Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Шер батса кім іздемес туған елін,

Тұлпарда көксемей ме туған жерін.

Арқаның ардагері - қалың алаш,

Тұранда, біле білсең, сенің жерің!

М. Жұмабаев

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Араға ұзақ уақыт салып жеткен ояну ұлттық тарихымыздың өскелең ұрпаққа көмескі тұстарын ашып, қайта қарап, шынайы тарихты баяндауға мүмкіндік беріп отыр. Ұлттық идея үшін басын бәйгеге тігіп, алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған үркердей арыстардың ғасырдың үш ширегіне жақын санаға байлау, өреге тұсау болған қасаңдықтан арылып, арыстар төккен әрбір маңызды еңбекті ақтауға қол жеткізе бастадық.

Төл тарихымызда толық шешімін таппаған, әлі зерттелу деңгейі тым мардымсыз тақырыптар өте көп. Сондай зерттелуі жұтаң, әйтсе де өте көп бұрмалаушылыққа ұшыраған тақырыптардың бірі - Түркістан Республикасындағы қазақ зилыларының тарихы Аласапыраны мол, асау ағыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде тілі, діні мен ділі бір, бауырлас түркі халықтарының ортақ мемлекеті - Түркістан Республикасы қазақ зиялыларының өнегелі жұмыстарының нәтижесінде құрылды. Осы республиканың 6-7 жылдық ғұмырында айыр тілді әділ үнді қазақ элитасы халықтың көзін ашып, көкірегін ояту мақсатында көптеген кемелді істердің ұйытқысы бола білді.

1917 жылғы большевиктер зұлматынан құлаған Түркістан автономиясының жалғасы ретінде құрылған Түркістан кеңестік социалистік Республикасын билік әдеттегідей қазақ өлкесін басқарудың «ұзын арқан кең тұсау» формуласымен билеп-төстемек болды. Сондықтан да, билеуші өкімет қазақтың игі жақсыларын осы республикаға «қуыршақ» басшы қылу ретіндегі арам ойларын іске асыруды жоспарлады.

Қулығына құрық бойламайтын кеңес өкіметінің бұл саясатының мәнін Тұрар мен Нәзір, Ораз бен Санжарлар түсінбеді деу қателік болар. Тығырықтан шығар басқа жолдың жоқ екенін аңғарған арыстар «балта көтергенше дөңбек жол табады» деген принципті ұстануға мәжбүр болды. Алайда, Түркістан республикасын басқара отырып, олар кеңестік саясаттың ығына жығылды, большевиктермен одақтасып, ұлт мүддесін сатып кетті деу, одан кеткен ағаттық болар еді. Республика тізгінін ұстай отырып, ел мен жер, бостандық пен азаттық мәртебелерін жоғары қойды. Түркістан өлкесін кеңес бұғауынан азат ету және сол арқылы келешек тәуелсіз елінің бағыт-бағдарын айқындаудың бірнеше шыңына жетудің бірден-бір жолы - білім деп ұғынды. Сондықтан да, сауатсыздықты жою шараларын басшылық жасап, ел ішінде халық ағарту ісін, ата дәстүр мен ислам құндылықтарын, әдебиет пен мәдениетті дамытуға жан-тәндерімен ат салысты.

Егер Қазақстан тарихы нақты тарихи-оқиғалар бойынша құнды зерттеулерге мол болса, ал Түркістан зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтері туралы зерттеулер саусақпен санарлық. Сондай-ақ, күн тәртібіне Түркістан Республикасындағы зиялылардың қызметтеріне аз көңіл бөлінген аспектілерін зерттей түсу мақсаты қойылуда. Қарастырылып отырған мәселені зерттеу қажеттілігі ғылыми еңбектердің жоқтығымен шектелмейді және оны зерттеудің саяси, танымдық маңызы зор.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жері патшалық өкіметтің теперіш саясатын басынан өткерді. Төл мемлекетті құру туралы арман-ойлар қалыптаса бастаған тұс. Екінші мыңжылдықтың басында көптеген қазақ марқасқалары баспасөз, газет-журналдар арқылы халық көзін аша түсті. 1917 жылғы Ресейде болған ақпан төңкерісінен кейін қазақ зиялылары өз мемлекеттерін көтермек болған. Алайда, Әлихан мен Ахметтердің бұл үкіметтерін билікке келген буржуазиялық билік су сепкендей басып тастады. 1917 жылы көп өтпей-ақ Ресейде Ұлы қазан төңкерісі орын алды. В. И. Лениннің басшылығымен уақытша өкіметті аттан аударып, таққа қонған большевиктер диктатурасы билікке белі тиместен «жер мәселесін», «шығыс халықтарының құқықтары», «меншікті ұлттандыру» (национализация) проблемаларын қозғады. Қазақтың бірқатар зиялы қауым өкілдері жаңа өкіметтің бұл саясатына күмәнмен қарады. Керісінше, Тұрар Рысқұлов, С. Қожанов, Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, Б. Майлин т. б. кеңес өкіметінің бұл саясатын қызу қолдады. Бұл жағдайды тиімді пайдаланған большевиктер қазақ элитасын ірі екі жікке бөліп тастады. Сөйтіп, Әлихан мен Ахмет баррикаданың бір жағында, Тұрар мен Сұлтанбек екінші жағында қалып қойды.

Кеңес өкіметі бұрынғы патша өкіметі тұсындағы өзге ұлттардың жерлерін аннекциялауға қолданған әдісін шамалы түрлендіріп - саяси амбициясын енді жаа елдерді бағындыруға да қолдана бастады. Негізгі тіршілік көзі - жерден, ата салт-дәстүрлерін, мәдениеттен айрылу қаупі енді осы елдерге төне түсті. Міне, осындай жағдайда Ресей отаршылдығы сияқты мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан дүлей күшке қарсы тұра алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан материалдың және рухани күш қуат қажет еді. Ондай күш бәрі бірдей Ресей имперализмінің тәуелділігіндегі түркі халықтарының тұтас бір майданға біріктіру арқылы қалыптастыру мүмкін болатын. Тарихтың өзі алға тартып отырған осы талапты тұтас түркістан («Ұлы Түркістан») идеясын қайта жаңғарту арқылы Мұстафа Шоқай қанағаттандыруға тырысты. Оған жауап ретінде «Түркістан Автономиясы» дүниеге келді. Ол өзінің осы мақсаттағы ойын білдіруді: Түркістан бөлінбес, айрылмас бір өлке. Халқының қаны бір, тілі бір, діні мен мақсаты бір. Біздің мақсатымыз-жалғыз емес, Түркістанның мақсаты - өзінің милме үкіметін құрып, дербес болып, өз алдына бір үкімет болып тұру. Мақсатымыз - Түркістанның ғана емес, бүтін түркі өлкесінің, бүтін түркі халқының дос болып, өзара бірлік - пірадарлықпен жасап, сыртқы дұшпанға қарсы өзінің толықтығын, үкіметінің толықтығын білдіріп қою.

М. Шоқай ХХ ғасырдың басында басқа Түркістандық зиялылар сияқты ақпан төңкерісі нәтижесін үлкен ынтамен қолдап, Уақытша үкімет тұсындағы Түркістанда болып жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады.

1917 жылы 7 сәуірде Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылады. Өлкедегі саяси жағдайдың шиеленісуіне алаңдаған уақытша үкіметтің бұл шешімі әлеуметтік жағдайды шешуде дәрменсіздік білдірді және саяси шиеленісудің нәтижесі ислам дінін мемлекеттік деп жариялаған Түркістан автономиясын Кеңестер үкіметінің талқандауымен аяқталды.

Ал 1918 жылы сәуір айында РКФСР-дың құрамындағы Түркістан автономиялы кеңестік республикасын құру туралы шешім қабылданады /1/

ХХ ғасырдың бас кезінде ірі саяси орталыққа айналған қалалардың бірі және түркі халықтарына ортақ Түркістан республикасының саяси және рухани орталығы Ташкент қаласы болды. Мұнда қазақ халқының елім деп еңіреген талай боздақтары, бүкіл саналы ғұмырында Түркістан тәуелсіздігін көкейге мұрат етіп түйген кемеңгерлер жиналды. Олар Түркістан өлкесінде орындалған дүрбелең тұста, дүйім елге ес жиғызбас аттанысы мол дәуірде тарыдай шашыраған жұртқа ұйытқы бола білді. Өлкедегі әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және мәдениет саласындағы еңсе езер қым-қуат қиындықтар мен ауыртпалықтардан арылудың жолдарын жан-жақты талқылады. Ташкент қаласында озық ойлы қазақ зиялыларының шоғырлануына тағы бір арқау болған мәселе демократиямен де байланысты болды. Мәселен, 1917 жылы Түркістан губернаторлығының барлық халықтарының құрамында 2. 664. 441, ал Ташкент қаласында 156. 879 қазақ өмір сүреді. /2/ Әрине осы көрсеткіштердің өзі шашырап жүрген қазақ зиялыларының бірігуіне алып келді. /3/. Исі түркі жұртының мақтанышына айналған Мұстафа Шоқайұлы, Мұхамеджан Тыныбаев, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Халел Досмұхамедов сынды біртуар саңлақтарымыз біртұтас түркі халықтарың ортақ мемлекетін құруға және ондағы халықтардың материалдық және рухани деңгейінкөтеру үшін оған жаппай білім беру қажеттігін жете аңғарды. Кеңестік Ресей мемлекеті 1920 жылдың ортасына дейін Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасының басқару формалары мен құқықтары жайында нақты шешім қабылдаған жоқ. Ресей атқару комитеті 1920 жылы 27 тамызда Түркістан республикасы жайындағы қаулы ретінде Түркістан Кеңес социалистік республикасының РКСФСР-дің автонимияялық бөлігі екеніні хабарлады. 1920 жылы қыркүйекте бұл кеңес республикасының жаңа конституциясы қабылданды. 1921 жылы сәуірде кеңес мемлекеті Мәскеуде бұл конституцияны бекітті. Ташкентте жұмыс істеген бұл Кеңес автономиялық республиканың үкіметімен әскерінің Түркістандағы кеңес билігіне тосқауыл боларлық жағдайы жоқтын. Ал Түркістандағы ұлт-азаттық күрес (басшылық қозғалысы) Түркістандағы кеңес билігін жоятын дәрежеге жеткен еді. Кеңестік Ресей жетекшілері Түркістанда Кеңес билігін сақтап қалу үшін көптеген шаралар қабылдады. Солардың екеуі аса елеулі болды. Бұлардың біріншісі -1919 жылы 11тамызда Ресейдің Түркістан (соғыс ) майданының, екіншісі - 1919 жылы қазан айында Ресей мемлекеті мен коммунистік партиясының Түркістан комиссиясының құрылуы. Бұл комиссияға Түркістанда диктаторлық сипатта жұмыс істеуге рұқсат етілді. . комиссия 1925 жылы 2 акпанда таратылды. /4/ Түркістан АКСР-нің сыртқы саяси бағыттары РКФСР-дің саяси бағыттарына тікелей байланысты болды. Орта Азияның белді республикасына айналған Түркістан республикасы саяси және экономикалық жағдайды тұрақтандыру барысында көрші елдермен тең дәрежеде байлансытар жасай алды. Саясат пен экономика салаларында қажетті мамандарды дайындауда жергілікті жастарды шет елдерде - Мәскеу, Петроград, Қазан қалаларында білім алуға жағдай жасады.

Германияға түркістандық жастарды оқуға жіберу ісіне 1922 жылдық жаз айларында Бұқар республикасының халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы Ф. Ходжаев басшылық жасаған еді. Ал бұл мәселенің тікелей Мәкеуден қолдау тауып, іске асуына сол кездегі РКФСР ұлт істері халық комиссарларының кіші алқасының мүшесі Тұрар рысқұловтың РКФСР-дің жоғары оқу орындарына басшылық жасауына байланысты ықпалы зор болды. Сондықтан бұл іске Т. Рысқұлов басшылық жасады.

Түркістан АКСР-нен 1922 жылы қазанда Германияға 11 түркістандық оқуға жіберілді олардың 4-і қазақ, 7- өзбек ұлтының өкілдері болды. Бұл жерде түркістандық жастарғақойылатын талап жергілікті неміс тілін меңгеру екендігі айтпаса да белгілі болып отыр. Дегенмен де Кеңестік саясат толыққанды өзінің географиялық жұмыстарын жүргізіп отырды.

1924 жылы Орта Азияны ұлттық межеу (шекараны бөлу) АКСР-і таратылып, КСРО-нің құрамында өзбек және Түркімен Кеңестік Социалистік республикалары, РКФСР-дің құрамында Қырғыз АКСР-і құрылып, бұрынғы Түркістан АКСР-не қарап келген Сырдария мен Жетісу облыстарының қазақтар мекендеген уездері қазақ АКСР-не қосылды. Сонымен, 1924 жылғы 14қазан «Түркістан» сөзінің саяси терминологиядан шығарылған күні. КСРО орталық атқару комитеті ол күні Түркістан Кеңес республикасын жою, Бұхара және Хорезм халық республикаларын таратып, олардың жерлерін өзбекстан және Түркіменстан Кеңес республикаларына (өзбекстан АКСР-не) бөліп беру туралы шешім қабылдаған болатын.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Отан тарихындағы Түркістан зиялыларының қоғамдық іс-жұмыстарының халқымыздың әлеуметтік-саяси өміріндегі алатын орнымен даму жолын ғылыми айналымға түспеген құжаттармен деректер негізінде көрсете отырып, оны жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай, зерттеу жұмысының алдында мынадай міндеттер қойылып отыр:

  • патшалық отаршыл саясаттың қазақ зиялыларының қоғамдық қызметтеріне қарсы бағытталған шаралары мен оның салдарларына ғылыми баға беру;
  • жәдидтік қозғалыстың мұсылман халықтарының ағартушылығына тигізген прогрессивті ықпалын көрсету;

Түркістан АКСР-гі зиялылардың жаңа өмірді қалыптастыру ерекшеліктерін соның ішінде оқу-ағарту, баспасөз, мұсылманшылық қызметтерін баяндау.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Зерттелу жұтаң Түркістан республикасының тарихы тек Қазақстандық ғылымдардың ғана емес, Ресей, Орта Азия, ғалымдарының ортақ тақырыбы. Диплом жұмысына Түркістан тарихына қатысты зерттеулермен авторефераттар, Өзбекстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағатына берген көшірмелік деректері, мерзімді басылым материалдары, Түркістандық және алаш зиялыларының өмірімен қызметі тұрғысында зерттелінген жеке монографиялық материалдары арқау болды. Түркістан Республикасының құрылу тарихында елеулі орын алатын - М. Шоқай, С. Қожанов, Т. Рысқұлов, М. Тынышбаев, Қ. Қожықов т. с. с. зиялыларды жан-жақты зерттеген ғалымдар - М. Қозыбаев, Қ. Нұрпейісов, Баймырза Хайт, М. Қойгелдиев, О. Қоңыратбаев, Гауһарбек Тілеуқұлов, С. Шілдебай т. б. еңбектері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - нақты деректер негізінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы саяси Элита және қазан төңкерісінен кейін дүниеге келген Түркістан республикасында қызмет атқарған қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтерінің ерекшеліктері және тарихи шындықпен объективті тұрғыдан жан-жақты талданып көрсетілуі.

Зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:

  • тың деректердің ғылыми айналымға тартылуы нәтижесінде Түркістан өлкесіндегі қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметтерінің төңкерістен кейінгі жағдайы дәйекті түрде баяндалады,
  • түркістан зиялыларының отарлық езгідегі халықтардың, соның ішінде қазақ халқының ұлттық оқу жүйесін қалыптастыруға жасаған әрекеттері және ұлттық ояну үрдісін қалыптастырудағы қызметтері айтылады;

сол кезеңдегі қазақ халқының қаймағы болған ұлттық интеллегенцияның саяси қызметінің дамуына қарсы кеңес үкіметінің шығарған үкімдері негізінде отаршыл саясаттың реакциялық мәні әшкерленеді.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында Өзбекстан Республикасы орталық мемлекеттік архивінен Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатына берілген деректердің көшірмелері және уинверситеттің «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығында жинақталған құжаттарды, осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспасөз материалдары, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталынып пайдаланылады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Зерттеу жұмысы Ресейдегі ақпан және қазан төңкерісінен кейін алма-дуан саяси ауытқулар нәтижесінде түркі халықтарының арман-тілегінің жемісі болған, қазақтың өресі биік білімді азаматтары 1918 жылы 30 сәуірде негізін қалаған Түркістан Автономиялы Кеңестік республикасының құрылуы мен 1924 жылы Кеңістік үкіметті орта Азияны межелеу саясатының нәтижесінде Түркістан АКСР-нің таратылып, жекелеген орта Азия республикаларының қалыптасқан мерзіміне дейінгі аралықты қамтиды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеу методологиясы объективтілік, тарихилық, жүйелік және даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделген, сондай-ақ Ұлы қазан төңкерісінен кейінгі құрылған Түркістан АКСР-гі қазақ элитасының саяси қызметтерін және тарихи кезеңді мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған, әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Үрей мен қорқыныш, жалтақтау мен ұлттық езгіде болған Түркістан республикасындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтеріне байланысты зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы материалдар жоғары оқу орындарында оқылатын курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті Шымкент филиалының тарих факультетіндегі «Қазақстан тарихы» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымша материалдар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы.

  1. Түркістан АКСР-нің құрылу тарихы

Ресейдегі коммунистік төңкерістен кейін Бұхара және Хорезм ұлттық мемлекеттерімен қатар 1917 жылдың соңында Түркістан (Қоқан) және Алашорда ұлттық автономиялық мемлекеттері ұйымдастырылған болатын. Түркістанның ұлттық жетекшілері 1917 жылы 12 желтоқсанда Қоқан каласында (бұрынғы Түркістан генерал -губернаторлығының жерінде) Түркістан үлттық автономиялық республикасы мен 1917 жылы 26 желтоқсанда Орынбор қаласында Алашорда автономиялық республикасын (бұрынғы Дала генерал - губернаторлығының жерінде) жариялады. Олар өздерінің парламенттерімен, шекараларымен, сот жүйелері және үкіметтерімен ұлттық мемлекет сипатында болды. Олардың өмір сүруін большевик орыстар да, большевик орыстардың бәсекелесі болған ақ орыстар (белорустар) да қалаған жоқ. Түркістан автономиялық республикасы Ташкенттегі орыс комиссариятының шешімімен Қызыл армияның шабуылына ұшырады. 1918 жылы 20 ақпанда Қызыл армияның бөлімшелері мен армиялардың ташнаксутюн партиясының қарулы күштері Қоқан қаласын басып алды. Қалада 1-нан астам түркістандық өлтірілді. Осылайша. Түркістан ұлттық автономиялық республикасы жойылды. Омбы қаласындағы кеңеске қарсы орыс үкіметі 1919 жылы 22 қазанда. Алашорда үкіметінің қызметіне тыйым салды. Бұған қарамастан Алашорда өмір сүріп жатты. Кеңестік Ресейдің қырғыз (қазақ) төңкерістік комитеті (Қазревком) де 1920 жылы 9 наурызда Алашордаға тыйым салды. 1920 жылы желтоқсан айында Алашорда үкіметі мен оның әскери бөлімшелері кеңес армиясына берілді. Түркістан және Алашорда автономиялық ұлттық мемлекеттерінің құрылуы түркістандықтарда ұлттық мемлекеттік еркінін әлі жойылмағанын көрсетсе, ол мемлекеттерді кеңестік Ресей қарулы күштерінің таратуымен ұлт-азаттық мәселесінде коммунизм тәртібі мен ұлттың сана арасында күрес басталып жатты . / 6/

Кеңестердің бүкіл Ресейлік үшінші съезі қабылдаған (1918ж. қаңтар) "Еңбекші және қаналушы халық құқықтарының декларациясында: "Советтік Россия республикасы ерікті ұлттардың ерікті одағы негізінде Советтік ұлт республикаларының федерациясы ретінде құралады", - делінді. Кеңестік тұрпаттағы тұңғыш көп ұлтты мемлекет -РСФСР-дің құрылуы Кеңестік республикалардың дүниеге келуіне жағдай жасады. Іле - шала бұрынғы Ресейдің көптеген аудандарында, оның «ішінде елдің шығысында да Кеңестік автономиялық республикаларды құруға әзірлік жұмыстары өрістетілді

1918 жылдың 30 сәуірінде кеңестер съезі РСФСР-дің құрамына кіретін Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасын кұру туралы қаулы қабылады. /7/ Бұхара мен Хиуаны қоспағанда, құрамына бұрынғы бүкіл Түркістан өлкесінің аумағы кіретін. Түркістан кеңестік республикасы туралы ережені бекітті. /8/. Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасының халқының саны 7668 мың адамды құрады, олардың ішінде 35, 77 проценті өзбектер, 44, 76 проценті қазақтар мен қырғыздар, 6, 73 проценті тәжіктер, 4. 98 проценті түрікмендер, 3. 75 проценті қарақалпақтар, 2, 15 процентін т. б ұлттар құрады.

Түркістан республикасының қазақтарының саны 1917 жылғы санақ бойынша:

  1. Сырдария облысында - 1. 405 000 жан.
  2. Жетісу облысында - 3 10. 000 жан.
  3. Ферғана облысында - 391. 000 жан.
  4. Самарқанд облысында - 125. 000 жан
  5. Закаспийде (қазіргі Түрікмен) - 95 000 жан. барлығы - 2. 701. 000 жан қазақ екенін Автономия деген ұранды жамылып, ақ гвардияшылар бүліншілік жасап6 Каспий сырты майданы мен Жетісумайданын құрды. Атаман Дутов шілдеде Орынборды басып алды. Орынбор Ақтөбе майданы пайда болды. Бұқарамен Хиуа Түркістанға қарсылықты күшейтті. Түркістан республикасының жағдайы ауыр болды. 1919 жылы 19каңтарға караған түнде Ташкентте Кеңес өкіметіне қарсы бүліншіллік басталды, партия кеңес орындарының басшылары айуандықпен өлтірілді. 1919 жылы наурызда Кеңестердің өлкелік төтенше VІІ съезі болып, онда Түркістан Орталық Атқару Комитетінің жаңа құрамы сайланды. Түркістан коммунистік партиясының, өлкелік комитетінің жанынан мұсылман бюросы. Түркістан республикасының Революциялық әскери советі сайланды. 1919 жылдың көктемі мен жазында Қызыл Армияның жергілікті бөлімдернің күші арта түсті. Олардың катарына өлкелік партия ұйымдарының 25 проценті шамасы жіберілді. 1919 жылы тамызда Түркістан майданы құрылды. Майдан әскерлері шабуылға көшті, оларды Түркістан республикасының Қызыл Армиясы қолдады. 1920 жылдың көктемінде Қызыл Армия Каспий сыртында және Ферғана аймағында басмашылармен болған соғыста жеңіске жетті. 1918 - 1920 жылдары "Түркістан" терминін қолдану мен оны әкімшілік атауларда сақтау мәселсі Түркістандықтар мен кеңестік Ресей арасында ұзақ талас - тартыс туғызды. Тіпті, өздерін коммунист деп санайтын, бірақ ұлттық сезімнен де бас тартпаған кеңестердің түркістандық қайраткерлері Түркістанды басқару ісінде Мәскеу бағытынан өзгеше қаулылар қабылдаттыруға қабілеті жеткен. Мысалы, Түркістан коммунистік партиясының мұсылмандар бюросының 1920 жылғы ақпандағы 3-конференциясы "Түркістан Республикасының атауы "Түркістан түркі республикасы" болып өзгертілуге тиіс" деген қаулы қабылданған еді. Тіпті, мұсылман коммунистер ішкі және сыртқы саясаттың Мәскеуден тәуелсіз болуын талап еткен. Бұған қарсы Мәскеуден: "Түркістанның тәуелсіздігі жолындағы күрес біз үшін жаңалық емес, бірақ мұның социализмге еш қатысы жоқ" деген жауап келген болатын.

Т. Рысқұлов, Ю. Алиев, Ю, Ибрагимов 1920 жылдың басында "Түркі" кеңес республикасы" туралы құжаттың жобасын даярлағанды, оның бірінші пунктінде: "Бес облыстан тұратын Түркістанды түрік тектес халықтардың (қырғыз қазақ, өзбек, түркімен, қарақалпақ, қыпшақ, оған түрік тегінен емес тәжіктер де қосылылды) және өздерін келімсек деп санайтын өзге халықтардың (орыс, еврей, армян және т. б. ) Отаны деп салау керек". - делінген. Ал оның екінші пунктінде "Нақты әрі тұракі халықтарын құрайтындықтан, Түркістан Түрік Кеңес Респулбикасы деп тану керек" деп тұжырымдалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Зерттеу жұмысының әдісі
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
ХХ ғасырдағы Қазақстанның либерал-демократиялық зиялыларының өкілдері. О.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов
Алаш зиялыларының ақырғы сөзі
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Қазақ хандығының күшеюі
Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісін қолдану
Түркістан Республикасы үкіметінің қазақ халық ағарту институтын ұйымдастыру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz