
температурасы жоғарылайды, желіннің зақымданған бөлігіндегі терісі қызарып,
қолмен сипағанда ауырсынады. Кейде қабынған тұстағы желін асты лимфа түйіні
үлкейеді.
Сүтте ешқандай органолептикалық өзгерістер байқалмайды.
Дер кезінде емдесе сиыр 5-7 күнде жазылып кетеді. Сиырдың сүт беруі
бірте-бірте қалпына келеді. Ал уақтылы емдемеген жағдайда ауру созылмалы
түрге айналып, желіннін, зақымдалған бөлігіндегі дәнекер тканьдер ұлғайып,
оның семуіне (индурицип) ұшыратады.
Серозды желінсауға шалдыққан сиыр қатты тоңған, жарақаттанған немесе
басқадай қолайсыз әсерлерге ұшыраған жағдайда ол серозды-фибринозды, іріңді
немесе флегмалы желінсауға айналуы мүмкін.
Желін үрпі мен сүт жолдарының катаральды қабынуы серозды желінсаудын,
бір түрі. Ол көбінесе субклиникалық формада өтеді, бірақ сүт сапасындағы
өзгерістер едәуір айқын байқалады. Әуелі сүттің майлылығы кеміп, сұйылады,
сонан соң онда лейкоциттер мен өлі ткань клеткаларының түйіршіктері
байқалады. Сүтті тұндырған кезде пробирка түбінде ақ немесе ақсары түсті
тұнба пайда болады. Іртіктің біразы сүт бетінде қалқып жүреді де,
қаймақтанған шырышты қабат құрайды.
Аурудың клиникалық белгісі айқын білінген жағдайда емшек ұшында
бармақтай түйіндер байқалады. Сиырдың сүттілігі кемімейді.
Қабыну процесі альвеоларға жайылғанда сүті кемиді.
Дер кезінде емдеген жағдайда ауру дереу бәсеңдейді. Кешіктіріп
емдегенде ауру жітілеу немесе созылмалы формаға айналып, субклиникалық
түрінде өтуі мүмкін. Желінсау асқынғанда іріңді, фибринозды немесе гангрена
формасында өршіп, желіннің зақымданған бөлігі семеді.
Фибринозды желінсауда дәнекер тканьдерде, альвеоларда және сүт жолында
фибриндер бөлінеді. Желінсаудың бұл формасы көбінесе серозды және
катаральды желінсаудың асқынуынан болады. Ол сондай-ақ іріңді эндометрит
пен некроттық метритке шалдығып, оның ақыры сепсиске және улануға
айналғанда да асқынуы мүмкін.
Желіннің зақымдалған бөлігі қатаяды, қолмен сипағанда ауырсынады. Дене
қызуы 41° дейін көтерілуі мүмкін. Желін астындағы лимфа түйіні ұлғаяды.
Желіннің зақымданған бөлігінен қоңыр-сарғыш түсті секреттен бірнеше
миллиметрі бөлінеді. Желіннің сау жақ бөлігінен сүт шығуы күрт азаяды.
Ауру ұзаққа созылады. Сиыр жазылмағанымен желіннің дәнекер тканьдері
бүлінуі және кейбір сүт жолдарының бітелуі себепті сүті бұрынғыдай
болмайды.
Іріңді желінсау серозды, катаральды немесе фибринозды желінсаудың
асқынуы, онда іріңдеткіш микрофлоралардың ұлғаюы нәтижесінде қабынады.
Іріңді желінсаудың мынандай түрі бар: іріңді-катаральды, іріңді және
флегмона.
Іріңді-катаральды желінсауда сүтте ірің қоспасы, казеинмен қан ірімтігі
кездеседі, сүттің ұнамсыз иісі болады. Ауырған сиырдың тынышы кетеді,
азықты жөнді жемейді, тамыр соғуы мен тыныс алуы жиілейді, желіннің
зақымданған бөлігі ұлғаяды. Саусақпен сипағанда оның қатайғандығы, қызуы
жоғарылағаны, ауырсынатыны байқалады. Аурудың жіті түрі 3-4 күнге созылады.
Содан соң желінсаудың асқынуы бәсеңдеп, дұрыс емдеген жағдайда жазылып
кетеді. Дер кезінде емдемесе желінсау созылмалы түрге айналып, желін
паренхимасы семіп, оның орнына дәнекер тканьдер көбейеді.
