АҚШ-тағы мұқтаж отбасылар әлеуметтік қызмет көрсету технологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Реферат

АҚШ-тағы мұқтаж отбасылар әлеуметтік қызмет көрсету технологиясы

Қабылдаған:Асанхан Дәурен
Орындаған: Аппаз Гүлнұр
МС 20-14К

АҚШ-тың тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басты ерекшелігі -децентрализация. Бұл ерекшелік барлық әр түрлі деңгейдегі федералдық, штаттық, жергілікті әлеуметтік бағдарламаларда айқын көрінеді.
Мұндай жүйенің бір артықшылығы: әрбір аймақтағы кез келген тұрғындардың сұранысын айқындауға мүмкіндік болады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік көмек екі негізгі формада жүзеге асады. Бұл екеуінің негізгі айырмашылықтары қаржыландыру көздерінде ғана. Сақтандыру қорлары еңбекшілердің, кәсіпкерлердің, еркін мамандық иелерінің, дәрігерлердің, дін иеленушілердің жиналатын салық есебінен болады. Ал мемлекеттік көмек - мемлекеттік бюджеттің, штат, жергілікті өкімет бюджеттерінен ассигнованиясынан (көмегі есебінен) құрылады. АҚШ-та 1935 жылы әлеуметтік сақтандырудың екі түрі енгізілді. Бірі - қартаюына байланысты зейнетақы және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы беру. Кейбір кедейлер категорияларына (мүгедектерге, жетімдерге) ішнара көмек, асыраушысы болмаған жағдайда берілетін зейнетақы, 65 жас және одан да үлкен жастағыларға медициналық сақтандыруды ұйымдастыру. Теміржолшылар, азаматтық қызметкерлер үшін, соғыс ардагерлеріне әлеуметтік сақтандырудың ерекше жүйесі қалыптасқан. Бірақ мемлекеттік сақтандырумен ауыл шаруашылық жұмысшылары, ұсақ кәсіпорын жұмысшылары қамтылмаған.
Бұл федералды штаттық бағдарламалармен қатар өндірістік жарақат және кәсіби ауруларға байланысты сақтандыру бағдарламалары бар. Өндірістегі алған жарақаттар, аурулар, өлім үшін алатын компенсация жалақының 23 - бөлігін құрайды және бұл көмекті жеке меншіктегі сақтандыру компаниялары береді.
Мемлекет тарапынан кедейлерге берілетін көмек 60-жылдардан бастап дамыды. Бұл көмек қарттарға, мүгедектерге, көп балалыларға, толық емес отбасыларға беріледі. Бұл көмек елдегі инфляцияны есепке ала отырып жылма-жыл қайта қаралып отырады. Азық-түлік түріндегі көмек мұқтаждықтарға азық-түлік талондарын беру арқылы жүзеге асады. Мұндай көмекті кедейлік шегі болып есептелетін кірісі 125 % нан аспаған адамдарға, отбасыларға беріледі. Бұдан да басқа азық түлік көмегінің формалары: мектептегі таңғы ас, 1 жасқа дейінгі баласы бар аналарға көмек т.б.
Тұрғын үй субсидиясы АҚШ-та кірісі аз отбасыларға беріледі. Оның көлемі орташа әр отбасыға жылына 2000 $-дай болады.
Мемлекеттік сақтандыру жүйесімен қатар елде жеке меншіктегі сақтандыру жүйесі де бар. Оның екі формасы: ұжымдық және индивидуалдық түрлері бар.
Жеке меншіктегі зейнетақылық қамтамасыз етуде 40 млн. жұмысшы, қызметкер қамтылған. Зейнетақылық қор кәсіпкерлердің салығынан жиналады (90%) жұмысшы. Жеке меншіктегі зейнетақы қордың мемлекеттіктен айырмашылығы: онда пенсия жұмысшыға бір фирмада 10 жыл үздіксіз жасаған жағдайда төленсе, ал мемлекеттікте жұмыс орнына байланыссыз төленеді
АҚШ-та тұрғындардың әр түрлі категорияларымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың әр түрлі формаларын кездестіруге болады. Мысалы, қарттарға және мүгедектерге арнайы федералдық деңгейде қорлар, қызметтер ұйымдастырылады. Бұл зейнетақы, медициналық көмек, арзан тұрғын үй, азық түлік көмегі т.б. түрінде болады. Көп жағдайда көмекті жергілікті органдар атқарады. Елде шефтік көмекті, еріктілердің көмегін құптайды, қолдайды. Басқа елдердегі сияқты АҚШ-та қарттарға үй жағдайында көмекті ұйымдастыру кең етек алған. Соңғы жылдары қарттарға арналған интернт-үйлер, күндізгі ауруханалар, сауықтыру курстары т.б. түрлері етек алған. Әсіресе қарттарға, мүгедектерге, тұрмыс-тұрғын жағдайына көп көңіл бөлінеді. Себебі 30 млн. американдықтардың төрттен бір бөлігі 65 жас және көмекті қажет ететін кәрілер екен. Оларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмысқа
Қазақстан Республикасындағы халықтың әртүрлі категориядарымен әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуын талдау
Әлеуметтік педагогтың кәсіби, адамгершілік сапалары
Жайсыз отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызмет ерекшеліктері
Әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны
Отбасымен әлеуметтік жұмыс өзектілігі мен технологиясы
Отбасы және балаларға әлеуметтік көмек
Әлеуметтік реформаның мәні мен мазмұны. 1950 – 1960 жж. әлеуметтік реформалар
Балалар үйіндегі балаларды азайтуға бағытталған шаралар
Әлеуметтік көмек жүйесінің міндеттері
Пәндер