Даосизм ілімі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Қытай философиясы.
  2. Даосизм - Қытай іліміне қарсы шыққан философиялық ілім.
  3. Даосизм философиясының негізгі ойлары.
  4. Даосизм философиясының мәні.
  5. Дао ілімінің Қытай мәдениетіндегі маңызы.

Қытайдағы “ДАО” ілімі

Қытай философиясы мен мифындағы адам мәселесі

мен қоршаған дүниенің пайда болуы

1. Қытай философиясындағы адам мәселесі : Қытайда адам табиғатпен, космоспен теңестірілетініне қарамастан, ол Қытай философиясында орталық орынға ие.

Қытай философиясының дәсүріне сәйкес қаймағы адам болып табылатын космостық энергиялардың үш түрі.

Цзин- барлық тіршіліктердің тууының энергиясы, тірі организмнің тұқымы, түбірі. Бұл психофизикалық энергияның Бұрынғы көктің тұқымы деген түрлері болады. Ци - барлық тіршіліктің құрылыс материалдары қызметін атқаратын материалды рухани күш. Ци энергиясы заттық ци (заттар, тірі организмдер материалды формаға айналады. ) және рухани ци деп бөлінеді. Шэнь- адамның тұлғалық стерженін құрайтын, таусылмайтын рухани энергия, ол адам дүниеден өткеннен кейін де жоғалмайды.

Ерекшеліктері:

Космостық күштердің үш түрінен басқа да Қытай философиясын да сексуалды энергияның екі түрі бар, ян- ерлердің сексуалдық энергиясы, инь- әйелдердің сексуалдық энергиясы. Жоғарыдағы тұжырымнан барлық тіршілік атаулының ерлік және әйелдік бастаулары бар екендігі шығады. Бұл тірі, сондай ақ өлі табиғатқа да тиесілі. Тірі және табиғаттың өмір сүруінің негізінде, барлық қоршаған әлемнің негізінде тай-цзи жатыр, яғни инь янның тұтастығы, күресі, өзара толықтыруы мен өзара сіңісуі.

2. Қытай философиясындағы адамды қабылдау ерекшеліктері.

Қытай философиялық батыстың дәстүрлі философиясы мен салыстырғанда адамды қабылдау ерекшеліктері.

Қытай философиясы адам түсінігіне нақты түсінік бермейді, адамның мәніне нақты түсініктерді қорытындылау арқылы емес, адамның образын жасап зерттеумен оны ұғуға тырысады. Адам өмірін туғаннан емес, ұрықтану кезеңнен бастап есептейді. Адамды өлгеннен кейін бір жолата адамзат қатынастарынан шегермейді, яғни дүниеден өткеннен соңда жаны адами қатынастарда болады, қорғауға тәуелді болады. Адамның рухани орталығы ретінде басты емес жүректі айтады. Адамды табиғат пен космостық бір бөлігі ретінде қабылдайды, адамның табиғатқа билігін, ықпалын жүргізеді дегенді мойындамайды. Өмірдің жерлік бөлігін бағалауға шақырады, жердегі өмірді максимальды ұзартуға шақырады.

Ұзақ өмір сүрүдің басты шарты

Рухани психо-физикалық энергия цидің таза күйін сақтау, яғни қажетсіз уайымдаулардан, құтылу қоршаған ортаға дұрыс қарым қатынас, оптимизм, тұрғын үйдің ішіндегі жиһаздың дұрыс орнының болуы кір ци ие адамдармен араласпау, керісінше, мықты таза цилі адаммен араласу. Өз тәнімен жанымен жұмыс істеу син чун.

Тағдырмен жұмыс істеу, қоғамға пайда әкелу мин чун қоғамдық тәртіптерді сақтау дұрыс тамақтану, емдік шөптерді, дәрілерді ішу. Қытайда тұру, қытай мәдениетімен жақындасу, қытайдың рухани энергиясынан дәм тату.

3. Қытай философиясы мен мифтық қоршаған орта мен адамның пайда болуын түсіндіру.

Ерекшеліктер

Ежелгі Қытай мәдениеті жердегі өмірдің қалыптасуына, тірі, өлі табиғатқа философиялық мифтік анықтама береді. Көне философиялық И цзин шығармасы дүниенің қалыптасуын 5 алғашқы элементтен тұрады деп түсіндіреді- жер, ағаш, метал, от, су. Олар үнемі айналыста болады дейді.

Қытай мәдениетінен шығатын, қоршаған әлем мен адамның пайда болуының этаптары

Үлкен елестететін ұлы Хаос Хаостан 18000 жыл аралығында барлық тіршіліктің алғашқы атасы алып Пань-Гудың туу. Пань Гу алыптың жұмыртқадан шығуы жұмыртқа пішінді Хаостың өлуіне әкелді.

Хаостан барлық жеңіл, құрғақ жоғарыда(көк), ал ауыр, ылғал төменде (жер) концентрациялану арқылыжер мен көктің қалыптасуы. Алып Пань Гудың 1800 жыл жер мен көктің арасында тұрғандығының нәтижесінде жер мен көк өз орындарында тұрып қалады. Пань Гудың өлімі оның жанынан барлық тіршіліктің, яғни күн мен айдың оның көзінен, барын дауысынан, өзендер қапынан, жол тамырларынан, тастардың тісінен жасалуы. Адамның Пань Гу денесінде жүрген паразиттерден пайда болуы, немесе фантастикалық ататек Фуси мен Нйвтің махабаттарының нәтижесі.

Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз. Бұл ілімнің негізін қалаушы б. ж. с. д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б. ж. с. д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т. т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды. Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдын өз басын қатты қадыр тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап, бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.

Даосизм қоршаған дүниенің өмір сүруі мен пайда болуының негізін және адам, табиғат пен космостық ұстанатын жолдарын табуға тырысатын, Қытайдың ежелгі философиялық ілімі . Даосизмнің негізін қалаушы Лао Цзы . Ол VI -V б. ғ. д өмір сүрген . Басты бұлақ көздері Даоцизм мен Дэцзин философиялық трактаты. Даоның екі мағынасы бар.

1. Дүниенің өмір сүруін қамтамасыз ететін, әмбебап әлемдік заң адам мен табиғаттың өз дамуындағы жолы.

2. Бұл алғашында энергетикалық бос кеңістікті көрсеткен, әлемнің шыққан субстанциясы Дэ - игілік, жоғарыдан келген даоның қоршаған ортада пайда болуына әсер еткен күш.

Даосизмнің философиялық негізгі ойлары.

Әлемдегі барлық заттар, құбылыстар басқа құбылыстармен байланыста. Материядан тұратын әлем бір тұтас, табиғатта материяның айналысы бар, яғни бүгінгі адам кеше басқа формада - тас, ағаш, жануар т. б болған.

Әлемдік тіртіп, табиғат заңдары, тарихтың жолы т. б адам еркінен тәуелсіз, сәйкесінше адам өмірінің басты принципі тыныштық пен түк істемеу, бос болу (у-вэй) император қасиетті, тек ол ғана құдаймен рухани байланысқа түсе алады, император тұлғасы арқылы бүкіл Ұытайға және адамзат атаулыға Дэ - келеді.

Даоны тану, Дэні тек даосизмнің заңдарын толық сақтағанда Даоның бастапқымен сіңісуінен ғана болады, императорды тыңдау, оған бағылудан кейін ғана. Бақытқа деген жол, шындықты білу тілектер мен құмарлықтан босау. Барлығында бір біріңе жол беру керек.

Даосизм (қытайша "дао цзяо” - "жол ілімі”) б. з. б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди ("Сары император”) ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық наным­дардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын "Жол мен ізгіліктер туралы канонда” (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б. з. б. ІV-ІІІ ғғ. ) "Чжуан-цзыда” баяндалады.

Тұтас жүйе ретіндегі даосизм "Лэ-цзы” (б. з. б. ІV-ІІІ ғғ. ) және "Хуаинань-цзы” (б. з. б. ІІ ғ. ) еңбектерінде тұжырымдалған.

Даосизм - адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) - ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао - бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол - мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол - бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао - бей­мәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек "дэ” (ізгілік) күші арқылы ғана бай­қалады: егер дао барлығын жара­тушы болса, дэ - қоректендіруші. Тақуа мақсаты - даоны тану, ол оны "ғарыш үйлесімділігі” - адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.

Даосизм философиясының мәні - бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы эле­менттерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі "киден” (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.

Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы "әре­кеттенбеу” ("у-вэй”) - табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.

"Чжуан-цзы” бойынша өмір мен өлім жалпы­лама метаморфозалардың тек сатылары ғана. Универсум сияқты кіші әлем - адам да мәңгілік. Оның физикалық тәні өлгенде рухы әлемдік "арнаға” сіңеді. Өмір бастауы ретіндегі даомен бірігу, діни пайымдау, тыныс және гимнастикалық жаттығу, жыныстық тазалық, алхимия және с. с. арқылы ғана мәңгілікке жетуге болады.

Тақуа-даошылар табиғат аясына кетіп, үй­лесімділікке жету үшін онымен тұтасуға талпынды. Ажалды жеңу мен ұзақ өмір сүру үшін кем дегенде, біріншіден, "рухты қоректендіру” қажет. Даошылар адамды көптеген рухтардың мекені, құдіретті күштердің шоғырлануы ретінде қарастырады. Тәндік рухтардың осы жүйесіне аспандық иерархия сәйкес келеді. Аспандағы рухтар адамның жақсы-жаман істерін тізіп, санап, өмір ұзақтығын анықтап, өсиеттерді орындауға, ізгі болуға шақырады. Ұзақ өмір сүрудің екінші шарты "тәнді қоректердіру” - қатаң диета сақтау және организмге тіршілік дарытатын эфирді тарататын тыныс гимнастикасын жасау болып табылды.

Ұзақ өмір сүру мен мәңгілік өмір сүру идеяларын уағыздау даошыл магтар мен уағыздаушыларға халық арасында және император алдында үлкен бедел әкелді. Олар жаңа діннің негізін қалап қана қоймай, сонымен қатар мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін дәрілер мен эликсирлер жасайтын "алхимияны” дамытты. Сондай-ақ даошылдар астрология, бал ашу, геомантия, магия және дерт шалған адамды айықтыруға септесетін медицинамен айналысты.

Көне даосизмнің философиялық ұстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VІ ғ. ), Ван Сюаньлань (VІІ ғ. ), Ли Цюань (VІІІ ғ. ), Тянь Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ. ), Чжуан Бодуань (XІ ғ. ) . Конфуцийшілдік білім алған интеллектуалды элита да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты ұнады, табиғатпен тұтасуда творчестволық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас, әсіресе, Хань династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі барысында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдерге аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.

Магия және физиогномистикамен байланысқан оккульттік даосизм халық бұқарасын өзіне тартты, сол себепті ол билік тарапынан қарсылыққа ұшырады. Билік одан көтерілісшіл-эгалитарлық дәстүр ұшқынын сезді. Даолық көзқарастар құпия қауымдардың идеялық негізіне ("Ұлы теңдік жолы”, "Ақ лотос ілімі” және т. б. ) және шаруалар көтерілісінің жебеушісіне айналды (мысалы, 184 жылғы "Сары орамалдылар” көтерілісі) .

Барлық адамдардың анасы, туылмаған Ана-Сиванму құдайының мекені - Батыс жұмағы туралы ілімді дамытқан даошылар, баршаның теңдігі және әлеуметтік әділеттілік идеясын негіздеді. Емшілер мен көріпкелдер де осы идеяларды жақтағандықтан, олар көпшілікке кең таралды.

Даолық дін көне анимистік нанымдарды, Көкке табынуды және әулие даналар культін өзіне қабылдады. Ортағасырлық даосизм қытайдың рухани мәдениетімен тығыз байланыста болды. Даошылар күнәһарлар жаны жазаланатын әзәзілдер патшалығы мен әділетті жандар үшін дайындалған құдайлар мекендейтін аспан бар деп сенді. Орта ғасырларда мәңгілік туралы ілім ұзақ өмір культіне, ал өмір бастауы ретіндегі дао доктринасы көп балалық культіне және т. б. айналды.

Құдайлар иерархиясына аңыздық ел билеу­шілерді, мифтік батырлар мен даналарды, кон­фуцийшілдіктің көрнекті қайраткерлерін, тарихи тұлғаларды қабылдаған даолық пантеон синк­ретизмнің айқын көрінісі болып табылды. Халық арасында әділеттілік пен ізгі істі жақтайтын сегіз мәңгілік данышпан тұлғалары кең таралды (оларға адамдық және сиқырлық қасиет тән деп саналды) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даосизм білім туралы
Даосизм ілімінің өткені мен бүгіні
Даосизм – Қытай философиясы
Құқықтық - саяси ілімдер тарихы
Қытай тарихы туралы
Қытай философиясы
Конфуций діні
Қытай философиясының тарихы
Ежелгі Үнді және Қытай философиясы туралы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz