Дәнді азықтар. Құрама жем. Техникалық өндіріс қалдықтары. Жануар тектес азықтар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

БАСБОЛОВ ЗАМАНБЕК ТППЖ-31

1 Дәнді азықтар. Құрама жем.

2 Техникалық өндіріс қалдықтары. Жануар тектес азықтар.

3 Жоғарыда көрсетілген азықтарды пайдаланып рацион құру (ірі қара малына және қойларға) .

1 Дәнді азықтар. Құрама жем.

Дәнді азықтар

Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арам-шөптермен шамалы ластанады.

Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.

Екінші топтағы дәнді дақыл-дарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақша-ның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақыл-дары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.

Бидай

Бидай - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі

Сұлы

Сұлы(Avena) ] - астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 7 түрі бар. Ең маңыздысы - екпе сұлы(Avena sativa) . Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі(grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі (grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі(grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ

АРПА

Арпа - дәнді - дақылдар тобына жататын біржылдық, екіжылдық және көпжылдық шөптесін өсімдік. Арпа, бидай секілді ертеден өсіріліп келе жатқан дәнді дақыл. Бидайға қарағанда, арпа ыстыққа да, суыққа да, құрғақшылыққа да төзімді. Ол тропикалық аймақтарда да, ыстық араб елдерінде де, суық солтүстік Норвегияда да, Тибетте 4700 м. биіктікте де өсе береді. Еуразия, Америка, Африкада арпаның 30-ға жуық түрі тараған. Арпаны жем және азықтық тағам үшін өсіреді.

Тары

Тары (Panіcum) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның дүние жүзінде 500-ге тарта түрі, Қазақстанда 1 түрі - кәдімгі не екпе Тары өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. 19 ғасырдада егістік жердің 75 - 80%-ына тек Тары ғана егілген

Жүгері

Жүгері - дақылдардың бірі. Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры - собық. Тамыр жүйесі - шашақ, қосалқы тамырлары болады.

Дәннің құрамы

Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13, 8-20, 0% болса, ал күріш дәнінде 6, 7-7, 6% ғана болады. Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1, 5-3, 0%, ал көмірсутегі 67, 8-80, 9% шамасында болады. Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.

Құрама жем - арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде дән, қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны, техникалық, химиялық және микробиологиялық өнімдер алынады. Концентратты құрама жем - сусымалы біркелкі азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар қосымша азық ретінде беріледі. Үстеме құрама жем - құрамында протеин, минерал заттар және витаминдер көп, құнарлы азық. Рацион құрамын теңестіру үшін пайдаланылады. Премикстер - биологиялық белсенді заттардың байытылған қоспасы. Премикстерді құрам жемнің құнарлылығын арттыру үшін және олардың мал организміне биологиялық әсерін күшейту үшін пайдаланады. Құрама жемді азық ұны, балық ұны, жарма, түйіршік, брикет, ұнтақ түрінде өндіреді. Минерал заттар мен витаминдер жағынан теңестіру үшін рационға (оның салмағының 1-5%-ы) қосып беріледі.

2 Техникалық өндіріс қалдықтары. Жануар тектес азықтар.

Қалдықтардың келесі топтары кіреді:

• мал шаруашылығының қалдықтары ;

• тең дәрежеде жылқыларды және басқа жылқы малдарын өсіру мен ұстаудың қалдықтары;

• Түйе тұқымдасының түйелері мен басқа да жануарларының қалдықтарын өсіру ;

• қой мен ешкі өсірудің қалдықтары;

• шошқа өсіру қалдықтары ;

• құс өсірудің қалдықтары ;

• басқа мал өсіру және сақтау қалдықтары .

Әр топта әртүрлі жетілу кезеңдеріндегі көң мен қоқыс түрлері болады: жаңа (жаңа ғана қалыптасқан) және шіріген. Қызып кету процесінде қалдықтардан ылғал буланып, органикалық қосылыстардың микробиологиялық ыдырауының табиғи процесі де жүреді. Қызып кетуден кейін қалдықтардың қауіптілігі класы төмендейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азықтардың түрлері
Азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу
Азықтардың жіктелуі
Азық қоректік заттарының қорытылуы
Жас құстарға нормаланған жүйеде азықтандыру ерекшеліктері
Шаруаларды жемшөппен қамту технологиясы
Суда жүзетін құстарды азықтандыру ерекшеліктері
Мал азықтарының жіктелуі
Азықтарды жіктеу түрлері. Азық дайындау технологиясы. Азық құрамы мен қоректілігі
Жом, күнжара құрамы, құндылығы және әр түрлі малдарды азықтандыру нормасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz