Ф. Гегель және оның философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Хасенова ГБ.
Семинар 3.
Тақырып. Ф.Гегель және оның философиясы.
Ф.Гегель диалектикасындағы ақылдың орны.
Гегель, Георг Вильгельм Фридрих- неміс философы. ХVІІІ ғасырдың аяқ кезі мен XIX ғасырдың басындағы неміс классиқалық философиясының аса көрнекті өкілі. Объективтік идеализм тұрғысынан диалектиқалық методты жүйелі түрде, жан-жақты зерттеуі арқасында Гегель философия саласында тарихи зор еңбек сіңірді. "Гегельдің материалистік жағынан ұғынылған диалектикасын Маркстің қалай қолданғандығына сүйеніп, біз осы диалектиканы барлық жағынан тексеріп шеше аламыз және тексеріп шешуге тиіспіз де... " деп жазған болатын В.И.Ленин.
Гегель 1770 ж. 27 тамызда Штутгартта, ірі чиновниктің семьясында дүниеге келді. Ол 1788 ж. Тюбингендегі теологиялық институтқа түсіп, оны 1763 ж. бітіріп шықты. Студенттік кезде ол Франциядағы ірі саяси өзгерістерге аса зейін қойып, оларды қуаттап отырды. Институтты бітіргеннен кейін Гегель бірнеше жылдар бойы Бернде, Майндағы Франкфуртте жеке адамдардың балаларын оқытып тәрбиелеумен айналысады. Осы жылдары жас оқымысты өзінің " Иисустың өмірі " (1795), "Христиандық діннің позитивтілігі " (1796), "Христиандықтың рухы және оның тағдыры" (1799) деген алғашқы шығармаларын жазады.
Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г.Гегель. ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты.
Гегель қайшылықты - дамудың негізгі қайнар көзі және қозғаушы күші ретінде ерекше бөліп, ол туралы жан - жақты ілімді дамытты. Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын анықтап, олардың тиянақты жүйесін жасады.
Рухты Гегель біртұтас адамзат тарихының негізі ретінде қарастырады. Рух-бір мезгілде тарихтың объектісі және субъектісі; объект ретінде ол өзін-өзі танып біледі, рухтың (дух) өзіндік танымының формасы ақыл-парасат. Ақыл-парасат, Гегельдің мақұлдауы бойынша, әлемде үстемдік жүргізеді, демек, дүниежүзілік-тарихи үрдіс осы ақылмен жүреді (Г.Гегель. Лекции по философии истории). Ақылдың тарихта басымдылық идеясын философ қысқаша офоризммен жеткізді: барлық анық болған ақылмен, барлық ақыл-естілік шын, кім дүниеге ақылмен қараса, оған дүние де ақылмен қарайды (Гегель. Лекции по философии).

Ф.Гегель философиясын не себепті идеалистік пішінде дейміз?
Гегельдің диалектикасын Карл Маркс жоғары бағалаған. Ол, 1868 жылы 17 наурызда Кугельманға жазған хатында, өз әдісінің Гегель әдісінен айырмашылығын көрсеткен: зерттеудегі менің әдісім Гегельдікіндей емес, өйткені мен-материалист, ал Гегель - идеалист. Гегельдің диалектикасы барлық дерлік диалектикалық формалардың негізі болады, бірақ оны тек қана мистикалық пішінінен босатқан соң, дәл осы менің әдісімді оныкінен айырады (Маркс - Людвигу Кугельману в Ганновер. Лондон, 17 марта 1868 г. К.Маркс и Ф.Энгельс. Сочинения. Издание второе. Т.32. Москва, 1964.-с.448). Маркс Ф.Гегельдің ғылымға қосқан үлкен үлесін көрсетті. Ол 1868 жылы 9 мамырда, Петербургке, Иосиф Дицгенге жазған хатында: диалектиканың нағыз заңдары Гегельде бар ғой - шынында - мистикалық формада. Оларды осы формадан босату қажет..., деген (К.Маркс және Ф.Энгельс. Том 32. Москва, 1964.-456 б.). К.Маркс Энгельске жазған хатында, Гегель,-дейді, Маркс, таза сандық өзгерістер сапалық өзгеріске әкелетін заңды ашты, ол заңды тарихта және жәрәтілістануда қолдануға қуаты бар.(К.Маркс, Ф.Энгельс. шығармалар жинағы. Т.31. Москва, 1963.-с.260). К.Маркс және Ф.Энгельс Великие мужи эмиграции атты еңбектерінде, егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі
Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы
Классикалық неміс философиясы жайында
Канттың философиядағы таным мәселесі
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Гегель философиясы
Ұлы ғалымдардың діни философиялық көзқарастары
Неміс философиясы
Құқық философиясы пәнi
Пәндер