Өсімдіктердің өніп-өсу кезеңінде қолданылатын инсектицидтер


4- Дәріс
Тақырыбы: Өсімдіктердің өніп-өсу кезеңінде қолданылатын инсектицидтер.
Түйінді сөздер: инсектицидтер, акарицидтер, молюскоцидтер.
Дәрісте қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Инсектицидтер.
2. Инсектицид және акарицидтер.
3. Түйісу және жүйелік әсер ететін инсектицид препараттар.
4. Тек жүйелік әсер ететін инсектицид препараттар.
1сұр. Инсектицидтер (латын сөзінен insectum - жәндік және caedo -өлтіру), зиянкес жәндіктер -мен химиялық күресу. Инсектицидтердің жәндік организміне енуіне байланысты 4 топқа бөлінеді:
- ішек инсектицидтері , қорек арқылы бунақденелілердің организміне енетін, көбінесе неорганикалық қосылыстар (кальций, магний, барий арсенаты), кремнийдің және металдардың фторидтері, тиодифениламиндер жүн шаруашылығында күйе көбелектен қорғау үшін қолданылады.
- жанаспа әсерлі инсектицидтер , жәндіктердің организміне тері қабаты арқылы енетін фосфордың, хлордың, азоттың және күкірттің органикалық қосылыстары, пиретриндер және пиретроидтар жатады. Жанаспа әсерлі инсектицидтер өсімдіктің тамыры және жапырақтары арқылы бойына сіңіп, сол арқылы таралып, өсімдікті жәндіктерге улы (метилмеркаптофос, фосфамид) етеді.
- жүйелік инсектицидтер (фосфорорганикалық) жануарлардың эктопаразиттерімен күресуде дератизациялау үшін пайдаланады. Адам денесіндегі биттермен күресуде бутадионды қолданады. Инсектицид препаратын адам бір рет қабылдағанда оның инсектицидтік қасиеті 2 аптаға дейін сақталады. Фумигантты және тыныс жолдары арқылы енетін инсектицидтер бу немесе газ күйінде зиянкестің бойына трахея жүйесі арқылы енеді. Ондай препараттарға гексахлорбутадиен және дихлорфос жатады. Бұл топқа ерекше ұсақталған, жәндіктердің тыныс жолдарының функциясын бұзатын силикаттар және минералды майлар жатады.
2сұр. Инсектицидтер мен акарицидтер: Әлемдік тәжірибе бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің 1/3 бөлігін зиянды организмдер көп шығынға ұшыратады. Әсіресе, зиянкестер мен кенелердің әсерінен өнімнің 13, 8% ысырап етіледі. Осы аталған зиянкестер өсімдіктердің жапырағы мен жемістерінің сарғаюына, солуына, өлуіне әкеледі. Зиянкестер мен кенелердің 70 мыңнан астамы ауылшаруашылық өнімдерін вегетация кезінен бастап, өнімді сақтауға дейінгі уақытта экономикалық шығынға ұшыратады. Сондықтан ауыл-шаруашылық өнімдерін зиянды организмдерден қорғау үшін, ішекпен әсер ететін препараттар жапырақ жемірқұрттарға, ал жүйелі инсектицидтер кенелерге қарсы қолданылады.
Акарицидтер - кенелерді жоюға арналған химиялық препарат. Барлық акарицидтер жанама әсер етеді. Препараттың жүйелі қасиеті әзірше жақсы әсер ете алмайды. Сондықтан, сапалы өңдеу жұмыстарын жүргізген дұрыс. Қажетті бүрку мүмкін болмаған жағдайда фумиганттық қасиеті бар препараттарды қолдануға болады.
1) . Омайт, пропаргит - жаппай әсер етеді, буланғыш әсері бар.
2) . Санмайт, таурас, пиридабен (диазиндер) жаппай әсер етеді. Залалы аз, жылына бір реттен артық қолдануға болмайды. Зиянкес өте тез тұрақты түрге айналады.
3) . Неорон., бромпропилат - жаппай әсер етеді.
4) . Флумайт, флуфензин - гормональды акарицид.
5) . Неорон, бромпропилат - жаппай әсер етеді.
6) . Аполло, клофентезин - адамға зияны жоқ. Жұмыртқа мен дернәсілін жойып, үлкен жәндіктерді өлтірмейді, бірақ стерилдейді. Ұзақ уақыт қорғайды.
7) . Борнео - гормональды акарицид, Tetranychus және Panonychus тор кенелеріне қарсы қолдануға ұсынылады.
8) . Ниссоран, гекситиазокс (карбоксамиды) - гормональді препарат. Кең спектрлі әсер етеді. Залалы төмен, жұмыртқа мен дернәсілдерді, нимфаларды жояды. Үлкен жәндіктерді өлтірмейді, бірақ стерилдейді.
9) . Борнео - гормональды акарицид, кенелерге қарсы қолданылады.
10) . Митак, амитраз. Инсекотакарицид. Кең спектрлі әсер етеді. Тиімді акарицид.
11) . Демитан, Магус, фенозаксин. Кең спектрлі әсер етеді. Залалы төмен.
12) . Ортус. Кирон (фенпироксимат), пирозолдар класы. Кең спектрлі әсер етеді. Шығын көлемі төмен, залалдығы аз.
13) . Масаи, Пираника (тебуфенпирад), пирозолдар класы.
Кең спектрлі әсер етеді. Шығын көлемі төмен, залалдығы аз.
14) . Оберон. Аққанаттыларға және трипсқа қарсы инсектицидті белсенділігі жоғары, өте кең акарицидті спектрлі әсер етеді.
Молюскоцидтер - ұлулар мен молюскаларды жоюға арналған химиялық препарат. Метальдегид-түйіршіктер субстраттың немесе топырақтың беткі қабатында орналастырылады.
Тиадезин класы -1) базамид гранулят, дазомет, тиазон-топырақты
стерилдеуші. Нематоцидті, фунгицидті, гербицидті, инсектицидтің әсері бар. Пестицидтерді қолданудағы бір қатар ережелер:
Барлық пестицидтер әртүрлі дәрежеде кумулятивті концерогенді,
иммуннодепрессивті әсер етеді. Сондықтан қорғану шараларын азайтудың қажеті жоқ, себебі денсаулыққа кері әсері аздаған уақыттан соң пайда болады. Ең алдымен тұмылдырық пайдалану керек, себебі өкпе арқылы қанға өте тез сіңеді, бауырға әсер етеді. Пестицид аз мөлшерде болса да, ағзаға түскен жағдайда ішімдік ішуге мүлдем болмайды.
Әртүрлі заттар әсерінен, спирт улы ацетальдегидке айналады. Пестицидтердің биологиялық улылығына мән бермеуге мүлде болмайды. Олардың концерогенді және иммунодепрессивті әсері бар. Уды ағзадан шығаруға сүт, Е витамині жақсы көмектеседі. Заманауи инсектицидетр мен акарицидтер химиялық қосылыстардың әртүрлі топтарына жатады.
3сұр . Актеллик 500, к. э. (пиримидос-метил, 500 г/л) Сингента, Швейцария. Түйісу-тағам арқылы, фумигация және жүйелік әсер ететін инсектицид. Бидайда бітелерге, трипстарға, бақашыққа -1, 0-1, 2; күріште бітелерге, жаға шыбындарына-0, 5; бұршақта бұршақ бітесіне-1, 0; қант қызылшасында- бітелерге, біз тұмсықтарға-1, 0-2, 0; картопта-колорадо қоңызына-1, 5; қиярда, қызанақта және бұрышта әр түрлі зиянкестерге ашық жерде 3, 0-5, 0 және жабық жерде 0, 3-1, 5, рапста әр түрлі зиянкестерге-0, 5; жидектерге әр түрлі зиянкестерге-0, 6; жүзімде әр түрлі зиянкестерге-0, 6-3, 0, темекіде бітелерге қарсы 1, 2-1, 6 л/га. Күтетін мерзімі бидайда және бұршақта 25, ал басқа дақылдарда 20 күн. Жылына 2, ал жабық жерде 3 рет қолдануға болады. РЕД көкөніс пен қызылшада 0, 2 мг/кг, ал жидекте рұқсат етілмейді.
БИ-58, фосфамид 40 пайыз к. э. (диметоат) БАСФ Германия. Түйістік тағам арқылы әсер ететін инсектицид. Бидай, қара бидай, арпада зиянды бақашыққа, астық шыбындарына, бітелерге, трипстарға-1, 0-1, 5; тарыда масалар мен бітелерге -0, 7-1, 0; бұршақтарда көбелектер мен бітелерге-0, 5-1, 0; мақтада- бітелер мен кенелерге-1, 5-2, 5; алма, алмұрт ағаштарында, алхорда- кенелерге, жапырақ ширатқышқа, бітелерге, кенелерге, жеміс жеміріне, жапырақ жейтін жұлдыз құрттарға, қоңыздарға-0, 8-2, 0; жүзімде кенелер мен жарық ширатқыштарға-1, 2-3, 0; қызылшада- қандалаларға, бүргелерге, бітелерге, шыбындар мен күйелерге 0, 8-1, 0; картопта күйеге-2, 0-2, 5; тұқымдық жоңышқада қандалаларға, бітелерге, кенелерге, жоңышқа жуанаяқтыларына-0, 5-1, 0; темекіде- бітелерге және трипстарға қарсы 0, 8-1, 0 л/га. Күтетін мерзімі мақтада, жүзімде -20, алма, алмұрт, алхорда 40, басқа дақылдарда 30 күн. Жылына екі рет қолдануға болады. РЕД жемістерге 0, 4 мг/кг.
Диазинон, 60 пайыз к. э. (диазинон) РӨҚХЗҒЗИ, Рессей, Ниппон Кояку, Жапония. Бидайда зауза қоңызына 1, 5-1, 8; арпада астық шыбындарына-1, 5, бітелерге-0, 5; қант қызылшасында біз тұмсықтарға-1, 8-2, 0; жапырақ бітесіне және бүргелерге-0, 8; темекіде кеміргіш көбелектер жұлдызқұртына-1, 0-1, 5; қырыққабатта әр түрлі көбелектер жұлдызқұртына-1, 0; тұқымдық жоңышқада әр түрлі зиянкестерге қарсы-2, 0-3, 0 л/га. Күтетін мерзімі арпада, қырыққабатта-30, ал басқа дақылда -20 күн. Жылына астық дақылдарында, қырыққабатта 1, басқа дақылдарда 2 рет қолдануға болады.
Диазол, 60 пайыз к. э. (диазинон) Мактешим-Аган, Израил. Қант қызылшада әр түрлі зиянкестерге қарсы 1, 5-2, 0 л/га. Күтетін мерзімі 20 күн, жылына 2 рет қолдануға болады.
Дурсбан, к. э. (хлорпирифос, 480 г/л) Дау Агро Саенсес, АҚШ. Қант қызылшасында бізтұмсықтар мен көбелектерге-2, 0-2, 5, бүргелерге-1, 5, жапырақ бітесіне-0, 8; алма ағашта жемірлерге, жапырақ ширатқыштарға, күйелерге, кенелерге және бітелерге -2, 0; картопта колорадо қоңызына-1, 5; жоңышқада фитономусқа-1, 5; шегірткелер кездесетін жерлерде оларға қарсы 0, 3-0, 8 л/га.
Дурсбан 450 УАБ. Шегірткелерге қарсы 0, 2-0, 4 л/га. Күтетін мерзімі алма ағаштарда 40, жоңышқада және шегірткелер кездесетін жерде 25, басқа дақылдарда 30 күн. Жылына жоңышқада 1, басқа дақылдарда 2 рет қолдануға болады. РЕД қант қызылшада, картопта, көкөніс пен жемісте 0, 05, астық дәндерде, темекіде-0, 1 мг/кг, сүтте рұқсат емес.
Каратэ 050, к. э. (лямба-цигалотрин, 50 г/л) Сингента, Швейцария. Бидайда және арпада астық қоңыздарға, бүргелерге, трипстарға, бітелерге, зиянды бақашыққа, астық сұр көбелекке 0, 15-0, 2; жүгеріде-жүгері көбелегіне-0, 2; май бұршақта кәдімгі өрмекші кенесіне 0, 4; мақтада кенелерге, бітелерге және мақта көбеліегіне 0, 5; картопта колорадо қоңызына 0, 1; қант қызылшасында бүргелерге, біз тұмсықтарға, бітелерге 0, 15; қырыққабатта әр түрлі зиянкестерге 1, 0; алма ағаштарда алма жеміріне, жапырақ шіратқышына, кенелерге 0, 4-0, 8; жеміс бермейтін бақтарда, орман алқабында америкалық ақ көбелектерге-0, 2-0, 4; жүзімде жапырақ шіратқыштарына, кенелерге-0, 2-0, 3; жоңышқада әр түрлі зиянкестерге-0, 15; шегірткелер кездесетін жерлерде оларға қарсы 0, 1-0, 15 л/га. Күтетін мерзім астық дақылдарда, картопта, қант қызылшасында, алма ағаштарда 20 күн, басқа дақылдарда 30 күн. Жылына май бұршақта, қант қызылшасында, қырыққабатта 1, басқа дақылдарда 2 рет қолдануға болады. РЕД әр түрлі дақылдар өнімдеріне 0, 01-0, 1 мг/кг.
Конфидор, 20% с. к. (имидаклоприд, 200 г/л) Байер Кроп Саиенс. Жаздық бидайда астық шыбындарға, бүргелерге, трипстарға, төменгі жастағы астық сұр көбелек жұлдыз құртына, картопта колорадо қоңызына-0, 005-0, 07; темекіде трипстер мен бітелерге 0, 1-0, 2, жабық жерде өсіретін қызанақта, қиярда және бұршақтарда-2, 0, шегірткелер кездесетін жерлерге оларға қарсы 0, 05-0, 07 л/га. Күтетін мерзім 30 күн, жылына 1 рет қолдануға болады.
Моспилан, 20 пайыз с. ұ. (ацетомиприд) Ниппон Сода, Жапония. Жаздық бидайда зиянды бақашыққа және астық сұр көбелегіне- 0, 06-0, 1; картопта колорадо қоңызына-0, 035; мақтада мақта көбелегіне 0, 25-0, 35, бітелерге-0, 1, трипстер мен ақ қанаттарға 0, 2; шегірткелер кездесетін жерлерге оларға қарсы 0, 045 кг/га. Күтетін мерзім жаздық бидайда 20, басқа дақылдарда 30 күн. Жылына мақтада 2, басқа дақылдарда 1 рет қолдануға болады.
Суми-альфа , 5 пайыз к. э. (эсфенвалерат) Сумитомо Кемикал, Жапония, РӨҚХЗҒЗИ, Ресей. Бидай мен арпада зиянды бақашыққа, шыбындарға, бүргелерге-0, 2-0, 3; бұршақта бітелерге-0, 3; мақтада ақ қанаттар мен мақта көбелегіне-0, 5; картопта колорадо қоңызына-0, 15-0, 25; алма ағашта алма жемірлеріне және жапырақ шіраткіштарына-0, 5-1, 0; жүзімде жапырақ шіратқышына-0, 4-0, 6; қырыққабатта әр түрлі көбелектерге-0, 2; рапста бүргелерге-0, 3; шегірткелер кездесетін жерлерге оларға қарсы 0, 2-0, 3 кг/га. Күтетін мерзім алма ағашта 30, жүзімде 45, басқа дақылдарда 20 күн. Алма ағаштарда, жүзімде және шегірткелерге қарсы 1, басқа дақылдарда 2 рет қолдануға болады.
Сумитион, 50 пайыз к. э. (фенатротион) Сумитомо Кемикал, Жапония, РӨҚХЗҒЗИ, Ресей. Бидайда зиянды бақашыққа, трипстер, бітелер, астық қоңыздарға-0, 6-1, 0, астық сұр көбелекке-2, 0-2, 5; арпада бітелерге-0, 5; күріште бітелерге, масаларға және жаға шыбындарға-0, 7-1, 0; әр түрлі қызышаларда әр түрлі зиянкестерге 0, 6-1, 2, алма мен алмұрт ағаштарда күйелерге, бітелерге, жеміс жемірлерге-1, 6-4, 0, темекіде карадрина, мақта және шалғын көбелектеріне, қоңыздарға, бітелерге, шегірткелерге-1, 0-1, 4; шегірткелер кездесетін жерлерде оларға қарсы 0, 8-1, 8 л/га. Күтетін мерзімі арпада, бидайда 15, күріште 30, басқа дақылдарда 20 күн. Жылына астық дақылдарда және шегірткелерге 1, басқа дақылдарға 2 рет қолдануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz