Көктемгі шикі мех, шикізат түрлері. Жіктелуі. Мехтық, тоңдық қой терілері, олардың қасиеттері, сорттауы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Басболов Заманбек ТППЖ-31

1. Көктемгі шикі мех, шикізат түрлері. Жіктелуі.

2. Мехтық, тоңдық қой терілері, олардың қасиеттері, сорттауы.

1. Көктемгі шикі мех, шикізат түрлері. Жіктелуі.

Көктемгі аң терілеріне қыс айларында аулануы киын немесе аулануы мүмкін емес жануарлар жатады, өйткені олар қысқы үйқыға жатады. (суыр, сарышұнақ) немесе терең ініне кетеді (көртышқан) . Суыр мен көртышқанды көктемде аулауға тиым салынған, себебі бүл кезде олар күшіктейді. Көртышқанды аулау жазда басталып, қар түскенде аяқталады.

Мехтық шикізатқа

  • тондық,
  • мехтық қой терісі
  • елтірі жатады.

Қой терісін үш топқа:

  • тондық,
  • мехтық
  • былғалырық деп бөлінеді.

Тондық қой терісін қылшық жүнді қой малдарын сойған кезде алады. Қой терісінің жылулық қасиеті оның шел қабатының тығыздығы мен мықтылығына, мех ұзындығы мен қоюлығына, түбіт пен қылшық арақатынасына байланысты. Жеңілдігі шел қабатының жіңішкелігіне, жүн жіңішкелігіне, мехтың оптималды тығыздығы мен ұзындығына, шайырдың аз түзілуіне негізделген.

Топтық жіңішкелігіне қой терісін үш түрге бөледі:

  • романдық,
  • орыс
  • далалық. .

Романдық қой терісін романдық қой тұқымынан өндіреді; орыс қой терісін - құйрықты және елтіріні қой тұқымынан басқа барлық қылшық жүнді қой тұқымынан ал далалық қой терісін - құйрықты және елтірі қой тұқымдарынан алады.

Мехтық қой терісін жүн жабынының сапасы бойынша:

  • биязы,
  • биязылау
  • ұяң деп бөлінеді.

Тондық қой терісі шығарылған ауданына қарай орыс және далалық болады.

Қой терісінің көлемі 18 дм-ден кем болмауы керек. Тондық - орыс қой терісі. Жүн жабыны әркелкі, көбінесе толқынды, тұлымды құрылымды. Өлі және құрғақ талшықтар кездеседі. Жүн ұзындығы 1, 5 см -ден жоғары. Тондық - далалық қой терісі. Жүн жабыны тұлымды құрылымды, түбіт және қылшық талшықтарынан тұрады. Жүн ұзындығы 1, 5 см-ден жоғары. Далалық қой терісін қылшық жүнді құйрықты қойлар мен ересек қаракөл қойларынан өндіреді.

Қой терісін жүн жабынының ұзындығына байланысты:

  • жүнді,
  • жартылай жүнді
  • төмен жүнді деп жіктейді.

Мехтық қой терісі жүнінің ұзындығы 0, 5 см-ден төмен болса былғары шикізатына жатқызылады.

Былғарлық қой терісі - бұл жүн жабыны жағдайында ірі кемшіліктер болады немесе жүн өте қысқа жүн өте қысқа 2, 5 см - ден төмен қой терілері тондық немесе мехтық өнімдер өндіруге жарамсыз болып табылғандықтан, былғары зауыттарына былғары өнімдері үшін жіберіледі.

2. Мехтық, тоңдық қой терілері, олардың қасиеттері, сорттауы.

Мехтік кой терін биязы және биязылау жүнді тұқымдрдан, жүні біркелкі биязы -қылшық жүнді будандардан алады. Соңғы уақытқа дейін мехтік қой терісіне негізінен цигай қойларының терісі пайдаланып келді, сондықтан ол сауда орындарында "цигейка" деп аталып кеткен . Мехтік терілер пальто, бас киім, жағалар тігуге пайдаланады. Мехтік терінің тондыкінен айырмашылығы бұйымға түгі тысына қаратып басқа механикалық өңдеуден өткізеді. Негізгі талап мехтік терінің шеліне емес, түгінің сапалы болуына қойылады. Мехтік терінің түгі ең алдымен талшығының жіңішкелігі беркелкі қылшықтан, әсіресе өлі қылшықтан таза болуы тиіс .

Тондық қой терілері деп жүннің ұзындығы кем дегенде 1, 5 см әртекті қылшық жүнді қойлардың терілерін айтады. Олар тұлыптар шолақ тондық және басқа тондық бұйымдар тігуге пайдаланады. Барлық бұйымдарда терінің былғары бөлігі сыртына, түгі ішіне қаратып тігіледі Сондықтан да терінің иленген жағына, оның беріктігіне жоғары талаптар қойылады. Өңделген терінің өңі жұмсақ, жұқа, берік, жылтырап тұруы қажет.

Жүні қою, ұлпаланбаған, ұзындығы кем дегенде 1, 5 см, ұстағанда жұмсақ, өлі қылшықтардан таза болуы тиіс. Дүние жүзіндегі таңдаулы ромонов қойларының жүнінің қоюлығы 1 мм2 -ге 30-40 талшықтан келеді . Романов қойларының терісі өзінің жеңілдігімен ерекшеленеді, оның 1 шаршы метрі небәрі 1, 45 кг тартады, ал қылшық жүнді қойлардың 1 шаршы метрінің салмағы 1, 95 кг және одан да асып түседі.

Қозылардың терісі- алты айға толмаған қозылардан алынған терілер. Бұған жататындар : елтірілік тұқымның жаңа туған қозыларының елтірілері, елтірі эәне басқа қылшық жүнді тұқымның 1-6 айлық қозыларыныің терісі, бір айға дейінгі елтіріліктен басқа қозылардың терісі, ббиязы, биязылау және жүнді қозылардың терісі, әр түрлі қойлардың эмбриондарының терілері.

Қарақөлдің сұрыпы елтірісінің көлемі кем дегенде 700 см2 болуы тиіс. Көлемі 300 см 2 кішісін ақауға жатқызады.

Мех өндірісінің шикізаттарын, шикізаттың әр түріне немесе түрлер тобына жасаған стандарттар бойынша сорттайды.

Мех өндірісі шикізатына арналған стандарт мынадай белімдерден тұрады:

  • "Анықталуы",
  • "Топтастырылуы",
  • "Техникалық шарттары",
  • "Стандартты емес терілер",
  • "Маркілеу және буып-түю".

Келеміне қарай мех терілері

  • үлкен,
  • орташа
  • кіші деп бөлінеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары шикі затының стандарты
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
Жүн шикізатының тауартануы
Терінің тауарлық қасиетінің қалыптасуына әсер ететін факторлар. Былғары және тондық – мех тері шикізатының түрлері
Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері
Былғары және мехтың сапасы мен оны басқару
Былғары және тондық- мех тері шикізатының түрлері
Жоспарланатын саланың қазіргі жағдайына қысқаша сипаттама
Мал терісінің түрлері
Жүннің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz