Адамзаттың рухани тәжірибесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Өзін-өзі тану пәні бойынша педагогтер сабақтарды өткізу кезінде http:school.ozin-ozi-tanu.kz сілтемесі бойынша ҰҒПББСО Бөбек орталығының ұсыныстарын басшылыққа ала алады.

Рухани-танымдық тәрбие: адамгершілік бейне, адамгершілік сана-сезім; құндылықты сезімдер мен ізгілік қасиеттер, ар-ұят, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, табандылық, қайырымдылық, ынтымақтастық, ұлттық келісім құндылығы, өзге халықтардың мәдениеттін, салт-дәстүрін және тілін құрметтеу және дәріптеу құндылығы; өмірге деген этикалық жауапкершілік көзқарас.
Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы шеңберінде абырой мен қадір-қасиет, Отанға мінсіз қызмет көрсету және ерлік сабақтарын өткізу рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың әлеуметтік тәжірибесін дамыту және адамгершілікке тәрбиелеудің едәуір тиімді де мақсатқа сай құралының бірі волонтерлік болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлер жылы болып жарияланды.
Осыған байланысты JasUlanTeam (қызметі туралы Ереже бар), республикалық волонтерлік штаб үлгісінде волонтерлік клубтарды жетілдіру қажет. Әрбір мектепте аймақтың және мектептің номерімен аталатын волонтерлік клуб құру керек, мысалы, JasUlanTeam Kyzylorda 31, JasUlanTeam сөзі волонтерлік қозғалысты, Kyzylorda - аймақты, 31 - мектеп номерін білдіреді. Осылайша, мектепте бірыңғай волонтерлік қозғалыс құрылатын болады.
Орта білім беру ұйымдарында Қоғамға қызмет волонтерлық әлеуметтік жобасын - Мектепке жол, Қамқорлық, Мектепке жиналуға көмектес, Адамдарға қуаныш сыйла акцияларын және т.б. жүзеге асруға білім алушыларды кең көлемде тарту керек. Сонымен қатар, мектептер экологиялық, спорттық, мәдени, азаматтық-құқықтық волонтерлықтың өмірге енуіне бастамашы болуы тиіс. Білім беру ұйымдарында волонтерлік қызметті ұйымдастыру туралы жеткілікті ақпарат Астана, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019 ж. Білім беру саласындағы волонтерлік пен қайырымдылық және олардың қазіргі жағдайда білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі әдістемелік ұсынымдамасында берілген. https:www.nao.kz.
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда кездесу-кештері, Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары, Адамзаттың ұлы ұстаздары, Қазақстанның ұлы ойшылдары мен философтары әдеби кештері, Сұлулық әлемді құтқарады поэзиялық кештері, Мейірбандық - адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз әдеби-музыкалық композициясы, Махаббат - адам өмірінің негізі, Қайырымдылық жасампаз күш адамгершілік-рухани мазмұндағы сынақтар және әңгімелер айтарлықтай маңызға ие болады.

Өзін-өзі тану оқу пәні
Өзін-өзі тану пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру.
Бастауыш мектеп білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып пәннің негізгі базалық мазмұны төмендегі тарауларға сәйкес келеді: Ғасырлар даналығы, Ынтымақты отбасы, Адам болам десеңіз..., Әсемдік әлемінде! 4-сыныпта 25-26 сабақтардың тақырыбы Табиғаттың жандандыратын күші, 27-28 сабақтардың тақырыбы Жанды су.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 1-сыныпта 33 сағат, 2-4 сыныптарда - 34 сағат.
Оқушылардың білімін бағалау. Пән бойынша оқушылардың білім сапасын бағалау 1-4 сыныптар бойынша Өзін-өзі тану пәніне арналған оқу бағдарламасында берілген Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі.
Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша сынақ бағасы қойылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар пән бойынша сынақ қоюдың критериі қызметін атқарады. Егер оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптар орындалса, оқушыға сынақ қойылады.

Өзін-өзі тану оқу пәні
Өзін-өзі тану пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.
5-9-сыныптардағы Өзін-өзі тану базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды: Таным қуанышы; Адам болам десеңіз ...; Адам және әлем; Адамзаттың рухани тәжірибесі.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, 5-9 сыныптарда - 34 сағат.
Оқушылардың білімін бағалау. Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Сынақ бағасы қойылады. Егер оқушы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Өзін-өзі тану пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға Сынақ қойылады.
Өзін-өзі тану оқу пәні

Біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаны болмыстың физикалық, психикалық және рухани аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам болып табылады. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру, өзін іс жүзінде көрсете білу және өзін-өзі жетілдіру аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі танудың пәндік саласын анықтайды, сол сияқты оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін нақтылайды.
Өзін-өзі тану оқу пәнінің мақсаты - білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуы; олардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімді игеруі; оқушылардың сенімдерін, әлеуметтік маңызды тұлғалық қасиеттерін және өмірлік дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің логикалық құрылымының мазмұны:
1) сүйіспеншілік, денсаулық, еркіндік, бақыт, ар-ұждан, еңбек, тән мен рух үйлесімі, өмірдің мақсаты, адамның тағдыры, ой мен сөз және істің бірлігі тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы өзін-өзі тануға;
2) отбасы, достық, қарым-қатынас, сенім, сыйластық, теңдік, сұхбат, өзара түсіністік, ынтымақтастық тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы өзге адамдарды тануға;
3) табиғат, Отан, өмір, қоршаған әлеммен үйлесімдік; сенім, үміт тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы әлемді тануға;
4) ақиқат, шығармашылық, мәдениет, адамзаттың ортақ үйі ретіндегі жер, адамзаттың бірлігі тәрізді ұғымдарды ұғыну арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы саяси мәдениет
Рухани мәдениет. Рухани мәдениеттің түрлері
РУХАНИ МӘДЕНИЕТ ТИПТЕРІ
Оқыту процесін мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Философиядағы герменевтика мәселелері
Саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні, әдістері мен қызметтері
Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау лемиттері мен квоталары
Пәндер