Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары және оның жіктелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Курс тақырыбы №5: Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары және оның жіктелуі

Сабақ тақырыбы №11: Негізгі шаруашылық үрдістер

  1. Дайындау процессінің есебі
  2. Өндіріс процессінің есебі
  3. Сату процессінің есебі

1. Өндірістік кәсіпорындардың басты мақсаты болып кәсіпорынның өзінде ішінара пайдаланатын, бірақ көбінесе басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға және тікелей тұрғылықты халыққа жөнелтетін өнім өндіру табылады.

Өндірісті ұйымдастыру үшін еңбек құралдары, еңбек заттары мен жұмысшы күші қажет. Еңбек құралдары мен заттары басқа жақтан әкелінуі немесе кәсіпорынның өзімен өндірілуі мүмкін. Жұмысшы күші - кәсіпорынға келісім-шарт негізінде және бұйрық бойынша қабылданған жұмысшылар мен мамандар.

Кәсіпорындар сатудан табыс таба отырып, өндірілген өнімдер сатады. Егер осы табыстар оларды өндіруге кеткен шығындардан асып түсетін болса, онда өндіріс процесінде құрылатын және сату процесінде анықталатын табыс алады. Егер түскен түсім өндірістік шығындардан аз болатын болса, онда онда кәсіпорын зиян шегеді. Құралдар айналымы негізгі шаруашылық процестерінен: дайындау, өндіру, сату процестерінен тұрады және үздіксіз жүреді, нәтижесінде еңбек заттары бір нысаннан басқа бір нысанға ауысады.

Кәсіпорынның жұмысын жемісті және үздіксіз ұйымдастыру үшін кәсіпорын дайындау процесінде қамтамасыз ететін өндірістік қорлары болуы керек.

Дайындау процесі өнім өндіруге қажетті еңбек заттарымен кәсіпорында қамту үшін әрекеттердің жиынтығы болып саналады. Кәсіпорын жабдықтаушылардан материалдар, отын және басқа да еңбек заттарын алады.

Кәсіпорын жадбықтаушыларына алынған заттарды өзі үшін дайындау немесе сатып алу құны болып табылатын босаты құнымен төлейді. Сонымен қатар ол дайындау әрекеттерімен туындайтын шығындарға ұшырайды, мысалы, алынған құндылықтарды тасу төлемі, оларды тиеу және түсіру, темір жол стансасынан қоймаға дейін және басқа да шығындар шығарады. Осы барлық шығындар көлік-дайындау шығындары деп аталады.

Сондықтан дайындау процесі есебінің басты мақсаттары:

  1. Дайындау бойынша барлық шығындарды анықтау;

2) Дайындалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтау.

Есептегі материалдық құндылықтардың қозғалысы нақты өзіндік құнмен көрсетіледі. Алынатын материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құны сатып алу құнынан және көлік-дайындау шығындарынан тұрады. Заттай көрсеткіштермен берілген дайындау процесінің көлемі талдау шоттарында жүргізіледі, ал ақшалай өлшегішпен жинақтау шоттарында («Материалдар» және т. б. ) есепке алынады.

Дайындау процесі есебі кезінде материалдық құндылықтарды бағалау маңызды орын алады. Жинақтау есебінде және баланста барлық сатып алынған өндірістік қорлар (шикізат, материалдар, отын, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және т. б. ), меншікті өндіріс құндылықтары сияқты, олардың нақты өзіндік құнымен есептелінеді. Ағымдағы есепте құндылықтарды нақты өзіндік құнымен есептеу қиынырақ, өйткені ол материалдардың әр түрлі ірі партиялары үшін әр түрлі болуы мүмкін, ал меншікті өндірістің материалдық өқндылықтары бойынша нақты өзіндік құны тек жылдың аяғында ғана анықталады. Сондықтан құндылықтардың ағымдағы есебі есеп бағасымен жүргізіледі. Қазіргі кезде сату материалдары үшін есеп бағасы ретінде келісім көтерме, нарық бағалары қолданылады, ал меншікті өндіріс құндылықтары үшін - жоспарлы (нормативті) өзіндік құн пайдаланылады.

Өндіріске апарылған материалдар бойынша көлік-дайындау шығындарының сомасын анықтау үшін материалдардың әрбір түрін дайындаудың нақты өзіндік құнын анықтап алуымыз керек.

Осы шығындардың есеп бағасымен дайындалған материалдардың құнына пайызы анықталады.

Осы пайызға байланысты материалдарға көлік шығындары таратылады.

2. Өндіріс процесі есебі

Өндіріс процесі шикізат пен материалдарды табу мен өңдеу бойынша және олардың дайын өнімге айналуы бойынша әрекеттерінің кешенді жиыны. Өндірілетін өнімнің мақсатына байланысты кәсіпорынның өндірістік қызметі келесі түрлерге бөлінеді: негізгі, көмекші және өндіріс пен шаруашылықты қамтамасыз ететін.

Негізгі өндіріс , ереже бойынша, кәсіпорын өндіру үшін құрылған өнім өндіреді.

Көмекші өндіріс негізгі өндірісте тұтынылатын өнім шығарады. Оларға жөндеу шеберханалары, авто көлік, электжабдықтау, сумен жабдықтау шеберханалары және т. б.

Әлеуметтік қызмет көрсететін өндіріс - кәсіпорын жұмысшыларының тұрмыс және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған өндірістер (мысалы, асхана, наубайхана, монша, шаштараз, тұрғын үйлер, жатақхана, мектепке дейінгі лалар лагерлері, профилакториялар, пионер легерлері, демалыс орындар мен үйлері жатады және т. б. ) .

Өндіріс процесі кезінде өнім өндіру үшін жұмыс күшін, еңбек заттарымен еңбек құралдарын пайдаланады. Өндіріс процесінде үш негізгілердің қатысуы кәсіпорында сәйкес шығындардың құрылуына әкеледі. Өндіріс процесінде шығындалған ресурстар ақшалай бағалауда өндіріс шығындары деп аталады. Барлық шығындардың жалпы сомасы өнімнің өзіндің құнын құрайды.

Осыдан өндіріс процесі бухгалтерлік есебінің негізгі мақсаты болып табылады:

  • өндірістің нақты көлмін анықтау. . Ол үшін барлы өндіріс өнімі мен әр түрдегі өнімнің жалпы көлемі анықталады. Өнімнің нақты түрінің көлемі ақшалай және заттай өлшегіштермен бекітіледі;
  • өніснің өзіндің құнын есептеу;
  • аяқталсаған өндірістің көлемін анықтау.

Өнімнің өзіндік құнын, өндірістік шығындар есебі мен талдауын дұрыс есептеу үшін шығындарды топтастыру мен жіктеу маңызды орын алады.

Өндіріс процесі есебінде бірқатар арнайы шоттар қолданылады - өндірістік есепке алу шоттары. Олардың ішіндегі маңыздысы «Негізгі өндіріс» - кәсіпорынның өнім өндірісіне шығындары туралы ақпараттар жалпыланатын активті шот, оның дебетінде негізгі өндірістің өнімін өндірудің барлық шығындары, ал кредиті бойынша дайын өнімнің шығуы көрсетіледі.

3. Сату процесі есебі

Сату процесі дегеніміз кәсіпорынмен өндірілген өнімді сатып алушыға сату бойынша әрекеттер кешені. Есептің халықаралық стандарттарына және қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес сатылған деп сатып алушыға оны тиеу сәтінен бастап банкке төлем құжаттарын тапсырғанға дейінгі сәті танылады.

Сату процесі кезінде кәсіпорын шығындар шегеді: өнімді орау мен тараға, сатып алушыларға оларды жеткізу. Осындай шығындар коммерциялық шығындар деп аталады. Олар кезең шығындары болып саналады және өнімнің өзіндік құнына кірмейтін өнім сатумен байланысты шығындар.

Сату процесі бухгалтерлік есебінің алдындағы екі мақсаты болып табылатын:

  • сатылған өнімнің өзіндік құнын және табысты анықтау;
  • сатудан қаржылық нәтижені айқындау.

Бірінші мақсатты орындау үшін бухгалтерлік есеп сатылған өнім туралы нақты өзіндік құнмен ғана емес, сонымен қатар сату бағалары бойынша жалпы және жеке түрлері бойынша сатылған өнімдердің көлемі туралы ақпараттарды алуды қамтамасыз ету керек. Мұндай ақпараттар келесідей шоттарда болады:

  1. «Дайын өнім (жұмыс, қызмет) сатудан табыс», бұл шот пссивтік, жыл басына қалдығы болмайды, жыл ішінде тек кредиттік айналымдар ғана болады - сатып алушыларға шот берілетін дайын өнімнің сату құны, бұл шот «Жиынтық тыбыс» шотына апару жолымен ғана жылдың соңында жабылады.

2. «Сатылған дайын өнімнің (тауар, жұмыс және қызмет) құны», бұл шот активтік, жыл басына қалдығы болмайды, жыл ішінде тек дебеттік айналымдар ғана болады - «Дайын өнім» шотынан сатылған өнімнің нақты өзіндік құнын апару, бұл шот «Жиынтық тыбыс» шотына шығындарды апару жолымен ғана жылдың соңында жабылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік шоттары
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
Өндірістік шығындар есебі
Көмекші өндірістің сипаттамасы
Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі
Ақша қаражаттарына бақылау
Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz