Ауыл шаруашылығы малдарын сұрыптау және жұптау қағидалары мен әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
БАСБОЛОВ ЗАМАНБЕК ТППЖ-31
Ауыл шаруашылығы малдарын сұрыптау және жұптау қағидалары мен әдістері
Сұрыптау-таңдау -- жалпы тұрғыдан алғанда адамға ежелден түсінікті ұғым. Тіпті сонау басында аңшылықпен айналысқан кездің өзінде тағы хайуандарды адам өзінің бір талғамы бойынша атқан. Сол сияқты хайуанаттарды қолға үйреткен кезеңде де адам белгілі бір талғамды басшылыққа алғаны сөзсіз. Ежелгі Египет, грек, рим мәдениеттері ескерткіштерінен малды қалай өсіріп-өндіру, азықтандыру және күтіп-бағу мәселелеріне байланысты нақтылы кецестерді кездестіруге болады.
Мал топтарындағы жеке организмдер бір-бірінен көптеген тұқым қуалайтын белгілері арқылы ажыратылады. Бұл айырмашылықтар мутацияның пайда болуына және ата-аналық формалар- II дың будандасу кезінде тұқым қуалайтын факторлардың комбинациялануына (бірге үйлесуіне) байланысты. Мутацияның тұрақты әсер етуі және генетикалық факторлардың комбиналациялануы тұқым қуалайтын гетерогенділікті табиғи сұрыпталудың алғы шартына айналдырды. Организдердің әрбір жұбы өте көп ұрпақ беріп, шамадан тыс көбейіп кетуге бейім келеді. Мысалы, бір аналық майшабақ жыл сайын 40 мыңға жуық уылдырық шашады, бекіре балығы -- 2 млн, жасыл бақа -- 10 мыңға жуық уылдырық шашады; Бұл құбылыс жер бетіндегі барлық тірі организмдерге тән қасиет. Бірақ табиғатта дәл осындай (жеке бір тірі организмдердің шамадан тыс) көбею байқалмайды. Демек, табиғатта организдердің шамадан тыс көбейіп кетуін шектеп тұратын белгілі бір күш бар деген сөз. Ч. Дарвин ол күшті тіршілік үшін күрес деп атады. Тіршілік үшін күрес организмдер активтілігінің барлық формаларын қамтиды. Кез келген хайуан өзінін қорегін табуда, жауларынан корғануда басқа организмдсрмен белгілі бір қарым-қатынаста болады. Мысалы, қоян қасқырдан және басқа жыртқыштардан қашып құтылады, бірақ қыс айларында және қорек заттары тапшы жылдары қорек үшін олар өзара бәсекелеседі. Бірінші жағдай (кояндар иея қасқырлар) түр аралық күрестің, екінші жағдай (қояндар мен қояндар) тіршілік үшін күрестің көрінісі болып табылады. Бұдан басқа тіршілік үшін күрестің түрі сыртқы тіршілік ортасынын қолайсыз жағдайымен байланысты. Мысалы, бір түрдің өкілдері қолайсыз орта факторларының: аштықтың, суықтың, қуаңшылықтың және т. б. әсерлеріне төзімділік көрсету дәрежесі бойынша бір- бірімен бәсекеге түседі. Бұл бәсекеде бейімделу дәрежесі жоғары организмдер ғана ұрпақ қалдырып, тіршілігін әрі қарай жалғасты- рады, ал нашарлары жойылады. Қолдан сұрыптау деп адам өзіне ұнаған малдарды жеке іріктеп алып есіруді айтады. Сонымен, қолдан сұрыптауды үй малдары ішінде тікелей адам өзі жүргізеді. Бұдан жануарлар мен өсімдіктер селекциясын адам өз қолына алысымен, табиғат (табиғи сұрыптау) өз жайында қалады деген жалған ұғым тумау керек. Табиғи сүрыптау жануарларының ішінде де жүреді. Адам оның ықпалын бір арнаға түсіріп, қажеттІ бағытқа бұрып отырады, өзінің қалауына қарай табиғи сұрыптаудың әсерін күшейтіп, я бәсеңдетіп отырады. Табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың бір-бірімен үқсастығы да, айырмашылығы да және байланыстылығы да бар. Селекционср мұны өзінің мал тұқымын асылдандыру жұмысында ескеріп, басшылыққа алуы керек. Табиғи және қолдан сұрыптау аралығындағы негізгі ұқсастық -- олардың әсерлеріне творчестволық сипаттың тәндігі. Табиғи сұрыптау түбінде жаңа түр шығарса, қолдан сұрыптау арқылы жаңа мал тұқымы шығарылады. Табиғи сұрыптау малдың тіршілігіне қажет белгілерді ғана сақтап қалады, сондықтан ол белгілі бір ортада жақсы бейімделген, өміршең малдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қолдан сұрыптауда мал белгісінің адамға қажеттілігіне байланысты сұрыпталынады. Қөпшілігінде кейбір өнімдік белгілердің соншалықты жақсы дамуының организмге қажетті болмауы мүмкін. Міне бұл екі түрлі сұрыптау бағыттары нәтижелерінің басты айырмашылығы. Табиғи сұрыптау әсіресе мал өсіруі экстенсивті жағдайда немесе табиғи жемшөп қорын, жайылымды мейілінше толық пайдалануға негізделген шаруашылықтар үшін өте маңызды. Себебі, бұл ретте қолдан сұрыптаудың нәтижелілігі сыртқы орта жағдайына тікелей байланысты. Сайып келгенде мал белгілерінің, организм қасиетінің жарасымды үйлесімділігін, оның өмірге бейімділігін тек қана табиғи сұрыптау анықтайды. Адамға қажетті өнімділік қасиеттері жақсы дамыған малдың дене бітімінің беріктігі табиғи және қолдан сұрыптау бағыттарының сәйкестігімен анықталады. Сонымен қорыта айтқанда, мал тұқымын асылдандыру жұмысын жүргізгенде, нақтылы ауа райы мен жер жағдайында табиғи сұрыптаудың бағытын біліп, оны қолдан сұрыптаумен ұтымды ұштастыра білу керек. Қолдан сұрыптау алға қойған мақсат пен нэтижесіне қарай негізінен үш түрге бөлінеді:
1. Қозғаушы;
2. Дизруптивті (бөлшектеуші, жіктеуші);
3. Тұрақтандырушы.
Қозғаушы сұрыптау. Табында бұрын қалыптасқан өнімдік белгілер мен қасиеттердің орташа мәнін өзгертуге бағытталған сұрыптауды қозғаушы сұрыптау деп атаймыз. Сұрыптаудың бұл формасы арқылы малдың шаруашылыққа бұрымнан құнды қасиеттерін одан әрі дамытып, жаңа, тиімді қасиеттерін нығайтады. Бұл үшін бірнеше ұрпақ бойы өнімдік қасиеттері табынның орта көрсеткішінен жоғары болатын құнды малды өсіріп отырады. Осының нәтижесінде бірнеше ұрпақтан кейін өнімдік (фенотиптік) және тұқымдық (генотиптік) қасиеттері жағынан бұрынғы табыннан артық жаңа табын (популяция) шығарылады. Қозғаушы сұрыптау -- қолдан сұрыптаудың негізгі формасы. Ол белгілі бір мал тұқымынын, табынның, тұқымдық топтардың өнімдік және нәсілдік қасиеттерін жақсарту үшін қолданылады. Айта кететін мәселе, табиғи сұрыптаудың тікелей және жанама дәлелдерінің барлығы да, қозғаушы сұрыптауға мысал бола алады. Табиғи жағдайда жаңа формалардың, түрлердің пайда болуы және ескі формалар мен түрлердің жойылып кетуі де осы қозғаушы сұрыптаудың әсері болып табылады. Дизруптивті (жіктеуші) сұрыптау. Популяцияда екі немесе одан да көп формалардың пайда болып, қатар тіршілік етуіне қолайлы әсер ететін сұрыптау формасын дизруптивті сұрыптау деп атаймыз.Сүрыптаудың бүл формасының әсерінен бір популяцияның ішінде екі немесе одан да көп формалар пайда болады.Жіктеуші сұрыптауды қолданғанда шеткі оң (ең жоғары) және теріс (ең төмен) белгілері бар малды іріктеп, әрқайсысын жеке өсіріп, орташа өнім көрсеткіштері (белгілері) барларды бракка шығарып отырады. Жіктеуші сұрыптау мал шаруашылығы тәжірибесінде сирек қолданылады. Жіктеуші сұрыптау ғылыми мекемелердің тәжірибе шаруашылықтарында ерекше қасиеті бойынша мамандандырылған мал тұқымдарын шығарғанда қолданылады. Мысалы, мини-тауықтар (аяғы өте қысқа) осы жолмен шығарылған.
Тұрақтандырушы сұрыптау.Популяцияда (табында) бұрын қалыптасқан белгілер мен қасиеттердің тұрақтылығын сақтауға бағытталған сұрыпталудың формасын тұрақтандырушы сұрыптау деп атаймыз. Сұрыпталудың бұл формасы орта жағдайы өзгергенге дейін қалыптасқан, тұрақталған белгілердің орташа мәнін сақтайды және күшейтеді. Фенотипінде ауытқулары бар мал, сұрыптаудың бұл формасы арқылы популяциядан шығарылады. Тұрақтандырушы сұрыптауды қолданғанда, табында нақтылы бір мал тұқымына тән өнімдік қасиеттері бар, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой тұқымдарының жіктелуі
Қаракөл қойының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі
Жеке топтап жұп таңдау
Қаракөл қойы туралы түсінік
Мал тұқымын будандастыру
Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістері
Жұп таңдау қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктері
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ауыл шаруашылық малдарының эмбриондарын трансплантациялау
Ірі қара малдың өнімділігі
Пәндер