Композиция және сюжет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ : Композиция және сюжет.

Жоспары :

1.Көркем шығармадағы сюжет.

2.Композиция, оның ерекшелігі.

3.Сюжеттің түрлері.

4.Композициялық бүтіндік мәселесі.

Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты : сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы һәм тәсілі. Оның үстіне, бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне - бірі кшіп отыратын нәрселер; мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет - сюжет болу үшін оның барлық кезең - кезеңі түп - түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік.

Бірақ сюжет пен композицияның осындай өзара бірліген түсіне тұра олардың бір - бірінен өзгешелігін де ажырата білген жөн.

Қандай өзгешелік ?

Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді.

Мысалы, мына өлеңді оқып қарайық :

Өзіңдей ұяңсың сен ар - ұяттың

Өзіңдей қиялсың сен табиғаттың.

Өзендей көкірегімде ағып жаттың,

Жалындай көкірегімде жанып жаттың.

Кешкілік серуен құрып, бақта жүріп,

Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып:

Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,

Жазылып жүрегіме автогрф.

(С. Мауленов).

Шабытты жыр, сұлу сыр! ... Осы өлеңде сюжет бар ма ?Жоқ, сюжет жоқ. Композиция бар ма ? Бар болғанда қандай! ... Бәрінен бұрын ақынның көңіл күйіне, жан тебіренісінде, іштей тұтануы мен ұшқындауында бір түрлі бір әсем ажар, төрт құбыласы тегіс табиғи бүтіндік бар. Тек осындай ішкі әсемдіктен ғана мынадай саф таза сезім, шабыт пен сырға толы жыр туады. Содан соң ақынның ойы мен образында өзгеше үндестік бар : өзі өлеңге айналдырып отырған аяулы адамның ұяң мінезін кіршіксіз ар - ұятқа, болмыс - бітімін арман секілді табиғатқа теңеуі немесе одан ұққан сырды көкіректегі әсем ағысқа, ол дарытқан сезімді кеудеде лапылдаған жалынға теңеуі өзіңнің өзін биік әдемілікке, өнер туындысындағы шебер қиысқан мазмұн мен пішінге тән ішкі гармония мен сыртқы симметрияға көтеріп әкеткен. Ақыр аяғында ақынның шындықты суретке, суретті философиялық ұғымға айналдыру әрекетінде де рет - ретімен тартылған желі, өрілген арқау бар. Артық кеткен, шашау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сюжет, тартыс және композиция түрлері
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Сюжеттік желілер
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Шығарманың образдар жүйесіне талдау
Әңгіме жанрын оқыту
Эпикалық шығарманың түрлері
Бейнелеу өнерінің саласы композиция пәнінен бақылау жұмысын орындау әдістемесі
Көркем шығарманы талдау мен дамыту бағыттары
Пәндер