Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары. Жорықтың мақсаты мен міндеттері тактикалық өңдеудің мазмұны мен әдістемесі
Тақырып 1. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары. Жорықтың мақсаты мен міндеттері тактикалық өңдеудің мазмұны мен әдістемесі.
Дәрістің мақсаты: Студенттердің теориялық білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолданудың аясын кеңейту.
Дәрістің сұрақтары:
Туристік саяхат техникасы, туристік саяхат тактикасы ұғымдарының басты сипаттамасы.
Жорық жасаушы топтың физикалық және техникалық деңгейі.
Саяхаттың белсенді түрлерінде маршрутты тактикалық өңдеудің жалпы сипаттамасы.
Белсенді туристік саяхатта маршрутты таңдаудың негіздемесі.
Туризм техникасы дегеніміз - туристік маршрут немесе оның кесіндісінде кездесетін кедергілерінен өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу. Туризм түріне байланысты, әртүрлі кедергілерден өту үшін:
- кедергілердің ерекшеліктерін білу;
- осылардан өту әдістерін жете білу;
- осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды дұрыс таңдап қолдана білу қажет.
Рекреациялық (сауықтыру, ойын-сауық, танымдық) туризмдегі міндеттер:
жорық пен жарыстардағы табиғи кедергілерден өту;
туристер үшін лагерь мен ыстық тамақты ұйымдастыру;
жергілікті жерде дәл бағдарлау.
Спорттық туризмдегі міндеттер, сонымен қатар: әртүрлі қиындық дәрежедегі (категориядағы) маршруттың классификацияланған кесінділерінен өту, оның ішінде сақтандыру шараларын қолдану.
Туризм техникасын топтастыру белгілері:
1)Қолданылатын техниканың мақсаты. Мысалы, жергілікті жерде бағдарлау техникасы өзеннен өту техникасына ұқсамайды. Бағдарлауда жұлдыздар бойынша, карта, GPS қолданылса, өзеннен өткенде сақтандыру, өзін-өзі сақтандыру техникасы қолданылады. Сақтандыру құралдары ретінде бұл жағдайда негізгі арқан, сақтандыру жүйелері, карабин және т.б. құралдар қажет.
Мақсаты бойынша белсенді туризм техникасы былай топтастырылады:
табиғи кедергілерден өту техникасы;
сақтандыру техникасы;
бивак жұмыстарының техникасы;
жергілікті жерде бағдарлау техникасы;
іздестіру-құтқару жұмыстарының техникасы;
2) Туризм түрі. Мысалы, су туризмінде тек қайықтан көрініп тұратын жаға жанындағы бағдарларды қолдануға болады. Қозғалыстың жалпы бағыты түсінікті (өзен арнасы). Сондықтан су туризміндегі бағдарлауда әрбір мезеттегі өзендегі өз орнын анықтау, табиғи кедергілердің орындарын білу, кедергілерден өтудің ең тиімді жолын анықтау маңызды болады. Сөйтіп, су туризмінде бағдарлау техникасының негізі өзен бойымен картаны оқып жағалаудағы бағдарларды анықтап жол жүру болып табылады. Бағдарлау құралы - топографиялық карта және лоция. Лоция дегеніміз әрбір өзен бойымен қайықта (кемеде) жүзу үшін құрастырылған нұсқау болып табылады. Лоцияда өзен жағалаулары, бағдарлар, қиын жерлер, кедергілер және олардан өту әдістері мен жолдары көрсетіледі. Ал шаңғы туризмін алсақ, маршрут жолы кейде анық емес. Туристер бағдарлаудың барлық қолдағы әдістерді қолданады. Туризмнің әрбір түріндегі басқа да техникалар тек өздеріне ғана тән болады (сақтандыру, бивак және іздестіру-құтқару жұмыстарының техникалары). Сонымен, туризм түрлеріне байланысты, техниканың мынадай түрлері болады:су туризмінің техникасы;жаяу туризмінің техникасы; шаңғы туризм техникасы және т.б.
3). Туристік техниканы оны қолданатын субъектілер (туристер) санына байланысты мынадай түрлеріне бөлуге болады: жеке техника (индивидуалдық); топтық (командалық) техника.
Туризм тактикасы дегеніміз - қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын, ұақытын мүмкіндікше аз мөлшерде жұмсап және қаүіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика - маршрут жолымен өту үшін қажетті құралдар мен әрекеттер жиынтығы. Тактикаға кіретіндер: жорықтың график-жоспарын жасап оны орындау, яғни жол мен жол кесінділерінен қолдағы құралдарды қолданып қаүіпсіз түрде өту.
Туристік техникасының топтасуына орай тактиканы да осылай жіктеуге болады:
сақтандыру тактикасы;
табиғи кедергілерден өту тактикасы;
бивак жұмыстарының тактикасы және т.б.
Бірақ тактиканы тек техникалық әдістерді таңдау деп түсінген дұрыс емес. Сонымен қатар тактикаға дайыйндықты дұрыс ұйымдастыру, ауданды зерттеу, маршрут жолын анықтау да кіреді.
Тактика екі кезеңнен тұрады:
а) жорық алдындағы тактика (жорыққа дайындық);
б) жорық тактикасы (жорық кезіндегі).
Жорық алдындағы тактикаға 1) маршрутты таңдау; 2) жорықтың график- жоспарын құрастыру; 3) азық-түлік пен құрал-жабдықтар тізімін жасау; 4) өзінің физикалық, техникалық дайындығы мен тәжірибесі бойынша таңдалып алынған маршрут өтуге қабілеті жеткілікті туристер тобы мен оның жетекшісін іріктеп алу.
Жорық кезіндегі тактика : 1) жорық жоспары мен бөлек тілімдерінен өту графигін үнемі реттеп, түзетіп отыру; 2) жорық кезінде алдағы нақты жерлерден өту жолын табу; 3) әрбір кесіндіден өтуде топтың қимыл тәсілдерін нақты жоспарлау мен іске асыру; 4) жолдың әрбір кесіндісінде техникалық әдістерді, шаралар мен әрекеттерді таңдау. Сонымен қатар, тактиканы жеке (индивидуалды) және топтық тактикаға бөлуге болады.
Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, өлім, мақсатқа жетпеу, қаржыны, адамдардың күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.
Тактикалық мәселелерді шешудің оларды қиындататын әралуан факторлары болады: ауа райының шұғыл өзгеруі, табиғи апаттар, басқа туристік топқа жәрдем беру қажеті, жарақаттар немесе сырқаттар, топтың нашар хал-күйі және т.с.с.
Жорықтың мақсаты мен міндеттері тактикалық өңдеудің әдістемесі:
Әртүрлі саяхат маршруттары негізгі үш топқа бөлінеді: сызықты, шеңберлі және жан-жаққа тарамдала таратылған. Сонымен қоса аталғанның бәрі араласқан маршрут та болады.
Сызықты маршрут бойынша сапарға шыққан саяхатшы бір базадан екінші базаға барады, сондықтан әр жаңа жерде сол ауданның ерекшеліктері туралы мәлімет беретін экскурсияларға қатысады. Бір сызықты маршрут бойынша туристер ауданның кең аумағымен танысуды көздейді.
Шеңберлі маршруттармен көбіне спорттық жорықтар ұйымдастырылады. Оның ерекшелігі - маршруттың басталуы мен аяқталуы бір нүктеде.
Тарамдала таратылған туристік маршрут туристерді кез келген бір қаламен, ауданмен таныстыруды мақсат тұтады. Осындай маршруттың базасына келген турист үнемі сонда тұрып, жергілікті музейлерге, көрікті орындарға барып, базаның төңірегінде экскурсиялар жасайды.
Жан-жаққа тарамдала таратылған маршрут бойынша жүргізілетін жорықта саяхатшыны бірінші базаға жеткен сәттен-ақ қажетті жағдайлардың бәрімен: қонатын бөлмемен, тамақпен, экскурсиямен, мәдени қызмет саласымен, кітапханамен, ақыл-кеңеспен, көлікпен қамтамасыз етеді. Бұл жорықтарда демалыс - саяхатшылардың Отанды тануымен, дүниетанымын кеңейтуімен, болған жерлеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеумен ұштасып отырады.
Сынақтық маршруттар еліміздің неғұрлым табиғаты сұлу, қызықты аудандарын таңдайды әрі мұндай жорық бір базадан екінші базаға жаяу, шаңғымен жүру, қайықпен жүзу арқылы орындалады. Мұндай саяхаттар оған қатысушылардан әдетте маршруттың алғашқы базасында белгілі шарттардың орындалуын талап етеді.
Дайындықтан өткен саяхатшылар тобы қажетті құралдармен, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі және нұсқаушы басшылығымен жорыққа аттанады. Бір база мен екінші база аралығы бірнеше асулардан тұрады, сол себепті саяхатшылар жолда палаткаларда түнеп, өздері тамақ әзірлейді, жүрер жолдарын карта және компас көмегімен анықтап, бағдарлайды. Мұндай жорықтар елдімекеннен шетте, жолдан шалғай биік таулармен, кеме жүре алмайтын асау өзендермен, т.б. аудандардың түпкір-түпкірімен танысуға мүмкіндік береді.
Мерзім мен аудандарды белгілеп, күні бұрын жоспарланған маршруттар бойынша өткізілетін жорықтар жұрттың бәрінің көңілінен шыға бермейді. Сол себепті (өзінің ұйымдастыру жағынан) өз қалауы бойынша ұйымдастырылатын әуесқойлық саяхаттар деп аталады. Топ мүшелерінің өздері таңдаған әуесқойлық жорық маршруты картаны, әдебиеттік ақпаратты және аудан жағдайын білетін адамдардың көмегімен жасалады.
Сонымен қатар әуесқой саяхатшылар тобы белгілі базаларға белгіленген уақытта жетуге міндетті емес, олар өз еріктерінше, өздеріне қолайлы уақытта келеді. Саяхат кезінде жұмыс жағдайын ойластыру, саяхат маршруты бойынша жүру жергілікті жер ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылады. Әуесқой саяхат ешқандай белгілі бір аудандармен, бағыттармен шектелмейді, олардың бәрін жорыққа қатысқысы келетін топтың қызығушылығы мен ынта-ықыласы шешеді. Әуесқой саяхаттың ең басты артықшылығының бірі - осы.
Туристік шаралар демалыс күндік жорық жасаумен қатар туристік слет, жарыстар өткізу түрлерімен де жүзеге асырылады.
Спорттық жорықтардың топтастырылуы - саяхат түрлері мен олардан туындайтын күрделілік дәрежелерінен тұрады. Топтастыруға республикалық біртұтас спорттық жүйелеуде көрсетілген санаттық талаптарға сай саяхат түрлері бойынша жүргізілетін жорықтар жатады. Спорттық жорықтар жаяу, шаңғымен, тау, су арқылы, велосипедпен, автомобильмен, мотоциклмен және спелео (үңгір) тәрізді туризм түрлері бойынша жүзеге асырылады. Жоспарланған және әртүрлі өлкеде өткізілген жорықтарға берілер баға, оларды салыстыру жолы арқылы, үлгілі маршруттар өлшемімен беріледі. Үлгілі маршруттардың жіптерінен тыс, ресми құжат болып саналатын және маршруттар топтамасының негізгі принциптеріне, олардың қызықтырушылығы мен ұзақтылығына, тізілу логикасына, кедергілердің сандық және сапалық мінездемелеріне әдістік нұсқаулар бар. Маршрутты күрделіліктің белгілі дәрежесіне жатқызудың үш талабы болады: ұзақтығы, қашықтық және маршруттың тәсілдік күрделілігіне байланысты.
Жорық ұзақтығы күрделілік дәрежесіне сай маршрутты мүмкіндігінше аз күн ішінде өтуін қарастырады. Оның ішіне демалысқа арналған және аяқасты тап болған кедергілерге жұмсалған күндер кірмейді. Сонымен қатар елді мекендерге кірмей, жорықты біртұтас өткізу керек. Дегенмен талаптан тыс қосылған күндердің саны жорықтың жалпы ұзақтығынан 20 пайыздан аспау қажет. Егер де жорық белгіленген уақыттан (себепсіз) бұрын аяқталған болса, маршруттық комиссия жорықтың дәрежесін кемітуге құқылы.
Жорықтың қашықтығы - маршруттың белгілі дәрежесіне сай, мүмкіндігінше ең аз ұзындығы. Әр қилы жағдайға сәйкес жорықтың қашықтығы 25 пайызға қысқартылуы мүмкін. Жорықтың негізгі бөлігі шеңберлі немесе бір сызықты болуы тиіс.
Жорықтың тәсілдік күрделілігі кедергілердің сипатымен, санымен және сапасымен анықталады. Кедергілердің сипаты олардан өткенде қауіпсіздікті қай деңгейде талап етуімен анықталады. Әр маршруттың күрделілігіне тән, кедергілердің деңгейі сай келеді. Жорықтардағы қауіпсіздіктің негізі - бұрынғы жорықтарда іс жүзінде жинақталған саяхат тәжірибесі болып табылатынын есте ұстаған жөн. Жорықтардың күрделілігі белгіленген өлшемдермен және классификациялық асулар мен үңгірлер тізбегімен анықталады. (1 кесте)
1 Кесте - Жорықтар өлшемдері
Туризм түрлері және жорықтың сипаттамасы
Жорықтың күрделілік дәрежесі
І
ІІ
ІІІ
ІV
V
VІ
Жорықтың ұзақтығы тәулікпен (аз шамамен)
6
8
10
13
16
20
Жорықтың қашықтығы шақырым (аз шамамен)
Таулы
100
120
140
150
160
160
Жаяу
130
160
190
220
250
300
Шаңғымен
130
160
200
250
300
300
Судағы
150
175
200
225
250
250
Велосипедпен
250
400
600
800
1100
Спелео (үңгір саны)
5
4-5
1-2
1-2
1
1
Таулы жорықтарды бағалағанда асулардың күрделілік дәрежесін анықтайтын топтаманы қолдануды ұсынамыз (2 кесте).
2 Кесте - Асулардың өлшемдері
Күрделілік дәрежесі
Жорықтың ұзақтығы (тәулік)
Дәрежелі асулардың мөлшері
Жорықтың ұзақтығына тән күрделі асулардың мөлшері
Барлығы
Соның құрамында
1А
1Б
2А
2Б
3А
3Б
І
6
2
2
-
-
-
-
-
1А 3 асу
ІІ
8
3
-
2
-
-
-
-
4, 1Б 3 асу
ІІІ
10
4
-
1
2
-
-
-
5, 2А 3 асу
ІV
13
5
-
1
1
2
-
-
6, 2Б 3 асу
V
16
6
-
-
1
2
1
-
7, 3А 2 асу
VІ
20
6
-
-
-
1
2
1
7, 3Б 2 асу
Жорыққа тактикалық әзірлену кезеңдері: Саяхат ауданын таңдау, топ құрамын анықтау, маршрутты әзірлеу, маршрут ауданын зерттеу, маршрутты рәсімдеу мен жасақтау, саяхат қорытындысын жасау.
Саяхат ауданын таңдау саяхат мақсатына, қатысушылар мүдделері мен қызығатындығына байланысты. Саяхат ауданын таңдаған кезде жолдарды, жолға қажетті уақытты, саяхат шығындарын, көптеген басқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz