О. Кельнер тәжірибесі. Қорытылу коэффициентін есептеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
1. Қорыту коэффициенттері туралы ұғым
ІІ. Негізгі бөлімі
1. О. Кельнер тәжірибесі
2. Қорытылу коэффициентін есептеу
3. Рацион құрамы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Азық қоректілігі туралы ұғым, мал мұқтажын энергиямен, протеинмен, көмірсулармен, минералды заттармен және витаминдермен қанағаттандыру. Азық қоректілігін оның химиялық құрамы арқылы бағалау. Азықтың зоотехникалық талдау схемасы (үлгісі). Мал азықтандыруда азық құрамындағы су, көмірсулар, май, протеин (ақзат), минералды тұздардың зат алмасу барысындағы физиологиялық маңызы. Азық құрамындағы органикалық заттар- энергия көзі, мал денесінде ақзат пен май түзге жұмсалатын материал. Азықтың химиялық құрамы- азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіші. Көпжылдық шөп, жүгері, арпа, картоп, асбұршақ, азықтық қызылша сияты негізгі азықтық дқылдардың әр гектарынан алынған түсімді бағалау, сол түсім құрамындағы құрғақ зат, протеин, клетчатка, май және азотсыз экстрактивті заттарды жалпы мөлшері. Азық қоректілігін қорытылатын қоректік заттар арқылы бағалау. Азықтың қорытылуы- мал қоректенуінің алғашқы сатысы. Азық құрамындағы қорытылатын қоректік заттарды анықтау тәсілері. Қоректік заттар қорытылуын ұлғайту жолдары. Азықтың қорытылу дәрежесіне әсер ететін факторлар. Қорытылатын қоректік заттар қосындысы мен қорытылатын энергия мөлшеріазықтың энергиялық қоректілігінің көрсеткіші. Протеиндік қатынас. Мал денесінде зат, энергия алмасу деңгейін анықтау тәсілдері. Зат және энергия алмасуы- мал денесіндегі тіршілік үрдістері және малдан мол өнім алу негізі. Азықтандыру арқылы мал денесіндегі материалдық өзгерістерді зерттеу, осы мақсатта қолданылатын тәсілдер. Мал азықтандыру арқылы ғылыми- шаруашылық және теңгермелік тәжірибелер жасау. Денедегі азот пен көміртегі тепе-теңдігін анықтау. Респираторлық тәжірибе (тыныс алдыру) арқылы денедегі энергия тепе-теңдігін анықтау. Таңбаланған атом тәсілі. Азықтың жалпы энергиялық қоректілігін баалау. Азықтың энергиялық қоректілігі туралы түсінік. Азықтың жалпы қоректілігін бағалау тарихы мен оның дамуы. Энергиялық қоректілікті бағалау бірлігі (өлшем), қорытылатын қоректік заттар қосындысы (ҚҚЗҚ), скандинавиялық азық бірлігі (өлшемі), крахмал эквиваленті, сұлы азық өлшемі. Азықтың энергиялық қоректілігін бағалау тәсілдері. Мал шаруашылығын азық энергиясымен қамтамасыз ету негізі- азықтық дақылдар өнімділігін арттыру және табиғи азық өнім түсімділігін арттыру. Азық құрамындағы заттардың ролі мен маңызы, малды толық құрамды азықтандыру, оған қажетті қоректік заттарды анықтайтын факторларының бірі: малды теңестірілген толық құрамды азықтандыру туралы ұғым. Малды нәрлі де құнарлы ақзат (протеин), май, минералды заттар және витаминдермен қамтамасыз ететін негізгі факторлар, сол заттардың азықтығы, рациондағы мөлшері, сіңімділігі, мл денесіндегі қоры. Малдың толық бағалы азықтандырылуын қадағалау әдістері мен көрсеткіштері.
Мал азығының қоректілігі- оның организм тіршілігінің қажеттерін өтеу дәрежесімен өлшенеді. Бір мөлшерде желінген азықтың қайсысы тіршілік қажетін толығырақ өтесе, сол азықтың қоректілігі, құнарлылығы жоғары болғаны. Мал азықтандыруды ғылыми жолмен ұйымдастырып, аз жемшөп шығындап көп өнім алу үшін азықтың қоректілігін дұрыс бағалай білу керек. Мал азығының қоректілігін дұрыс бағалаған жағдайда олардың күнделікті берілуін мөлшерлеп, мал организмнің қажетінде дәлдеп, аз беріп ашықтырмай, көп беріп ысырап етпей, үнемді де тиімді пайдалануға болады.
Азық қоректілігі ҚҚЗҚ бойынша бағалаудың негізгі кемшілігі - ол тек азық қорытылуын, яғни ас қорыту барысының тек алғашқы, бірінші сатысына ғана қамтиды. Қорытылып сіңірілген қоректік заттардың одан әрі игеріліп пайдаланылу жағдайын көрсетпейді.
Ғылым мен өндірістің одан кейінгі дамуы азық қоректілігін дәлірек бағалауға мүмкіндік туғызды. М. Рубнер, содан кейін Атуотер және Бенедиктердің зерттеулері, энергияның сақталу заңы жануар организмінде де орын алатындығын дәлелдеді. Соған негізделе отырып мал организмінде заттар және энергия теңдігін зерттеу тәсілдері дамыды. Бұл тәсілдерді қолдана отырып 1905 жылы неміс ғалымы О. Кельнер организмде азот, көміртек және энергия теңіктеріне негізделіп есептелген азық қоректілігін олардың өнімділік әсерімен бағалау жолын ұсынды.
О. Кельнер бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізген тәжірібилерінде түрлі азықтар қоректілігін олардың мал денесіндегі май байлаушылық әсерімен салыстыра бағалауды ұсынды. 248 азық түріменжүргізген зерттеулерінің нәтижесінде О. Кельнердің крахмалдық теңеулері деп аталған бұл өлшем азықтардың сақа өгіз денесінде 248 г май байлайтын 1кг қорытылатын крахмал май байлауымен салыстырылды.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде О. Кельнердің крахмалдық теңдеулеріне негізделген сұлы азық өлшемі қолданылады.
Оның бірлігі ретінде 1кг сұлы қоректілігі, май байлауымен есептелетін өнімдік әсері алынды. Сұлы азық өлшемі 1933 жылы бекітіліп, оның негізінде алғашқы азық қоректілігінің кестелері жарияланды. Біршама кемшіліктеріне қарамастан бұл бірлік қазіргі кезге дейін мал шаруашылығында негізгі азық өлшемі ретінде қолданылып келеді. Әдетте ол азық өлшемі деп аталады.
Азық қорктілігін сұлы азық өлшемімен бағалау толығымен О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен, оларға толығырақ тоқталайық. О. Кельнер өз есептерін азот және көмір тек теңдеулері арқылы жануар организміндегі ақықтың өнімділік әсерін анықтауға негіздеген. Азот элементі тек протеин құрамында 16,67 процент болатындықтан, оның денедегі балансы бойынша ақ зат алмасуын бақылауға болады. Ал көміртектің ақзаттары 52,54 процент және майдағы 76,50 процент мөлшері бойынша денедегі май байлауын есептейді.
Міне осындай жолмен О. Кельнер азықтардың өнімділік әсерін, қуаттылығын есептеп шығарған. Ақзатты энергетикалық қуаттылығы бойынша 1 г ақзатта 5-7 калория, 1 г майда 9,5 калория майға теңестіріп азықтың таза қоректік заттарының өнімділік май байлануы бойынша қуаттылығын тапқан.
100 г қорытылатын ақзаттікі 23,5 г, 100 г қорытылатын майдікі түрлі азықта әртүрлі қорытылуына байланысты 47,4-59,8 г., 100 г қорытылатын қанттікі - 18,8 г. Бұл сандар қорытылатын таза қоректік заттардың май байлау константалары өзгермейтін көрсеткіштері деп аталып, түрлі азықтардың химиялық құрамы қорытылатын қоректік заттары бойынша өнімдік әсерін май байлауымен есептеу үшін пайдаланылады.
О. Кельнер тәжірибелеріне негізделгендіктен азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалауда крахмалдық теңеулеріне тән кемшіліктер орын алған. Олардың ең бастылары қоректілікті анықтау тек өгіздермен және санаулы ғана азық түрімен 18 жылда 16 азықпен 100 тәжірибе қойылған нақтылы жүргізілген қалған азықтар қоректілігі есептен шығарылған.
Азық қоректілігі өнімдік әсерінін бір ғана қыры - май байлау қасиеттері арқылы бағаланған. Бұл бордақылаудағы малға қолдануға бейімді. Басқа өнім сүт, жүн, төл беретін малдар үшін азықтың май байлаушылығы қоректілігін бағалаудын негізгі көрсеткіші бола алмайды.
Азық қоректілігі сол азықпен малды азықтандырып, қортылатын қоректік заттарды толық сіңіргенде ғана айқындалады. Олардың игерілуі ас қорытудың алғашқы сатысы - қорытудан басталады. Демек, азықтағы қоректік заттардың қорытылуы неғұрлым жоғары болса, олардың қоректілік əсері де соғұрлым жоғары болмақ. Қоректік заттар қорытылуын олардың желінген азықтағы жəне қорытылмай тезекпен (қимен) шыққан қалдықтағы айырмашылығы бойынша есептеп, қорьггылу коэффициенті арқылы белгілейді.

Мұндағы ҚЗ-қоректік заттар, г; ҚҚ-қорытылу коэффициенті, %. Қорытылу коэффицинеттерін физиологиялық алмасу тəжірибелерінде анықтайды. Тəжірибе екі кезеңге бөлінеді. Алғашқы, яғни дайындық кезеңінде күйіс малы - 10-15, шошқа - 7-10, құс - 3-5 тəулік бойында бұрынғы азықтардан арылып, жаңа, тəжірибеде қолданылатын азықтарға үйретіледі. Одан кейінгі негізгі, яғни есепке aлy кезеңінде, 5-7 тəулікте зерттелетін азықтармен азықтандырылып, олардың желінген мөлшері жəне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азықтардың қоректілігі. Азық қоректілігін бағалау әдістері. Қоректі заттардың мал организмі үшін маңыздылығы
Азық қоректік заттарының қорытылуы
Шөп дайындау курс
Сіңірілетін қоректік заттар бойынша азықтың қоректілігін бағалау
Ауыл шаруашылық малдардың ішкі мүшелерінің құрылысымен танысу
Көк азықтармен азықтандыру
Азық қоректілігін энергетикалық қоректілік бойынша бағалау әдістері
Азықтардың химиялық құрамы
Қояндарды нормалап азықтандыру жəне азық қажеттілігін есептеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу мен зерттеу
Пәндер