Желінге стафилококк инфекциясы жұққан жағдайда сүт қоюланып,
сарғыштанады, кейде қан аралас сүт шығады. Ал, ішек таяқшасы жұққан
жағдайда сүт сұйылып, ақ немесе сүр ірімтіктер пайда болады. Егер іріңді-
катаральды желінсаудың жіті түрін дер кезінде емдесе жазылып кетеді.
Созылмалы түріне айналғанда желіннің зақымданған бөлігі семіп қалады.
Іріңді желінсау емшектің немесе желіннің жарақаттануы, қан ұюы,
жаралануы, кейіннен оған инфекция жұғып іріңдеуі салдарынан пайда болады.
Желінді ірің кеулеген кезде сиырдың денесінің температурасы көтеріледі.
Ірің жарылып, сүт жолдарына түскенде сүтке ірің мен қан араласады. Желіннің
ірің кеулеген бөлігі ұлғайып, ісінеді, қатаяды, қызады, сипағанда
ауырсынады. Сүті сұйылып, оған ірімтік араласады. Сиырдың қызуы көтеріліп,
қатты күйзеледі. Азықты жөнді жемейді, тамыр соғуы мен тыныс алуы жиілейді.
Бұл кезде сүті де азаяды.
Желін флегмонасы серозды және іріңді желінсаудан асқынады. Мұндайда
желіннің зақымданған бөлігі ұлғайып, терісі тартылып, қайталайды.
Жарақаттанған тұсындағы желін астының лимфа түйіндері ұлғайып, ауырсынады.
Дене қызуы 41 градустан асады. Сиыр жазылғанымен бұрынғыдай сүт бермейді.
Геморрагиялық желінсау көбінесе сиырдың бұзаулауының алғашқы күндері,
катаральды немесе серозды желінсау әсерінен пайда болып, желінді жартылай
не тұтастай зақымдайды. Мұндайда дәнекер ткань, альвеола және сүт жолдары
аралығына қан құйылады. Бұл ауруда желіннің альвеолярлық эпителийі
азғындап, қатты уланады. Желінсаудың мұндай түрінде желіннің зақымданған
бөлігі ұлғаяды, желін астындағы лимфа түйіндері де ұлғайып, қолмен
сипағанда ауырсынады. Дене қызуы 41°С-қа дейін жоғарылайды. Желіннің
зақымданған бөлігінің сүті қызғылттау болады. Дер кезінде, әрі дұрыс
емдеген жағдайда сиыр 7-10 күнде жазылып кетеді.
Ерекше желінсау сиыр аусылмен, туберкулезбен, актиномикозбен, күл
ауруымен ауырғанда байқалады. Желінсаудың мұндай түріндегі аурудың
клиникалық белгілері әр ауруға қарай түрліше ерекшеленеді.
Желінсаудың асқынуы. Желіннің қатайып, ісінуі, дәнекер тканьдердің
ұлғайып, паренхималардың семуіне байланысты. Желіннің семуі - ешқашанда
қалпына келмейді.
Желін тканьдеріне анаэробты инфекция қоздырғыштары жұққанда гангренаға
айналады. Желін гангренасы өте тез өршіп, мұндайда малдың денесінің
температурасы жоғарылап, қатты күйзеледі. Желін терісінде қызғылт көкшіл не
жасыл теңбіл пайда болады. Сонан соң желіннің зақымданған бөлігіндегі
кейбір жерден 0,1 мл қосып, жақсылап араластырады да, температурасы 80°
ыстық суда 30 минуттей кыздырады. Осыдан кейін оны тағы да араластырып,
сұйық тамшысын Фукс-Розенталь есептеу камерасының төсеніш шынысына тамызады
(бұл болмаған жағдайда Горяев, Том, Предтеченский, Брюкер камераларын
пайдалануға болады). Клеткаларды объективті 10 X 20 микроскоп арқылы
есептейді. Микроскоп аясынан боялған клеткалар анық көрінетіндіктен, оны
есептеу қиынға түспейді.
Фукс-Розенталь камерасындағы клеткаларды 16 квадраттық аумақта
есептейді. Алынған клетка санын Фукс-Розенталь камерасының тұрақты 15625
коэффициентіне көбейтеді, мұның өзі 1 мл сүттегі соматикалық клетка
мөлшеріне сәйкес келеді. Жиналған сүтте соматикалық клетка көбейген
жағдайда барлық сауын сиырды қабылданған схема бойынша желінсауы бар-жоғын
тексереді.
Желінсауға диагноз қоюдағы лабораториялық нақты тәсілдердін, ең
тиімдісі - сүтті бактериологиялық тексеру болып саналады. Әсіресе ол
желінсаудың субклиникалық формасын анықтағанда өте тиімді. Сүтті
бактериологиялық тұрғыда тексеріп, желінсау қоздырғышын анықтау, аурудың
микробтарды арылтатын препараттарға сезімталдығын жоспарлы түрде тоқсан
сайын бір рет еткізеді. Бактериологиялық тұрғыда тексерілетін сүт үлгісін
міндетті түрде мал дәрігерлік лабораторияға жөнелтеді.
Жоғарыда келтірілген деректерден субклиникалық желінсауды анықтауда мал
дәрігерлік тәжірибеде көптеген тәсілдері бар екендігін аңғарамыз. Мұның өзі
желінсаудың субклиникалық формасына дер кезінде диагноз қойып, оның пайда
болу себептерін анықтауға, әрі тиісті сақтық шараларын қолдануға мүмкіндік
береді.
Желінсаудың емі
Желінсауға қарсы жүргізілетін аса маңызды шаралардың бірі - онымен
ауырған сиырды дер кезінде бөлектеу арқылы емдеу.
Емдеу шараларын желінсауды қоздырған себептерін, аурудың түрі мен
барысын, сондай-ақ сиыр организмінің жалпы күйін ескере отырып жүргізеді.
Ауру сиырды ең әуелі барлық сақтандыру шараларын сақтай отырып қолмен
саууға көшіреді. Желіннің зақымдалған бөлігін бөлек ыдысқа сауып, сауылған
ауру желіннің сүтін қайнатып, микробтарын құртады. Саууды әр 3-4 сағат
сайын қайталайды.
Желінсаудың ауыр-жеңілдігіне қарай ауырған сиырды бөлек қораға немесе
стационарға көшіріп, тиісті шаралар қолданады.
Емдеудің тиімді болуы көп жағдайда аурудың басталу ұзақтығына
байланысты болғандықтан әсіресе алғашқы 1-3 күнде мұқият емдеген тиімді.
Емдеу алдында желінді сабынды жылы сумен жуып, таза сүлгімен сүртеді.
Шаруашылықта желінсау жаппай өршіген жағдайда оның себептерін анықтайды.
Мұндайда әсіресе сауу қондырғысының техникалық және санитарлық күйіне,
малды күтіп-бағу жағдайы мен фермадағы (комплекстегі) мал дәрігерлік-
санитарлық шаралардың жайы ерекше ескеріледі.
Патогенді микрофлоралардың түрін анықтау үшін желіннің ауырған бөлігін
бактериологиялық тұрғыда тексереді. Бөлінген микроорганизмдердің
микробтарды арылтатын препараттарға сезімталдығын анықтап, соған сәйкес ең
тиімді емдеу шараларын қолданады. Буаз, әсіресе суалған сиырлардың
желінсауын емдегенде дәрілік препараттардың дозасын және басқа да емдік
шараларды өте сақтықпен қолдану керек.
Желінсауды емдегенде физикалық тәсілмен әрекет ету, патогенетикалық,
гормоналдық және антибактериялық дәрі-дәрмектерді қолдану шаралары
жасалады.
Физикалық тәсіл. Мұнда желінсауды салқынмен, жылумен, ультрадыбыспен т.
б. емдейді.
Салқынмен емдеуді тек алғашқы тәулігінде, желінге емдік дәрі-
дәрмектерді енгізерден бұрын қолданады. Желіннің зақымданған бөлігін салқын
сумен жуады немесе сірке суы қосылған (1 л суға 2-3 ас қасық) сұйық
балшықпен сылайды. Желінге жағылған балшықты қатырмай, оған ауық-ауық
салқын су бүркеді. Салқын емді қолдану 3-4 сағаттан аспауы тиіс.
Ыстықпен емдеуді ауру байқалғаннан кейінгі үшінші-бесінші күні, қабыну
реакциясы бәсеңдегенде қолданады. Бұл мақсатқа ыстық компресс, парафин,
азотоперит, сондай-ақ солюкс және инфраруж шамдары пайдаланылады. Ыстық
компресс ретінде этил немесе камфора спирттерін пайдаланған тиімді.
Парафинмен емдеген жағдайда таза, әрі қүрғақ желінге 45°
температурадағы балқыған парафинді жалпақ бояу жаққышпен жағады да, оның
сыртына бірнеше қабат одан гөрі ыстығырақ парафинді (80-90°) шаптайды.
Парафинді суытпау үшін сыртын клеенкамен немесе мақта-дәкемен орайды.
Жылумен емдеуді күніне екі рет өткізеді: әуелі бір сағаттай, сонан соң
6 сағаттай қыздырады. Мұндайда желінге салқын тигізіп алмау керек.
Желінді солюкс немесе инфрарупс шамымен күніне екі рет 30-60 минут
қыздырады, шам желіннен 60-80 см қашық орналасқаны жөн.
Ультракүлгін сәулемен емдегенде ПРҚ-1 оттығы бар сынапты-кварц шамын
пайдаланады, шамның желіннен қандай қашықтықта орналасатындығы және қыздыру
уақыты аурудың барысына қарай белгіленеді.
Ионтофорезбен (электрофорезбен) емдегенде гальванизациялайтын
портативті аппаратты пайдаланады (В. А. Сепп). Электрод ретінде қалыңдығы 2-
3 мм, аумағы 200-300 см2 қорғасын пластинка қолданылады. Ол үшін желінді
жуып, сүлгімен құрғата сүртеді, қалың қылшықтарын қырқып, жарақаттанған
терісін дәрілік препаратлен сылайды. Желіннің екі жағына физиологиялық
ерітіндімен шыланған төсем салады. Электродты спиртпен сүртіп, екі жақтағы
төсемге қояды, оның үстін құрғақ материалмен жуып, резеңке бинтпен таңады.
Тұрақты токтың тізбекке жіберілетін максималь күші 50-60 ампер, ток
тығыздығы электродтық 1 см2 аумағында 0,5 ампер. Ионтофорезді күніне 1-2
рет қолданады.
В. А. Акатов ұсынған ультрадыбысты қолдану да тиімді. Желіннің
зақымдалған бөлігіндегі қылшықты ұстарамен қырып, теріні 70 проценттік
спиртпен, фурацилин ерітіндісімен немесе басқа да дезинфекциялық сұйық
затпен сүртіп, глицериннің 50 проценттік сулы ерітіндісімен жақсылап
сылайды.
Мал дәрігерлік емдеу аппаратының ультрадыбыс шығаратын басын желіннің
ауырған бөлігіндегі тері бетіне тақап, секүндына 1-1,5 см жылдамдықпен
жылжытады. Емдеуді ең аз дозадан (0,6-0,9 Втсм2) бастап, сонан соң 1,2-2
Втсм2-қа дейін жеткізеді. Ультрадыбыспен әсер ету уақыты 5-15 минут.
Желінсау ауруының түріне қарай ультрадыбыспен емдеуді күніне 2-ден 15 ретке
дейін қолдануға болады. Желінсаудың жіті түрінде интенсивтілігі 0,6-0,9
Втсм2 импульсті ультрадыбысты пайдаланады.
Желінсау ауруы басталғаннан кейін 3-4 күн өткенде желінге массаж
жасаған жөн. Серозды желінсауда массажды төменнен жоғары, ал катаральды
желінсауда - жоғарыдан төмен қарай жасайды. Әдетте массаж күніне 1-2 рет
қолданылып, бұған қоса сүртпе маймен немесе линименттермен сылайды. Желінді
сылау үшін камфора сұйық майын, камфора, стрептоцид, йод, ихтиол,
норсульфазол сүртпе майларын, сондай-ақ әр түрлі линименттерді пайдаланады.
Іріңді фибринозды және геморрагиялық желінсауларда массаж жасауға болмайды.
Патогенетикалық жолмен емдеу. Мұндайда Д. Д. Логвиновтың тәсілі бойынша
желін нервісіне новокаинмен блокада жасайды. Ине сұғатын жерді әзірлегеннен
кейін желінге құрамында 300-500 мың өлшем (ЕД) пенициллин мен стрептомицин
бар 0,5 проценттік новокаии ерітіндісінен 150-200 мл құяды. Желіннің артқы
бөлігі ауруға шалдыққан жағдайда инені асқынған тұсынан 1-2 см оңға немесе
солға таман, 8-12 см ендіре сұғады. Желіннің алдыңғы бөлігі асқынған
жағдайда инені алдыңғы желін бөліктерінің аралығына салады.
Блокаданы аралығына 48 сағат аралатып 1-2 рет жасайды.
Сыртқы нервке блокада жасау (Б. А. Башкировтың әдісі бойынша). Ине
салатын орын екі линияның қиылысқан жерінде: арқаның ұзынша бұлшық етінің
сыртқы жиегіндегі линия (арқаның ортаңғы линиясынан 6-7 см шеткерірек) мен
белдеме омыртқаның 3 және 4-і көлденең қабырға есігінің аралығындағы
линияда болады. Инені 6-9 см тереңдікте, омыртқаға тигенше тығады, сонан
кейін инені 2-5 см кері тартып, 0,5 проценттік новокаин ерітіндісінен 80-
100 мл жібереді.
Сиыр желінсауға шалдыққанда И. И. Магдан сүт безіне анестезия, ал В.В.
Мосиннің әдісі бойынша ішкі нервтерге блокада жасайды.
Блокаданы қолданған кезде желіннің ауырған бөлігіндегі тері астына 0,5-
тен 1 миллилитрге дейін гидрокортизон (1 сағатта- 25 мг) жіберіп, сол
дозаны 2-3 күннен кейін қайталайды.
Желінсаудың жіті түрін емдеу үшін окситоцинді мынадай методика бойынша
қолдану ұсынылады: желіннің зақымданған бөлігіндегі экссудатты мұқият сауып
алады, осыдан кейін күре тамырға 40 өлшем бірлігінде, окситоцин құйып, ауру
желінді тағы да мұқият сауады. Мұндайда желінге түбінен бастап емшекке
дейін массаж жасайды.
Қажет болған жағдайда емдеуді 8-12 сағаттан кейін қайталайды. Егер 2-3
күн бойы желінде қабынудың клиникалық белгілері байқалмаса, онда сиырды
сауу аппараттарымен қайтадан саууға болады.
Желінсаудың жекелеген түрлерін емдеу. Серозды желінсауды емдегенде
бұлшық етке денициллинді немесе стрептомицинді 800 мың өлшемдік мөлшерінде,
әр 6 сағат сайын 1-2 күн құяды.
Ауру сиырға, мұнымен қоса, ерімейтін ақ стрептоцидті күніне 3 рет
береді; алғашқы күні бір рет берілетін дозасы 15 г, екінші күні - 12 г,
үшінші күні - 9 г. Желіннін, ішіне емшек өзегі арқылы 1-2 тәулік бойына 50
мл өлшем пенициллинді стрептомицинмен араластырып және 150 мл физиологиялық
ерітіндіге немесе қайнаған суға езіп құяды. Желінсаудың жіті түрінде Д. Д.
Логвиновтың әдісі бойынша новокаин блокадасын қолданады.
Аурудың алғашқы сағатында желінге 4-6 сағат бойы салқын, сонан кейін
ыстық басады (2 күн қатарынан 1,5-2 сағаттай солюкс шамымен, озокеритпен
қыздырады).
Катаральды желінсау. Аурудың алғашқы сағатында бұлшық етке стрептомицин
аралас пенициллинді немесе окситетрациклинді 800 мың өлшемдік дозасында әр
6 сағат сайын үш тәулік құяды. Венаға 10 проценттік норсульфазол
ерітіндісінен 100-150 мл жібереді. Антибиотиктердің орнына ерімейтін ақ
стрептоцидті күніне 3 рет қолданады: бірінші күні - 15 г, екінші күні - 12
г және үшінші күні - 9 г. Желінге новокаин блокадасын жасауға да болады.
Сүт жолдары мен емшек үрпіндегі ірімтікті, казеин ұқйындысын және басқа
да қоспаларды ыдырату үшін желінге қос көмір қышқылды соданың 2 проценттік
жылы ерітіндісінен 150-200 мл немесе 200 мл суға езілген 1 г пепсинді
жібереді. Осыдан кейін желінге массаж жасап, ондағы секретті сауып алады.
Мұндай емдеу шараларын 2-3 рет сүт жолдары мен емшек үрпіндегі қоспалар
әбден ыдырап тарағанша жургізеді. Секретті алғаннан кейін желінге
стрептомицин аралас пенкциллиннің 50 мың өлшемдік дозасын 0,5 проценттік
новокаин ерітіндісінің 100-150 миллилитріне езіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz