Орта қашықтықа жүгіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Орта қашықтықа жүгіру.

Аннотация: Дене шынықтыру сабағында орта қашықтыққа жүгіру техникасын оқытуды жеңілдету мақсатында алға қойылған міндеттер бойынша жұмыстануға басты назар аударады.

Кілт сөздер: жеңіл атлетика, орта қашықтыққа жүгіру, міндет, оқушы, техника, жоғары сөре, жылдамдық, бұрылыс.

Жеңіл атлетика адамдардың жаппай айналысатын көпшілікке танымал спорттың бір түрі болып табылады. Оқушылардың жеңіл атлетикамен айналысуы салауатты өмір салтын қалыптастырады, бос уақытын белсенді өткізуге, адамның жалпы дене мәдениетін дамытып, қоршаған орта және табиғатпен байланысуына әрекет етеді.

Жүгірудің қазіргі заманға техникасының негізінде келесілерге қол жеткізуге мүмкіндіктер туды:

1) қозғалыстың жоғары жылдамдығы;

2) энергияның азғантай шығыны кезінде жүгірудің барлық қашықтық ұзындығы кезінде бұл жылдамдықты сақтау;

3) әрбір қозғалыстағы тәуелсіздік және табиғилылық.

Орта қашықтыққа жүгіруде сөреден шығудын маңызы зор. Оқушылар, әдетте жоғарғы сөрені пайдаланады. Жалпы жоғарғы сөреде тұру кезінде сөре сызығына күшті аяқты, ал екінші аяқты артқа қоюы керек. «Дайындал!» командасын естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді. Жүгірістін басталуында қысқа қашықтыққа қарағанда кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады. Жүгірудің жеңілдігі, туралығы, аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде мүсінді жақсы ұстау-шапшандыққа жүгірудің де, төзімділікке жүгірудің де техникасын үйренгенде жұмыс істеуі керек ететін маңызды кезендер.

Оқушы қозғалысының үнемділігі, эффектілігі сол қозғалыста күш шығаруға сатылап бұлшықеттердің жұмыс істеуін және дем алуын білу керек. Жүгірген кезде оқушының денесі алға еңкейеді 85 ˚ -қа жетеді. Көп еңкейсе адымның қысқаруына әкеліп соғады. Жылдамдықты өзгертсе дененің еңкейуіде өзгереді. Спринтерлік жүгіріске қарағанда орта қашықтыққа жүгіргенде бұрышы 50˚-55˚, яғни ұштылау болады. Орта қашықтыққа жүгіру мынадай сатылардан тұрады: сөреден шығу, мәреден өту, бұрылыста жүгіру. Сөрелік екпіннің мақсаты аз уақыттың ішінде үлкен жылдамдық алу, еркін сілтейтін жүгіріске мүмкіндік туғызу, жылдамдықты пайдалану, жолда өзіне пайдалы қажетті жерді табу. Орта қашықтыққа жүгіргенде жылдамдықты туғызу үшін 30-40 метрлік қашықтық керек.

Оқушыларға дұрыс демалуды үйрету. Орта қашықтыққа жүгіргенде адам ағзасына оттегі қажеттігі өседі. Бұлшықеттерін босату немесе босап еркін жүгіру оқушыларға қиын және басты мақсат болып саналады. Әрбір оқушы өз қозғалысының әдісін жақсарту қажет, соның ішінде жүгіру арқылы келеді. Орта қашықтыққа жүгіру жоғары сөреден басталады. Содан кейін оқушылар бірінші жолға түсуге тырысады.

Қашықтық ұзарған сайын адымның арасы да азаяды. Жүгіру техникасын жетілдіремін деп бірқалыпты шапшандықты ұстап жүгірумен ғана тежеліп қалмау керек. Бірқалыпты шапшандықпен жүгіріп өтуді орындаған кезде, назарды жүгіру техникасының жеке бөліктерін меңгеру мен жетілдіруге және тыныс алуға аударған жөн.

Оқушыларды сөре және сөрелік қарқын алуға үйрету. «Сөреге!» командасы бойынша оқушылар сөре сызығында бастапқы қалыпты қабылдайды. Итеретін аяқ сызық бойына қойылады, ал серпімелі аяқ артқа 2-2, 5 табанға қойылады. Дене шамамен 40-45˚-қа алға қарай еңкейтілген, аяқтар жамбас және тізе буынында бүгіледі және аяқтарға алшақ қарама-қарсы қалыпты алады.

Оқушылардың назары алға қарай шамамен 3-4 метр жүгіретін жолға бағытталған болуы қажет. «Алға!» командасынан кейін оқушылар белсенді түрде жүгіре бастайды. Сөреден оқушылар еңкейген қалыпта шығып, бірте-бірте денесін тік ұстап жүгіру қалпын алады, ол кезде дененің еңкеюі шамамен 5-7˚- қа тең. Сөренің қарқыны қашықтықтың ұзындығына байланысты.

800 метр жүгіруде оқушылар өздерінің жолдары бойынша 100 метр жүгіреді, мұнда оқушының міндеті жүгіру жолын жылдам жүгіріп өту, яғни жиекте бірінші болып орын алу.

Мұнда мыналарды бөліп көрсетуге болады:

1) сөрелік қарқынның өзі, ол шамамен 15-20 метрге созылады;

2) белсенді жүгіру, ол оқушының жалпыға бірдей жүгіріп өтуіне дейін созылады, онда жүгіру жылдамдығы бір қалыпты бола бастайды.

Оқушыларға қашықтық бойымен жүгіруді үйрету. Қашықтықтың тіке жолында жүгіру техникасы жүгіру бұрылыстарда жүгіру техникасынан бірнеше өзгешеленеді. Қашықтыққа жүгірудің жақсы техникасы келесідей негізгі белгілермен көрінеді:

- алға қарай дененің азғантай еңкеюі;

- бас тік ұсталады, бет пен мойын бұлшықеттеріне салмақ түсірілмейді.

Мұндай қалыпты ұстау жүгірудің тиімді нұсқасына әрекет етеді, бұлшықеттегі артық кернеуді түсіреді. Жүгірген кезде қолдар 90˚-та шынтақ буынынын бүгіледі, алақан саусақтары сәл ғана жұмылады. Қолдардың қозғалысы маятниктің қозғалысын еске түсіреді, бірақ бұл кезде иықты көтермеу қажет.

Қолдар қозғалысының бағыттары:

1) қолдар алға-ішке қарай шығады, алға қарай қозғалыста қолдың білезігі шамамен дененің ортасына жетеді;

2) қолдарын артқа-сыртқа қарай, жанына қарай алысқа апармау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетиканың даму тарихы
Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
Мақсаты, мәселесі, әдістер және зерттеу ұйымдастыру
Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы туралы
Электрондық өлшеу құралдарының қателігі
Ғарыштық сәулеленуінің жоғарғы атмосфера күйіне әсері
Картографиялық проекциялар
Биоэлектрлік потенциал
Галактикалардың құрылымы мен пайда болуы
Галактикалар мен жұлдызды жүйелердің эволюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz