Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Басболов Заманбек ТППЖ-31

«Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы»

Сұрақтар:

1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және негізгі бағыттары

2. Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы

1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және негізгі бағыттары

Мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары, нысандары, масштабтары республикадағы кәсіпкерліктің даму аясында пайда болатын экономикалық және әлеуметтік мәселелердің сипаты мен өзектілігімен анықталады.

Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы оны қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында қарастырылған. Алғаш рет бұл мәселелер 1990 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақ КСР - дағы шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы» Заңында көрініс тапты. 1992 жылы кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде пайда болатын мәселелерді шешу мақсатында «Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заң қабылданды. 1992 мен 2010 жылдар аралықтарында 1992-1994 ж. ж, 1994-1996ж. ж, 1996-1998 ж. ж, 1999-2000 ж. ж, 2001-2003 ж. ж, 2004-2006 ж. ж, 2007-2009 және т. б. жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті Мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламалары мен іс-шаралар жүйесі жүзеге асырылды.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудағы іс-шаралар негізінде келесідей жағымды өзгерістерді атауға болады:

- несиелер алу үшін жеңілдік беретін жағдайлар жасау;

- екінші деңгейдегі барлық банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің минималды мөлшерін орнату (банктің негізгі қарызынан 10% төмен емес деңгейде) ;

- өндірістік объектілер мен алаңдарды, кеңсе орындарын сатып алуда оның құнын белгілі бір уақыт аралығында бөліп төлеу, сонымен қатар оларды жалға беру немесе сенімді басқаруға беру бойынша заңнамалық жеңілдіктер беру;

- қызметтердің түрлерін анықтау, атап айтқанда импортты алмастыратын халық тұтынатын тауарларды өндіретін кәсіпорындарды құру мен жұмыс істеп тұрғандарын дамыту және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін тереңдетіп өңдеу бойынша өндірістік жүйені дамыту;

-жеке кәсіпкерлер мен жеке кәсіпорындарды құру мен тіркеу. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде олардың есепшотын ашу процедураларын жеңілдету;

- бақылаушы және инспекциялық мемлекеттік органдар санын және олармен көрсетілетін ақылы қызметтер санын қысқарту.

Кәсіпкерлікті дамыту басымдықтары жүргізілетін құрылымдық, өнеркәсіптік және сыртқы экономикалық саясаттарға сай болуы керек және олар аймақтық саясаттың негізгі бағыттарымен байланыстырыла отырып жүргізіледі. Жүргізілетін үрдістердің тұрақты болуын ескере отырып, кәсіпкерлікті дамыту үшін оның қызмет етуінің ең тиімді салаларын дамыту көзделген. Оларға мыналар жатады:

- жергілікті өндірістік және өзіндік нарықтық жүйесі бар салалар;

- өнімнің көп ассортиментін шығару мен өзгермелі сұранысқа бағытталған салалар;

- монополиялық үстемдігі жоқ салалар, яғни өнім номенклатурасы тұрақсыз болатын және технологиялары жетілмеген, даму сатысындағы салалар.

Кәсіпкерліктің дамуына, кәсіпорындардың қуатты, экономикалық құрылымдардың өндірістік желілеріне интеграциялық кірігуі септігін тигізеді. Бұл жағдайда мәселені шешуде, ерекше рөлді қаржы - өндірістік топтар атқара алады. Мұндай интеграцияның ұйымдастырушылық нысандары алуан түрлі: лизинг, франчайзинг, белгілі бір қаржылық кепілдер бойынша қосалқы бөлшектерді тасымалдауға деген ұзақмерзімді контрактілер; трастты операциялар; несиелік міндеттемелермен (қарыздармен) төлемдерді және т. б. қосқандағы өзара талаптарды есепке алудың вексельді және басқа да нысандары. Өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастырудың мұндай нұсқасының артықшылығы болып кәсіпкерлік үшін кепілдендірілген өткізу нарықтарын, әсіресе қаржы өндірістік топтардың экспорттық нарыққа қарқынды түрде шыққандағы болып табылады.

2. Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы

Экономикалық қатынастарды ұтымды түрде дамытудың қажетті шарттарының бірі нарыққа бейімделген инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылымдық қамтамасыз ету түсінігінің құраушылары:

  • өндірістік инфрақұрылым;
  • әлеуметтік инфрақұрылым;
  • институционалды инфрақұрылым;
  • ақпараттық инфрақұрылым;
  • экологиялық инфрақұрылым

Инфрақұрылымды дұрыс басқаруға кәсіпорын немесе ұйым жұмысының жалпы табысы, жалпы өнеркәсіптік шығындардағы инфрақұрылымға деген шығындардың үлес салмағы, инженерлік жүйелер мен құрал-жабдықтың жағдайы, оларға қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар, инфрақұрылымды жақсарту үшін арнаулы қордың болуына байланысты болады. Кәсіпкерлік, жүйе құраушы рөлді атқара отырып, барлық экономикалық құрылымға, салааралық, салалық және аймақтық кешендерге өз әсерін тигізеді.

Кәсіпкерлік инфрақұрылым экономикалық жүйеде ерекше рөль атқарады. Өйткені тарихи және логикалық тұрғыдан еңбек үрдісінің функцияларын негізгі және қосалқы деп бөлу барысында пайда болады, ал ары қарай инфрақұрылымдық салалардың пайда болуына тікелей әсер етеді.

Кәсіпкерлік қызметті жүйелеу нәтижесінде, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып, оларды бірегей құрылымдық сызбаға жинақтауға болады. Бұл жағдай кәсіпкерлік қызметтік теориялық, әдістемелік негіздерін ескере отырып, оны қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік инфрақұрылымды зерделеу, оның инфрақұрылымын қамтамасыз етуде ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, қажетті іс - шараларды жүргізуге, құрал-жабдықтарды жасап шығаруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде ол аймақтың, қаланың, ауданның, әлеуметтік - экономикалық дамуына үлкен әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнеске қолғабыс ету инфрақұрылымы
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы
Шағын бизнестiң түсiнiгi және түрлерi
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz