Малды сұрыптауға байланысты зоотехниялық ұйымдастыру шаралары. Табынның генеалогиялық құрылымын зерттеу Рекордшы малдардың селекциялау жұмысындағы маңызы


БАСБОЛОВ ЗАМАНБЕК ТППЖ-31
Малды сұрыптауға байланысты зоотехниялық ұйымдастыру шаралары. Табынның генеалогиялық құрылымын зерттеу Рекордшы малдардың селекциялау жұмысындағы маңызы
Мал шаруашылығында жұмыс істейтін мамандардың басты міндеттерінің бірі:
-малдың денсаулығына, олардың өнімділігіне зиян келтіретін факторлар- 180 ды болдырмау;
- мал организмінің генетикалық потенциалын дер кезінде, дұрыс жəне тиімді пайдалана білу.
Типтік түрдегі мал қораларын салған кезде оның іші зоогигиеналық талаптарға сай келуімен қатар, малдарды күту барысындағы еңбек процестерінің барынша толық механикаландыруға жəне электрлендіруге болатындай жағдай жасалуы қажет. Мал қораларының іші құрғақ, таза, жарық, жақсы желдетілетін, іші кең, яғни малды жəне басқа да қажетті жабдықтарды (құралсаймандарды) дұрыс орналастыруға ыңғайлы болуы тиіс.
Зоогигиеналық талаптар бойынша (қалыпты мөлшерде) мал қораларының температурасы мынадай болуға тиіс:
- сиыр қорада +6°, +8°С;
- бұзау қорада +8°, +12°С;
- ат қорада +6°, +10°С;
- шошқа қорада +10°, +12°С;
- қой қорада +3°, +5°С;
- құс фабрикаларында +10°, +15°С.
Мал қораның ауасында көміртегі қос тотығының (СО2 ) мөлшері -1 м3 ауада - 0, 3% немесе 0, 0025-0, 003 м3 ; аммиактың (NH3 ) мөлшері 0, 05% немесе 0, 0005 м3 аспауы қажет.
Бір бас ірі қара малдың алатын орны - 20-25 м2 ;
- бір бас жұмыс аттың - 20-30 м2 ;
- бір бас шошқаның - 10-12 м2 ;
- бір бас қойдың - 3, 5 м2 болуы қажет.
Еденнен терезеге дейінгі аралық жылқы қорасында - 1, 8 м;
- сиыр қорасында - 1, 2 м;
- қой қорасында - 1, 3-1, 5 м;
- малды қолдан ұрықтандыру пунктінде - 0, 8-1, 2 м болуы қажет.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінде негізгі міндеттерінің бірі мал шаруашылығы өнімдерін тұрақты өндіру, оның ішінде ет өндіру мәселесі жолға қойылып отыр. Биологиялық бағалалығы жағынан бұл адамның толыққанды тамақтануының негізгі көзі болып табылады.
Етті бағыттағы ірі қара малдарды қарқынды өсіру, сонымен қатар мал басының өсуі оның генетикалық жетілуі мен өз төлінен өсірудің жақсы сапалығымен ерекшеленетін мал басын көбейту қажеттілігі туындап отыр. Бұл бағытта жұмыстың нәтижелі болуы үшін малды ата-тегі мен жанама туыстары арқылы олардың сапалылығын (ет, сүт, майлылығы) ұрпақтарына тұрақты беру жұмыстары қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады.
Малды ата-тегіне байланысты сұрыптау ата-ене мен ұрпақтың арасындағы ұқсастыққа негізделеді. Сұрыптау тәжірибесінде малдың ата-тегінің сапасына қарап баға беру көптен қолданылып келе жатқан тәсіл болғанынмен, кейінгі кездерде заманауи технологиялардың қарқындап өсуі нәтижесінде олардың асыл тұқымдылығы бойынша сұрыптапу жүргізгенде екі этапты, үш сатылы генетикалық ілгерілеуді жеделдетуге және жаңа генотиптерді жасауға мүмкіндік беретін селекция әдістерін жетілдіру және оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Осының негізінде оңтүстік өңірінде етті мал табындарының генеалогиялық құрылымы және жоғары өнімді тұқымдастар мен желілер анықталуда.
Сондықтан жақын жылдары жоғалтқан орнымызды қайта қалпына келтіру және өндірістің сапалы жаңа деңгейге шығуы мен Қазақстан Республикасында сиыр етін тұтыну үшін қазіргі уақытта етті ірі қара шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру мен ұлғайту және өнімдерін сату өзекті мәселеге айналып отыр.
Генеалогия (грек. genealogіa - шежіре ) - генетикада және селекцияда жеке өсімдіктер мен жануарлардың немесе олардың белгілі бір тобының шыққан тегі жайындағы мәліметтерді жинау туралы ілім. Мал шаруашығында белгілі бір малдың ата-тегінің биологиялық қасиеттерін және өнімділігін білумен қатар оның алыстау туыстарының да ерекшеліктерін білу малды будандастыруда маңызды орын алады. Мысалы, сиыр мен бұқаны шағылыстырудан бұрын, ол сиырдың өзімен және енесімен туыстас сиырлардың сүттілігі, сондай-ақ бұқаның қандай тұқымнан шыққаны, т. б. ескеріледі. Генеалогия негізгі үш генетикалық заңдылықтарға сүйенеді:
- тіршіліктің жаңаланып отыруы;
- жаңа өзгерістер туғызуға қабілеттілік;
- пайда болған қасиеттердің тұқымда бекуі.
Бірінші аталық тізбеде (Риихивидан Урхо Ерранта (ААА 13093) ) тұқымдық бұқалардың 36, 9 пайызы Швецияда шығарылған Salintupa SRB 75067 бұқасының буындарына жатады да, ал швециялық бұқалардың жалпы саны 18, 8%-ға дейін жетеді. Бұл Швеция мен Финляндия арасындағы бұқаларды біріге иемдену мен жалпылама селекциялық бағдарламаға сәйкес келеді. Жыл сайын сұрыпталып алынған 220 бұқаның 150-170 басы ұрпағының сапасы бойынша сыналып тұрады, бұл аталық тізбелердің көптүрлілігінің ( bull paths ) кепілі болады.
Ұрғашы ұрпақтарының үлкен топтары мен жас бұқалардың шәуеттерін кеңінен пайдалану тұқымқуалағыштығы төмен белгілер бойынша тиімді селекция жүргізуге мүмкіндік береді .
Interbull нәтижелері айршир тұқымымен жүргізілетін финдік бағдарлама-ның бұл тұқымның өнімділік көрсеткіштерін жақсартуға тиімді екендігін көрсетті. Сонымен бірге ол басқа да функционалдық белгілер: желіндерінің саулығы мен ұрықтанғыштығы, экстерьері бойынша да тиімді болып саналады.
Дәстүрлі технологиялар жағдайында еліміздің әртүрлі аймақтарында ірі қараларды тұқымдық сапасы бойынша жүргізілген көптеген зерттеулер нәтижесінде ірі қара тұқымды сиырлар сүт өнімділігі, желінінің морфофункциялық қасиеттері және мал азықтарын сүтімен өтеуге қабілеттілігі сияқты көрсеткіштері бойынша артықшылығы болады және бұл жағдай ірі қара шаруашылықтарын өндірістік технологияға өту барысында ерекше маңызды екені белгілі.
Біздің елімізде жиырма жыл бойы таза тұқымды айршир сиырларын өсіру нәтижесінде шетелден әкелінген жануарлардың шөберелері мен шөпшектері болып табылатын малдардың төрт түрлі генетикалық-экономикалық генерациялары (ГЭГ) алынған, олар түгелдей біздің табиғи жағдайымызда туылған және шаруашылық жағдайларында өсірілген . Шетелдік бірінші тума сиырлар біздің елімізде өсірілген 2-4 генерациялық жасты балдармен сүт өнімділігі біршама төмен болғанын көрсетеді.
Мал шаруашылығын қарқынды дамытудың негізгі жолдарының бірі -малдардың өнімділігін арттыру мен олардан алынатын өнімдердің сапасын жоғарылату. Сиырлар сүттілігінің жоғарылауымен қатар сүттерінің құрамындағы май мен белок мөлшерінің артуы секілді мәселелерді де шешу қажет, өйткені осы екі құрамдас бөліктер мөлшеріне қарай сүттің тағамдық құндылығы да арта түседі. Ірі қара сүтінің майлылығы - сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығының экономикасына тікелей әсерін тигізетін маңызды шаруашылыққа пайдалы белгілердің негізін болып табылады .
Таза тұқымды өсіру барысында нақты бір селекцияланатын белгінің жақсартудың тұрақты нәтижелері алынады. Бірақ, көздеген мақсаттқа қол жеткізу үшін ұзақ уақыт қажет болады.
Шағылыстыру үшін элита рекорд және элита класстарының стандарттарына сай келетін джерсей тұқымды өндіруші бұқалар пайдаланылған. Ал аналық мал табынына сүт өнімділігі мен тірілей салмақтары бойынша тұқым стандартынан кем болмайтындай талаптар қойылып сұрыпталған. Және де сиырлардың экстерьерлерінде кемшіліктердің болмауы қатты қадағаланған.
Бұл жұмыстарды жүзеге асырудың алғышарттары төмендегідей: джерсей тұқымды ірі қаралардың сүттерінің жоғары майлылықта болуның қалыпты түрде тұқымқуалаушылығы, желін пішіні мен функцияларының жақсы болуы, азықты жоғары сүт өнімділігі мен сүт майымен өтеу қабілеті және алатау тұқымының тірілей салмақтарының жоғары болуы мен қанағаттанарлық деңгейдегі сүт өнімділігі және де, ең бастысы, жергілікті жағдайларға жақсы бейімделгендігі болған.
Джерсей тұқымы - жер бетіндегі сүтті бағыттағы ірі қаралардың ең ертеден келе жатқан әрі құнды тұқымдарының бірі. Ол осыдан шамамен 300 жыл бұрын Ла-Манш бұғазындағы Джерси аралында шығарылған және де тұқым қуалағыштығы өте жоғары деңгейдегі консерватизмділігімен ерекшеленетін сүтті бағыттағы ірі қара тұқымы болып саналады .
Бұл тұқым өздерінің денелерінің шағындылығымен ерекшеленеді. Олардың конституциялары нағыз сүтті типке тән, нәзік әрі құрғақ келеді. Бастары жеңіл, терілері секпімді, тығыз, жұқа; желіндері безді, бөліктері теңдей бөлінген жақсы пішінді, емшектері онша үлкен емес, дұрыс пішінді. Түстері-сарғыштан қызығылт-қоңыр түске дейін. Тұмсық айнасының айналасында ақшыл түсті сақина түседі.
Джерсей тұқымының ең басты құндылығы олардың сүттерінің майлылық-тарының өте жоғары деңгейде болуында. Ол 5, 5-6, 5 пайыз аралығын құрайды. Сүтінің құрамындағы май, белок және құрғақ зат мөлшері бойынша джерсей тұқымы әлемдегі мәдени тұқымдар арасында бірінші орында тұрады. Джерсей сиырларының сүттілік деңгейі түрлі елдерде 3500 кг және одан жоғары көрсеткіштерге ие. Сүттілік коэффициентері 900-1000 кг аумағында, ал көптеген тұқымдарда ол 500-700 кг құрайды.
Джерсей тұқымы тез жетілгіш тұқымдар қатарына жатқызылады. Сол себептен де тайыншаларды 13-15 айлық жастарында шағылысқа түсіре береді. Соның нәтижесінде тұмса бұзаулау екі жасар кездерінде тура келеді, ал өмірінің төртінші жылында джерсей тұқымды сиырлар үшінші рет бұзаулап үлгіреді.
Ірі қара малдардың сүт өнімділігі түрлі генетикалық және паратиптік факторлардың әсер етуімен байланысты қалыптасады. Сондай әсер етуші паратиптік факторлардың қатарына сервис кезеңінің ұзақтығын да жатқызуға болады.
Мал табынын өз төлінен көбейту өте күрделі процесс. Осы процестен сүт өндірудің рентабельділігі, ірі қара малды шаруашылықта пайдалану уақытының ұзақтығы және табынды жетілдіру жұмыстары тәуелді болып келеді. Өз төлінен көбейту процесінің бұзылуы табын сиырларының бракқа шығарылуының басты себебі болып табылады, сондықтан да зоотехникалық тәжірибеде бұзаулаудан кейінгі ұрықтандыру мерзімдерінің мәселелері сүт өнімділігін қалыптастыру жағдайларын ескере отырып шешілулері тиіс .
Малды таза тұқымды өсіру барысында жетілдіру тәсілдерінің ең негізгілерінің бірі - ата тегі бойынша өсіру. Бұл тәсіл белгілі бір мал топтарының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері мен белгілерін қалыптас-тырып, жақсартып және де сонымен қатар оларды одан әрі жетілдіре түсуді де қамтиды.
Ірі қараны аталық тізбе қуалай өсіру - селекциялық жұмыстың ең жоғарғы сатысы. Аталық тізбе қуалай өсіру тұқымда ұзақ жылдар бойы жеке малда, табында немесе тұқымда болатын ерекше қасиеттерді тұрақты түрде тұқым қуалай алатындай етіп бекіткен таза тұқым малымен жүргізілген асылдандыру жұмысының қортындысында ғана іске асады. Табындағы әр мал өзіне тән өнімділігімен, дене бітімімен ерекшеленіп қана қоймай, сол ерекшеліктерін ұрпағына да бере алатын тұқым қуалайтын қасиетімен ерекшеленеді. Өзінің шаруашылыққа қажет қасиетін ұрпағына бере алатын мал жиі пайдаланылып, табынды немесе тұқымды жетілдіре түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz