Азықтардың жіктелуі


БАСБОЛОВ ЗАМАНБЕК ТППЖ-31
Азықтардың жіктелуі
1 Шырынды азықтар. Сүрлем. Түрлері. Дайындау технологиясы.
2 Дәнді азықтар. Түрлері.
3 Техникалық өндіріс қалдықтары
4 Азықтардың химиялық құрамы (әр түрінен)
1 Шырынды азықтар. Сүрлем. Түрлері. Дайындау технологиясы
Шырынды азықтар :
-көкшөп, балаусашөп, сүрлем, тамыр-түйнекті жемістер (қант және мал азықтықызылша, сәбіз), тамыр жемістерінің пәлегі, тамырт үйнектілер - картоп, топинамбур жатады. Ірі және сүрлем сияқты көлемді азықтарға пішендеме де жатады.
Сүрлем - шабылған көк шөптен дайындалатын консервіленген азық. Қысқы азық қорының негізгісі болып саналады. Сүрлемнің ең негізгі қасиеттерінің бірі - ұзақ уақыт сақтау кезінде азықтық сапасын жоғалтпауы. Сүрлемнің осы жақсы қасиетінің арқасында шөп жақсы шыққан жылдары азықтын сақтандыру қорын жинақтап алуға болады.
Сүрлем дайындау технологиясы бойынша қоректік заттарды толығырақ жинаған көк балғын балаусаны дер кезінде шауып (астық тұқымдастарды масақтанған, ал бұршақ тұқымдастарды бүршіктеніп гүлдене бастаған кезінде) ұсақтап турап, арнайы дайындалған ор, траншея немесе мұнараға мұқият таптап жинақтайды да, үстін ауа кірмейтіндей етіп жабады. Сонда азық арасындағы ауа қалдығын әлі өлмеген өсімдік торшаларын тыныстауға жұмсайды да, сырттан ауа еңбегендіктен анаэробтық - оттексіз жағдай қалыптасады.
2 Дәнді азықтар. Түрлері.
Дәнді азықтар - дәні үшін өсірілетін аса маңызды өсімдіктер тобы. Дәнді дақылдар - адам үшін негізгі азық, малға жем.
- Дәнді дақылдарда белок пен көмірсулар көп, сондай-ақ ферменттер, В тобындағы витаминдер, А провитамині бар. Ұн тартатын, жарма, құрама жем өнеркәсіптері үшін шикізат болып табылады.
- Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арам-шөптермен шамалы ластанады.
Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.
- Екінші топтағы дәнді дақыл-дарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақша-ның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақыл-дары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.
3 Техникалық өндіріс қалдықтары
Өнеркәсіп дайындаған кезде көптеген үрдістерді қолданады. Сондықтан өнеркәсіп қалдығында құнарлылығы өте төмен заттар қалады. Олардың құнарлылығының ауытқуы 1 кг өнімде 1, 13 МДж алмасу қуаты (сығынды, бөртпе, сірне), 12, 9 МДж алмасу қуаты (күнжара) ; қорытылатын протеин 8-10 г бастап 350-400 г. Көбінесе қолданылатын қант және май өндірісінің қалдықтары.
Жом (қызылшаның сығындысы), жас немесе сүрлем түрде сауын сиырға және бордақыланатын малға қолданады. 1кг сығындының 19 құрамында 1, 13 МДж алмасу қуаты, 16 г қорытылатын протеин, 2, 5 г қант, 3 г май, 33 г жасұнық бар. Сірне, қант жетіспеген кезде жеңіл қорытылатын қанттың қоры ретінде қолданады. Сірненің құрамында 0, 8 МДж алмасу қуаты, 500-550 г қант болады. Спирт өндірілген кезде қалған өнімдер 1 кг топта (барда) 0, 9-1, 2 МДж алмасу қуаты, (200-300 г 1 кг құрғақ зат) 20-30 г қорытылатын протеин, 5-9 г май, 7-11 г жасұнық бар. Малды бордақылаған кезде өте қажетті азық.
Кебек - (бидай, қара бидай) . Құрамы өнеркәсіпте қолданылған шикі-затқа байланысты. Қауыздың құрамында көп мөлшерде 8-10% шикі жасұнық болады. Соның әсерінен құнарлылығы дәннен төмен. 1кг кебектің құрамы 9, 0 МДж алмасу қуаты, 150 г дейін шикі протеин, 35-40 г май, 3, 5-7, 8 г аминқышқылы лизиннен тұрады.
Кебек - фосфордың қоры, бірақ біразы қортылмайтын түрде фитинин құрамына кіреді, малдың іш өтуіне әсер етеді.
Жануар - тектес және микробтық азықтар Бұл топ азықтарының ерекшелігі құрамында толыққұнды протеиннің мөлшері өте көп (280-нен 800 г дейін) .
Сүт өнімдері - төлге ең керек азық. Көк сүт, сары су, май суы. Сүт таза түрінде немесе алмастырылған жасанды сүт ретінде беріледі. Ет өндірісінің өнімдері (ет, ет-сүйек, қан ұны) құрамында 30-80% жоғары биологиялық протеин, 1кг 40-60 г лизин, 20-25 г метионин+цистин бар.
Балық ұны - құрамына биологиялық құнарлы протеиндер кіреді. Аминқышқылыдары, тағы басқа заттар. Шошқаға, құсқа беретін азықтарды толыққұнды ету үшін көп қолданады.
Микроб - синтезден қолданатын азықтар - ашытқылар және мұнайдың қалдықтарынан алынған өнім. Бұл азықтар құнарлылығы жағынан орта дәрежеде, жануар тектестен төмен, өсімдік азықтарынан артықтау болады.
Құрама жем. Құрама жемнің құрамы малдың түріне, рационына, оның құнарлылығына және азық қорының ерекшелігіне қарай құрылады. Құрама жемге қойылатын талап - құрамында толыққұнды малға қажетті қоректі заттар болуы керек.
4 Азықтардың химиялық құрамы (әр түрінен)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz